
- •1.1.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, жүргізу және қайта қалпына келтіру
- •1.2.Бухгалтерлік есептің принциптері
- •1.3.Бухгалтерлік есепті инновациялық технология жағдайында ұйымдастыру
- •2.1.Салық есебінің ережелері
- •2.2.Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері
- •2.3. Қазақстандағы салық саясатының басты бағыттары
- •3.Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
Қорытынды
Берілген курстық жұмысты зерттей келе мынаны айтуға болады. Алдымен ақш, ұлыбритания, жапония елдерінде миллиондаған халық тұратынын айта кеткен жөн. Бірақ ұлыбритания мен жапония елдерінің географиялық территориясы кішігірім. Осының салдарынан бұл елдерде халықты орналастыру жағдайы күрделі болып келеді. 1980 жылдарда токио, вашингтон, лондон қалалары әлемнің информационды және банктік орталық болғандықтан офистарға сұраныс көбейе бастады. Осының салдарынан бұл қалаларда жер құнының өсу темпы 50-75% құрайды.
осының бәрінен мынадай қорытынды шығаруға болады: қазіргі жағдайдағы қазақстан үшін шетелдік тәжірибені толығымен қолданыла алады. Әрине, егер оны мәнсіз көшірмей, қр-сы экономиканың нақты ерекшеліктеріне қолдана отырып, қажеттісін алсақ, ойлаған нәтижеге жетеміз деп ойлаймын.
сонымен, осы курстық жұмыстың үш бөлімін қорытындылай келсек, онда салық жүйесіне келесідей анықтама береміз.
салық жүйесі - бұл мемлекет өндіріп алатын салықтардың, алымдар мен төлемдердің, олардың құрудың принциптері мен әдістернің, сонымен қоса салық қызметінің органдарының жиынтығы.
қазақстан республикасының салық кодексінде негізгі төрт принцип көрсетілген: міндеттілік, анықталғандық, әділеттілік, салық жүйесінің бірлігі принциптері мен салық заңдылығының жариялылығы.
ал салық қызметін қаржы министрлігі мен салық комитеттері жүзеге асырады да, негізгі құқықтық-нормативтік база болып қазақстан республикасының “салықтар және бюджетке түсетін міндетті төлемдер туралы” 2004 жылдың бірінші қаңтарында шыққан кодексі табылады.
біздің елбасымыздың 2008 жылғы ақпан айындағы жолдауында мемлекеттік бюджетті жоспарлау 3 жылдық бюджет болып, 2009 жылдан бастап енгізу көзделіп отыр. Сонымен қатар жаңа бюджеттік кодекс және салық кодексі жасалады. Жаңа салық кодексте белгіленген жеңілдіктер санын азайту көзделіп отыр. Қазақстан республикасы президентінің былтырғы жолдауында ққс – 12% төмендетілді және барлық жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығының 10% мөлшері бекітілді. Сонымен қатар шағын бизнестегі субъектілер үшін салық салудың азайтылған бірлік мөлшерлемесі енгізілді. Салық түсімдерін тексеруде ірі салық төлеушілер үшін қаржы министрлігі комитетінің арнайы бөлімі құрылды. Экономикаға түсетін салық салмағының төмендеуі жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі кезеңдегі бухгалтерлік тәжірибедегі маңызды жаңалық «1с: бухгалтерия» бағдарламасын қолдану болып табылады. Ең алдымен, ол заңнаманың және де есеп нысандарының кез келген өзгерісіне бухгалтердің өзі баптай алатын эмбебап бухгалтерлік бағдарлама. Қазіргі кезде ол кішігірім және ірі кәсіпорындарда, акциөнерлік қоғамдарда, бюджеттік ұйымдарда және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерде сәтті қолданылуда. Біздің республикамызбен қатар бағдарлама ресейде, украинада, беларусьте, балтық елдерінде және посткеңестік кеңістіктің басқа да елдерінде кең қолданысқа ие болды.Елімізде аудиторлық қызметтің даму деңгейіне байланысты тексерілетін ұйымның қызметіне үлкен көңіл бөлінген, бұл аудиторлық тексеру сапасын және есеп берудің нақтылығы туралы қорытындыны жоғарлату мақсатымен анықталынады. Бұл үшін аудитордың қызметі туралы мәліметтері болуы керек, бұл бухгалтерлік қызметтің құзырына кіретін ақпараттарды зерттеу болып табылады.Бірақ даму процесі тоқырау деңгейінен өтуде. Біздің ойымызша, қазақстан республикасында аудиторлық қызметтің тоқырауы аудиторлық қызметті бір тектес реттеу және бақылау жүйесінің жоқтығымен, аудиторлар мен кеңес берушілердің кәсіби білім деңгейінің төмендігімен, көптеген аудиторлардың басқа коммерциялық және мемлекеттік құрылымдарға кетуімен, басқа мемлекеттерге көшіп кетуімен анықталынады.
Сонымен, қазақстандық ұйымдарда қехс бойынша есеп және есеп беруді құрастыру мәселелерін жүйелілік шешу бір жағынан, есеп және есеп беруді ұйымдастыру процесіне ұйымның басшылығымен құрастырылған саясатқа, екінші жағынан, қаржылық есеп берудің инфрақұрылымы және сапасын бақылаумен байланысты мәселелерге қатысты мамандандырылған мемлекеттік ұйымдар. Аудиторлық тексерудің соңғы этапы болып талдау табылады. Аудитор талдау жүргізу арқылы мәліметтеді қорытындылап, кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне әсер ететін факторларды анықтай алады. Бухгалтерияның табысты және тұрақты жұмыс істеуінің шарты - сауатты ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп болып табылады. Ретсіз, жүгенсіз жүргізілген бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлердің қатасы мен есептік деректерді өңдеуге кететін уақытты тиімсіз жұмсауға алып баруы мүмкін. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мақсаты – ең аз шығындармен бастапқы құжаттарды өткізіп, есептілікті алуға мүмкіндік беретін ең қолайлы есеп схемасын әзірлеу және ендіру болып табылады.
Бүгінгі таңда елбасы қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде қойған мәселелері шеңберінде қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігі көбірек маңызға ие болуда. Қазақстанда нарықтық қатынастардың енгізілуімен бірге экономикалық субъектілердің қаржылық қорытынды есебінің дұрыстығын дәлелдеп, пайдаланушылардың қажеттіліктерін керекті ақпарат түрімен қамтамасыз етуші тәуелсіз бақылау жүйесі өркендеп дамып келеді. Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы оң әлемдік тәжірибені зерттеуге және оны пайдалануға мәжбүрлейді. Континенттер мен елдердің географиялық жақындығы, тығыз экономикалық байланыстар, шетел компанияларының қазақстанның инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы есепке алу жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Есепке алу тәжірибесі түрлі елдерде әр алуан, бірақ оның бастауы мен философиясы ортақ және бұл қазақстанның есепке алу практикасына оң тәжірибе енгізу мақсатында бухгалтерлік есепке алудың және аудиттің маңызды ерекшеліктері мен жаңа бағыттарын зерттеу қажеттілігін растайды. Халықаралық зерттеу көзқарасы жағынан қеұс және ахс қолданудың әлемдік тәжірибесі бухгалтерлерге, аудиторларға және қызметкерлердің басқа санаттарына қазіргі заман бизнесінің осы немесе өзге операциясын дұрыс бағалауға және тиісінше оң және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бухгалегрлік есеп пен қаржылық қорытынды есспті, халықаралық қаржылық есеп стандарттарының қеұс негізінде дүниежүзілік тәжірибеге енгізу, заманауилық нарықтық экономика жүйесіндегі бухгалтерлік есепке жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді.Әу баста меншік иелері бухгалтерлік есепті кәсіпорынның мүлкін түгендеп, сақталуын қадағалау үшін, ал кейіннен салық төлемдерін дұрыс есептеу үшін пайдаланған. Уақыт өте келе бухгалтерлік есеп одан да кеңірек функцияларды орындап, экономикалық көрсеткештерді бағалау мен зерделеу бағытында қолданыла бастады. Бухгалтерлік есептің тәжірибесі, счеттардың кұрамы мен типтері, көрсеткіштерді корытындылап, салыстыру тәсілдері, есепті жүргізу формалары, екінші кезектегі мәселе болып саналады, себебі олар әр мемлекетте, салаларда, ұйымдарда әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар, бухгалтерлік есептің әдіснамасы, ұйымдар қызметі нәтижесінің қаржылық жағдайын бағалайтын стандарттарға сай қалыптасқан қаржылық қорытынды есептер бойынша анықталады. «бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» қр заңына сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арнап қаржылық есептің ұлттық стандарттары белгіленген. Мемлекеттік ұжымдар мен ірі кәсіпкерлік субъектілері және аса ірі занды тұлғалар, жариялы кәсіпорындар қеұс міндетті түрде қолдануға тиісті. Кәсіпкерліктің дамуына орай, бухгалтерлік ақпараттың басқару мен бақылау саласында және кәсіпкерлік қызметті талдаудағы рөлі арта түседі. Ондай ақпараттардың дер кезінде, сапалы және жоғарғы деңгейде дайындалуы, бухгалтерлердің кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Нарық жағдайында ұйымдардың қызметінің нәтижесі және қаржы жағдайы туралы ақпарат әртүрлі пайдаланушылардың көңіл қоятын мәселесі болып табылады. Барлық келісім-шарт жасаушылар негізделген шешім қабылдау үшін өз серіктері туралы дұрыс ақпарат алуға және пайдалануға тырысады. Сонымен қатар, ұйымдардың қызметінің нәтижесі туралы ақпаратты және олармен заңдылықтардың сақталуын тәуелсіз растау мемлекетке экономика және салық салу саласында шешім қабылдау үшін қажет. Аудиттің ақпараттық негізі де бухгалтерлік есеп боғандықтан әртүрлі ұйымдарды тексеретін аудиторлар қаржылық есеп берудің дұрыстығына аудиторлық дәлелдер және кепілдемелер, бизнес-жоспарлардың жобаларын, өндірісті жетілдіру, шығындар, қаржы жоспарларын жасау және қызметті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларды жүзеге асыру тиянақты ақпаратын алу үшін тексерудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдана білуі керек. Ол үшін бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту қажет.
Мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылды:
бәсекеге қабілеттілік жағдайында өндірісті ұйымдастыру және оның келешектегі даму жолдарын қарастыру;
кәсіпорын ресурстарының интенсивті және тиімді пайдалануын талдау және оларды бағалау;
есеп және аудиттің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайында бухгалтерлік есеп және аудитті ұйымдастырудың теориялық және методологиялық аспектілеріне шолу жасау;
қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту мәселелерін қарастыру және оқып-үйрену.