Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
фармацевтика каз яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
379.83 Кб
Скачать

Жүрек тұсында шаншу сезімі байқалады, ... Науқас ентігуді басатын дәрі ішеді.

а) сондықтан

ә) және

б) немесе

в) бірақ

г) әлде

969. Салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ауру басталғанда науқастың дене қызуы көтеріліп, жұтынғанда тамағы ауырады.

ә) Қан денені жұқпалы аурулардан қорғайды, мүшелерді өзара байланыстырады.

б) Егер жүрек жылдам соқса, онда қан жылдам айналады.

в) Ауруханаға жатып емделгенмен, науқас толық жазылып шыққан жоқ.

г) Сырқат, көбінесе, құрғақ жөтелден басталып, кейін іріңді қақырық тастау қосылады.

970. Бағыныңқысы “қайтсе де?” деген сұраққа жуап бермейтін сөйлемді көрсетіңіз.

а) Май безінің секрециясы теріні майлап, ағзаны жиналған зиянды қалдықтардан тазартады.

ә) Тері дене жылылығын реттесе де, сезім арқылы ағзаны түрлі зиянды әсерлерден қорғай алмайды.

б) Науқас дер кезінде емделсе де, толық жазылып кетпеді.

в) Үсіген терінің біртіндеп жаны кете бастаса да, соңынан қараяды.

г) Үй тапсырманы жақсы орындаса да, сабақта дұрыс жауап бере алмайды.

971. Сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз.

..., бір-бірімен тығыз байланысты.

а) Бұлардың атқаратын қызметі әр түрлі болғанмен

ә) Тыныс алу жүйесінің мүшелері

б) Дене қызуы жоғарылады

в) Ауру асқынып, басқа мүшелерді қабындырыпты

г) Әр өкпе өкпеқаппен қоршалған

972. Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарын көрсетіңіз.

а) Ауру асқынса, бас сүйекке әсер етіп

ә) Сенімсіздік болған

б) Тамақтың ісінуін емдепті

в) Бұрын жұқпалы аурумен ауырды

г) Қоректік заттарды жеткізеді.

973. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады?

Егер науқастың бас сүйегі сынса, жедел дәрігер шақыру керек.

а) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

ә) Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

б) Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

в) Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

г) Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

974. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады?

Ауыр формалары кезінде жүрек соғысы баяулап, қан қысымы төмендейді.

а) Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

ә) Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

б) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

в) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

г) Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

975. Сөйлемнің алдыңғы сыңарын табыңыз.

..., науқастың жағдайы нашарлайды.

а) Микробтар болады

ә) Ауру басталмаса

б) Асқыну болмай

в) Жұтынғанда тамағы ауырып

г) Ауру тудыратын себептері

976. Сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз.

..., тепе-теңдік сақтай алмайды.

а) Жедел ауырады

ә) Жүргенде сенімсіздік байқалып

б) Баланың басы айналады

в) Баланың есту қабілеті төмендейді

г) Көлеміне қарай өзгеріп отырады

977. Сабақтас құрмалас сөйлем емес қатарды көрсетіңіз.

а) Балды тыныс жолы зақымданғанда, жүрек қызметі нашарлағанда беруге болады.

ә) Зат алмасу процесі жақсарады, жүрек етінің жиырылуы күшейеді.

б) Антибиотикті қажет болғанда ғана пайдаланыңыз.

в) Ең алдымен дәрігерге көрініп, толық тыныштықта жатып емделген жөн.

г) Ауырған адамды дереу жеткізу үшін, жедел жәрдем машинасын шақырды.

978. Сабақтас құрмаластың қай түріне жатады?

Аурудың алдын алып, дәрігердің кеңесін тыңдаған жөн.

а) Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

ә) Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

б) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

в) Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.

г) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

979. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қызылшаға арнайы дәрі-дәрмек жоқ.

ә) Науқасқа анализ тапсырсын деп, дәрігер жолдама жазып берді.

б) Оттегімен тыныс алдыру керек.

в) Күлмен балалар жиі ауырады.

г) Ауру қоздырғыштары тарап, сол арқылы сау балаға жұғады.

980. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем емес қатарды көрсетіңіз.

а) Жақсы дәрігер болсын деп, әкесі баласының оқуын бірінші курстан қадағалады.

ә) Анатомияны жақсы білу үшін, Ахат күн сайын сүйек мұражайына барады.

б) Концертте ән айтайын деп, екі студент өз өтініштерін білдірді.

в) Түскі асты ішсін деп, қонақтарға дастарқан жайылды.

г) Адам терісі жарақаттанып, өте сезімтал болады.

981. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз.

..., дәрігер науқасқа кеңес берді.

а) Аурудың белгілері болғандықтан

ә) Дәрілерін уақытысында ішсін деп

б) Ауруы анықталғаннан кейін

в) Аурудан тез жазылуға

г) Жүрегі айнып құсқанда

982. Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің баяндауышы болатын тіркесті көрсетіңіз.