Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кенқияқты кен орнының тиімді горизонталдық коле...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
472.06 Кб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ ………………………………………………………………….……....... 3

1.ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ……………………………………………………............ 4

1.1 Кен орнына жалпы шолу……………………………………………..………. 4

1.2.1 Кен орнының кеніштерін игеру кезеңдері………………………………... 7

1.2.2 Тұз үсті қабаттарында ұңғылар тілмесін игеру жүйелеріне бөлу………. 10

1.2.3 Тектоникасы…………………………………………………………………11

1.2.4 Стратиграфиясы………………………………………………………….….15

1.3 Қабаттағы мұнай мен газдардың және судың құрамы мен қасиеттері…….16

1 4 Мұнай-газды қабатттардың колллекторлық қасиеттері…………………….20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………………23

КІРІСПЕ

Кеңқияқ мұнай кен орыны Қазақстан Республикасының солтүстік-батысындағы ірі кен орын болып саналады. Бұл кен орынның мұнайлылығының қимасы екі қабаттан тұрады, яғни тұз үсті және тұз асты. Кеңқияқ кен орынының тұз үсті қабатын 1966 жылдан мезазой (бор, юра, триас) кенішін игерілуде.

Кеңқияқ кен орнында перм жүйесі кеңінен тараған және көптеген ұңғылар тілмесінде ашылған. Көпеген құрылыс – барлау ұңғыларында тұз дөңестерінен кунгур ярусының қабаттары ашылған. Перм қабаттары қатты, қоңыр терригенді және сульфатты – галогенді жыныстармен төменгі пермде кездеседі. Төменгі перм ужим, казан және татар ярустарына бөлініп, қызыл түсті терригенді және сульфатты – галогенді қабаттардан тұрады.

Аудан аймағынан негізгі алты мұнай-газды жыныстарды бөлуге болады, тұз асты полеозой, казан-татор, төменгі триас, төменгі және орта юра, төменгі бор аймақтары.

Біз осы Кеңкияқ ен орнының коллекторлық қасиеттерін талдаймыз.

1 Теориялық бөлім

1.2 Кен орнына жалпы шолу

Кеңқияқ мұнай кеніші Қазақстан Республикасының Ақтөбе обылысында орналасқан. Кеніш Ақтөбе қаласынан 220 км, Темір қаласынан 70км қашықтықта оңтүстікке қарай орналасқан. Кенішке жақын орналасқан Кеңқияқ және Саркөл елді мекені бар. Кеніш аумағын Темір өзені кесіп өтеді. Кеңқияқ кенішінен Россияның Орск қаласына ұзындығы 115 км мұнай айдау құбыры тартылған. Кеніштің тұз үсті мұнай комплексінің аумағы 2673,8 га ( 27,27 км2).

Географиялық жағдайы жазық, жартылай шөлейтті аймақ. Рельефі теңіз деңгейінен 170-230 м биіктікте, жазық-қыратты. Ауа-райы қатаң континентік, жазғы орташа температура +34 – 400С, қысқы орташа температура –35 – 400С. Желдің негізгі бағыттары шығыстан, оңтүстүк-шығыстан батысқа қарай. Орташа жылдамдығы 5-6 м/сек, кейбірде 28 м/сек жылдамдыққа дейін қатты желдер соғады. Қыста қардың орташа қалыңдығы 17 см, тоңның қалыңдығы 1,8м. Жылдық ылғал көлемі 250 мм.

1932 жылы ашылған Кеңқияқ кұрылымында геологиялық барлау жұмыстары 1956 жылы басталды, бірінші мұнай ағыны 1959жылы төменгі триас (К-34 ұнғысы) және орта юра (К-17 ұнғымасы) екі құрылымдық-іздеу ұнғыларынан алынады. Сол жылдан бастап 1961жылға дейін барлау- бұрғылау жұмыстары жүргізіледі, соның ішінде барлығы 42 барлау ұнғылары, 1 параметрлік ұнғысы және 21 құрылымдық-іздеу ұнғылары бұрғылынады. Нәтижесінде жоғарғы пермь, төменгі триас, орта юра және бор шөгінді кабаттарынан мұнай кеніштері табылды.

Бұрғыланған ұңғылар нәтижесі бойынша кен орынының мұнай қоры есептелді, кейін 1962 жылы сол есептеулер КСРО ГКЗ-сінде В+С1 2

категориялары бойынша 110,9 млн.тонна болып бекітілді.

1966 жылы кен орының сынақтық игеру басталды. Бұрғыланған 210 ұнғылары нәтижесінде “Ембімұнай” жасаған дәлірек есептеулер бойынша мұнай қоры көлемі өзгертіліп, 1970 жылы А+Б+ С1+ С 2 котегориялары бойынша 100,6 млн. тонна мөлшерінде бекітілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]