Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ortalyk_aziya_aymagyndagy_kauipsizdik_mseleleri...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
190.46 Кб
Скачать

2.1 Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселесінің ерекшелігі мен қайнар көздері

Өңір қауіпсіздігіне тікелей байланысты Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Әбдіровпен сұхбат:

– Нұрлан Мәжитұлы, әлем елдерін қауіп­сіз­дік проблемасы қатты алаңдатып отыр. Оның ішінде Орталық Азия өңірі де бар. Ал Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесін қалай сипаттауға болады?

– Орталық Азия өңіріндегі жағдай негі­зі­нен ұлттық қиын проблемалармен, қалып­тас­қан ішкі және мемлекетаралық саяси-эко­но­ми­калық, сондай-ақ аумақтық қарсы тұрушы­лықпен тығыз байланысты. Өңірдегі жағдайды түрлі діни экстремистік құрылымдар мен лаң­кес­тік ұйымдардың іс-әрекеті одан әрі қиын­дата түсуде. Тұрақтылық болмаған елде әлеу­мет­тік-экономикалық мәселелер шешіл­мей­тін­дігі, экономика өсіп-өркендемейтіндігі белгілі. Жалпы, Орталық Азия өңірінде лаңкестік пен діни экстремизмнің таралу қаупі ұзақ мер­зім­дік сипат алып барады. Өйткені, Ауған­стан­дағы қалыптасқан жағдайлар діни экстре­мис­тік және лаңкестік ұйымдардың қызмет ет осы. Мәселеге осы тұрғыдан келсек, діни экстре­мистік ұйымдардың идеясы Қазақстан аумағына таралу қаупі бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Мұны айтып отырған себе­бім, елімізде сот тәртібімен 13 халық­ара­лық лаңкестік құрылым мен 1 экстремистік ұйым – “Хизбут-Тахрирдің” қызметіне тыйым салынды. Сондай-ақ Орталық Азия өңі­ріндегі жағдайға Таяу Шығыстағы, Ирак­тағы, Ауғанстандағы ұзаққа созылып бара жат­қан жанжалдардың да кері әсер етуі мүмкін. Иран мен оның ядролық бағдарламасына бай­ланысты қалыптасқан геосаяси жағдайларды да естен шығармауымыз керек.

Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесіне кері әсерін тигізетін фактордың бірі – заңсыз көші-қон көлемінің уақыт өткен сайын өсіп бара жатқандығы. Өйткені, бүгінде Орталық Азия мемлекеттерінің аумағы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Еуропаға заңсыз көші-қонды жеткізуші транзиттік база ретінде пайдаланылуда. Сонымен қатар, Ау­ғанстанда героин өндірудің көлемі жыл өткен сайын арта түскендігі өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кері әсерін тигізіп отыр. Есірткі трафигінің негізгі бағыттары көршілес мемлекеттердің аумақтары арқылы өтуде. Бұл біздің еліміздің аумағында да халықаралық есірткі құрылымдарының орнығуын және ел ішінде есірткі заттарын қолданушылар санын өсіруі мүмкін. Бұларға қоса Орталық Азия өңіріне мүдделерін өткізгісі келетін әлемдегі жетекші мемлекеттердің геосаяси ойындарын да жоққа шығаруға болмайды.

– Орталық Азия елдерінде өңірлік қауіп-қатерге қарсы әрекет ету мақсатында қандай бірлескен шаралар жүзеге асырылуда? Проблемалар да болуы мүмкін ғой.

– Трансұлттық сипаттағы қауіп-қатердің алдын алу, өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек көршілес мемлекеттермен тығыз ынты­мақ­тастық жағдайында жұмыс істегенде ғана тиім­ді болмақ. Қазақстан көпжақты формадағы – Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына, Шан­хай ынтымақтастық ұйымына, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесіне қатысушы ретінде, сондай-ақ Орталық Азия аясында әртүрлі бағыттар бойынша белсенді саясат жүргізіп келеді. Оның ең бастысы – өңірлік қауіпсіздікке қатер төндіретін халық­аралық лаңкестікке, діни экстремизмге, ха­лық­аралық есірткі бизнесіне, заңсыз көші-қон­ға, тағы басқа да қылмыстарға қарсы күрес болып табылады. Қазақстан өңірде қауіп­сіз­дік­ті қамтамасыз ету мақсатында барлық мәсе­ле­лер бойынша көршілес елдермен ынтымақ­тас­тықты дамытып, тереңдетуде нақты шаралар қа­былдап келеді. Оның ішінде арнаулы қызмет және құқық қорғау органдарымен ынты­мақтастық өз деңгейінде деп айтуыма болады.

Бірер мысал келтірейін, 2006 жылы Ұжым­дық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) аясында осы Ұйымға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігіне қатер төндіретін лаңкестік және экстремистік ұйымдардың тізімі туралы хат­та­маның жобасы дайындалып, Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтің лаңкестікпен және есірткімен күрес сала­сын­дағы қажеттілігі үшін бірлескен ша­раларды жүзеге асыру бағ­дар­ла­масы қабыл­дан­ды. Мұндай ша­ра­ларды Шан­хай ынтымақ­тас­тық ұйымына мү­ше мемлекеттер­дің сарапшы топ­тары да өткізді. Қазіргі кезде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің аума­ғында қызметін жүргізуге тыйым салынған лаңкестік, сепаратистік, экстремистік ұйым­дар­дың біртұтас тізімі дайындалып отыр. Сонымен қатар, мемлекеттермен бірлесе отырып, кон­тра­бандалық есірткі каналдарын жою, қылмыстық топтарды іздестіру, оларды өз елдеріне қайтару жөнінде ұйымдастыру-практикалық шаралары қарастырылуда.

Ал Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы ая­сында осы Ұйымға мүше мемлекеттердің мем­лекет­тік шекаралары арқылы тасымалданатын контрабандалық есірткінің жолын кесуге ба­ғытталған “Канал” кешенді жедел-профилак­тика­лық операциясы жыл сайын өткізіліп келеді. Өткен жылы кезекті осындай операцияны жүзеге асыру барысында заңсыз есірткі айна­лы­мына қатысты 472 қылмыс анықталып, 8 ұйым­дасқан қылмыстық топ жойылды. Екі тоннаға жуық есірткі алынды, оның 47 килосы героин. Қазіргі кезде БҰҰ-ның көмегімен Алматыда өңірлік ақпараттық орталығы құрылып жатыр. Бұл орталық Орталық Азиядағы есірткіге қарсы күрес қызметін үйлестіретін болады. Орта­лық­тың Алматы қаласында ашылуы Қазақстанның есірткі таралуына қарсы күрес ісінде ұстанған ұстанымын айғақтап тұр.

Менің пікірімше, трансұлттық есірткімен күресте негізгі күшті бірлесіп жүргізу тиімді бо­лар еді. Ол үшін Ауғанстанның қаржы-эконо­микалық жағдайын жақсартуды көздейтін нақты бағдарлама дайындау керек. Ауғанстанның экономикалық жағдайы жақсарса, есірткі өндірісі төмендер еді. Бірақ бұл мәселе осы өңірдегі мемлекеттердің ғана қатысуын емес, әлемдегі барлық ірі елдердің белсенді түрде қатысуын қажет етеді. Бүгінде, сондай-ақ ТМД аясында оған қатысушы мемлекеттердің 2006-2008 жылдарға арналған заңсыз көші-қонның алдын алу бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бағдарламада аталған мәселеге байланысты профилактикалық, жедел-іздестіру және арнайы операциялар өткізу шаралары қарастырылған. Ал өткен жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйы­мының негізінде заңсыз көші-қонды бол­дырмау, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтардың шекаралардан өтуіне тосқауыл қою мақсатында операция өткізілді. Оның қоры­тын­дысында Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 10 мың шетелдік пен азаматтығы жоқ адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1,5 мыңнан астамы сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылды.

– Қазақстанның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығында қай бағыт басымдыққа ие болып табылады?

– Жаңа Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына сәйкес Қазақстанның қауіпсіздігі Орталық Азиядағы барлық елдердің қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Біздің сыртқы саяса­ты­мызда осы жағы нақтыланған. Сондықтан Елба­сының Орталық Азия одағын құру идея­сын жүзеге асырудың маңызы ерекше. Бұл бастама Оталық Азия елдерінде экономикалық ынтымақтастық орнатып, өңірде ұзақ мер­зімдік инвестициялық ірі жобаларды жүзеге асыруға барынша ықпал етеді. Ал қауіпсіздік мәселесіне тоқталар болсақ, Орталық Азияда өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекетаралық кешенді бағдарлама дайын­дап, жүзеге асыру ойластырылуда. Басым ба­ғыт­тардың бірі – болуы ықтимал табиғи катаклизмдер саласындағы мониторинг және төтенше апат салдарын жою тетігін құру ын­тымақтастығы болып табылады. Сондай-ақ ха­лықаралық лаңкестікпен, діни экстремизммен, есірткі бизнесімен күрес мәселесі де басым бағыттардың бірі болып қалады.

Қазіргі таңда өңірде көші-қон тасқынына бақылау жасаудың тиімді тетігін құру өзекті міндеттердің бірі болып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы Шанхайда өткен сам­митте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасын­да заңсыз көші-қонмен күрес ынтымақ­тас­тығы туралы рамалық келісімді бекітуді ұсын­ған еді. Қазақстан дайындаған құжат жобасы әріптестерімен келісім сатысында тұр. Елі­міз­дің қауіпсіздігі дегенде, Каспий аймағындағы тұрақтылыққа көп мәселе байланысты. Жақын жылдары Каспий аймағында милитариза­ция­лауды шектеуге және ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруға бағытталған шаралар қабыл­данатын болады. Трансшекаралық өзендердің су ресурсын бірлесіп пайдалануға да баса назар аударылады .

Тағы бір мәселе, Қазақстан Орталық Азия елдерімен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында, сонымен бірге екіжақты форматта әскери ынтымақтастықты кеңейте түспек. Олардың арасында әскери-техникалық ынтымақтастыққа, Ұйымға қатысушы елдердің әскери оқу орындарында кадр даярлауға басымдық берілмек. Осы тұста атап өтейін, бүгінде Қазақстанның әскери оқу орындарында Қырғызстан мен Тәжікстанның курсанттары оқып жүр.

– Нұрлан Мәжитұлы, Мемлекет басшысы өңірде интеграциялық үдерістерді және қауіп­сіздікті нығайтуға бағытталған бастамаларды үнемі көтеріп келеді. Бірақ сол бастамалардың жүзеге асырылуы көңілдегідей емес екені бай­қалады. Осыған байланысты пікіріңізді білсек деп едік.

– Тәжірибе көрсеткеніндей, Қазақстанның жүргізіп отырған саясаты қай жағынан алып қарасақ та орнықты. Дәлірек айтқанда, Ор­та­лық Азияда ғана емес, бүкіл Азия құрлығын­дағы саяси атмосфераны сауықтыру болып табылады. Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, Қазақстан 2006 жылғы 17 маусымда Алматыда өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің өтуіне бастамашы болды. Бір үстелдің басында көптен бері бастары қосылмай келе жатқан Үндістан мен Пәкстанның, Иран, Палестина мен Израильдің басшылары пікір алысқанын әлем жұртшылығы көрді, куә бол­ды. Жалпылай алғанда, Орталық Азия өңіріне көптеген елдердің қызығушылығы арта түсуде.

Мемлекет басшысы таяуда Алматыда өткен ЭСКАТО-ның 63-сессиясында сөйлеген сөзінде Орталық Азияның орны мен рөлі туралы әлемдегі іргелі мемлекеттердің біздің өңірге деген мүддесін конфронтация алаңы үшін емес, дамыту үшін пайдалану қажеттігін атап көрсетті. Ол үшін Орталық Азиядағы мемлекеттер бір-бірімен интеграциялық байланыстарды нығайтуы тиіс. Бұл жерде Президенттің Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру бастамасының мәні зор.

– Өңірдегі өзге мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері аппараттарымен өзара іс-қимыл барысы қанағаттандыра ма?

– Әрине, қанағаттандырады. Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында елімізбен Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжік­стан қауіпсіздік кеңестері аппараттары ара­сын­дағы ынтымақтастық үйлесімді дамып ке­леді. Жақында Бішкекте ШЫҰ-ға мүше мем­лекеттер қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кезекті үшінші кездесуі өтті. Кездесуде өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті проблемалары кеңінен талқы­лан­ды. Біздердің өзара тиімді ынтымақтастықты алдағы уақытта тереңдете түсуге толық мүмкіндігіміз бар деп есептеймін [27].

Шанхай ынтымақтастық ұйымы: Қазақстан аймақта геосаяси ойын жүргізе ала ма? ШЫҰ құрамына Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің Қытай және Ресей тәрізді екі бірдей тұрақты мүшесінің кіруі, ұйымның халықаралық аренада үлкен саяси беделге ие болуына және аумақта осы державалар мен АҚШ мүдделерін теңгермешілік дәрежеде ұстауға мүмкіндік беруде. Сыртқы қатынаста ШЫҰ өзге мемлекеттерге қарсы бағытталмаған және ашық саясат принциптеріне жүгінеді.

ШЫҰ ауқымында оған мүше мемлекеттердің бірлесіп жасалатын іс-қимылдары әскери-стратегиялық қауіпсіздікті дамыту, сенімділік шараларын нығайту; лаңкестіккке және экстремизмге, заңсыз көші-қонға, есірткі тасымалына, трансшекаралық өзге де қылмыстық істерге тосқауыл қою; экономикалық ынтамақтастық, өзара сауда жүйесінде Дүниежүзілік сауда ұйымының стандарттарына біртіндеп жақындау; табиғи және техногенді мазмұндағы төтенше жағдайларды бірлесе отырып сақтандыру және болдырмау, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бағыттары бойынша атқарылады.

Бұл нақтырақ айтқанда, Шанхай ұйымына мүше елдердің жарғысында атап көрсетілген негізгі бағыттар. Десек те, Шанхай ұйымының белсенділігі мен геосаяси бағыты үстіміздегі жылдың 5 шілдесінде Астанада өткен саммиттен кейін нақты көріне бастады. Астана саммитінде тұңғыш рет «АҚШ-қа Орта Азиядан әскери базаларын алып кету туралы» шарт қойылды. Өзбек билігі Ханабадтан әскери базасын әкету үшін Ақ үйге 6 ай уақыт берді. Ал мұның бәрі не үшін? Бірінші себеп – АҚШ Әндіжан оқиғасына ресми Ташкентті айыпты деп тапты. Ал Қытай мен Ресей «Әндіжан оқиғасы Өзбекстанның ішкі ісі» деп таныды. Демек, Орталық Азияда әскери базалары бар АҚШ-қа Каримовтың, тіпті алғашқыда жаңадан президент болған Бакиевтің «базаларды алып кету туралы» пікір айтуының астарында не жатыр?

Қазақстан алғашқы елдердің қатарында, Ресей мен АҚШ Президенттерінің 2006 жылы шілде айында ұсынған, Ядролық терроризм актілерімен күресі жөніндегі жаһандық бастамаға қосылды. 2007 жылғы маусым айында Астана қаласында Жаһандық бастаманың сыртқы істер министр орынбасарларының үшінші кездесуі өтті. 2008 жылы Қазақстанда Жаһандық бастаманың шеңберінде келесі іс-шаралар өткізілді:

- 6 маусымда Алматыда Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық физика институтында «Атом-Антитеррор -2008» атты терроризмге қарсы халықаралық оқулары өткізілді.

- 11 қыркүйекте Өскемен қ. Ульба металлургиялық зауытында «Жобалық қауіп» атты екі күндік семинар өтті [40].

Ядролық терроризм – жаһандық қауіпсіздіктің қас жауы. Алдағы 11-12 маусым күндері Астанада Ядролық терроризммен күрес жөніндегі ғаламдық бастамаға мүше мемлекеттердің 3-ші кездесуі өтеді. Бұл бастаманы Ресей Президенті Владимир Путин 2006 жылғы шілдеде Санкт-Петербургте өткен “Үлкен сегіздік” елдерінің саммиті қарсаңында көтерген болатын. Қазақстан Республикасы алғашқылардың бірі болып бұл бастаманы қолдады. Оны іске асыру ядролық қаруды таратпау және оның құрамдас бөлшектерінің лаңкестер қолына өтіп кетпеуі үшін маңызды болып табылады.

Бұл бастамаға мүше елдердің ал­ғашқы кездесуі 2006 жылғы қа­занда Марокко астанасы Рабат қа­ласында, екінші кездесу Түр­кияның Анкара қаласында өтсе, үшіншісі елордамыз – Астанада өткелі отыр. Сыртқы істер министрлігінің дерегіне сүйенсек, осы кездесуге әлемнің 45 елінен делегаттар келеді деп күтілуде. Мұндай кездесудің Қазақстан үшін ғана емес, адамзат баласы үшін берер пайдасы мол. Өйт­ке­ні, бүгінгі әлем қауіп-қатерге толы екенін сіз бен біз жақсы білеміз. Оның ең қауіптісі – ядролық терроризм.

Жаппай қырып-жоятын осы қару бүгінде бірнеше мемлекетте бар. Ал, ол өз кезегінде ғаламдық тыныштыққа көлеңке түсірмей қоймайды. Қазіргі таңда біз тер­роризм, экстремизм дегенді жиі ес­тиміз. Бетін аулақ қылсын дейік, әлемдік сарапшылар тер­рористік топтардың ядролық қаруды пайдалану мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Кеңестер одағы күйрегеннен кейін Қазақстан ядролық қаруы бар мемлекеттер қатарында бол­ды. Алайда, қашанда бейбітшіл Қазақ елінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “ажал ошағы” – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылдағанын әлем халқы жақсы біледі. Өйт­ке­ні, дәл осы тарихи шешім мил­лион­даған адамдардың тағдырын шешкенмен бірдей еді. Кеңес өкіметі тұсында Қазақ­станда 500-ге жуық ядролық жа­ры­лыстар орын алды. Қазақ же­рін жарылыс алаңына айналдыра отырып, ресми Мәскеу АҚШ-пен қырғи-қабақ соғыс жүргізді. Біз үшін саяси ерегістен кімнің ұтып, кімнің жеңілгені мақсат емес, ең жаманы, қазақ халқы шеккен зардап бүгінге дейін өз салдарын жойған жоқ. Бүгінде әлемнің оншақты мемлекетінде ядролық қарудың барын ескерсек, жаһандық қауіпсіздіктің діңгегі берік деп айта алмаймыз.

Қазақстан тәуелсіздігін алы­сы­мен-ақ ерікті түрде ядролық қару­дан бас тартып, өзінде бар уранның бай қорын бейбіт мақсатта пай­да­ланатындығынан әлемдік қауым­дас­тықты хабардар еткен болатын. 1945 жылдан 1990 жылға дейінгі стратегиялық маңызға ие уран өндіретін кен орындары туралы шынайы ақпарат алу мүмкін емес, яғни жабық тақырып саналып кел­ді. Сондықтан да, баспасөз бетінде жарық көрген материалдардағы деректер бір-біріне қайшы келіп жатты. Бүгінде Қазақстан уран қоры жөнінен әлемде екінші орын алады. Алайда, оның әлеуетін толық пай­даланып отырмыз ба? Гәп осында болса керек. Мәселен, жер көлемі Қа­зақстаннан 5 есе кіші Франция­да жалпы электр қуатының 78 пайызы осы атом электр станса­лары арқылы өндіріледі екен.

Қазіргі уақытта атом энергиясы әлемдік экономиканы дамытуда бар­ған сайын маңызды рөлге ие бола түсуде. Алдымызға қойылған және бүгінгі таңда жүзеге асыры­лып жатқан міндеттер мен жоспар­ларға сәйкес Қазақстан үшін бұл саланың маңызы мұнай мен газ са­ласымен бірдей болады деп күтілуде. Бүгінгі таңда еліміздің бірқатар аймақтары электр және жылу энер­гиясының тапшылығын айқын се­зініп отыр. Мамандар бұл олқы­лық­тың орнын атом энергиясын пайдалану арқылы шешуге бола­тын­дығын әлдеқашан-ақ айтқан-ды. Алайда, атом стансасын салу мә­селесіне еліміздің ғылыми-кадр­лық әлеуетінің әлі де дайын емес­тігі ескеріліп, мәселе бірталай жыл кейінге шегеріліп келеді. Әзірше, еліміз әлемдік рынокқа қуат көзде­рі бойынша уранмен қоса, қара алтын шығарып келеді. Қазақстан 2007 жылы мұнай мен газ қос­па­ларын өндіру көлемін 64 млн. тон­на­ға жеткізеді. Бұл туралы өткен жылғы 6 қазанда Алматыда Азия­лық ынтымақтастық диалогына мүше-мемлекеттердің энергетика жөніндегі семинары барысында ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Болат Ақшолақов мәлім еткен болатын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]