
- •Қазақ тілінен фармацевтика факультетінің студенттеріне арналған тест материалдары
- •7. Шылаулы сөйлемді көрсетіңіз.
- •277. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.
- •399. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.
- •428. Қимыл есімді көрсетіңіз.
- •441. Қимыл есімді көрсетіңіз.
- •442. Қимыл есімді көрсетіңіз.
- •528. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.
- •529. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.
- •612. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.
- •722. Көп нүктенің орнына қойылатын сөзді көрсетіңіз.
- •Жүрек тұсында шаншу сезімі байқалады, ... Науқас ентігуді басатын дәрі ішеді.
- •Науқас құрғақ жөтел ..., дәрігердің кеңесін тыңдады.
- •Аурудың интоксикация құбылыстары ..., антибиотиктерді 7-8 күн бойы қабылдайды.
- •Ауру басталғанда дене қызуы ..., жұтынғанда тамағы ауырады.
- •1069.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді көрсетіңіз. Қызу төмендететін дәрілер бұлар дене қызуын төмендететін ... Заттар.
Аурудың интоксикация құбылыстары ..., антибиотиктерді 7-8 күн бойы қабылдайды.
а) суық тиіп
ә) болған кезде
б) болып
в) болса
г) болдық
1016. Сөйлемнің алдыңғы сыңарын табыңыз.
.., БЦЖ вакцинасы егуге болмайды.
а) 3-5 жыл бойы сақталады
ә) Тері сыртында жара болып
б) Өсімдік майында
в) Тұмаумен ауырған кезде
г) Бор қышқылынан
1017. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Туберкулезге шалдыққан науқас ауруынан жазылғанмен, ол диспансерлік есепте тұрады.
ә) Адам ағзасындағы өзгерістерді болдырмау үшін, дәрігердің кеңесін тыңдаған жөн.
б) Науқастың түрін анықтап, диагноз қоюға мүмкіндік береді.
в) Жедел гастрит дұрыс емделмесе, созылмалы гастритке ұласуы мүмкін.
г) Мен емханаға барғанда, дәрігер жұмыста болған жоқ.
1018. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз.
..., қосымша басқа емдер қабылдауы тиіс.
а) Науқастың ауруы асқынса
ә) Терісінің түсі өзгеріп
б) Анемияның ауыр түрін емдеген кезде
в) Балалар әлсізденеді
г) Темірдің мөлшеріне әсер етіп
1019. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды көрсетіңіз.
..., дененің барлық аймақтарына тарайды.
а) Ауыр түрінде адам ентігеді
ә) Жұлын жүйкелері жұлыннан шыққаннан кейін
б) Ми жүйкелері мидан басталып
в) Үлкен ми сыңарларының жұмысы
г) Ол созылмалы қан аздықта
1020. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасауға негіз болатын сыңарды көрсетіңіз.
а) Біз жақсы оқу үшін
ә) Жақсы емделгенде
б) Олар жақсы емделгендіктен
в) Жеміс-жидек көп жесін деп
г) Бөлменің тазалығын сақтап
1021. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Жұқпалы аурумен жиі ауырған себепті, науқасты санаторийге демалуға жібереді.
а) шартты бағыныңқы
ә) қимыл-сын бағыныңқы
б) себеп бағыныңқы
в) мезгіл бағыныңқы
г) мақсат бағыныңқы
1022. Сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Емді дұрыс қабылдамайынша, сіз жазылмайсыз.
а) себеп бағыныңқы
ә) шартты бағыныңқы
б) қарсылықты бағыныңқы
в) қимыл-сын бағыныңқы
г) мақсат бағыныңқы
1023. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Адам ағзасының иммунитеті жоғары болып, кез келген ауруға қарсы тұра алады.
ә) Ол жұқпалы аурумен ауырған себепті, ауруханада екі апта емделді.
б) Қызылша сау балаға ауру баладан жұққанмен, науқасты көбіне үйде күтеді.
в) Кеңірдек дифтериясында баланың тынысы тарылып, қырылдап тұншығуы мүмкін.
г) Жүрек еттерінің жиырылуын систола десе, босауын диастола деп атайды.
1024. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Балды тыныс жолы зақымданғанда, өкпе ауруымен ауырғанда беруге болады.
ә) Қымыздың белоктары тәнге өте сіңімді, ана сүтіне тән қасиеттерге ие.
б) Тамақтану тәртібін дұрыс орындамағандықтан, асқазан ауруымен ауырады.
в) Дәмдеп ішкен ас жылдам және толық қорытылады.
г) Дене шынықтырумен айналысып, иммунитетін көтерді.
1025. Берілген бағыныңқы сөйлемнен себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз.
..., ауруханаға бара алмады.
а) Ол уақыты болмаса
ә) Дәріханада жүріп қалып
б) Мұхтар үйінде жатып емделгендіктен
в) Денсаулығы болмаса да
г) Сен оған айтқанша
1026. Бағыныңқы сөйлем “неліктен?” деген сұраққа жауап беретін сөйлемді көрсетіңіз.
а) Адамның таза ауада көп болып, арнайы санаторийларда емделгені жөн.
ә) Дене қызуы қатты көтерілгендіктен, дер кезінде жедел жәрдем шақырылды.
б) Созылмалы бронхитпен ауырмау үшін, ауруханада жатып емделді.
в) Бас сақинасы көбінесе ішкі мүшелердің сырқатынан болады.
г) Науқас ауруханаға жеткізіліп, аурудың түріне қарай емделеді.
1027. Берілген бағыныңқы сөйлемдерден себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз.
..., бауырдың қызметі нашарлайды.
а) Көбінесе жүрек ауруларымен ауырып
ә) Майлы тамақтарды көп жегендіктен
б) Науқастың жағдайы жақсару үшін
в) Уақытысында дұрыс емделмесе
г) Тіс күтімінің әсерінен
1028. Берілген бағыныңқы сөйлемдерден себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз.
..., емханаға жедел жеткізу керек.
а) Науқастың жағдайы бірқалыпты болғанымен
ә) Ішкі секреция бездерінің сырқаты болса
б) Омыртқасы зақымданғанда науқасты етпетінен жатқызып
в) Науқас қатты зардап шеккен себепті
г) Науқасты шалқасынан жатқызып
1029. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
а) Денеге салқын тигізіп алса, бүйректің қабынуы созылмалы түріне айналады.
ә) Науқастың денесі ауыр тартып, ыстығы көтеріледі, басы ауырады.
б) Бұл ауруда науқастың басы ауырады, жүрегі айнып құсады.
в) Аузын ашып қарағанда, көмекей үстінде қоңыр түсті зат көрінеді.
г) А витамині химиялық жолмен де алынады.
1030. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем жасайтын сыңарды табыңыз.
..., толық тыныштықта жатып емделген жөн.
а) Жүрегі айнып құсады
ә) Ауырғанда алдымен дәрігерге көрініп
б) Бұлықпен ауырғанда
в) Зәрдің дұрыс жүрмеуінен
г) Егер науқас уақытысымен емделсе
1031. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем болмайтын сөйлемді көрсетіңіз.
а) Холециститтің жедел түрінде диета сақталып, асқынған түріне операция жасалады.
ә) Жиналған тас өт жолдарына кептеліп, өттің жүруіне кедергі келтіруі мүмкін.
б) Мараттың жақсы дәрігер болатындығын білгендей, мұғалімдер ғылыми конференцияға жиі қатыстырды.
в) Ауру анализін толық тапсыра алмай, дәрігерге уақытысымен бара алмады.
г) Күн салқын болғанмен, балалар көшеде ойнап жүр.
1032. Салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
а) Д витамині балық майында, бауырда болады.
ә) Никотин қан қысымын жоғарылатып, жүрек соғуын жиілетеді.
б) Ас алдымен физикалық жолмен өңделеді, содан кейін химиялық реакцияға түседі.
в) Ауру білінісімен дәрігерге барып, дер кезінде емделгені жөн.
г) Күнделікті тағамда витаминдердің жетіспеуі зат алмасу үрдісінің бұзылуына әкеліп соғады.
1033. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады?
Ауру басталғанда дене қызуы көтеріліп, жұтынғанда тамағы ауырады.
а) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
ә) Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
б) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
в) Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
г) Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
1034. Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмаластың бағыныңқысының баяндауышы болатын етістікті көрсетіңіз.