
- •Мазмұны
- •1 Теориялық бөлім
- •1.2 Кен орнына жалпы шолу
- •1.2.1 Кен орнының кеніштерін игеру кезеңдері
- •1.2.2 Тұз үсті қабаттарында ұңғылар тілмесін игеру жүйелеріне бөлу
- •2008 –Жылдың қаңтарында тіркелген ұңғы фонды
- •1.2.3 Тектоникасы
- •1.2.4 Стратиграфиясы
- •1.3 Қабаттағы мұнай мен газдардың және судың құрамы мен қасиеттері
- •1.4 Мұнай-газды қабатттардың колллекторлық қасиеттері
2008 –Жылдың қаңтарында тіркелген ұңғы фонды
|
Ұңғы фондының категориясы |
2005ж1.01. |
2006ж. 1.01. |
Ескерту. |
1. |
Пайдалану фонды |
762 |
780 оның ішінде 1-і Жақсымай К.О. |
Тоқтап тұрған 14 ұңғы іске қосылады. 498,1049,106,1117,1155,1156,1157,2615,2638,250,85,1118,2915,1354. 3 ұңғы бұрғыланда 6015,6001 HW,6101. Г-104 ұңғы шегерілді. |
1.1 |
Бұлардың ішінде жүріп тұрғаны |
470 |
514 |
Тоқтап тұрған 24 ұңғы іске қосылды Г-15,394, 1230, 2718, 2106, 2285, 907, 1008, т.б. |
1.2 |
Меңгерілуде |
|
Г-113 |
Г-104, 6010, 6011, 6012, 6013, 6014 ұңғы іске қосылды. |
1.3 |
Меңгерілуі тиісті |
8 |
1 ұңғы ГП кумсай |
|
2 |
Айдай ұңғы |
80 |
80 |
|
3 |
Бу айдау ұңғы |
50 |
50 |
|
4 |
Бақылау ұңғы |
14 |
14 |
|
5 |
Жұту ұңғы |
3 |
3 |
|
6 |
Тоқтатылған |
102 |
102 |
|
7 |
Бұрғылауға берілген |
|
2 |
Г-234, 6102 |
1.2.3 Тектоникасы
Ақтөбе, Прикаспий, Тұрлан, Іле геофизиқалық экспедициялар зерттеулеріне жүгінсек, Кеңқияқ құрылымының платформалы қабатынан мынадай көрнекті аймақтарды бөлуге болады:
III – неоком қабатының табан көрнекі аймағы
V – триас қабатының жуылған көрнекі аймағы
Д – төменгі триас көрнекі аймағы
VI – кунгур ярусына дейінгі полезой жыныстарының аймағы
П2 – орта таскөмірдің әктас аймағы
Ф - өте төмеңгі қабатта, тереңде орналасқан фундамент аймағы
Мезозой түзілімдеріндегі мұнай шоғырларындағы Кеңқияқ тұз күмбезді көтерілімі Каспий маңы ойпаңындағы аса ірі кен орыны болып табылады. Тұзды массив тік солтүстік және біршама жазық оңтүстік беткейлі ендік созылымның сопақ пішініне ие. Массивтің ұшар басында тұздар жабындыларының тереңдігі 460 метрде жатыр, оңтүстік және солтүстік беткейлерде -1450-3000 м. Мезозой түзілімдеріндегі тұзды күмбез тұзды массивке ұқсас пішін мен созылымға ие және 35 м дейінгі амплитудалармен көлденең және бойлай дизъюнкті бұзызылыстарға бөлінген.
Кеңқияқ тұз асты дөнесі сейсмикалық зерттеулерге қарасақ, тұзды құрылым болып келеді. П1- көрнекті аймағында дөңес жақсы үлкен аймақты болып келеді, ұзындығы-10 км, ені-8 км, амплитудасы-300 м-ді құрайды.
П2- көрнекі аймағы дөңестің көтерінкі жерлерінде 4,6 км тереңдікте жатыр.
1969 жылы бұрғыланған 88-п ұңғы тұз астындағы артин қабаттарын 3780м тереңдікте ашты. Бұрғыланғаннан кейін, сейсмиктер мен бұрғылау нәтижелерінің 380 м келіспеушіліктерін туғызды.
Геологиялық, геофизиқалық мәліметтеріне сүйене отырып, тектоникалық аймақтарды үш негізгі құрылымға бөлуге болады.
Тұз астындағы палеозой дөңестері.
Мезозой – кайназой қабаттарындағы тұзды күмбездер.
Жоғарғы пермдегі күмбез аралық дөңестер.