Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
200.06 Кб
Скачать

Қазақстан тарихы

1. Батыс Түрік қағанатының астанасы:

A) Суяб.

B) Фараб.

C) Баласағұн.

D) Тараз.

E) Битянь.

2. Бабаджа-қатын мен Айша-бибі кесенелері жақын орналасқан қала:

A) Сығанақ.

B) Тараз.

C) Отырар.

D) Испиджап.

E) Алмалық.

3. Моғолстанды билеген әулет:

A) Темір.

B) Шайбани.

C) Шағатай.

D) Орда Ежен ұрпақтары.

E) Жошы.

4. Үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағы:

A) Әбілқайыр хандығы

B) Алтын Орда

C) Ноғай Ордасы

D) Жетісу жері

E) Шығыс Түркістан

5. Ақ Орда ыдырап, орнына Әбілхайыр хандығы құрылды:

A) XVI ғ. басында

B) XIV ғ. ортасында

C) XV ғ. басында

D) XV ғ. аяғында

E) XV ғ. ортасында

6. Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдарды Хақназар ханды, оның туыстарын өлтірген жыл:

A) 1580 жылы

B) 1579 жылы

C) 1578 жылы

D) 1582 жылы

E) 1589 жылы

7. 1628-1652 жылдары Қазақ ханы болған Есім ханның баласы:

A) Тұрсын

B) Тәуке

C) Жәңгір

D) Шығай

E) Тәуекел

8. 1905 жылы 16-28 қарашада Семей қаласында өткен ереуіл:

A) Тұтқындар ереуілі.

B) Мұғалімдер ереуілі.

C) Жол-құрылыс қызметкерлерінің ереуілі.

D) Әскерилердің ереуілі.

E) Пошта-телеграф қызметкерлерінің ереуілі.

9. 1916-жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың ірі орталығы:

A) Семей.

B) Бөкей ордасы.

C) Орал.

D) Сырдария.

E) Жетісу.

10. Неолиттік Сексеуіл тұрағы орналасқан аймақ:

A) Батыс Қазақстан облысы

B) Солтүстік Қазақстан облысы

C) Ертіс өңірі

D) Қызылорда облысы

E) Қостанай облысы

11. Қостанай жеріндегі Алексеев қорымынан табылған адамның бет пішінін жасаған антрополог:

A) Қ.Көшербаев

B) Л.Гумилев

C) О.Смағұлов

D) М.Герасимов

E) З.Самашев

12. Орта ғасырларда Жібек өндіруді дамытып, Қытаймен бәсекеге түскен ел:

A) Соғды

B) Англия

C) Жапония

D) Иран

E) Үндістан

13. XV ғасырдың ІІ жартысында салынып, жартылай сақталған ескерткіш:

A) Білеулі ғимараты

B) Аяққамыр күмбезі

C) Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі

D) Арыстан баб кесенесі

E) Алаша хан кесенесі

14. 1856- 1857 ж.ж. Ж.Нұрмұхамедұлы басқарған көтерілістің ошағы болған аудан:

A) Жаңаќала.

B) Аќмешіт.

C) Шымкент.

D) Жаңаќорған.

E) Райым бекінісі.

15. Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап еткен:

A) Ш.Уәлиханов

B) Ф.К.Гейнс

C) Мұса Шорманұлы

D) И.И.Бутков

E) Ы.Алтынсарин

16. XIX ғасырдың екінші жартысында Жоңғария мен Шығыс Түркістан Цин империясының жаңадан құрылған провинциясы:

A) Қашқар

B) Жаркент

C) Құлжа

D) Шыңжаң

E) Тибет

17. Орынбор өлкесі қазақтарының өмірін сипаттайтын В.Н.Дальдың шығармасы:

A) «Сұраншы батыр»

B) «Фархад пен Шырын»

C) «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу»

D) «Қалқаман – Мамыр»

E) «Бикей мен Мәулен»

18. Олжас Сүлейменовтың «АЗ и Я» тарихи-лингвистикалық талдау кітабы жарық көрді:

A) 1975 ж.

B) 1980 ж.

C) 1960 ж.

D) 1990 ж.

E) 1970 ж.

19. Желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға қарсы коммунистік әкімшіліктің ұйғаруымен жасалған құпия жедел жоспар:

A) «Бұрқасын-86»

B) «Қайта құру-86»

C) «Желтоқсан-86»

D) «Қарлы қыс-86»

E) «Бұршақ-86»

20. Әбілқайыр ханнан кейін Кіші жүздің солтүстік-батыс өңіріне хан болды

A) Нұралы.

B) Батыр.

C) Ералы.

D) Барақ.

E) Айшуақ.

21. 1859 жылы Ұлы жүз бен Қырғыз елінің солтүстік шекарасына тұрғызылған бекініс:

A) Лепсі

B) Іле

C) Қоқан

D) Кәстек

E) Торғай

22. Қазақ АКСР-н құру туралы декрет шықты:

A) 1920 жылы 20-тамыз.

B) 1921 жылы 28-сәуір.

C) 1920 жылы 10-желтоқсан.

D) 1920 жылы 5-ақпан.

E) 1919 жылы 21-наурыз.

23. 1927 жылдан бастап мыс өндіре бастаған комбинат

A) Қарсақбай комбинаты

B) Балқаш мыс комбинаты

C) Саяқ мыс комбинаты

D) Жезқазған мыс комбинаты

E) Жезді комбинаты

24. Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді:

A) 1942 ж.

B) 1943 ж.

C) 1939 ж.

D) 1941 ж.

E) 1945 ж.

25. Қазақстандағы ұлт зиялыларын қудалаудың жаңа толқынына жол ашқан БК(б)П Орталық Комитетінің 1946 жылғы қаулысы

A) «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндайық».

B) «Москва», «Ленинград» журналдары туралы.

C) «Әдебиет майданы» және «Социалистік Қазақстан» басылымдары туралы.

D) «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы.

E) «Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел қателіктер туралы».

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ