
- •Курстық жұмыс
- •Алматы 2013 жоспары:
- •Жоспар:
- •Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары
- •Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
- •Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері
- •Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер:
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары
Коммерциялык емес ұйымдар мен мекемелердің шығыстарықағидада, жарғыда немесе өзге бекітілген құжатта қарастырылған олардың функциялық қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының біріне тиістілігіне (қатыстылығына), сондай-ақ бұл қызметті жүргізуде пайдаланылатын әдіске қарай анықталады.
Шаруашылық есеп пен өзін-өзі өтеу негіздерінде жұмыс істейтін ұйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерін есепке алып жоспарлайды және оларды кәдулгі қаржы жоспарының немесе бизнес-жоспардың көрсеткіштерінде ресімдейді (4 тарауды қараңыз). Бұл жағдайда өндіріс пен қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындардың тізбесі материалдық өндіріс сферасында жинақталатынға ұқсас болып келеді, бірақ құрылымында материалдық шығындардың үлес салмағы едәуір аз болып, еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдарға (әлеуметтік салықты қоса) жұмсалатын шығындар басымырақ болады. Басқа кұрылымдық ауытқулар болуы мүмкін, мысалы қымбат тұратын жабдық пен приборларды пайдаланатын ғылыми мекемелерде амортизациялық аударымдардың үлесі үлкен болады.
Коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдар мен мекемелер өздерінің қаржы жоспарларын өздері жасайды. Мұның үстіне тек бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыланатын мемлекеттік мекемелер шығындардың дара жоспарларын жасайды, онда мекеме қызметінің сипатты көрсеткіштері және қаражаттарды сыныптаманың бөлімшелері бойынша бөлу бейнелеп көрсеті-леді, ал өздерінің қажеттіктерін бюджеттік қаражаттармен ғана емес, каржылық ресурстардың басқа түрлерімен қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер шығындар мен табыстардың дара жоспарларын жасайды.
Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржы жоспарларынан қаржыландырудың дара жоспарының басты айырмашылығы сол, дара жоспарда шығындар анағұрлым егжей-тегжейлі негізделсе, кірістер тек әр түрлі көздер тұрғысынан бейнеленеді.
Жекелеген мекемелер мен ұйымдар бойынша өтпелі кезеңнің жоспарлы қаржылық құжат ретінде олардың бюджеттік емес көздері бола тұрса да шығындардың дара жоспары пайдаланыла беруі мүмкін: бұл жағдайда көрсетілген ақылы қызметтер шығындардың дара жоспарында бюджеттен тыс қаражаттар ретінде бейнеленуі, не арнайы қаражаттардың ерекше дара жоспары бойынша жоспарлануы мүмкін.
Экономикалық жіктеме бойынша қаржыландырудың дара жоспарларында шығындар әдетте санатқа, сыныпқа, ішкі сыныпқа, өзгешелікке топтастырылады.
«Ағымдағы шығыстар» санаты мына сыныптарды кіріктіреді:
Ішкі сыныптардың құрамында тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстар:
өзгешеліктері бар жалақы: негізгі жалақы, қосымша ақшалай төлемдер, өтемақы төлемдері, жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін міндетті зей-нетақы жарналары;
жұмыс берушілердің жарналары, өзгешеліктері:әлеуметтік салық, автокөлік құралдары иелерінің құқықтық-азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлерін мемлекеттік емес міндетті сақтандыруға төленетін жарналар; әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары жұмыскерлерінің жеке басын міндетті сақтандыруға төленетін жарналар, сонымен бірге мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік сақтандыру;
тауарларды сатып алу, өзгешеліктері: тамақ өнімдерін сатып алу; дәрілік заттар мен медициналық арналымның өзге құралдарын сатып алу; ағымдағы шаруашылық мақсаттарына арналған заттар мен материалдарды сатып алу; жұмсақ жабдық пен дүние-мүлікті сатып алу; айрықша жабдық пен материалдарды сатып алу; ел ішінде іссапарлар мен қызмет бабындағы жүріп-тұрулар; елден тыс жерлердегі іссапарлар мен қызмет бабындағы жүріп-тұрулар; үй-жай мен жер үшін жалгерлік ақы; тауарларды сатып алуға көрсетілетін өзге қызметтер;
қызметтерді сатып алу, өзгешеліктері: байланыс қызметіне ақы төлеу; коммуналдық қызметтерге ақы төлеу;
көлік қызметтеріне ақы төлеу; электр қуаты үшін ақы төлеу; жылу үшін ақы төлеу; үймереттерге қызмет қөрсету бойынша ақы төлеу; Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметтерін көрсету үшін қызмет бабындағы жеңіл автомобилдерді пайдалану; басқадай қызметтер;
басқа ағымдағы шығыстар, өзгешеліктері: жабдық пен құрал-саймандарды ұстау; үймереттерді, үй-жайлар мен ғимараттарды ұстау және ағымдағы жөндеу; сот шешімін атқару; ерекше шығыстар; кредиторлық берешекті өтеу; басқадай ағымдағы шығыстар;
мемлекеттік тапсырыс шегінде көрсетілетін қызметтер, ерекшеліктері: заңи тұлғаларға көрсетілетін қызметтер; қаржы мекемелеріне көрсетілетін қыз-меттер; жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер;
Ішкі сыныптар мен біраттас өзгешеліктер құрамындағы «сыйақылар (мүдделер) төлеу» сыныбы:
ішкі қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу; сыртқы қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу.
Ішкі сыныптардың құрамындағы «субсидиялар* және басқа ағымдагы трансферттік төлемдер» сыныбы:
субсидиялар (біраттас өзгешелігімен);
өзгешеліктері бар жеке тұлғаларға берілетін ағымдағы трансферттер: міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға беру; зейнетақылар, стипендиялар, бас-қадай ағымдағы трансферттер;
өзгешеліктері бар мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы трансферттер: субвенциялар**; мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін басқадай ағымдағы трансферттер; жоғарғы деңгейге берілетін басқадай ағымдағы трансферттер;
өзгешелігі бар шет жаққа берілетін ағымдағы трансферттер – шет жақтағы ұйымдарға берілетін ағымдағы трансферттер; өзгешелігі бар басқадай ағымдағы трансферттер – әр түрлі басқадай ағымдағы трансферттер.
«Күрделі шығыстар»санатыжалғыз ғана сыныпты – ішкі сыныптардың құрамындағы негізгі капиталды сатып алуды кіріктіреді: өзгешеліктері бар негізгі капиталды сатып алу: негізгі құрал-жабдықты сатып алу; үймереттер мен ғимараттарды сатып алу; басқадай активтерді сатып алу;
негізгі капиталды жасау, соның ішінде өзгешеліктері: үймереттер мен ғи-мараттарды, жолдарды салу, басқадай күрделі активтерді жасау;
өзгешеліктері бар күрделі жөндеу: ғимараттарды, үймереттерді және негізгі жабдықты күрделі жөндеу, жолдарды күрделі жөндеу, басқадай күрделі жөндеу;
өзгешелігі бар босалқы қорлар жасау үшін тауарлар сатып алу: мемлекет-тік босалқы қорларды жасау үшін тауарларды сатып алу;
өзгешеліктері бар жерді және материалдық емес босалқы қорларды сатып алу жерді сатып алу; материалдық емес активтерді сатып алу;
ел ішіндегі күрделі трансферттер, соның ішінде (өзгешелігі): мемлекеттік кәсіпорындарға берілетін трансферттер; қаржы мекемелеріне берілетін күрделі трансферттер; мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін күрделі трансферттер; басқадай күрделі трансфеттер;
шет жаққа берілетін күрделі трансфеттер, соның ішінде өзгешеліктері бар: халықаралық ұйымдарға берілетін күрделі трансферттер; шет жаққа бері-летін басқадай күрделі трансферттер.
«Кредит беру, үлестік қатысу»санатымына сыныптарды кіріктіреді:
өзгешелігі бар ішкі несиелендіру: мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлерін несиелендіру; мемлекеттік кәсіпорындарды несиелендіру; қаржы мекемелерін несиелендіру, жеке тұлғаларды несиелендіру; басқадай ішкі несиелендіру;
өзгешелігі бар сыртқы несиелендіру: әр түрлі сыртқы несиелендіру;
өзгешеліктері бар шетелдік акционерлік капиталға үлестік қатысу: халы-қаралық ұйымдардың акцияларын сатып алу; басқадай халықаралық ұйымдардың акцияларын сатып алу;
өзгешеліктері бар ішкі акционерлік капиталға үлестік қатысу:
мемлекеттік емес мекемелердің акцияларын сатып алу; қаржы мекемелері-нің акцияларын сатып алу; басқадай мекемелердің акцияларын сатып алу.
«Қаржыландыру» санатымына ішкі сыныпты кіріктіреді:
өзгешеліктері бар ішкі борышты өтеу: мемлекеттік басқарудың басқа дең-гейлеріне қарыз борышты өтеу, ішкі рынокқа орналастырылған мемлекеттік ба-ғалы қағаздар бойынша борышты өтеу, басқадай ішкі борышты өтеу;
бір аттас өзгешелігі бар сыртқы борышты өтеу ішкі сыныбы.
Коммерциялық емес қызметтің жеке бағыттары мен түрлері үшін өзіндік сипаты бар шығындарды құрайтындардың басым болып келуі оған тән қасиет. Мысалы, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында, әсіресе үй шаруашылықтарына берілетін трансферттердің өзіндік салмағы жоғары. Бұған балалары бар отбасына берілетін жәрдемақылар, тұрмыс кұнының қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға өтемақылар, соғыс ардагерлеріне, экологиялық апаттардың нәтижесінде азап шеккен азаматтарға берілетін әр түрлі өтемақылар және т.б. жатады.
Денсаулық сақтаудың емдеу мекемелерінде сипатты шығыс-тар дәрілік заттар мен таңу құралдарына, тағамдық азықтарға, жұмсақ жабдыққа жұмсалатын шығыстар болып табылады.
Қорғаныс жүйесінде әскери арналымдағы тауарлар мен әскери техниканы сатып алуға, азық-түлікпен қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің ақшалай жабдықталымын төлеуге жұмсалатын шығындар маңызды орын алады.
Кәсіподақ, партия, қоғамдық қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар шығыстарының құрамында съездерге, конференцияларға, митингіге дайындалу және оларды өткізуге, үгіт-насихат жұмысын жүргізуге жұмсалатын шығыстар сипатты шығыстар болып табылады. Ардагерлердің қоғамдық ұйымдарында олардың қатысушыларына материалдық қызмет көрсету шығыстары басым болады.
Мәдени-ағартушылық мекемелерде (кітапханаларда, мұражайларда, тұрақты көрмелерде) едәуір қаражаттар кітап қорларын, экспонаттарды, коллекцияларды толықтыруға жұмсалады.
«Күрделі шығыстар» санаттарына жұмсалатын шығыстар күрделі кұрылыс, негізгі өндірістік емес қорларды жасау мен молайтуды жүргізетін, сондай-ақ оларды күрделі жөндеу туралы жұмыс қабілеттілігінде ұстауды жүзеге асыратын қызметтің коммерциялық емес түрлерінің барлық ұйымдары мен мекемелері үшін сипатты болады. Бұл санат бойынша сондай-ақ материалдық активтерге, жерге құкықты сатып алуға жұмсалатын шығыс-тар, қаржы мекемелерінің жарғылық қорына төленетін жарналар тіркеледі.
«Кредит беру, үлестік қатысу» санаты бойынша шығыстар басқа экономикалық бірліктерді несиелендіруді, олардың айналысқа шығарылған бағалы қағаздарын сатып алуды, мемлекеттік кәсіпорындарға, қаржы мекемелеріне, жекеше кәсіпорындарға түрлі кредиттер беруді жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелер үшін қарастырылады.
«Қаржыландыру» санаты бойынша шығыстарды ішкі және сыртқы берешектерді өтейтін ұйымдар мен мекемелер, негізінен мемлекеттік және үкіметтік құрылымдар жүзеге асырады.
Өндірістік емес сфера салаларына бағытталған қаражаттардың көлемі олардың қызметінің нәтижелеріне қоғамның қажеттіліктерімен, сондай-ақ өндірілген ұлттық табыспен анықталады. Алайда қазіргі кезде ол көбінесе мемлекеттік бюджеттің ахуалына, жүргізіліп отырған қаржылық саясатқа байланысты болып отыр.
Әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландырудың ондаған жылдар бойы үстем болған «қалдық қағидаты» өзінің шамасыз-дығын әлдеқашан дәлелдегеніне қарамастан әлі де орын алуда. Сонымен бірге өндірістік емес салалардың материалдық өндіріс-ке ұдайы өндірісті жұмыс күшімен қамтамасыз ете отырып, бел-сенді ықпал жасап отыратынын ұмытуға болмайды.
Бюджеттен қаржыландыру үшін ең жоғары тиімділікті (олардың сапасы, ассортименті, орындау уақыты, қабылдауға болатын құн және т.б.) қамтамасыз ететін мекеменің немесе ұйымның қызметтер көрсету бағдарламасы таңдап алынғанда бюджеттік ұйымдар деп аталынатындарды қаржыландыру олардың қызметтерін беру бағдарламаларын конкурстық іріктеу негізінде ұйым-дастырылуы тиіс екенін ескеру қажет. Оңтайлылықтың бұл қағидаты рыноктық орта жағдайларында кез келген құрылымның іс-қимынының нәтижелігіне қарай шекті пайдалылық теориясы-ның «шекті шығындар-пайда» талаптарына сай келеді.
Сметалық қаржыландыру— меншiктi табыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердiң шығыстарын жабу үшiн мемлекеттiк бюджеттен ақша қаражаттарын беру. Өндiрiстiк емес мекемелердi үстауға жұмсалатын бюджеттен қаржы бөлудiң көлемi, мақсатты 6ағыты және оны бөлу шығыстардың сметасымен анықталады. Сметалық тәртiппен бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерi, мемлекеттік билiктiң, мемлекеттiк басқару мен қорғаныстың органдары, ғылыми, шығармашылық, мәдениет мекемелерiнiң бiр бөлiгi қаржыландырылады. Бiрқатар мекемелердi сметалық қаржыландыру кезiнде шығындарды қамтамасыз етудiң қосымша көздерi пайдаланылуы, қызметтердi тұтынушылардың жарналары мен төлемдерi бағытталуы мүмкiн. Ақша қаражаттары бюджеттен қаржы бөлуге сәйкес берiледi және мекеменiң қаржы жоспарында - шығыстардың сметасында қамтып көрсетiледi, негiзгi капиталдарды, материалдық босалқы қорларды сатып алуға, қызметтердi төлеуге, жалақы беруге, басқа шаруашылық мұқтаждарға жұмсалынады. Мекемде шаруашылық немесе коммерциялық қызметтен алынатын табыстар болса, олар дербес кiрiс-шығыс сметасын жоспарланады және айрықша тәртiппен пайдаланады.
Сметалық қаржыландыру бюджеттiң қаражаттарын пайдалануды атаң қадағалайды, тек баптардың бслгiлi бір шеңберi тұрғысында ғана оларды қайта бөлуге шамалы мүмкіндiктер бередi. Бюджет қаражаттарын жұмсауға мекемелердi қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы органдары тарапынан бақылау қойылған.
Шаруашылық жүргiзудiң шаруашылық-коммерциялық есебiшығындарды материалдық емес қызметтер көрсету мен игiлiктердi сатудан түскен түсiм-ақшадан өтелетін мекемелер мен ұйымдарда қолданылады. Бұл ұйымдардын қызметтерi ақыға көрсетiледi. Бұларға ақылы негiзде жұмыс iстейтiн бiлiм беру мен денсаулық сақтау мекемелерi, салалық ғылыми-зерттеу институттары, бiрқатар шығармашылық мекемелерi, ойын-сауық орындары жатады. Бұл әдiстi коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердiң кәсiпорындары пайдаланады. Олар қызметпен байланысты әр түрлi ақшалай шығындар жасайды: игiлiктер мен қызметтердi өткiзе отырып, түсiм-ақша алады; кiрiстердiң шығыстардан асыл түсуi қорланымды құрайды. Бұл кесiпорындарда қаржы материалдық өндiрiс кәсiпорындарындағыдай ұйымдастырылады.
Шығындардың өзiн-өзi өтеу әдiсiақылы кызмет негiзiндегi шаруашылық қызметiн ұйымдастыруды қарастырады, бұл кызметтердiң бағасы қорланымсыз шығыстардың көлемiне қатысты анықталады. Бұл әдiс мәдени-ағарту қызметi, бос уақыты ұйымдастыру саласында (тұрмыстық, кәсiби машықтар мен бiлiм алу жөнiндегi, шет тiлдердi, мүдделер бойынша ұлттық клубтарда оқып — үйренудiң курстары мен мектептерi) қолданылады.
Негiзiнен коммерциялық емес қызмет коғамдық тауарлар, игіліктер мен қызметтердi өндiру және олармен қамтамасыз етудiң қажеттiгiмен айқындалады. Қоғамдық тауарлардың белгiлi бiр тұрлерiн ондiрудi едәуiр ауыс пайдасымен байланысты мемлекет өзiне алады.
Коммерциялық емес мекемелер, ұйымдар қызметiнiң материалдық негiзi өндiрiстiк емес арналымдағы капиталдар болып табылады, олардың натуралдық және ақша нысандары болады. Натуралдық нысандағы қорларды ұйымдар мен мекемелер сатып алады және олар тұтыну процесiнде өзiнiң құнын жоғалтады. Осылай жасалған игiлiк пен қызметтердiң тек тұтыну кұны ғана болады. Материалдық емес өнiм мен қызметтердi жасау процесiнде жүзеге асырылатын өндiрiстiк емес қорлардың қозғалысы нысандарының, сондай-ақ олардың ұдайы жаңғыртылуының салалық ерекшелiктерi болады. Қызметтiң бұл түрiнде көбiнесе жоғары бiлiктiлiктiң ой еңбегi қолданылады, сондықтан шығындарда әдеттегiдей басты орынды еңбекке ақы төлеу алады. Материалдық емес өнiм қордаландырылуға жатпайды, оны босалқы қорға айналдыруға болмайды, бiрақ оның мекеме, ұйым шығындарының сомасына тең ақшалай бағалауы болады.
Коммерциялық емес сфера мекемелерiндегi қызметтер көрсету (жасау) ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен, өзгеше қаржы қатынастарымен қосарланып отырады.
Бұл қатынастардың бастапқы табыстар мен қорларды алғашқы бөлу мен құру процесiнде болмауы оларға ортақ сипат. Сонымен бiрге олардың негiзiнде өндiрiстiк (коммерциялық) емес сала мекемелерi мен ұйымдарының қаржы көздерi қалыптасады.
акционерлiк капиталға үлескерлікпен қатысу;
халықаралық ұйымдар мен басқадай шетелдiк ұйымдардың акцияларын сатып алу;
ерікшелiктерi бар заңи тұлғаның акционерлiк капиталына салынған басқару органдарының инвестициялары болып табылатын төлемдерi.
«Қаржыландыру» санаты мына iшкi сыныптады кiрiктiредi:
өзгешелiктерi бар iшкi борышты өтеу: мемлекеттiк басқарудың басқа деңгейлерiне қарыз борышты өтеу, iшкi рынокқа орналастырылған мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша борышты өтеу, басқадай iшкi борышты өтеу;
кәсiпорындар мен алықтың арасында орналастырылатын ішкі қарыздарды өтеу;
сыртқы борышты өтеу.
Коммерциялық емес қызметтің жеке бағыттары мен түрлерi үшiн өзiндiк сипаты бар шығындарды құрайтындардың басым болып келуi оған тен қасиет. Мысалы, халықты әлеуметтiк қорғау ұйымдарында, әсiресе үй шаруашылығына берiлетiн трансферттердiң өзiндiк салмағы жоғары. Бұған балалары бар отбасына берiлетiн жердемақылар, тұрмыс құнының қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға өтемақылар, соғыс ардагерлерiне, экологиялық апаттардың нәтижесiнде азап шеккен азаматтарға берiлетiн әр түрлi өтемақылар және тб. жатады.
Денсаулық сақтаудың емдеу мекемелерiнде сипапы шығыстар дәрiлiк заттар мен тану құралдарына, тағам өнiмдерiне, жұмсақ жабдыққа жұмсалатын шығыстар болып табылады
Қорғаныс жүйесiнде әскери арналымдағы тауарлар мен әскери техниканы сатып алуға, азық-түлiкпен қамтамасыз етуге, әскери қызметшiлердiң ақшалай жабдықталымын төлеуге жұмсалатын шығындар маңызды орын алады.
Кәсiподақ, партия, қоғамдық қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар шығыстарының құрамында съездерге, конференцияларға, митингiге дайндалу және оларды өткiзуге, үгiт-насихат жұмысын жүргiзуге жұмсалатын шығыстар сипатты шығыстар болып табылады. Ардагерлердiң қоғамдық ұйымдарында олардың қатысушыларына материалдық қызмет көрсету шығыстары басым болады.
Мәдени-ағартушылық мекемелерде (кiтапханаларда, мұражайларда, тұрақты көрмелерде) едәуiр қаражаттар кiтап қорларын, экспонаттарды, коллекцияларды толықтыруға жұмсалады.
«Күрделi шығыстар» санаттарына жұмсалатып шығыстар күрделi құрылыс, негiзгi өндiрiстiк емес қорларды жасау мен молайтуды жүргiзетiн, сондай-ақ оларды күрделi жөндеу туралы жұмыс қабiлеттiлiгiнде ұстауды жүзеге асыратын қызметтiң коммерциялық емес түрлерiнiң барлық ұйымдары мен мекемелерi үшiн сипатты болады. Бұл санат бойынша сондай-ақ материалдық активтерге, жерге құкықты сатып алуға жұмсалатын шығыстар, қаржы мекемелерiнің жарғылық қорына төленетiн жарналар тiркеледi.
«Кредит беру, үлескерлiкпен қатысу» санаты бойынша шығыстар басқа экономикалық бiрлiктердi несиелендiрудi, олардың айналысқа шығарылған бағалы қағаздарын сатып алуды, мемлекеттiк кәсiпорындарға, қаржы мекемелерiне, жекеше кесiпорындарға түрлi кредиттер берудi жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелер үшiн қарастырылады.
«Қаржыландыру» санаты бойынша шығыстарды iшкi және сыртқы берешектердi өтейтiн ұйымдар мен мекемелер, негiзiнен мемлекеттiк және үкiметтік құрылымдар жүзеге асырады.
Өндірiстiк емес сфера салаларына бағытталған қаражаттардың көлемi олардың қызметiнiң нәтижелерiне қоғамның қажеттілiктерiмен, сондай-ақ өндiрiлген ұлттық табыспен анықталады. Алайда қазiргi кезде ол көбiнесе мемлекеттік бюджеттiң ахуалына, жүргiзiлiп отырған қаржы саясатына байланысты болып отыр.
Әлеуметтiк-мәдени шараларды қаржыландырудың ондаған жылдар бойы үстем болған «қалдық қағидаты» өзiнiң шамасыздығын әлдеқашан дәлелдегенiне қарамастан әлi де орын алып отыр. Сонымен бiрге өндiрiстiк емес салалардың материалдық өндiрiске ұдайы өндiрiстi жұмыс күшiмен қамтамасыз ете отырып, белсендi ықпал жасап отыратынын ұмытуға болмайды.
Нарық жағдайында жалпы экономиканың, жеке шаруашылық жүргiзушi субъектiсiнiң қаржылық бақылауды қоғам дамуыны басқа кезеңдерiнен де үлкен дәріжеде қажетсiнетiнiн шет елдердiң тәжiрибесi, республиканың өзiндiк тәжiрибесi көрсетiп отыр.
Мемлекеттің алдында жан-жақты, жүйелi, кешендi бақылауды, соның iшiнде қаржылық бақылауды да ұйымластыру мiндетi туып отыр. Бұл шаруашылық жүргiзушi барлық субъектiлер мен оларлық қаржы-шаруашылық қызметiнiң барлық жақтары қаржылық бақылаумен қамтылуы тиiс дегендi бiлдiредi. Қойылып отырған мiндеттi iске асыру үшiн қаржылық бақылау мына бағыттарда дамуы тиiс:
мемлекеттiк бақылауды нығайту;
тәуелсiз аудиторлық бақылауды дамыту;
түрлi бақылаушы орғандар мамандаршның еңбегiн компьютерлендіру;
бақылауды барлық органдарының қызметiн үйлестiру және басқалары.
Коммерциялық емес ұйымдарының басқа ұйымдастыру-құқықтық нысандарына коммерциялық емес акционерлік қоғамды, адвокаттар алқасын, нотариалдық палатаны, аудиторлар палатасын және бағалаушылар палатасын жатқызуға болады.
Коммерциялық емес акционерлік қоғам. Өзінің қызметін қаржыландыру үшін акцияларды шығаратын және барлық табыстарын тек осы қоғамның дамуына пайдаланатын заңды тұлға коммерциялық емес акционерлік қоғам болып табылады1.
Коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрылтаышысы бір және одан астам тұлғалар және олар жеке немесе заңды тұлғалар болуы мүмкін. Азаматтық кодексі және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заңымен қатар осы коммерциялық емес ұйымның ұйымдастыру-құқытық нысаны «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы заңымен реттеледі. Коммерциялық емес акционерлік қоғамды коммерциялық қоғамға өзгертуге болмайды. Коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында құрылған ұйымдарының нақты мысалы ретінде қор биржасын келтіруге болады2.
Адвокаттар алқасы. Адвокаттар алқасы коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін өзі басқаратын және қаржыландыратын, жеке және заңды тұлғаларға білікті құқықытық көмек көрсету үшін, адвокаттардың заңды мүдделерін өкіл етуге және құқытарын қорғауға құрылған адвокаттар ұйымы болып табылады3.
Адвокаттар алқасының негізгі сауалдары:
қолдау көрсету, алқа мүшелерінің адвокаттық қызмет атқару барысында кәсіби көмек көсету және қорғау;
алқа мүшелерінің қызметін материалдық-техникалық және анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету;
адвокаттық қызмет атқаруын кәсіби қадағалау ұйымдастыру;
алдын ала тергеу органдарымен және сотпен тағайындалған ақысыз құқытық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
Адвокаттар алқасы адвокат мәртебесі бар он құрылташыдан кем емес бастамасы бойынша құрылады. Облас, репсубликалық мәртебесі бар қала, астана аумағында тек бір адвокаттар алқасы құрылып қызмет тақаруы мүмкін. Адвокаттар алқасы мүшелік кәсіби ұйым болып табылады және адвокаттар үшін оған мүше болу міндетті.
Адвокаттар алқасының жоғарғы басқару органы алқа мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) болып табылады. Адвокаттар алқасының басқару органдар құрылымында атқару оргаы – президиум және ревизиялық комиссиясы ескерілу керек.
Нотариалдық палата. Нотариалдық палата коммерциялық емес, кәсіби, өзін өзі қаржыландыратын, нотариустардың заңды мүдделерін өкіл етуге және құқытарын қорғауға, оның ішінде жеке тәжірибесі бар нотариустарды және нотариалдық іс-әрекеттерді жасағанда нотариат жөніндегі заң құжаттарын орындауын қадағалау4.
Нотариалдық палата кәсіби мүшелік ұйым болып табылады. Заң нотариалдық палатада нотариустарға міндетті түрде мүше болу талабын орнатпайды. Бірақ Қазақстан Республикасының астанасында, республикалық мәртебесі бар қалада және облыстарда бір ақ нотариалдық палата құрылады.
«Нотариат туралы» заңының 26 бабына сәйкес нотариалдық палата келесі функцияларды атқарады:
жеке нотариустардың қызметін басқару және келістіру;
мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда өз мүшелерінің мүдделерін өкіл ету және құқытарын қорғау, нотариалдық ісіндамытуға көмектесу және жәрдемдесу;
нотариалдық іс-әрекеттер жасағанда заң құжаттарын орындауды қадағалау;
нотариустың лицензиясын тоқтату және қайтарып алу туралы ұсыныс жасау;
нотариалдық іс-әрекеттер нәтижесінде келтірілген зияннан пайда болған міндеттемелері бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды ұйымдастыру;
нотариустардың окуын және сынақтан өтуді ұйымдастыру;
өзінің мүшелеріне қатысты істер бойынша сотпен тағайындалған экспертизаға жұмсалған шығындарды өтеу;
кәсіби міндеттерін және этикасын бұзған үшін нотариустарды нотариустардың ар-намыс Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тарту;
нотариустардың қызмет әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдар мен арыздарды қарау.
Аудиторлар палатасы. Аудиторлар палатасы коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және қаржыландыратын ұйым болып табылады5.
Аудиторлар палатасы мүшелік ұйым және оның мүшелері аудиторлар мен қатар аудиторлық ұйымдар болуы мүмкін. Заң құжаттарымен аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға аудиторлық палатасында міндетті түрде мүше болу талабы жоқ.
Астана, республикасық мәртебесі бар қалада, облыстар деңгейінде аумақтық аудиторлар палатасын құру үшін осы аумақта аудиторлық қызметпен айналысатын аудиторлардың кем дегенде елу пайызын өкіл ететін конференция (жиналыс) шақырылу тиіс. Сонымен қатар сол аумақта тек бір аудиторлық палата құрыла алады. Республикалық аудиторлар палатасын құру туралы шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметпен айналысатын аудиторлардың кем дегенде елу пайызын өкіл ететін конференция (жиналыс) шақырылады.
«Аудиторлық қызмет туралы» Заңының 8 бабына сәйкес аудиторлар палатасы келесі сұрақтарды шешуге өкілетті.
Аумақтық аудиторлар палатасы:
аудиттің дамуына жәрдемдесу, оның тиімділікарттыру, аудиторлардың және аудиторлық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру және келістіру;
аудиторлар мен аудиторлық ұйымдармен аудиттік стадарттар талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;
аудиторлық қызметті атқарумен байланысты аудиторлар, аудиторлық ұйымдар мен аудиттен өтетін тұлғалар арасында пайда болатын дауларды қарау;
аудиторлық қызмет атқарумен байланысты заң құжаттарымен және әдістемелік құжаттарымен аудиторларды және аудиттік ұйымдарды қамтамасыз ету;
аудторлар және аудиторлық ұйымдар жұмысын зерттеу, тұжырымдаужәне жұмыс тәжирібелерін тарату;
аудиторлар және аудиторлық ұйымдар мүдделерін мемлекеттік, қоғамдық, шетелдік және халықаралық ұйымдарда өкіл ету;
заң құжаттарына және халықаралық шарттарға қайшы келмейтін басқа да қызмет тақару.
Республикасық аудиторлар палатасы:
жарғы негізінде аудиторлар палаталарының қызметін келістіру;
аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және аудиторлар палаталарының мүдделерін мемлекеттік, қоғамдық, шетелдік және халықаралық ұйымдарда өкіл ету;
халықаралық тәжірибе негізінде аудит стандартарын шығару, аудиторлар және аудиторлық ұйымдармен аудиттік стадарттар талаптарын сақтауын қамтамасыз ету;
аудиторлық қызметті атқарумен байланысты аудиторлар, аудиторлық ұйымдар мен аудиттен өтетін тұлғалар арасында пайда болатын дауларды қарау;
аудиторға кандидаттарды оқыту және аттестацияға дайындауды ұйымдастыру, кәсіби оқытуды, аудиторлардың және басқа мамандардың квалификациясын арттыру;
өкілетті мемлекеттік органдарға аудиторлық қыземт атқару лицензияны қайтару және аудитордың квалификациялық куәлігін жарамсыз деп тану туралы ұсыныстар жасау;
заң құжаттарына және халықаралық шарттарға қайшы келмейтін басқа да қызмет атқару.
Бағалаушылар палатасы. Бағалаушылар палатасының нысанында құрылған заңды тұлға коммерциялық емес, кәсіби, өзін-өзі қаржыландыратын бағалаушылар ұйымы болып табылады. Бағалаушылар палатасы ерікті негізде өз мүшелерінің мүдделері мен құқықтарын қорғауға құрылатын және бағалау қызметі туралы заң құжаттарын бағалаушылармен орындауын қолдау үшін арналған ұйым болып табылады6.
Бағалаушылар палатасының қызметі Қазақстан республикасының заң құжаттарымен, құрылтай шартымен және жарғымен реттеледі. Бағалаушылар палатасы мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан республикасының заң құжаттарымен орнатылған тәртіпке сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады.
Бағалаушыға егер ол құрылтай шартын, палата жарғысын мойындап және палатаға қіру талаптарын орындаса ондай бағалаушыны қабылдаудан бас тартуға болмайды. Палата мүшелігіне қабылдаудан бас тарту сот арқылы шағымдануға болады.
Бағалаушылар палаталары қауымдастық (одак) нысанында республикалық бағалаушылар палатасына бірлесуге және халықаралық бағалаушылар бірлестіктеріне кіруге құқылы.
Бағалаушылар палатасы:
1) өз мүшелерінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда өкіл етет және құқықтарын қорғайды;
2) бағалаушылар қызметін және оның даму қарқындарын жанжақты және объективті зерттеу, тұжырымдау және сараптау жасау;
3) бағалау қызметін атқару негіздерін және талаптарын бағалаушы тарапынан орындауға жәрдемдесу;
4) ақпараттық-насихаттау шараларын жүргізу;
5) бағалау қызметін атқаруға байланысты кеңестік жұмыс жасау;
6) мемлекеттік органдармен байланыстрады орнатады және қатынасады;
7) басқа елдердің және халықаралық бағалаушылар ұйымдарымен байланыстрады орнатады және қатынасады;
8) өз мүшелерінің кәсіби квалификациясын арттыру үшін оларды оқыту;
9) Қазақстан Республикасының заң құжаттарына сәйкес басқа да өкілеттіліктер атқару.