Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсты__.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
73.22 Кб
Скачать

Курс жұмысын жазудың мақсаты және оған қойылатын талаптар

Курс жұмысын жазудың мақсаты – жалпы теориялық пәндерді оқу барысында алған білімді тиянақтап, кейбір күрделі экономикалық мәселелерді тереңірек түсіну. Оқу жоспары бойынша кафедра мәжілісінде курс жұмысының тақырыптамасы бекітіліп, студенттер оқу бағдарламасына сәйкес V-ші оқу семестрінде «Банк ісі» пәнінен курс жұмысын орындайды.

Курс жұмысын ойдағыдай орындау студенттің алдына қойған талаптарын жете түсінуіне байланысты. Ол талаптар жұмыстың теориялық деңгейіне, оның мазмұнына, құрылымына, көлеміне және жинақтаған мәліметтерді қортындылап жазу сипатына, сонымен бірге, жазып бітірген жұмысты безендіріп қорғауға дайындауға байланысты.

Курс жұмысының міндеті:

· студентті ғылыми, оқу және анықтама әдебиеттерін пайдалануға үйрету;

· басқа пәндерді оқығанда алған білімін қорытындылап, өз курс жұмысына

пайдалана білу ;

· студенттің талдағыш ойын және шығармашылық қабілетін өрістету;

· жазылған жұмысты қысқаша қортындылап, ауызша баяндау әдістерін

меңгеру.

Осы мақсаттарға жету үшін студент курс жұмысында таңдаған тақырыптың мазмұнын терең анықтап, сол бойынша жазылған алыс, жақын шетел және Қазақстан ғалымдарының ғылыми әдебиеттері мен еңбектерін, сонымен қатар ресми құжаттарды оқып, түсініп, оларды пайдаланғаны жөн.

Бұл пән экономикалық ғылымның арнаулы бөлігі. Ол банктердің атқаратын қызметтеріне байланысты туындайтын өндірістік қатынастырдың ерекше жүйесін зерттейді. Сондықтан экономиканың нарықтық қатынастарға өту кезеңінде банк жүйелері де дамып жетілуде. Бұл- экономикалық категорияларды қолдану ортасын жан-жақты зерттеп және оның нәтижесін практикалық жұмыста пайдалану - қоғамның экономикалық даму заңдарын түсіне білу деген. Демек, курс жұмысына ойдағыдай жазу үшін оқыған ғылыми әдебиеттер мен жинақтаған нақты мәліметтерді дұрыс қорытынды жасай білуді талап етеді. Сондықтан курс жұмысына қойылатын басты талаптардың бірі – тақырыптың сұрақтарын ғылыми тұрғыдан терең, әрі теориялық мәселелерді практикамен ұштастырып баяндау. Нақты мәліметтерді терең талдап, оларды мұқият таңдап алу шарт. Ол үшін статистикалық жинақтарды, кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың және фирмалар мен банктердің сандық мәліметтерін пайдалану керек.

Курс жұмысының тақырыбын дұрыс таңдап, оның мән-мағынасын жете түсіну, мазмұнын кеңінен ашу, сөйтіп оны диплом жұмысына ұластыру сатысында ой толғай білу –келешекте ғылыми зерттеу ісіне үйренудің маңызда алғы шарт.

«Банк ісі» пәнінен курстық жұмыс тақырыптары

  1. Қазақстан Республикасындағы банктер қызметін ұйымдастыру.

  2. Қазақстанның банктік жүйесі, оның құрылымы мен дамуы.

  3. Банктің меншікті капиталы және оның функциялары.

  4. Банктің акционерлік капиталын қалыптастыру.

  5. Заемдық қаржыларды тарту бойынша банктердің операциялары.

  6. Банкарылық несиелік нарық.

  7. Банктің пассивтерін басқару.

  8. Банк капиталының жеткіліктілігі және бағалау.

  9. Банктің проценттік саясаты.

  10. Коммерциялық банк активтері және олардың құрылымы.

  11. Коммерциялық банк активтерін басқару.

  12. Банк өтімділігін басқару.

  13. Банктік тәуекелді сақтандыру.

  14. Банктік несиелеудің объектілері мен субъектілері.

  15. Банктің депозиттік операциялары.

  16. Несиелеу қағидалары және несиенің қамсыздандыруын тексеру тәртібі.

  17. Банктік несиелеу жүйесі және оның негізгі элементтері.

  18. Әлеуетті қарыз алушылар және оларға талдауы.

  19. Несиелік тәекелді басқару.

  20. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.

  21. Қаржылық коэффициенттер және оларды есептеу.

  22. Несиелік қабілетті талдаудың ақпараттық негізін қалыптастыру.

  23. Банк қызметтерінің нарығы және оны сегменттеу.

  24. Банктік несиені материялдық қамсыздандыру.

  25. Несиелік талдау және несиелеу кезеңдері.

  26. Несиелік келісім шарт және оның мәні .

  27. Шағын және орта бизнесті несиелеу.

  28. Коммерциялық несие және банктіңвексельдерімен операциялары.

  29. Қазақстан Республикасындағы ломбартдық несиелеу.

  30. Ипотекалық несиелеу және оның Қазақстандағы дамуы.

  31. Банктің лизингтік операциялары.

  32. Банктің факторингтік операциялары.

  33. Банктің траст операциялары.

  34. Банктің несиелік портфелі және оны басқару.

  35. Тұтыну несиесі, түрлері және даму перспективасы.

  36. Халықаралық несие: нысандары және түрлері.

  37. Банктік қызметтер және олардың Қазақстанда дамуы.

  38. Қазақстан валюта нарығындағы банкаралық есеп айырысулар.

  39. Проценттік тәуекелді басқару.

  40. Банкаралық несие нарығы және оның дамуы.

  41. Қазақстандағы депозиттік нарық: қалыптасуы мен дамуы.

  42. Экспорттық және импорттық операцияларды несиелеу.

  43. Қазақстан Республикасында тұтыну несиенің дамуы.

  44. Валюталық ретте: формалары мен түрлері.

  45. Банктік менеджмент және оның ерекшеліктері.

  46. Банктік тәуекелді басқару.

  47. Шағын және орта бизнесті несиелеу ерекшеліктері.

  48. Банк қызметтерін пруденциалдық реттеу.

  49. Проблемалы несиелер және олармен жұмыс жүргізу.

  50. Жаңа банктік өнімдер мен қызметтер.

  51. Банктің валюталық операциялары.

  52. Банктік маркетинг және оның ерекшеліктері.

  53. Өтімділік тәекелі және оларға ықпал ететін факторлар.

  54. Валюталық тәекелдер.

  55. Банктішу мен таратуды реттеу және оның құқықтық нормативтік нігіздері.

  56. Банк активтерінің сапасы және оның құрылымы.

  57. Ақша базасын моетарлық реттеу.

  58. ҚР Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері және олардың мәні.

  59. Банктік проценттің мөлшерлерін қалыптастыру және оның мәні.

  60. Орталық банктердің валюталық интервенциялары.

  61. Банк пайдасы және рентабельділігі.

III. Әдебиеттер мен нақты мәліметтерді жинақтау

Жұмыс жазуға керекті әдебиеттер мен нақты мәліметтерді студент өзі іздеп, жинақтап алады. Бастапқыда тақырыпқа байланысты қабылданған ресми шешімдер мен заң күші бар жарлықтарды, одан соң ғылыми еңбектер, әдебиеттер мен ақпарат құралдарында жарияланған нақты мәліметтерді оқыған дұрыс.

Ол үшін Академия кітапханасындағы каталогтармен танысып, мәлімет, ақпараттарды басылып шыққан уақытына көңіл бөлген жөн. Әдетте экономикалық категориялар өндірістік қатынастардың өзгерістерін айқындайды. Сондықтан бірінші кезекте соңғы уақытта жарық көрген деректерді таңдап пайдаланған жөн. Таңдап алған әдебиеттер мен мәліметтерді дәптерге немесе карточкаларға жазып, курс жұмысының жоспарына сай топтастырып, алфавит бойынша тізім жасаған дұрыс. Тізім төмендегі үлгімен жазылады:

· автордың фамилиясы және аты-жөні (егер бір автордың басшылығымен

шықса, онда кітаптың аты);

· кітаптың алғы бетіндегі дәл атауы;

· томы, басылған жері, жылы және неше бет.

Мысалы: Банк ісі. Оқулық. ( Проф. Сейткасимов Г.С., Алматы, Экономика, 2004, 364 б.).

Журналға, газетке шыққан мақалаларды тізу бірсыпыра басқаша:

· автордың фамилиясы және аты-жөні;

· мақаланың аты;

· журналдың немесе газеттің аты, оның шыққан жылы және саны, ал газеттің шыққан айы және жұлдызы. Мысалы: Қуанышқызы Ә., Банктер мінсіз қызмет етеді деуге әлі ерте. – Сұхбат, 1996, № 9, 27 ақпан – 4 наурыз.

Керекті әдебиеттерді жинақтап алған соң ғана оларды зерттеп білуге кірісу керек. Зерттеудің нәтижелі болуына қаралатын мәселе бойынша алдын ала оқулықтың тиісті бөлімін оқыған зор әсер етеді. Сонымен бірге зерттелетін тақырыпқа байланысты әдейі жазылған оқулықтар, ғылыми жинақтармен де танысқан дұрыс.

Қоғамдағы болып жатқан экономикалық құбылыстар туралы тек жан-жақты зерттеліп, талданған нақты мәліметтер ғана ғылыми негізделген және дұрыс қорытынды беруі ақиқат. Сондықтан сол ақиқат ақпараттарды талдау арқылы ғана теориямен практиканың байланысын айқындауға мүмкіндік туады. Бұрыннан белгілі, теория практикаға жол ашса, ал практика теория дұрыстығының шешуші белгісі. Демек, экономикалық құбылыстарды айғақтайтын нақты және статистикалық мәліметтерді жинақтауға аса мұқият көңіл бөлген жөн.

Нақты мәліметтердің негізгі көзі - Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Ұлттық Агентігінің жыл сайын шығаратын сандық жинағы. Сонымен қатар, ақша, несие, банктер туралы кей кездерде брошюра, журналдар мен газеттер, көп мағлұматтарды негізінен Ұлттық Банктің ресми басылымдарды жариялайды. Олар:

а) Ұлттық банктің арнайы басылымы, айына 2 рет шығарылады. Қаржы нарығы мен банк жүйесінің жағдайы туралы мәліметтерді қамтиды және сонымен бірге, Ұлттық банктің Директорлар кеңесі мен басқармасының шешімдерін, банктердің қызметтерін реттейтін және нормативтік құжаттарды жариялайды.

ә) Статистикалық бюллетень – ҚР -дағы банктердің қызметі және ақша-несие қатынастары туралы статистикалық хабарламаларды қамтиды. Әр ай сайын орыс және ағылшын тілдерінде шығарылады.

б) Экономикалық шолу - әрбір тоқсанда шығарылатын арнайы аналитикалық басылым. Ақша – несие, есеп айырысу және валюта саясатын жүргізудің тиімділігін талдау бойынша мәліметтер береді.

Курс жұмысын жазуға ұлттық экономиканы сипаттайтын көрсеткіштермен қатар жергілікті мәліметтерді де кеңінен қолдануға болады. Мысалы: «Банктердегі кассалық айналымды болжау – ақша айналысын реттеу әдісі», «Ақша айналысы және оның дамуы», «Нарықтық экономика жағдайындағы банктердің актив және пассив операцияларының дамуы» және т.с.с. тақырыптар бойынша жергілікті жерлердегі, облыстардағы банктердің қызметін көрсететін нақты ақпарларды пайдаланған дұрыс. Көп жағдайда, белгілі-бір қаланың, облыстың көрсеткіштерін баяндайтын жергілікті ақпарат құралдарын пайдалану ұтымды.