
- •Мазмұны
- •1 Теориялық бөлім
- •1.2 Кен орнына жалпы шолу
- •1.2.1 Кен орнының кеніштерін игеру кезеңдері
- •1.2.2 Тұз үсті қабаттарында ұңғылар тілмесін игеру жүйелеріне бөлу
- •2008 –Жылдың қаңтарында тіркелген ұңғы фонды
- •1.2.3 Тектоникасы
- •1.2.4 Стратиграфиясы
- •1.3 Қабаттағы мұнай мен газдардың және судың құрамы мен қасиеттері
- •1.4 Мұнай-газды қабатттардың колллекторлық қасиеттері
1.2.4 Стратиграфиясы
Кеңқияқ кен орнында перм жүйесі кеңінен тараған және көптеген ұңғылар тілмесінде ашылған. Көпеген құрылыс – барлау ұңғыларында тұз дөңестерінен кунгур ярусының қабаттары ашылған. Перм қабаттары қатты, қоңыр терригенді және сульфатты – галогенді жыныстармен төменгі пермде кездеседі. Төменгі перм ужим, казан және татар ярустарына бөлініп, қызыл түсті терригенді және сульфатты – галогенді қабаттардан тұрады.
Кеңқияқ көп қабатты кен орнында тұзүстілік, тұзды (галогенді) және тұзастылық түзілімдерде мұнайлылықтың кең стратиграфиялықтың диапазоны бар. Кенорыны Каспий маңы ойпатының шығыс ернеулік белдемінің батыс бөлігінде аттас тектоникалық сатысында орналасқан. Мұнай шоғырлары тұзүстілік альб түзілімдерінің, кунгур жік қабатының галогенді қатқабаттарының терригенді сульфатты қатшаларында, артин ассель құм сазды тау жыныстарының және кашир кейінгі визей жасындағы карбонатты тау жыныстарының құрамынан табылады. Мезозой түзілімдеріндегі өнеркәсіптік мәні бар мұнай шоғырлары құрылымдық іздеу жұмыстарын жүргізу жағдайында 1958 жылы ашылды. К 17 ұңғымасында майлы мұнайдың ағыны ортаңғы юра лагуна континенттік түзілімдерден, ал К 134 ұңғымадан төменгі триастың соркөл свитасының континентті түзілімдері алынды.
Бұл қабатты өсімдік қалдықтарымен қапталған альевритті, қатпарлы әктасты, қатты – қоңыр аргиллиттер құрайды.
Фораминифер қалдықтары бар құмтастар – қоңыр, полимикті, әктасты, қатпарлы, өте ұсақ, қатты болып келеді.
Қоңыр және жасыл, сұры гравиттер-полимикті, ұсақ және орта мөлшерлі болумен қатар, құмды-әктасты цементпен цементтелген кварц, кремді жыныстардың бөлшектерінен тұрады. Жыныстардың құлау бұрыштары 4-12 градус құрады.
Қызыл түсті континентті жоғарғы қабаттары кен орнында кеңінен қолданылады. Екі литологиялық қабатқа бөлінеді. Сульфатты–терригенді және тұзды. Сульфатты – терригенді қабаттар ақ және қызғылт-ақ түсті ангидриттерден тұрады, кейбір қабаттарда сазды, ұсақ кристаллды, массивті, қатты, кейде жарықты қоңыр-қызғылт және сұры аргилиттерден тұрады. Қабат қалыңдығы 120-220 м құрайды. Тұзды қабаттар ақ және қызғылт түсті тас тұзынан тұрады.
Қоңыр түсті континентальды триас қабаттары кен орнында көп кездеседі. Остракоз фауналары және полеонтологиялық зерттеулер бойынша триас жүйесі төменгі және жоғарғы бөлімдерге бөлінеді. Орта триас жыныстары әзірше ұңғылар тілмесінде ашылмаған. Соңғы кезде орта триас жыныстарын ашып қөрсетуді қолға алу көзделіп отыр.
Төменгі триас қабаттары тұз дөңестерінің көтеріңкі жерлерінде кунгур ярусына бұрышты және эрозинды ауытқулармен орналасады. Сонымен де бірге жоғарғы перм қабаттарымен де жапсарласа ауытқушылықпен ораналасады.
Литологиялық құрамы бойынша төменгі триас жыныстары бірқалыпты, яғни аргелитті, құмды, альевролитті болып келеді. Бірақ палеоптологиялық минералдың құрамына және өндірістік-геофизиқалық көрсеткіштер бойынша олар иінді және оленекті ярустарға бөлініуі мүмкін.
Жоғарғы бөлімді қызғылт-қоңыр альевролиттер, ұсақ құмтастар, ақшыл-қызғылт арголиттер құрайды. Қабат қалыңдығы 45-60 м болып келеді.
Кен орнында юра жүйесінің қабаттары төменгі және орта бөлімдердің терригенді жыныстарынан тұратын және жоғарғы бөлімнің терригенді-корбанатты жыныстарынан тұрады.
Кеңқияқ аумағында қоңыр түсті төменгі және жоғарғы триас, қызыл
түсті жоғарғы перм жыныстарына және сульфаты-терригенді кунгур жыныстарына бұрышты және стратеографиялық ауытқумен төменгі юра қабаттары орналасады. Қабаттың өзгешелігі құмды және сазды-құм қабаттарының ақшыл тусті болып келеді.
Литологиялық құрамы және геофизиқалық зерттеулер көрсеткіштеріне байланысты төменгі юра қабаттары екі топқа бөлінеді; құмды – галечникті және сазды. Құмды-галечникті қабат тілменің төменгі жағында орналасқан.
Құмды қабат қалыңдығы 12-91м құрап, олигомикті, кварц, дала шпатты, ұсақ және орта түйірлі, жақсы іріктелген, қатпарсыз, кварц галкалы, құмшық линзалы болып келеді. Сазды қабат құмды қабатқа ауытқушылықпен орналасады және өткізбейтін қабат болып келеді. Ол альевритті өсімдік қалдықтарының ізі қалған ақшыл қабат қалындығы 12-90м.
Орта юра қабаттары эрозионды ауытқумен орналасады. Орта юра қабаттары литологиялық құрамы жөнінен бірқалапты болып және органикалық қалдықтар өзі айқындалмағандықтан оларды бөлу мүмкін емес.
Негізгі құрамын қатты-сұры газдар, әр түрлі түсті, құмды, әктассыз, катпарссыз, кисық қабатты, тығыз, өсімдік қалдықтарымен, көмір және линза араласқан болып келеді. Кейбір қабаттарында құмдар да кездеседі.
Құмдар қоңыр, қоңыр-сары және қоңыр-жасыл, полимикті, әртүрлі газды, өте ұсақтан ірі түйіршікті болып келеді. Құмның құрамында кварц, дала шпаты, кремнийлі және кварцитті жыныстар 70-80%-ды құрайды. Түйіршіктер мөлшері 0,1-0,5 мм болады.
Жоғарғы юра қабаттары өте сирек кездеседі. Ашық-қоңыр сазды, қатпарлы, мергелдерден және жасыл-қоңыр, альевритті, қорбонатты, тығыз, өсімдік және органикалық қалдықтар іздері бар саздардан тұрады. Саздардың құрамында 0,25-1 мм ден 7% - ға дейін, 0,1-0,01 мм ден 24% - ға дейін, 0,01 мм ден 75% - ға дейін фракциялар бар.
Бор қабаттары кеңінен тараған және төменгі, жоғарғы бөлімнен тұрады. Жасыл-қоңыр және жасыл, альевролитті, әктасты, қатпарлы, тығыз, пелеципод
фаунасынан, өсімдік қалдықтарымен және сидерит қабатымен араласқан саздардан тұрады. Құмдар, құмшықтар қоңыр-жасыл, полимитті, сазды, әктасты, ұсақ және орташа тұйіршікті, жақсы цементтелген болып келеді.
Төменгі бор жыныстары көптеген шыңыраулар тілмесіндегі әр түрлі құрылысымен көрсетілген. Төменгі бор тілмесін валанж, готерив, баррем, апт, альб ярустарынан тұрады және өздерінің жеке ерекшеліктерімен көзге түседі, электрлі коротажды мінездемесімен және әр түрлі органикалық қалдықтарымен бір-бірінен бөлінетін жыныстардан тұрады.
Жоғарғы бөлім қабаттары кеңінен тараған және барлық ярустармен қамтылған. Бірақ ярус тілмелері толық ашылмаған, өйткені жоғарғы қабаттар жауып жатыр.
Альб ярусының жыныстары литологиялық құрамы жағынан әр түрлі, құмды және сазды қабаттардың араласып, кезектесуінен тұрады.
Өткізіштік коэффициенті – 1913млд. мұнайлығы 72-80% - ды қамтиды.