
- •Мазмұны
- •Орталық азия елдерінің қауіпсіздік мәселелерінің негізгі аспектілері
- •Орталық азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығы....................................................
- •1. Орталық азия елдерінің қауіпсіздік мәселелерінің негізгі аспектілері
- •Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу негіздері
- •1.2Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының факторлары және алғышарттары
- •2.1 Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселесінің ерекшелігі мен қайнар көздері
- •2.2 Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.2Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының факторлары және алғышарттары
Азиядағы өзара іс – қимыл және сенім шаралары кеңесі. Ресми атауы: Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШК).Құрылу күні: АӨСШК-ні құру туралы идеяны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылғы 5-ші қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынды. Мәртебесі: Азиядағы қауіпсіздікке қатысты мәселелер бойынша пікірлесу, келіссөздер жүргізу және келісімге келу негізінде шешім қабылдау мен шаралар қолдану жөніндегі мемлекетаралық форум. Қызметінің негізгі мақсаты мен бағыты: Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты көп жақты көзқарасты пысықтау жолымен ынтымақтастықты нығайту.Мүше мемлекеттері: Ауғанстан, Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Израил, Иордания, Иран, Корей Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Мысыр, Өзбекстан, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Үндістан. Бақылаушылары: АҚШ, Вьетнам, Жапония, Индонезия, Қатар, Малайзия, Украина (мемлекеттері); БҰҰ, ЕҚЫҰ және АМЛ (ұйымдар). Төраға мемлекеті: Қазақстан Республикасы (2002-2006 жж., бірінші мерзім; 2006-2010 жж. екінші мерзімге қайта сайланды). Саяси органдары: Мемлекет және үкімет басшыларының кездесуі (Басқосу – ең жоғары орган 4 жылда бір рет жиналады), Сыртқы істер министрлерінің кездесуі (СІМК - екі жылда бір рет жиналады), Аға лауазымды тұлғалар комитеті (АЛТК – жылда екі рет жиналатын құрылым). Көмекші органдары: АӨСШК Атқарушы директоры модераторлық ететін түрлі тақырыптағы Арнаулы жұмыс топтары (АЖТ) және Мамандырылған сарапшылардың кездесулері (МСК). Әкімшілік органы: Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) орналасқан тұрақты түрде жұмыс істейтін халықаралық Хатшылық. АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Д.Бәкішев (Қазақстан), Атқарушы директордың орынбасары Корхан Каракоч (Түркия), кәсіби персонал (Қазақстан, Ресей, Үндістан, Иран және Пәкістан). Хатшылықты 2010 ж. Астанаға көшіру мәселесі қарастырылуда. Басты кездесулері: I-ші СІМК (1999), Бірінші Басқосу (2002), IІ-ші СІМК (2004), Екінші Басқосу (2006), IІІ-ші СІМК (2008). Құрылу құжаттары: АӨСШҚ-ға мүше-мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін принциптер декларациясы (1999-жылы АӨСШҚ-нің сыртқы істер министрлері қол қойған) және Алматы актісі (2002-жылы АӨСШҚ-нің мемлекет және үкімет басшылары қол қойған). Негізгі құжаттары: Сенім шаралары тізімдемесі, Рәсімдер ережесі (2004-жылы қабылданған). АӨСШҚ Хатшылығы туралы келісім және оның қосымшасы – Қаржылық ережелер (2006-жылы қол қойылып, 2007-жылы ақпан айында бекітілген). АӨСШҚ рәміздері туралы ереже, Сенім шараларын іске асыруға арналған Бірлескен тәсіл, АӨСШҚ-ның сыртқы байланыстары туралы ереже (2007-жылы қабылданған), Хатшылықтың Қазақстан Республикасының аумағында болуы шарттары туралы келісім (2007-жылы қол қойылып, 2008-жылдың наурыз айында Қазақстан бекіткен). Саяси декларациялары: АӨСШК-нің Терроризмді жою және өркениеттер арасындағы сұхбатты дамыту декларациясы (2002-жылы), Сыртқы істер министрлер Екінші Кездесуінің декларациясы (2004-жылы), Мемлекет және үкімет басшыларының Екінші Басқосуының декларациясы (2006-жылы), Сыртқы істер министрлер Үшінші Кездесуінің декларациясы (2008-жылы).
АӨСШК-ні құру туралы идеяны Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 1992 жылғы 5-ші қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынды.
Бастаманың негізгі мақсаты - Азия құрылығындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ертеректе табысты бола алмай қалған тиімді де әмбебап құрылымын жасау жолындағы талпыныстарды қайта жаңғыртуға ұмтылу, өйткені, қазіргі таңға дейін, әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда, осындай құрылым әлі күнге дейін қалыптасқан жоқ.
Бүгінгі таңда АӨСШК-ға мүше мемлекеттердің алатын аумағы едәуір кең. Аталған мемлекеттердің жалпы аумағы бүкіл Азия аумағының шамамен 90% құрайды. Бұл мемлекеттерде бүкіл жер шары халқының 45% астамы тұрады.
Азия кеңесінің Бірінші Басқосуы. 2002 жылы 4 маусымда Алматыда Азия кеңесінің Бірінші Басқосуы болып өтті. Осы Басқосуға Қазақстан, Ресей, Қытай, Пәкістан, Түркия, Монғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан Президенттері, Әзірбайжан және Үндістан Премьер-Министрлері, Иран, Мысыр, Палестина және Израильдің өкілетті ресми тұлғалары, бақылаушы мемлекеттер: АҚШ, Индонезия, Малайзия, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Украина және Корей Республикасының өкілдері, бақылаушы ұйымдар: БҰҰ, ЕҚЫҰ және АМЛ басшылары қатысты.
Басқосу барысында Алматы Актісіне, Терроризмді жою және өркениеттер арасындағы сұхбатқа (диалогіне) қолдау көрсету туралы декларацияға қол қойылды.
Үндістан және Пәкістан, Палестина мен Израиль сияқты өзара жанжалды жағдайда болған елдер басшыларының қатысуын Алматыдағы кеңестің үлкен бір ерекшелігі деп айта аламыз. Атап айтқанда, Азия кеңесі сол кездің өзінде мәселелер мен жанжалдарды реттеудің жолын іздеу мақсатындағы сұхбатқа бағытталған ашық форум болуға деген өзінің қажеттілігін, яғни өзінің нақты бағытын айқындап үлгерді.
Азия кеңесінің Екінші СІМК-і. 2004 жылы 22 қазанда Алматыда Азия кеңесіне мүше мемлекеттердің II-ші Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Бұл кездесу қарсаңында Таиланд Корольдігінің Азия кеңесіне он жетінші мүше-мемлекеті болып қабылдануы айтарлықтай оқиға болды. Азия кеңесінің жұмыс істейтін сұхбаттық құрылымы Азия құрлығында күннен күнге көптеген өз жақтастарын тауып келеді.
Сенім шаралары тізімдемесінің, Рәсімдер ережесінің және Азия кеңесі Министрлік кездесуінің декларациясының қабылдануы Министрлер кездесуінің басты нәтижесі болды. Осы аталған құжаттар АЖТ-ның екіжылдық еңбектерінің әзірлеген қорытындысы болды.
Декларацияда аймақ пен әлемдегі қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша Азия кеңесіне мүше мемлекеттердің ұстанымдары мен бір ымыралы көзқарастары көрініс тапты. Делегация басшылары шешілмеген мәселелерді және сенім шараларын іске асыру жөніндегі бағыттарды айқындау туралы тізімдемеде бекітілген ортақ әдістерді пайдаланудың маңыздылығын арнайы атап өтті.
Қатысушылардың пікірінше, қабылданған Азия кеңесі Сенім шаралары тізімдемесінің маңыздылығына баға беру оңай емес. Қауіпсіздік пен бірқалыптылық мәселелері бойынша көпжақты қарым-қатынасты көздейтін құжаттың қабылдануы Азия құрлығының тарихында бірінші рет болып отыр ]. Азия кеңесінің Екінші Басқосуы 2006 жылғы 17 маусымда Алматы қаласында өтті. 4 жыл бұрын Бірінші Басқосуды өткізу мен Азия кеңесін қалыптастырған құжатқа (Алматы актісі) қол қоюдан бастап, Кеңестің істері мен мақсаттары әлем қауымдастығында кең көлемді қолдау мен түсінушілік тапты. Таиланд Корольдігі (2004 жылы) және Корей Республикасы (2006 жылы) сынды аймақтағы беделді елдердің Кеңеске толық құқықты мүше болып қосылуы бұған дәлел болды. Сөйтіп, Азия кеңесі диалогқа бағытталған форум ретінде Азия құрлығында үлкен сұранысқа ие болып отыр. Басқосу барысында көп ауқымды саяси құжат – Азия кеңесі Екінші Басқосуының декларациясы қабылданып, форумның институттану жолындағы негізгі құжаты – Азия кеңесі Хатшылығы туралы келісімге қол қойылды.
Декларацияда Кеңеске мүше мемлекеттердің:
- азиялық өңір және әлемдегі қауіпсіздік пен ынтымақтастық көкейкесті мәселелеріне ортақ көзқарасы;
- күн тәртібіндегі мәселелерді шешу барысында әмбебап ұстанымды қолдану және оны дамыту, 2004 жылғы Азия кеңесі сенім шаралары тізімдемесіне кірген шараларды іске асыру және үдерістің одан әрі дамуы принциптері;
- I-Басқосудан бастап II-Басқосуға дейін Азия кеңесі жұмысының қорытындылары;
- БҰҰ реформасы жөніндегі ұстанымдары көрініс тауып, жаппай қырып–жою қаруын таратпау, аймақтық таластарды шешу, жаңа қауіп-қатерлерге төтеп беру, өркениеттер арасында диалогті дамыту, мемлекеттердің ядролық технология, материал және жабдықтарды иемдену құқығы және оны Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) қауіпсіздік кепілі жөніндегі келісім негізінде бейбіт мақсаттарда қолдану, Орталық Азия мемлекеттерінің ядролық қарудан азат аймақты құру туралы ұсыныстары айтылып, халықтар арасындағы бірлік пен қарым-қатынастарды нығайтатын Жібек жолының дәстүрлерін қайта жаңғырту мақсатында туризмді дамытуға көңіл бөлінді [16].
2010 жылы болатын Үшінші АӨСШК-нің Басқосуына дайындық аясында маңызды іс-шаралардың бірі - 2008 жылы 25 тамызда Алматы қаласында өткен ІІІ сыртқы істер министрлерінің отырысы болып табылады. Осы іс-шараға 19 мүше-мемлекетер, 7 бақылаушы-мемлекеттер, 6 халықаралық және өңірлік ұйымдардың делигациялары қатысты. Кездесу барысында Бірлескен тәсілді іс-жүзінде іске асыру мәселесіне ерекше көніл бөлінді.
Жалпы алғанда, форумның сенім шараларды дамыту және іске асыру сондай-ақ ынтымақтастықтың әр түрлі формалары шенберінде ары қарай дамуы мен алға басуын болжай беруге болады. Қолда бар алғышарттар болашақта Кеңесті ынтымақтастықтың жаңа сапалы деңгейі – превентивті дипломатия және қақтығыстарды болдырмау жағдайына жеткізуге мүмкіндігін береді.