
- •1.1.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, жүргізу және қайта қалпына келтіру
- •1.2.Бухгалтерлік есептің принциптері
- •1.3.Бухгалтерлік есепті инновациялық технология жағдайында ұйымдастыру
- •2.1.Салық есебінің ережелері
- •2.2.Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері
- •2.3. Қазақстандағы салық саясатының басты бағыттары
- •3.Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
1.3.Бухгалтерлік есепті инновациялық технология жағдайында ұйымдастыру
Қазіргі кезеңдегі бухгалтерлік тәжірибедегі маңызды жаңалық «1с: бухгалтерия» бағдарламасын қолдану болып табылады. Ең алдымен, ол заңнаманың және де есеп нысандарының кез келген өзгерісіне бухгалтердің өзі баптай алатын эмбебап бухгалтерлік бағдарлама. Қазіргі кезде ол кішігірім және ірі кәсіпорындарда, акциөнерлік қоғамдарда, бюджеттік ұйымдарда және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерде сәтті қолданылуда. Біздің республикамызбен қатар бағдарлама ресейде, украинада, беларусьте, балтық елдерінде және посткеңестік кеңістіктің басқа да елдерінде кең қолданысқа ие болды.«1с: бухгалтерия» бағдарламасының артықшылығы - ол қарапайым есепке және күрделі есепке де қолданьша береді. Бұл ретте, қарапайым қолдану деп отырғанымыз: өткізбелерді (корреспонденцияларды) енгізу, айналым қалдықтарын, бас кітап шоттары карточкаларын алу, кассаны, банкті жүргізу, төлем құжаттарын басып шығару, салық органдарына есеп беру болып табылады. Бағдарламаның барлық мүмкіндігі аналитикалық есеп жүргізгенде ашылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінде (коммерциялык, сауда фирмаларында) осы бағдарламаның көмегімен тауарлардың нақты болуы мен қөзғалысының есебін, сатып алушылар және жабдықтаушылармен есеп айырысуларды, валюта, келісім-шарт есебін жүргізуге болады. Өндірістік компанияларда сандык және сомалық өлшем бірліктерімен қоймадағы материалдар есебін, негізгі құралдар есебін, дайын өнім және басқа да есеп бөлімшелерінің есебін жүргізеді.
Жыл сайын
бұл бағдарламаның версиялары, бухгалтерлік
есепті жүргізу құрылымын баптау
мүмкіндігін кеңейте отырып, толықтырады.
Жүйенің конфигурациялаумен, әкімшілік
шаруашылығымен және өнімділігімен
байланысты механизмдері кең өріс алуда.
«1с: бухгалтерия» жүйесіне кіретін
бағдарламаларға келесі өзіндік
ерекшеліктер тән:
кез келген бағдарлама қазақстан республикасының заңнамасына сай типтік конфигурациямен бірге жабдықталады, сондықтан да бухгалтер бірден жұмысқа кірісе алады;
бұл жүйенің бағдарламалары визуалды жобалаудың жақсы дамыған құралдарынан тұрады, сондықтан ол типтік конфигурацияны нақты бір шаруашылық субъектісі қызметінің ерекшелігіне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді.
игеру жеңілдігі, жұмыс істеу қолайлығы, операцияны өткізу жылдамдығы және де сандық және көпвалюталық есеп жүргізу мүмкіндігі, сонымен бірге, толығымен бапталу мүмкіндігі, яғни, шоттар тізбегін, өткізбелер жүйесін, бастапқы құжат нысандарын, есептілік нысандарын және т.б. Өзгертіп толықтыру мүмкіндігі;
шығыс (бастапқы) құжаттарды автоматты түрде қағаз бетіне басып шығару мүмкіндігі.
Егер кәсіпорында операциялардың үлкен ауқымы жүргізілсе, онда бір компьютерге барлық бухгалтерлік жазбаларды (өткізбелерді) енгізу және нәтижелерді талдау мен есептілікті құру қиынға соғады, тіпті мүмкін емес деп те айтуға болады. «1с: бухгалтерия» бағдарламасының көмегімен жұмысты әр түрлі компьютерлерде жұмыс істейтін бухгалтерлер арасында бөлуге болады. Оған қоса тасымалдау кұралдарының көмегімен барлық енгізілген жазбалардың қорытындыларын шығарып, есептілікті дайындап, компьютерде көшірмесін алуға болады.Сонымен қатар, бұл бағдарлама арқылы бірнеше фирмалардың бухгалтерлік есебін бір компьютерде жүргізуге болады. Мұндағы есеп компьютердің каталогы (директориясы) арқылы жүргізіледі. Бұл бағдарлама аналитикалық есепке арналған тауарлар, материалдар, ұйымдар, қызметкерлер, негізгі құралдар және т.б. Бойынша аналитикалық есеп анықтамаларының шексіз мөлшерін жүргізуге мүмкіндік береді. «1с: бухгалтерия» бағдарламасында аналитикалық есеп объектілері топтарын жалпылама атау үшін «субконто» термині колданылады. Субконто тізімі бас мәзірдің «операциялар» бөлімінің «субконто түрлері» режимінде енгізіліп өзгертіледі. Оны бухгалтерлік есеп шоттарын қарағанда және операцияларды енгізгенде де өзгертуге болады.
1998 жылдан бері нарықта дискеталарда немесе компакт-дискілерде шығарылатын «1с: бастапқы кұжаттар» бағдарламалық өнімінің электрондық нұсқасы пайда болды. Бұл бағдарлама пайдаланушыға бағытталған және құрамдас көмек жүйесін қамтиды. Бағдарлама бастапқы құжаттардың бірізді нысандарын қалыптастыруға, оларды толтыруға, компьютер жадында сақтауға, басып шығаруға, қажет болған жағдайда, қайтадан қолдануға мүмкіндік беретін анықтамалық ақпараттан тұрады.
Бұл саладағы ерекше жетістіктердің бірі - «1с» фирмасының «1с: кәсіпорын» жүйесінің бағдарламалық өнімінінің жаңа версияларын енгізуі. Сонымен қатар, «1с: бухгалтерия» бағдарламасын қолданатын пайдаланушылардың көптеген арыз-тілектерін ескере келе, бұл бағдарламада коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдарға арналған ағымдық заңнамаларға сәйкес бухгалтерлік есептің стандартты әдістемесі іске асырылған.«1с»-тің жаңа версиялары туралы айта отырып, оған шот бойынша қалдықты есепке алмай, тек оның айналымын ғана талдауға арналған аналитикалық есеп бөліктерін кұру мүмкіндігі енгізілгендігін де ерекше атап өткен жөн. Ол түсім түрлері бойынша және шығыстар бағыты, пайда мен зиян түрлері, т.б. Бойынша тәуелсіз аналитикалық есепті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Аналитикалық есепті ұйымдастыру үшін оның кейбір бөліктері үшін сандық, валюталық және сомалық есептің жүргізілуін уақытша алып тастау мүмкіндігі маңызды болып табылады. Өз кезегінде, материалдар есебі үшін оларды сақтау орындары бойынша есепті тек табиғи өлшеммен жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар, материалдар номенклатурасы бойынша табиғи өлшеммен де, құндық өлшеммен де жүргізуге болады. Аналитикалық есепті осылайша құру, бір жағынан, қоймалық есеп жүргізуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан, материалдардың өзіндік құнын оларды қоймаларға бөлу есебінсіз дұрыс есептен шығаруды қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, жаңа бағдарламалық өнімдерде басқа шоттармен корреспонденцияланатын өткізбелерді кұруға қажетті мәліметтерді енгізуге мүмкіндік беретін эмбебап құжаттарды қалыптастыруға болады. Мұнда әрбір шоттың өзіне тән ерекше бапталуы мүмкін. Бағдарлама тандап алынған шотқа байланысты шоттың ерекше бапталуына сай келетін талдау мәндерін толтыруды ұсынады, ал егер корреспонденцияланатын шот бойынша есеп табиғи өлшеммен жүргізілсе, онда оның саны да сұралады. Енгізілген ақпарат негізінде бағдарлама автоматты түрде барлық корреспонденцияланатын шоттар бойынша өткізбелерді құрастырады. Мұндай құжат эмбебап болып табылады және де оның құрылымына еш өзгеріс енгізбей-ақ, сомасы сәйкес келетін барлық шоттарға қолданыла береді.Сонымен қатар, жаңа версияларда кұжаттардың кестелік бөлігінде жолдардың ерікті түрде орнын ауыстыру және жолдарды әр түрлі бағандардың мазмұнына қарай сұрыптау мүмкіндігі де пайда болды, мысалы тауарлардың атауы немесе сомалар бойынша сұрыптауға болады.Операцияларды қолмен немесе жартылай автоматты түрде енгізуге бағытталған бағдарлама құралдары да әрі қарай дамуда. Мысалы, егер дұрыс өткізбелердің толық тізімі әзірленген болса, онда операцияларды қолмен енгізген кезде өткізбенің корреспонденцияланатын шоты тек шоттар тізбегінен ғана таңдалмайды.Жаңа кірсуші пайдаланушьшар бір типті операцияларды енгізуді автоматтандыру үшін «типтік операциялар» режимін қолдана алады. Бұл мәліметтерді енгізуді жылдамдатудың ең қарапайым тәсілі. Жаңа версияда типтік операцияларды файлға кіргізу және файлдан шығару құралдары пайда болды. Ол құрылған типтік операцияларды бір ақпараттық базадан басқасына ауыстыруға мүмкіндік береді. Типтік операциялардың жекелеген өрістері үшін нақты мәлімет түрінде көмекші жазбаларды беріп қоюға болады.
Одан басқа, соңғы версияға аналитикалық есептің барлық немесе нақты бір обьектісі бойынша ғана емес, сонымен бірге тізім бойынша берілетін объектілердің кез келген жинағы бойынша да түрлі мәлімет беретін есеп берулерді кұру мүмкіндігі енгізілген.
Кез келген есеп беруді немесе құжаттың бастапқы нысанын «1с: кәсіпорын» жүйесінің бағдарламалары қойылмаған компьютерлерде құжатты көруге болатындай және қосымша талдау жүргізе алатындай етіп м8 ехсеl электронды кесте форматына жазып шығуға болады. Жүйенің құрамына іскерлік графикамен бірге есеп берулерді құру механизмі кірген. Типтік конфигурацияның жаңа редакциясында бухгалтерлік қорытынды мәліметтерін графикалық түрде әр түрлі бөліктерде ұсынуға мүмкіндік беретін «диаграмма» стандартты есеп беруі пайда болды.
Бағдарламамен жұмысты неғұрлым қолайлы және көрнекті қылатындай жаңа мүмкіндіктерді де атап өткен жөн. Мысалы, журналдарда, құжаттар мен есептіліктерде теріс сомалар қызыл түспен көрсетіледі. Бағдарламаның басты терезесінің астыңғы бөлігінде терезелер панелі орналасқан. Оның көмегімен ашылған анықтама, журнал, құжаттарға, есеп беру барысында тез ауысып, кіріп отыруға болады.
Аса маңызды жаңалық ретінде бағдарламалау қабілеті жоқ пайдаланушының конфигурацияға өзгерісті өз бетімен енгізе алатындай конфигурациялау құралдарының дамуын атап өтуте болады. Осы мақсатта конфигурациялау режиміне конфигурацияларды визуалды түрде өзгертуге жарамды әр қилы құрастырмалар (конструкторлар) енгізілді. Осылайша, «есеп беру конструкторы» аналитикалық шоттары, кезеңдер, валюта және т.б. Бөліктер бойынша бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде күрделі есеп беруді құра алады. Конструктормен жұмыс істеу барысында пайдаланушының іс-әрекеті конструктор ұсынатын әр түрлі нұсқалардың ішінен таңдап алуға негізделеді. Бұл тек құжаттар мен есеп берулерді жеңіл құрастыру ғана емес, сонымен бірге «1с: бухгалтерия» бағдарламасының баптау құралдарының мысалдары негізінде оларды игеру мүмкіндігін береді. Жалпы алғанда, соңғы версия және оның қасиеттері енгізілген алуан түрлі мүмкіндіктерден тұрады, оның ішінде: икемді аналитикалық есеп, құжаттардың операцияларды автоматты түрде қалыптастыруы, тоқсан сайын жаңартылатын реттелуші есеп берулер (бухгалтерлік, статистикалық, салықтық және басқалары) және т.б. Кіреді.
Кәсіби дайындығы жоғары бухгалтер мамандарға сұраныстың өсуі қазіргі кезде олардың дайындығына басқаша қарауды талап етеді. Бухгалтерлік есеп, бүгінгі танда, көбінесе компьютерлік есеп екенін ескере отырып, қазіргі заман бухгалтеріне дербес компьютерді және оның бағдарламаларын игеру міндетті талап болып қойылады. Сондықтан, қазіргі жағдайда маманның компютермен жұмыс істеу мүмкіндігін шынайы бағалай алу үшін арнайы «1с: кәсіби маман» бағдарламасы жасалып шығарылған. «1с: бухгалтерия» пайдаланушысына бағдарламаның шегінде сертификаттық емтихан тапсыру мүмкіндігі беріледі және оны жақсы тапсырған жағдайда, маманда «1с: бухгалтерия» бағдарламасын қолданатын компьютерлік есеп саласында жоғары деңгейлі білімі бар екенін дәлелдейтін бірыңғай үлгідегі сертификат беріледі. Емтихан компьютерде авторизацияланған сертификациялау орталығында (асо) тапсырылады. Емтихан тапсырушыларға бірыңғай талаптар қойылады.