Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Aizhan_history_ref.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
12.01.2020
Размер:
391.17 Кб
Скачать

ҚР Білім және Ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Физика-техникалық факультет

Радиотехника, электроника және телекоммуникация кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

Орындаған: РЭТ-15 топ студенті Мыңжасар Айжан

Қабылдаған:Ақпанбет Н.Н.

Астана-2013

Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

    1. тарау. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыстың басталуы және сипаты

  • Көтерелістің себептері және басталуы

  • Халық зиялыларының көзқарасы

  • Қозғалыстың сипаты, қоғаушы күштері

    1. тарау. Ұлт-азаттық қозғалыстың барысы

  • Көтеріліс орталықтары, олардың жетекшілері

  • Көтеріліс қорытындылары, жеңілу себептері

  • Тарихи маңызы

  1. Қорытынды

  2. Қолданған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Көтеріліс – бұқара халықтың немесе әлеуметтік саяси топтардың билік жүйесінің саяси, экономикалық саясатына қарсы наразылықтың бір түрі. Көтеріліске шеруге, шығу, толқу, жаппай бағынбау сияқты саяси наразылық сипатында өтеді. Ол наразылық білдірудің жоғары шегі бола тұра, қирату, тонау сияқты ұйымдаспаған әрекеттермен қатар, ұйымдасқан әскери көтеріліске ұласуы да мүмкін. Көтеріліс ұйымдасқан түрде жүргізілетін болса ғана нәтижелі аяқталып, төңкеріске ұласады. Қазақ сахарасында Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан дәстүрлі мемлекеттілік (хандық) жойылғаннан кейін көтерілістер екі түрлі сипат пен бағыт алды. Алғашқысына патшалық Ресейдің Қазақ хандығын әлсіретуіне және жоюына қарсы , кейінгісіне қазақ шаруаларының феодалдық және отаршылдық езгіге қарсы бағытталған азаттық жолындағы көтерілістер жатады.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының тәуелсіздікке жету жолының тарихын талай қиындықтарды көреді. Солардың оқиғалардың ішінде ұлт-азаттық көтереілістер де болды. Қазақ халқы Ресейдің құрамында болған кездегі ең бір елеулі оқиғалардың бірі –ол 1916 жылғы қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт азаттық қозғалысы. Осы көтеріліс туралы қазіргі кезде зиялылар, ғалымдардың арасында пікірлер қалыптасып бара жатыр.

Академик Н.м. Дружиннің бұл көтеріліске байланысты айтқан мынандай пікірі бар: орыс патшалығының отарлау нәтижесінде жерлерінен айырылған бұқара халық өзінің экономикалық еркіндігі мен ұлттық тәуелсіздігі үшін күреске шықты. Халық бұл қозғалыста табандылық, ерлік және белсенділік танытты.(1)

Ал американ тарихшысы С.Кэреу былай деп жазды: «Орыстардың қазақ даласына тереңдей енуі есімі қазақ халқының жүрегінде осы күнге дейін сақталып, талай жырларда мадақталған 1916 жылғы көтерілісті туғызды».

«1916жылғы көтеріліс Кеңесары кезіндегі халық рухының қайта жандануы болды.»(2)

Академик Кеңес Нұрпейіс: 1916 жылғы көтеріліс –империялық зорлық зомбылыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстардың ең маңызды оқиғаларының біріне айналды. (3)

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Отандық тарихтың деректiк қорын пайдаланып,1916 жылда болған ұлт-азаттық көтеріліс туралы мәліметтер жинақтау. Ол үшін төмендегі міндеттер орындау:

    • Патшалық Ресейдiң басып алу жорықтарға дайындығы және басып алу барысы, басып алынғаннан кейінгі жүргізілген әкімшілік-территориялық басқару шараларының салдарын талдау;

- Қазақтардың ұлт-азаттық көтерілістеріне қатысты деректердің көлемі мен тарихи құндылығына көз жеткізу;

- Патша өкiметiнiң қазақтардың азаттық қозғалысын басу саясатын көрсету.

Ғылыми жаңалығы.

  • Қазақтардың Ресеймен сауда-экономикалық қатынасында патша өкіметінің отарлау мүддесінің басымдылығы көрсетіледі;

  • Ғалымдардың пікірлері арқылы, көтерілістің қазіргі кездегі өзектілігі анықталады.

  • Патша өкіметінің басқаруының жаңа жарлығы қарсы жекелеген өңірлердегі наразылықтарды аяусыз басу отарлау саясатының бағыты ретінде көрсетіледі;

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]