Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД на 2 полугодие каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
6.94 Mб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Оқу-әдістемелік құралы

Басылым: үшінші

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Шетел тілдері кафедрасы

(кафедраның атауы)

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

филология

факультетінің деканы

Жарқынбекова Ш.К.

________________20____ж.

тілдік емес мамандықтарының 1 курс студенттеріне арналған (мамандықтың шифры және атауы)

Шетел тілі IYa 1103 пәні бойынша

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы )

Шетел тілі (ағылшын)

(модульдін атауы және шифры)

ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК ҚҰРАЛЫ

Астана 2013

1. Курс оқытушысы: Ниязбекова Ақмарал Артықбақызы және Алимкулова Динара Жұмабайқызы - шетел тілдері кафедрасының магистрлар, аға оқытушылары.

Байланыс телефоны: 8 (7172) 70-95-00 (ішкі 32-222), aker-82@mail.ru, aynazim@mail.ru

Ғылыми қызығушылықтары: щетел тіліне интенсивтік оқыту, лингвистика, стилистика.

2. Шетел тілі. Кредит саны – 6. Код: iYa 1103

3. Оқу пәнінің жүргізілу уақыты мен орны: 2 семестр, сабақ кестесіне сәйкес.

4. Пререквизиттер: - « Шетел тілі» (ағылшын тілі) В1

Постреквизиттер: «Кәсіби бағыттағы шетел тілі» (ағылшын тілі) (базалық стандарт деңгейі: В2).

5. Оқу пәнінің сипаттамасы

5.1. Оқу тәртібінің бағыты. Берілген курс арналған студенттің оқуға қабылданған кездегі деңгейін білдіретін В1 мен С2 арасындағы халықаралық деңгейлерді ескере отырып, жаратылыстану гуманитарлық мамандақтарға арналған әлеуметтік гуманитарлық циклдағы міндетті модульдердің бірі болып саналатын тілдік емес мамандықтарда оқитын бакалаврларды «Шетел тілі» пәнімен қамтамасыз етуге бағытталған.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты. Шетел тілінде оқыту үрдісінде тілдік мамандықтарындағы студенттердің мәдениаралық коммуникативті қабілетін яғни (В1) базалық орташа деңгейін қалыптастыру.

5.3. Пәнді оқытудың міндеттері

Базалық орташа деңгейді қалыптастыру коммуникация түрлері мен сөйлеу құрылымдарын модельдеу болып табылады: олар диалог және сұрақ, диалог және ой алмасу, диалог және сұхбат жүргізу. Қарым қатынастың жазбаша және ауызша түрлері: бейнелеу, айту, талқылау, түсіндіру, аныұтау, бағалау. Шығарма жазу түрлері: электрондық хат, мәтін, хабарлама, шығарма, өмірбаян.

Студент білуі керек: диалог барысында досының көңілін аулау, қызығушылығын арттыру, мәселені шешу, жағдайлар мен оқиғаларды суреттеп беру, кітаптағы немесе фильмдегі бейнені өзінің қабылдауы бойынша өз көзқарасымен айтып беру, қарапайым мәтіндерді жазу, таныс заттарды суреттеу, қызықтыратын тақырыпта қысқаша шығарма жазу, қарапайым ақпараттық хабарламаларды түсіну, өтілген тақырыпта сұхбат жүргізу, теле бағдарламалардан немесе радио бағдарлармалардан алынған ақпараттарды талқылау, электрондық немесе кітаптан қажетті ақпаратты табу, қарапайым және қызықтыратын тақырыпты ақпаратттары бар мәтіндерді оқу және түсіну.

Курс соңында студент білуі тиіс: білім, кәсіби жіне күнделікті тақырыптарға бағытталған қарапайым ақпаратты хабарламаларды түсіну және қабылдау, өтілген тақырыптарда сөйлеу барысында қарым қатынасты ынталандыруға үлес қосу, мәтіндерден қажетті ақпараттарды алу және өтілген тақырыпта сөйлеу барысында қолдану, түйін жазу, хат жазу, өтілген тақырып бойынша қарапайым мәтіндерді жазу.

5.4.Оқу тәртібінің мазмұны

Мәдени қарым қатынаста тіл жүйесін және оны қолдау әдістерін үйрену. Фонекалық материал: жаңа тілдің материалдарды меңгеруде сөйлеу қабілеттерін дамыту және қолдану. Лексикалық материал: диі қолданыстағы сөздерді үйрету және пысықтау, сөз қорын 800-1000 сөзге дейін кеңейту, сөз құрамдарының морфо синтаксикалық, сөз тіркестік байланыстарын үйрету, сөз тіркестеріне арналған сөздіктерімен таныстыру.

5.5 Оқу пәндерін оқытудың жоспары.

Мәдени қарым қатынаста тіл жүйесін және оны қолдау әдістерін үйрену. Фонекалық материал: жаңа тілдің материалдарды меңгеруде сөйлеу қабілеттерін дамыту және қолдану. Лексикалық материал: диі қолданыстағы сөздерді үйрету және пысықтау, сөз қорын 800-1000 сөзге дейін кеңейту, сөз құрамдарының морфо синтаксикалық, сөз тіркестік байланыстарын үйрету, сөз тіркестеріне арналған сөздіктерімен таныстыру.