Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кенқияқты кен орнының тиімді горизонталдық коле...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
472.06 Кб
Скачать

1.2.1 Кен орнының кеніштерін игеру кезеңдері

Кен орнын игеруге берген 1966 жыл мен 2006 жыл аралығында кенішті игеру тарихын 4 кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең- (1966-1971ж) кен орнын табиғи режиммен игеру кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде кенішті игеру көрсеткіштері былай сипатталады: ұңғылардың тәуліктік өнімі жоғары- 3,9-5,3т; өнімнің сулануы төмен- 0-6,5%, көтеру дәрежесі- 0,87%, аралас сулануы- 3,6%.

Екінші кезең-(1972-1982ж), қабатқа бу айдау арқылы әсер ету жұмыстары жүргізілді, жылына 19,9-30,1 мың тонна бу айдалды. Кенішті игеру көрсеткіштері өнімнің сулануының жоғарлауымен- 9,6- 54,9%, (1972-1978ж), мұнайды тәуліктік өндіру 4,6-1,6 тоннаға дейін төмендеді. (1972-1982ж).Мұнайды өндірудің жылдық көрсеткіші- 302мың тоннадан 425 мың тонна аралығында болды. Өнімнің аралас сулануы- 29,7% құрады.

Үшінші кезең- (1983-1996ж) кенішті игеру қабатқа бу айдау арқылы жүргізілді.

Оңтүстік қанаттың батыс бөлігінде кенішті игеру жаппай бу айдау арқылы жүргізілді, ал солтүстік қанатта және оңтүстік қанаттың шығыс бөлігінде кен орны табиғи режиммен игерілді.Көптеген ұңғылардың бу айдау арқылы игерілуі нәтижесінде, жылдық мұнай өндіру көрсеткіштері- 281,3 мың тоннаны құрады, бірақ мұнай өндіру (1983ж)- 1,7тоннадан (1986ж)- 0,9тоннаға дейін түсті. Қабатқа жаппай су айдау нәтижесінде өнімнің сулануы жоғарылады. Аралас сулану-49,7% құрады.

Төртінші кезең- (1997-2006ж) кенішті игеруді бақылау кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде өнімі суланған ұңғылардың бірталай бөлігі жабылып қана қоймай, қабатқа су айдау ұңғылары да тоқтатылды.

Пайдалану ұңғыларының саны 420-430 құрады, тәуліктік мұнай өндіру- (1,3-1,7т), сулану- 54,4% құрады.

1.2.2 Тұз үсті қабаттарында ұңғылар тілмесін игеру жүйелеріне бөлу

Геологиялық көрсеткіштері және өндірістік жағдайларға байланысты кен орнының тұз үсті қабаттарын игеру жүйелеріне бөлу тәртіптерітмен негіздері мынадай:

  1. Баррем ярусының геологиялық қоры 13664мың тоннаны құрайды, мұнай қабатының орташа қалыңдығы- 7,4м, кейбір аймақтарда 10метрге дейін жетеді.Готерив кенішінің қалыңдығы 3м, игеруге тиімсіз, сондықтан баррем жүйесін игеру кенішті игеру жүйесіне тәуелсіз болып келеді.

  2. Ю-I аймағының мұнайлы қабатының қалыңдығы 5метрді құрайды және негізгі мұнайлы аймақтар қатарына жатады. Саз қабаттарының орналасуы бірқалыпты болып келеді, сондықтан бұл аймақты Ю-I I аймағымен бірге игеруге келмейді.

  3. Ю-I I аймағының мұнай қоры-62696 мың тоннаны құрайды, мұнайлы қабаттың қалыңдығы Ю-II (А+Б+В) және Ю-II (Г) 9,9-7,5м құрайды. Олардың арасында қалыңдығы 4 метрге жететін сазды қабат жатыр.

  4. Ю-III қабатының 17006 мың тоннаны құрайды, орташа қалыңдығы 9м, Г аймағынан игеру мүмкіндігі жоғары болғандықтан, Ю-II (Г) қабатымен бірге игеруге болады.

  5. Төменгі юра жүйесінің мұнай қоры 2005 мың тоннаны құрайды,

  6. Мұнайлы қабаттың қалыңдығы 3,8м, 638, 717, 774, 710, 830, және 636 ұңғыларынң айналасында ғана дамыған, сондықтан Г және Ю-III қабаттарын қосымша қабаттар қатарына жатқызуға болады. Ю-II және Ю-III аймақтары бойынша екі ұңғылар сеткасын орнатуға болады.

  7. Төменгі перм солтүстік-шығыс қанатта Т-10, 143, 145, 2740 ұңғыларында ғана дамыған, мұнай қоры- 1603 мың тонна (жалпы қордың 1,8%), мұнайлы қабаттың қалыңдығы 10метрді құрайды, игеруге ыңғайлы аймақтарды бір жүйемен игеруге болады.

  8. Жоғарғы перм бөлімінің мұнайлы қабаты солтүстік қанаттың шығыс бөлігінде және тұз дөңесінің оңтүстік қанатында орын алған. Тұз дөңесінің мұнайының геологиялық қоры-1786 мың тоннаны құрайды, мұнайлы аймақтар 143, 145, 2740 ұңғыларының аймағында кеңінен тараған. Жоғарғы перм бөлімінің мұнайлы қабатының орналасу тереңдігі500метр, қалыңдығы 15,5метрді құрайды. Оңтүстік қанаттағы мұнайдың геологиялық қоры 7016 мың тонна, мұнайлы қабаттың орналасу тереңдігі 1600м, қалыңдығы 31м, сондықтан игеруге ыңғайлы аймақты бір жүйемен игеруге болады.

Кесте 1.2.2.1

Тұз үсті кеніштерінің көрсеткіштері

Қабат

Мұнай

лы қабаттар

Мұнайлы ауданы, км2

Мұнайлы қабаттың қалың

дығы,м

Геологиялық

қоры, мың. т

Мұнай қоры концентрациясы

Мұнай тұтқырлығы,

мПА*с

Мұнай тығыз

дығы, г/см3

Орналасу тереңдігі,м

К1

К1br

7,4

8,4

13664

1847

145

0,919

185

К1h

7,7

2,5

1662

216

145

0,906

202

Ю2

Ю2-I

9,6

5,2

9911

1032

219

0,9128

237

Ю2- I I

20,3

15,7

62696

3088

219

0,918

320

Ю2- I I I

8,0

9,0

17006

2126

219

0,9136

350

Ю1

2,91

3,8

2005

689

281

0,906

359

Т1

Т1- I

0,82

6,0

758

924

50

0,889

420

Т1- I I

1,02

5,2

845

828

35

0,8814

456

Р2

Р2

1,27

15,2

1786

1406

42

0,869

500

Р2

1,751

31

7016

4007

40

0,837

1600

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге байланысты кен орнының тұз үсті қабаттары тілмеде игерудің 5 аймағына бөлінеді.

Тілмедегі бірінші игеру аймағы- (К1br )- бор жүйесінің баррем ярусы, мұнайының геологиялық қоры 13664 мың т., мұнай қабатының орташа қалыңдығы 7,4 метрді құрайды.

Тілмедегі екінші игеру аймағы- Ю1 мұнайлы қабаты, тиімді қабат қалыңдығы 8метр.

Тілмедегі үшінші игеру аймағы- Ю2- I I (А+Б+В), мұнай қоры 32070 мың т., мұнайлы қабаттың орташа қалыңдығы 9,9метрді құрайды.

Төртінші игеру аймағы- Ю- I I I+ Ю- I I (Г), мұнайдың қоры 21442 мың т., мұнай қабатының орташа қалыңдығы 7,5м.

Тілмедегі бесінші игеру аймағы төменгі триас аймағы (Т1- I, Т1- I I), оның мұнайының геологиялық қоры 1603 мың т., мұнайлы қабаттың қалыңдығы 10метр және одан да жоғары.

Кесте 1.2.2.2