
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3
Есептеу-графикалық жұмыстың мақсаты және есебі..........................................4
ЕГЖ-ның берілген мәндері.....................................................................................5
Станцияның құрылымдық сұлбасы.......................................................................5
1-ші нұсқа үшін апаттық режим.............................................................................6
1-ші нұсқа үшін трансформаторларды таңдау тәртібі........................................7
2-ші нұсқа үшін апаттық режим.............................................................................8
2-ші нұсқа үшін трансформаторларды таңдау тәртібі......................................10
Трансформатордағы энергияның жылдық шығынын есептеу..........................10
Нұсқаларды технико-экономикалық салыстыру................................................12
Күрделі қаржы салымын анықтау........................................................................12
Қорытынды............................................................................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................17
Кіріспе
Энергожүйенің проектін жасаудағы есебі болып, энергияны аз мөлшерде жұмсап, тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін электр станцияларында және электр тораптарында керек жабдықтарды технико-экономикалық жағынан тиімді таңдап алу болып табылады.
Электр станциясында өндірілген электр энергиясы тұтынушыларға әуе желісі арқылы және қосалқы станциялар арқылы беріледі, олар станция генераторын және тұтынушыларды біртұтас біріктіріп, электр торабын түзетін-электрлік жүйені көрсетеді.
Электр станциясы деп – электр энергияны өндіруге арналған кәсіпорын немесе фабрика болып табылады. Электр станцияларымен қатар электр энергияны түрлендіруде және таратуда басты рольді электр тораптары мен жүйелері атқарады.
Есептеу графикалық жұмыста электр станцияның барлық құрылғыларын есептеп, таңдап алу мүмкін емес. Сол себепті бұл жұмыста проектілетін станция жұмыс істейтіндей және қажетті құрылғылары тексеріле алатын электр жүйенің параметрлері ескеріледі.
Есептеу-графикалық жұмыстың мақсаты және есебі
Жұмыстың мақсаты студенттердің теориялық білімдерін нығайту және нақты есептерді өз бетімен шығаруды дамыту, сонымен қатар техникалық әдебиеттерді, нормативтік және техникалық шарттарды, және ЭЕМ құралдарын дұрыс пайдалануы бойынша тәжірибе алуы болып табылады.
ЕГЖ-тың есебі:
Күштік трансформаторлардың (автотрансформаторлардың) түрін, санын және қуатын таңдау;
Трансформаторлардағы (автотрансформаторлардағы) электр энергияның жылдық шығынын есептеу;
Электр станцияның тиімді құрылымдық сұлбасын технико-экономикалық салыстыру арқылы таңдау;
Таңдалынып алынған құрылымдық сұлбаны сызу.