Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
karzhi Лекция 5.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
61.26 Кб
Скачать

Лекция 5. Валюталық нарықтар.

Лекцияның мақсаты: - Қазақстанда валюталық нарықтың қалыптасуы мен даму жолдарын айкындау, валюталық нарықтың негізгі құрылымдары мен валюталық жұйесін зерттеу және валюталық операциялар түрлері мен жүргізу техникасын талдау.

Негізгі сұрақтары:

  1. Қазақстанның валюта нарығы, ерекшеліктері мен даму кезеңдері.

  2. Валюталық бағам.

  3. Валюталық реттеу органдары.

  4. Валюталық операциялар, түрлері.

  5. Валюталық тәуекелдердің пайда болуындағы жағдайлар мен себептер.

ОСӨЖ 1. Валюта нарығы.

2. Валюталық бағам және валюталық операциялар.

3. Биржадан тыс валюта нарықтары және валюталардың сату-сатып алу

контракті лері.

Семинар жоспары:

  1. Валюта жұйесі.

  2. Валюта өтімділігі.

  3. Валюта саясаты.

  4. Кросс-бағамдар.

  5. Валюта нарығындағы мәмілелердің түрлері.

  6. Валютаға сүраныс пен ұсыныс.

  7. Валюталық операциялар банктік бақылау.

1. Валюталық нарық, отандық ерекшеліктері мен даму кезеңдері. Халықаралық валюталық нарықтар iрi дүниежүзiлiк қаржы орталықтарында орналасқан. Оның iшiнде, Хондайдағы, Нью-Йорктегi, Франкфурт на-Майнедегi, Париждегi, Цюрихтегi, Токиодағы, Сингапурдағы, Гонконгтағы iрi валюталық нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңiнен пайдаланылатын валюталар ұлттық валюталық нарықтарда белгiлi бiр еркiн алмастырылады. Валюталық нарық қаржы нарығының құрамдас бөлiгi болып табылады.

Валюталық нарық- бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталықболып табылады.

Валюталық нарықтағы операцияларға банктер функциональдық көзқараспен қарасақ, валюталық нарықхалықаралық есеп айрысу, валюталық интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететiн валюталық операциялардың жиынтығын бiлдiредi.

Институционалдық жағынан қарасақ, валюталық нарықүкiметтiң, банктердiң, инвестициялық компаниялардың биржалардың брокерлiк конторалардың және шетелдiк банктердiң жиынтығы.

Ұйымдастырылу - техникалық жағынан алсақ, валюталық нарықбанктердi халықаралық есеп айырысу барысында өзара байланыстыратын басқа да коммуникациялық жүйелер жиынтығын бiлдiредi.

Валюталық нарықты белгiлерiне қарай келесiдей түрде жiктеледi:

Орналасу аумағына қарай:

  • халықаралық;

  • аумақтық;

  • ұлттық (жергiлiктi)

Валюталық шектеуге қатысты:

  • еркiн нарық;

  • еркiн емес.

Валюталық шектеу қойылған валюталық нарықты – еркiн емес нарық деп, ал валюталық шектеу қойылмаған жағдайда оларды еркiн валюталық нарық деп атауға болады.

Валюталық бағамның қолданылу түрiне қарай:

  • бiр ғана режимдi;

  • қос режимдi.

Бiр ғана режимдi валюталық нарық – бұл еркiн валюталық бағамға негiзделген, яғни валюталардың өзгермелi бағамы биржадағы саудада белгiленедi. Қазақстан Республикасында теңгенiң арнайы валюталық бағамы фиксинг көмегiмен белгiленедi. Фиксинг (француз сөзiнде fixer, латында Fixus- белгiлi бiр жағжайда бекiту) – Қазақстанның қор биржасында жүзеге асырылатын және АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамын анықтауды бiлдiредi. Фиксинг бағамы- Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бiртұтыс бағамы болып табылады. Валюталық фиксинг аптасына екi рет болады. Фиксинг арқылы Рейтер (Reuter) агентiгiнiң кросс-бағамын есептеуде төмендегiдей формула пайдаланылады:

Шетел валютасының долларға қатысты бағамы

Кросс –бағам (теңге) = Теңгенiң долларға қатысты бағамы

Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргiзуге маманданбаған, өз клиенттерiне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкiн) валюта бойынша қызмет көрсететiн сол елдiң аумағында орналасқан банктердiң жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, iшкi ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргiзiлетiн операцияларды жатқызады. Жоғарыда келтiрiлген сипаттамаға қарап, Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады.

Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырусыларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды бiршама тиiмдi пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардаң валюталық бағамдар айырмасы түрiнде пайда алуын, валюталық тәуекелдердi сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеудi, валюталық саясатты жүргiзудi қамтамасыз ете отырып, iшкi және халықаралық төлем айналымына қызмет етедi.

Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргiзуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетiлген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негiз болып табылады.

Валюталық нарықтар-сұраныс пен ұсыныс негiзiнде ондағы айналатын валюталарға сауда-саттық жүргiзiлетiн ресми орталықты сипаттайды. Қазiргi валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөлiп қарауға болады:

  • шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негiзiнде

нарықтардың интернационалдануының күшеюi;

  • байланыстың жаңа жүйелерiн пайдалану;

  • әлемнiң барлық бөлiктерiне тәулiк iшiнде үздiксiз операцияларды жасау;

  • банктердiң корреспонденттiк шоттары бойынша жазбаша түрде

негiзделетiн валюталық операцияларды жүргiзу техникасын

бiртұтастандыру;

  • коммерциялық валюталық мәмiлелермен салыстырғанда алыпсатарлық

және арбитраждық валюталық мәмiлелер көлемiн ұлғайту.

Ұлттық валюта – теңгенi енгiзу күнiнде (1993 жылдың 15 қарашасында) республика қажеттi тұтынудың 60-65 % көлемiндегi өзiндiк алтын валюталық резервтерiмен қамтамасыз етiлген едi.

Қазақстан теңгесiнiң айналымға тускеннен кейiнгi бағымы Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта биржасындағы күнделiктi сауда – саттық кезiнде анықталып отырды.

Валюталық нарыққа ұлттық валютаны енгiзу сәтiнде оның айрбас бағамы АҚШ-тың 1долларына қатысты 4,68 теңгеге тең болды.Ұлттық банк теңгенiң жуйеге келтiрген валюталық айырбас бағамы саясатын жүргiзiп отыр, ол валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын сипаттайды.

Қазақстан «рубiльдiк аймақ» режимiн сақтап қалуға ұмтылған едi, өйткенi қалыптасқан экономикалық кеңiстiк пен шаруашылық байланыстарды қолдау қажет болды.

Бiрақ көптеген экономистер пiкiрi бойнша, бұл режим ең нашар ақшалық режимнiң бiрi болған едi. Қазақстан валютасы теңгенi енгiзуге дайындық процесi кезiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi шетелдер, соның iшiнде ТМД елдерi тәжiрибесiн мұқият зерттедi.Ұлттық валютаны енгiзудiң әр түрлi нұсқалары түбегейлi қарастырылды.

Әлемдiк тәжiрибеде валютаны енгiзудiң 3 түрлi нұсқасы бар:

  • аралық енгiзу;

  • параллелдi енгiзу;

  • тiкелей енгiзу.

Осы әдiстердiң үшiншi нұсқасы таңдалды.

Валюталық режимдi таңдау кезiнде мемлекеттiк комиссия Ұлттық банктiң интервенциясымен валюталық нарықты басқаратын жүзу режимiн белгiледi. Бұнымен қатар, бiртұтас валюта бағамы мен теңгенiң еркiн айырбасталуы қолданылды.Олар ағымдық шот бойынша операцияларды қамтыды және шетелдiк инвесторлардың пайдасын тiркедi.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өту мерзiмiн бiрнеше кезеңдерге бөлуге болады:

1-кезең. 1992-1994 ж.ж. Қазақстан Республикасы егемендi мемлекет болды. Меншiк пен нарықтық қатынастардың жаңа субъектiлерiн құрудың негiзi ретiнде мемлекетсiздендiру мен жекешелендiру бағамы қолға алынды. Аралық капиталы бар бiрлескен кәсiпорындар, шетелдiк инвесторлар үшiн жеңiлдiк жүйесi және қолайлы режимi бар еркiн кәсiпкерлiк аймақтар құрылды.

Елде нарықтық инфрақұрылым қалыптасты: коммерциялық банктердiң кең жүйесi құрылды, биржалық сауда зор қарқынмен дамыды. Бiрақ өнеркәсiптiк және тұтынушылық пайдаланудағы өнiмдердi шығарту төмендедi. Инфляция 45-50% жеттi.

Республика өзiнiң ұлттық валютасы – теңгенi енгiзуге мәжбур болды Айырбастаудың әлемдiк жүйесiнде қазақстандық ақша бiрлiгi өтiмдi емес (еркiн айналмайтын) валюта болып саналады. Банктiк ортада теңге жартылай айналымға түсетiн валюта бола алады, яғни бұл келiсiмдер банкаралық валютада жүргiзiлуi тиiс.

2-кезең: 1994-1995жж. Бұл кезеңде отандық заңды құқықтық база, соның iшiнде валюталық базасы қалыптасты. Екiншi кезеңде жекешелендiру процесiн аяқтау және шетелдiк акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң 80%-ке дейiнгi беру жоспарланды.

Валюта нарығының қалыптасуымен қатар, құнды қағаздар нарығы да құрылды.

Реформалау саясатының басым мақсаттарының бiрi- еркiн ауыстырылу (конвертация) проблемасы болды. Сондықтан валюталық нарықтың өтiмдiлiгiн қамтамасыз ету және теңгенiң iшкi өтiмдiлiгiне қол жеткiзу мақсатында барлық валюталық табысты елге қайтару шаралары жүргiзiлдi. 1993 жылдың желтоқсан айының соңында АҚШ долларына да, Ресей рублiне де қатысты теңге бағамы күрт төмендегенi атап өтiлдi. Қаңтар-ақпан айларында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi қатаң несиелiк саясат жургiздi, ол нақты айырбас бағамын салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде сақтауға мүмкiндiк бередi. Бiрақнаурыз айында номиналды айырбас бағамы төмендей бердi (осының әсерiнен несиелiк эмиссия күшейдi).

1994жылы Ұлттық валюта бағамының төмендеу қарқыны шамамен 11,6%-тi құрады (орташа айлық есептеу бойынша), ол 1995жылы 11,5%-ке тең болды. Осы жылдардағы валюта бағамының динамикасы оның төмендеу қабiлетiлiгiн көрсеттi,ол инфляция деңгейi мен экономиканың дағдарыстық жағдайына толық сәйкес келедi.

Теңге бағамы төмендеуiнiң соңғы кездегi тенденциялары халықтың теңгеге деген сенiмiнiң артқанын дәлелдейдi, ол мүмкiндiгiнше экономиканың доллардан арылуы процесiн жеделдетедi.

Теңге тұрақтылығын сақтау және төлем балансының тапшылығын қысқарту мақсатында сыртқы саудадағы экспорт ынталандырылды.

Осы шарамен бiрге бiр мезетте iшкi нарықты және отандыыыық өндiрушiлердi қорғау мақсатында жекелеген тауарлар импортына шектеулер енгiзiлдi.

Төлемдiк дағдарыстың әсерiнен отандық өндiрушiлер жаппай банкротқа ұшырады. Несиеге қойылған процент шектен тыс жоғары болғандықтан, көптеген кәсiпорындардың оларды алуға мүмкiндiктерi болмады.

1995жылдың екiншi жартысынан бастап , валюталық нарықтың биржадан тыс сегментi жедел дамыды.1996жылы оның көлемi валюта биржасындағы операциялардың көлемiнен асып кеттi.

3-кезең. 1996-1998 ж.ж. Әлеуметтiк- экономикалық жағдайға жүргiзiлген талдау көрсеткендей, ел экономикасының барлық салаларында реформалар процесiнiң әлi де жүргiзiлгендiгi анықталған. Республикадағы мұнай –газ кешенiнде ТМД-дегi ең iрi инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Шетелдiк инвесторлар үшiн салық салудың ұлттық режимi белгiленген, сонымен бiрге, осы қолайлы режимдi қамтамасыз ететiн бiрқатар заңдар қабылданды. Осы кезеңнiң мынадай ерекшелiктерiн атап өтуге болады.

  • Ұлттық валютаның тұрақтануы;

  • Болжамдалған инфляция мен жұмыссыздық;

  • Отандық банктiк жүйенiң құрылуы;

  • Шетелдiк банктердiң қызметi;

  • Қаржылық нарықтың, соның iшiнде бағалы қағаздар нарығының дамуы.

  1. Валюталық бағам.

Халықаралық экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютаны халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбастау процесі белгілі бір арақатынаспен жүргізіледі. Әр түрлі мемелекеттердің ақша өлшемдерінің арақатынасы, яғни басқа елдің (немесе халықаралық ақша өлшемінде) ақша өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша өлшемінің бағасы валюта бағамы деп аталады.

Валюта бағамы қайта есептеу коэффициенті емес, ол шетел валютасымен немесе халықаралық валюта өлшемдерімен (СДР, ЭКЮ) көрсетілген осы мемлекеттің ақша өлшемінің «бағасы». Валюта бағамы валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы күнбе-күнгі айналым процесінде валюталарды салыстыру барысында қалыптасады. Тауардың бағасы оның құны (шығыны) негізінде құралатыны сияқты, ақша өлшемінің бағасы оның сатып алу мүмкіндігінің негізінде қалыптасады.

Валюта бағамының қалыптасуы – көп факторлы процесс. Валютаға сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторлар мыналар:

  • инфляция қарқыны;

  • процент мөлшерінің деңгейі;

  • бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі;

  • төлем балансының жағдайы.

Бұл факторлар елдің экономикалық жағдайын білдіретін факторлар.

Сонымен қатар, валюта бағамына әр түрлі саяси, саудагерлік, психологиялық факторлар да әсер етуі мүмкін.

Әрбір мемлекет валюта бағамын реттеу әдістерінің әр түрін қолданады. Ол әдістердің негізгілері мыналар:

  • валюталық интервенция (орталық банктің ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алып-сатуы);

  • орталық банктің ашық нарықтағы операциялары (бағалы қағаздарды сатып алып-сатуы);

  • орталық банктің проценттік мөлшер деңгейін және/немесе міндетті резервтер нормасын өзгертуі.

Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын анықтауды валюталық котировка (баға белгілеу) деп атайды. Валюта нарығында валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар: тікелей және жанама. Тікелей котировка деп шетел валютасының бағамын ұлттық валютамен көрсетуді атайды. Ал жанама котировка деген ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының белгілі бір санының (мөлшері) көрсетуі. Жанама котировка әдісін Ұлыбритания, ал 1987 жылдан бастап бірен-саран АҚШ қолдануда.

Банкаралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ долларына қарап бағалау басымырақ, бұл доллардың халықаралық төлем және резервтік қүрал ретіндегі рөлімен түсіндіріледі. Банктер сауда-өнеркәсіптік клиенттеріне валюта бағамын белгілегенде әдетте кросс- курсты негіз етіп алады. Кросс-курс – ол екі валюта бағамдарының үшінші валютаға (әдетте АҚШ долларына) қатысты арақатынасы. Мысалы, егер швейцария банкісі швейцариялық франкінің ГФР маркасына қатысты бағамын анықтағысы келсе, онда оны марка мен франк бағамдарын долларға салыстырумен шығарып алады. Мысалы,

1,6790 ГФР маркасы = 1 АҚШ долл.

1,4940 швейц фр = 1 АҚШ долл., онда

1 ГФР маркасы = 164940 : 1,6790 = 0,8898 швейц. фр.

Банктер сатушы және сатып алушы бағамдарын белгілейді. Сатушы бағамы – ол банктің валютаны белгілеген бағаммен сатуға дайындығы, ал сатып алушы бағамы банктің валютаны сол бағамен сатып алуға дайын болуы. Тікелей котировка бойынша сатып алушы бағамынан сатушы бағамы әрдайым жоғары. Олардың арасындағы айырма банктің пайдасын құрайды.

Сондай-ақ ресми, банкаралық, биржалық валюта котировкалары болады. Ресми валюталық котировканы орталық банк жүргізеді. Ол есеп жүргізу мақсатында, кедендік төлемдерде, төлем балансын құрастырғанда қолданылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде валюталық операциялардың негізгі бөлігі биржадан тыс банкаралық валюта нарығында өтетіндіктен, бұл елдердің ішкі нарықтағы қолданатын негізгі бағамы банкаралық баға. Банкаралық котировканы ірі коммерциялық банктер белгілейді.

Валюта нарығына басқа қатысушылар банкаралық бағамға бейімделеді. Ол банк клиенттері үшін баға белгілеу негізі ретінде қолданылады. Биржалық бағам анықтама сипатында болады. Биржалық котировка валютаны сатып алу- сату үшін биржаға түскен арыздарды жүйелі түрде салыстыру негізінде құрастырылады.

Жалпы валюта бағамының өзгеруі ел экономикасына екі жақты әсер етеді. Ұлттық валюта бағамының төмендеуі, әдетте экспортшыға тиімді, себебі ол қымбаттаған шетел валютасымен (мысалы, доллармен) түскен түсімді арзандаған ұлттық валютаға (егер 1 долларға теңгенің бағамы 20 теңгеден 25 –ке дейін төмендесе, онда бір долларға келетін үстеме 5 теңгеге тең) айырбастаған кезде экспорттық сыйақы (үстеме) алады. Демек, экспортшылар бағасы орташа әлемдік бағадан төмен тауарларды алып кетуді кеңейту жолымен өзіне түсетін пайданы ұлғайту үшін ұмтылады.

Валюталық курс төмендегідей қажеттіліктерді өтейді:

  • Товар, қызмет саудасында, капитал және несие қозғалысында валютаны өзара айырбастаған экспорттаушы түскен штелдік валютаны ұлттық валютаға айырбастайды, себебі шетелдік валюта берілген ел территориясында заңды тұтыну және сатып алушы құрал ретінде қолданылмайды.

  • Импорттаушы ұлттық валютаны шетелдік валютаға, шетелде сатып алынған товарлар үшін төлеу үшін ауыстырады.

  • Сонымен бірге әлемдік және ұлттық рыноктардағы бағаларды, әртүрлі елдердің ұлттық және шетелдік валюталарында есептелген құнды көрсеткіштерін салыстыруға қажет.

  • Банктер мен фирмалардың шетелдік валютадағы счеттарын қайта бағалау үшін қажеттілік туады.

Сонымен, валюталық курс (бағам) – бір елдің ақша бірлігінің шетелдің ақша бірліктерінде немесе халықаралвық валюта бірліктерімен есептелген бағасы немесе валюталық курс дегеніміз, бұл бір мемлекеттің ақша бірлігі басқа мемлекеттің ақша бірліктерінде көрсетілген құңы. Валюталық курс экономикалық категория болып эконмикалық көрсеткіштер арасында өте маңыхзды орын алып жатыр. Мысалы: өндірістің көлемінің өсу қарқыны, сыртқы сауда көлемі, ақша айналымы және баға динамикасы, пайыздық қойылымдардың деңгейі және мемлекеттін және шетел мемлекттердің валюталық басқаруы.

Валюталық курстың бес жүйесі бар:

  • еркін жүзу,

  • басқарылатын жүзу,

  • тұрақты курс,

  • мақсатты аймақ,

  • валюталық курстардың аралас жүйесі.

Валюталық курсқа төмендегі факторлар әсер етеді.

  1. Инфляция қарқыны. Елдегі инфляция деңгейі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым валюта курсы төмен.

  2. Төлем балансы жағдайы. Активті төлем балансы ұлттық валюта курсының жоғарлауыына әсер етеді, себебі шетелдік борышкерлер тұрғысынан сұраныс көбейеді.Пассивті төлем балансы ұлттық валюта курсын төмендетеді. Себебі борышкерлер оларды өз қарызын өтеу үшін шетелдік валютаға айырбастайды.

  3. Валюталық рыноктарды қызмет және спекулятивтік валюталық операциялар. Егер қандайда бір валюта курссы төмендей бастаса, онда фирмалар мен банктер оларды анағұрлым тұрақты валютаға айырбастайды.Валюталық рыноктар саясат пен экономика әсеріне тз сезгіштік танытады. Сол арқылы олар валюталық спекуляция ммкіндіктерін кеңейтеді.

  4. Әртүрлі елдердегі проценттік ставкалар айырмагшылығы. Проценттік ставканың артуы елге капитал құйылуын, ал төмендеуі елден капитал кетуін ынталандырады. Осыған байланысты валюталы курс өзгереді.

  5. Валюталық саясат.

  6. Ұлттық және әлемдік рынокта валютаға сенімі.

Валюталық курстың қалыптасуны әсер ететін факторлар. Валюталық курсына болжам жасу әдістері болады. Бақылау мен болжаудың 3 әдісі бар.

1. Фундаменталды бақылау

2. Техникалық (компьютерлік) бақылау

3. Ықтималдық (вероятносный) бақылау

1. Фундаменталды бақылау - бұл жерде кең түрде макро экономикалық көрсеткіштер, саяси және психологиялық фаторларды есепке алады.

2. Техникалық (компьютерлік) бақылау- бұл әдіс бағаның уақытта жылжуының бақылау арқылы нарықтың жағдайын анықтау негізінде. Техникалық (компьютерлік) бақылауда уақытта құны өзгерген тауар немесе валюта көрсеткіштерін уақыттың белгілі кез кезінде графиктер арқылы бейнелейді.

1. Түзу факторлар: Валюталық курстың динмикасын немесе Х.А. экономикалық алмасу процессін анықтайды.

А. Екі мем/н ІҰӨ

Б. Төлем балансы

В. Пайыздық қойылым

2. Реттеуші факторлар- Түзу факторларларына әсер етеді сол себептен валюталық курстың өзгеруіне әкеледі.

А. Мем/к басқару факторлары

Б. Құрамды факторлары

В. Дағдарыстық факторлары

- экономиканың дағдарыстық көрсетілімдері

- саяси факторлары

- психологиялық факторлары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]