
- •«Банк ісі» пәнінен курстық жұмыс тақырыптары
- •III. Әдебиеттер мен нақты мәліметтерді жинақтау
- •Курс жұмысының мазмұнын жазудың тәртібі
- •V. Курс жұмысын дайындауға және оны қорғауға қойылатын талаптар
- •Қолданылатын әдебиеттер:
- •Қазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң нормативтiк актiлерi мен инструкциялары.
- •Оқулықтар және оқу құралдары ғылыми басылымдар.
V. Курс жұмысын дайындауға және оны қорғауға қойылатын талаптар
Курс жұмысын стандартты қағаздың бір жағына әрбір жолдың аралығын бір интервалдан, мұқият анық жазу керек. Тек таблица, диаграмма, график және т.б. әртүсті сиямен жазуға, сызуға рұхсат етіледі. Әрбір беттің сол жағында –20 мм, оң жағында –10 мм, жоғары жағында – 10 мм, төменгі жағында – 15 мм ашық жер қалдырылады.
Жұмыстың көлемі 28-30 бет. Жұмыстың алғы бетін (титулын) толтыру қосымшада келтірілген үлгіде жүргізіледі, оған реттік сан көрсетілмейді. Бірақ ол жұмыстың жалпы бет санына есептеледі, әрбір бетті арап сандарымен беттің жоғары оң жағында белгілейді. Жұмыстың барлық сөздері қысқартылмай толық жазылады.
Алғы беттен (титулдан) кейінгі келесі бетте жұмыс жоспары көрсетіледі. Одан келесі беттерде текст жазылады. Әрбір сұрақтың мазмұны жаңа беттен бас әріптермен басталады.
Курс жұмысының соңында қолданылған әдебиеттер мына ретпен (6 бетте жазылған тәртіппен) көрсетіледі:
· ресми құжаттар:
а) заңдар және ҚР Президентінің Заң күші бар Жарлықтары;
ә) үкіметтің қаулылары мен шешімдері;
б) нормативті құжаттар мен ережелер;
· алфавит бойынша монографиялар, ғылыми жинақтар, журнал-газет
мақалалары.
Журнал мақалаларын тіркегенде автордың фамилиясы, аты-жөні, мақала мен журналдың аты, шыққан жылы, аты және беті көрсетіледі.
Курс жұмысының соңына студент өз қолын қойып, жұмыс жазылып біткен күнін, айын, жылын көрсетеді.
Қолданылатын әдебиеттер:
«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгiзу туралы» ҚР Президентiнiң 1993 жылдың 12 қарашасындағы жарлығы.
«Қазақстан Республикасының ақша жүйесi туралы» 1993 жылды 13 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының заңы.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы» ҚР Президентiнiң заң күшi бар 1995 ж. 30 наурыздағы жарлығы.
«Банк және банк қызметi туралы заң» ҚР Президентiнiң заң күшi бар 1995 ж. 1 тамыздағы жарлығы.
«ҚР халық банкi туралы» 1995 жылғы 1 шiлдесiндегi ҚР Президентiнiң жарлығы.
«Қымбат бағалы тастар және қымбат бағалы металдар мен байланысты болған қатынастарды мемлекеттiк реттеу туралы» 1995 жылдың 20 шiлдесiндегi ҚР президентiнiң жарлығы.
«Валюталық реттеу туралы» 1996 жылдың 14 көкегiндегi ҚР заңы.
Құнды қағаздар нарығы туралы» 1997 жылғы 5 наурыздағы ҚР заңы. Егемендi қазақстан 11 наурыз 1997 ж.
«Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлары туралы» 1997 ж. 6 наурыздағы ҚР заңы. Егемендi Қазақстан 1997 ж. 12 наурыз.
Қазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң нормативтiк актiлерi мен инструкциялары.
ҚР Экономикасын қысқа мерзiмдi несиелеу тәртiбi. Ұлттық банк басқармасымен 1994 ж. 11 ақпанда бекiтiлдi.
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргiзу тәртiбi. Ұлттық банк басқармасымен 1994 ж. 24 қарашада бекiтiлдi.
Экономикалық нормативтер туралы жағдай және оларды ҚР банктерiнiң қолдануы. 1995 ж. 31 наурыз.
Қосымша пайдалану әдебиеттерi ретiнде мына төмендегi ұлттық банк басылымдарын ұсынамыз.
А) Ұлттық банктiң арнайы басылымы, айына 2 рет шығарылады, қаржы нарығы мен банк жүйесiнiң жағдайы туралы мәлiметтердi қамтиды және сонымен бiрге, ұлттық банктiң Директорлар кеңесi мен басқармасының шешiмдерiн, банктердiң қызметтерiн реттейтiн жеке нормативтiк құжаттарды жариялайды.
Б) Статистикалық бюллетень – ҚР банктерiнiң қызмет етуiндегi және ақша-несие қатынастары туралы статистикалық информацияларды қамтиды. Әр ай сайын орыс және ағылшын тiлдерiнде шығарылады.
В) Экономикалық шолу - әрбiр тоқсанда шығарылатын арнайы аналитикалық басылым. Ақша-несие, есеп айырысу және валюта саясатын жүргiзудiң тиiмдiлiгiне талдау жасау бойынша мәлiметтер бередi.