Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовая каржы Ажар.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
264.19 Кб
Скачать

0000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Коммерциялық емес негіздегі шаруашылық субьектілердің қаржылары»

Орындаған: Кадирбай А.

Қаржы, 11-029 топ студенті

Тексерген: Макенова А.

Алматы 2013 жоспары:

І. КIРIСПЕ.........................................................................................................................3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 ӘЛЕУМЕТТIК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ............................................................................

  1. Экономикалық қатынастар жүйесiндегi бағалы қағаздардың элеуметтiк мәнi.........................................................................................................................................................................................................................

  2. Бағалы қағаздардың экономиканы дамытудағы қызметi......................................

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОРПОРАТИВТIК БАҒАЛЫ ҚАFАЗДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМI..................................................

  1. Қазақстан қор нарығының құрылуы мен дамуы ............

  2. Корпоративтi бағалы қағаздар - капитал тартудың құралы .............

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОР НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ ............

  1. Бағалы қағаздар нарығын құқықтық қамтамасыз ету жэне оныжетiлдiру ............

  2. Қазақстан Республикасы қор нарығын реттеудiң негiзгi бағыттары және оларды жүзеге асыру механизмдерi......................................................................................

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI..................................................................

Жоспар:

Кіріспе...........................................................................................................3-4-бет

1- бөлім:

I.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржылары......................

1.1.Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары..............................5-6- бет 1.2. Коммерциялық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру .............................................................7-12-бет

2-бөлім:

II. Коммерциялық емес ұйымдардың қаржыларын талдау

2.1. Коммерциялық емес қызметтің ұйымдары мен мекемелерін қаржыландырудың көздері ..................................................................13-16-бет 2.2. Коммерциялық емес сфера ұйымдар мен мекемелердің шығыстары ....................................................................................................................17-28-бет Қорытынды...................................................................................................29-30-бет Қолданылған әдебиеттер............................................................................31-бет

Кіріспе

ҚР заң құжаттары коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік емес және мемлекеттік коммерциялық емес үйымдарға бөледі. Мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдар азаматтармен және мемлекеттік емес заңды тұлғалармен құрылған коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Олардың қатарына барлық қоғамдық және діни бірлестіктер, тұтыну кооперативтері, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, пәтер меншік иелерінің кооперативі, тұтыну кооперативтері, адвокаттар алқасы, аудиторлар палатасы,қоғамдық қорлар, жеке мекемелер. Коммерциялық емес ұйымдардың жеке түрлері тек ғана мемлекеттік болу тиісті – мемлекеттік қорлар және мемлекеттік мекемелер.Кәсiпорын экономиканың негiзгi буыны ретiнде меншік нысандары мен шаруашылық жүргiзудiн әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезiнде жұмыс iстейдi. Кәсiпорындарды ұйымдық-құкықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң нәтижелерiне әкеп соғады.Меншiк нысандарына қарай шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қорларын қалыптастырудың ерекшелiктерi болады. Мысалы, өндiрiстiк кәсiпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебiнен құрылады; меншіктi көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелерi; бағалы қағаздар шығарудан тусетiн қаражаттар; мемлекеттiк кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздерi қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде — кооператив мүшелерiнiң үлестiк жарналарының қаражаттары. Практикада көбiнесе меншiктiң аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздерi бойынша оларды құрудың аралас нысандары көздеседi. Мысалы, негiзгi құралдар мен айналымдағы активтердiң үлкен бөлiгi мемлекетке жататын мемлекеттiк кооперативтерде қызметкерлердiң үлестiк жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлiк қоғамдарда да осылай.

Кәсіпорындар мен ұйымдардын мүлкiн жалға бергенде айрықшалықты төлем — жалға берiлген мүлiк құнынын амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзiмiнiн өтуiне қарай объектiлердi жөндеу үшiн жалдаушының жалға берушiге берітiн қаражаттарын, жалға алынған мүлiктi қоғамдық қажеттi пайдаланудан түсетiн пайданың (табыстың) бiр бөлiгiн (жалгерлiк пайызды) кiрiктiретін жалгерлiк ақы қолданылады.Өндiрiстiң бастапқы қорларынын қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметтің мынадай қаржылық нәтижелерi бөлiнедi және пайдаланылады: жалпы табыс, пайыздық табыс, дивиденттер, үлестiктабыстар, бюджеттің (бюджеттік кредиттердiң) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.Үлестiк жарна негiзiнде жұмыс iстейтiн кәсіпорындардың - шаруашылық серiктестiктерiнiң, кооперативтердiң, бiрлескен кәсіпорындардың қаржысын үйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбiр қатысушының - мүлiктегi үлесiне сәйкес кейiнгi бөлудiң ерекшелiктерiмен анықталады. Мұндай кәсiпорындардын құрылтайшылары мен қатысушылары өздерiнiң салымдарын ақша қаражаттары, мүлiктiң әр түрлі түрлерi (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлiктi құкықтар (жердi, табиғи ресурстарды, мүлiктi, зияткерлiк (интеллектуалдық) меншiктi пайдалану құкықтары) түрiнде жүзеге асырады.