
- •1.1.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, жүргізу және қайта қалпына келтіру
- •1.2.Бухгалтерлік есептің принциптері
- •1.3.Бухгалтерлік есепті инновациялық технология жағдайында ұйымдастыру
- •2.1.Салық есебінің ережелері
- •2.2.Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері
- •2.3. Қазақстандағы салық саясатының басты бағыттары
- •3.Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
3.Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
Салық жүйесі экономикадағы әртүрлі үрдістерді күшейтетін немесе бәсеңдететін икемді механизм болып табылады. Ешқандай жоғары дамыған елдерде салық жүйесі өзгермей тұратын құрылым болып табылмайды, әсіресе әртүрлі процестерді реттеу мен ынталандыру бөлігінде. Сондықтан экономикалық жағдайлардың өзгерісі барысында реттеу мен ынталандырудың салық жүйесіне түзетулер енгізу қажет. Сонымен қатар салық жүйесінің моделі біріншіден, ағымдық саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуі керек. Ол дегеніміз экономиканың дағдарыс жағдайында, халық шаруашылығын басқара алмағанда, несие-банк сферасының ретсіздігі кезінде, ақша айналысының дұрыс болмағанда салық жүйесі қарапайымдатылған схема бойынша жұмыс істеуі қажет дегенді білдіреді, яғни мынандай салықтар болуы тиіс:
- көбірек фискалды мағынаға ие;
- макроэкономикалық тұрақтылыққа максималды әсер етуші;
- салық төлеушінің шаруашылық қызметінің нәтижесін немесе мүліктік жағдайын қатаң есептейтін.
Салық жүйесі келесі талаптарға сай болуы керек:
- басқару мен бақылауда қарапайым болуы керек;
- салық төлеушілердің барлығына салық салу механизмінің түсінігі жеңіл ұғылатында;
- салық салу объектісінің прогрессивті принципі негізінде құрылуы керек;
- жеңілдіктердің минималды санына ие болуы қажет;
- салықтан қашу мүмкіндіктерін жою;
- антиинфляциялық сипатта болуы қажет.
Қазіргі кездегі ең маңызды мәселе болып салықтан қашу жолдарының алдын алу болып табылады. Оның себебі, біріншіден-заңдылықтың дұрыс болмауына, екіншіден, бақылаудың әлсіздігі есебінен міндетті тұлғалар салық төлеуден әдейі байланысты. Бұл өз кезегінде жауапсыздыққа, нормативті актілерді орындамауға либералды түрдегі қатынасқа, бетімен жіберушілікке, тіпті сыбайластық пен жемқорлыққа және салық жүйесінің құлдырауына әкеледі.
Бұндай жағдайды шешу тек қылмыс заңдылығының құралдарын қолданатын қатаң әкімшілік әдістермен реттеу арқылы бола алады.
Қашуына қазақстанның экономикалық потенциалы көбірек табиғи әрі шикізаттық ресурстарды өңдеу мен тасмалдауға бағытталған. Сондықтан салықтық реттеудің өзекті мәселесі табиғи ресурстарды рационалды пайдалануға әсер ететін салықтық реттеуді қолдану болып табылады.
Бұл төлемдер негізінен әртүрлі табиғи ресурстардың шаруашылық айналысқа ену шарттары мен факторларын ескеріп, табиғи байлықты тиімдірек қолдануға мүмкіндік жасайды. Бірақ олар мемлекеттік бюджет табыстарының аз үлесін құрап, табиғи ортаға зиян келтірудің орнын толтыру бойынша мемлекеттің қажетті шығындарын жаба алмайды.
Қазақстан республикасының салық жүйесі күрделі құрылымға ие. Ол үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлім. Салықтық қатынастарды реттеудің заңды және нормативті базасы. 1991-1995 жылдар кезеңінде қазақстан республикасының 10 заңы болды, олардың ішінде негізгілерінің бірі “қазақстан салық жүйесі туралы” заңы. 1995 жылдан 2001 жыл аралығында салық қатынастарын “бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы” заң күші бар қазақстан республикасы президентінің жарлығы реттейді. 2001 жылдың 1 шілдесінен қазақстан республикасы жаңа салық кодексі күшіне енді. Осыдан көрінетіндей, салық заңдылығы әмбебаптауға ұмтыла отырып заңдардың, нормативті актілер, нұсқаулар санын азайтуға тырысады.
Екінші бөлім. Салықтарды және бюджетке басқа да міндетті сөлемдерді жинаушы ұйымдар. 1995 жылдан бастап, салықтарды алу бойынша қызмет қазақстан республикасы қаржы министрлігіне беріліп, құрамына қазақстан республикасы салық комитеті және қазақстан республикасы салық полициясының комитеті енгізілді. Кейінірек бұл қызметтер қазақстан республикасы табыстар министрлігіне беріліп, құрамына қазақстан республикасының салық комитеті және салық полициясы (2001 жылы қазақстан республикасының қаржы полициясы деп өзгертілді).
Үшінші бөлім. Салықтарды сүру әдістері мен формалары. Салық түрлері және бюджетке болса да міндетті төлемдер.
Өзіміздің тәжірибе болмаған жағдайда біз батыс елдер деңгейіндегі өңделген салық жүйелерін құру әдістерін қолданамыз.
Қазақстан республикасының салық заңдары республикалық және жергілікті бюджеттерге салық сипатындағы міндетті төлемдерді белгілейтін, салық қатынастарын реттейтін, жинақтаушы нормативтік құқықтық актілерден, қазақстан республикасының президенті мен үкіметінің актілерімен, сондай-ақ қазақстан республикасының қаржы министрлігімен келісілген мемлекеттік кіріс министрлігінің салық комитетінің актілерінен тұрады.