Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая каржы Ажар.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
264.19 Кб
Скачать
  • Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары

  • Шаруашылық жүргізуші субъектілер–Қазақстан Республикасының азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізеді. Заңды тұлға деп - меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттермелері бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мәндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.

  • Қаржы қатынастарының мазмұны мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жұмысын ұйымдастыруға олардың салалық тиістілігі, халық шаруашылығының техникалық - экономикалық ерекшеліктері айтарлықтай ықпал жасайды. Материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының қаржысының өзгешелігі едәуір кәсіпорынның іс- әрекет ететін саласына да байланысты болып келеді.

  • Экономиканы реформалау, нарықтық қатынастардың дамуы мемлекеттік, жекеше немесе ұжымдық меншікке, негізделген түрлі ұйымдық - құқықтық нысандардың кәсіпорындары мен ұйымдарының қалыптасуын қажет етеді.

  • Шаруашылық субъектілер қаржысы –бірыңғай қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі. Шаруашылық жүргізуші субъект түсінігі –барлық ұйымды-құқықтық меншікті сандарына және қыызметінің барлық түрлеріне қатысты, шаруашылық субъектілерді жалпылама айтқанда –экономикалық агенттер, экономикалық бірліктер.Олар өзіне міндеттемелер қабылдай алады, активтерді иемденіп басқарады және экономикалық қызметті жүзеге асырады. Шаруашылық субъектілер түсінігі соңғы кездері шаруашылық қызметке заңды тұлғаларды ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тұлғаларды -жеке кәсіпкерлерді, шағын бизнестің дамуымен байланысты қолданады.Соңғы уақыттарда коммерциялық қызметтердің рұқсат етілуіне байланысты, көптеген заңды тұлғаларға, соның ішінде мемлекеттік жекеменшікпен байланысты өндірістік емес салаларына коммерциялық және жарғылық қызметтердің шекарасын шектемейді, бұл субъектілерді –шаруашылық субъектілерге айналады, яғни өз қызметін жарғылыққа емес, сонымен қатар коммерциялық іске бағыттайтын. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге көбінесе кәсіпорындар мен ұйымдар жатқызылады. Шаруашылық субъектілер қаржысы кәсіпорынның, қоғамның, бірлестіктер мен ұйымдардың қаржысын кірістіреді. Шаруашылық субъектілер қаржысының өзіне тән мазмұны мен сыртқы көрініс түрлері бар. Мазмұны ретінде қаржылық категорияны анықтайтын сыртқы қаржы құрамы болып табылады. Қаржының мазмұны мен көрініс түрлері бір-бірімен байланысты. Бірақ олардың тұрақтылық дәрежесі ұқсас емес. Қаржының көрініс түрлері оның мазмұнына қарағанда тез өзгереді.Шаруашылық субъектілер қаржысының атқарым қызметтері қаржының атқарым қызметтерімен бірдей: 1.бөлу 2.бақылау. Шаруашылық субъектілер қаржысы мен жалпы мемлекеттік қаржылардың бар болуы экономикалық заңдар іс-әрекеті мен тауарлы-ақшалай қатынастардың болуымен себепті.Тауарлы-ақшалай қатынастар жекеменшіктің әр түрімен, еңбекті қоғамдық бөлумен анықталған. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржыға қатысты алуан-түрлі қарым-қатынастарға барады: 1.мемлекетпен 2.несие жүйесімен 3.жоғары ұйымдармен 4.басқа шаруашылық субъектілермен 5. сақтандыру ұйымдарымен 6. жұмысшылармен 7.кәсіптік иелерімен. Шаруашылық субъектілер қаржысының негізгі белгілері: 1.көп қырлы қаржы қатынастардың болуы; 2.міндетті түрде өндірістік қордың бар болуы; 3.жоғары белсенділік; 4. олар барлық қаржы жүйесінің негізі болып табылады. Сонымен, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы -өнімдерді, жұмыстарды және қызмет көрсетулердің өндіргенде және өткізгенде ақшалай табыстарды, қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар.