
- •1.1.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, жүргізу және қайта қалпына келтіру
- •1.2.Бухгалтерлік есептің принциптері
- •1.3.Бухгалтерлік есепті инновациялық технология жағдайында ұйымдастыру
- •2.1.Салық есебінің ережелері
- •2.2.Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері
- •2.3. Қазақстандағы салық саясатының басты бағыттары
- •3.Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
«БЕКІТЕМІН»
Оқу ісі жөніндегі проректор
_________________Ж.Б. Жұманазаров
«___»_________________2013ж.
050508 - «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ»
МАМАНДЫҒЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК (ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ)
ТӘЖІРИБЕСІ
“Бухгалтерлік есеп және салық есебінің мақсаты мен Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдай”
Орындаған:Кужанбаева Қ.
Астана 2013
Мазмұны
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп мәні, мақсаты, маңызы
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру,жүргізу және қайта қалпына келтіру
Бухгалтерлік есеп принциптері
Бухгалтерлік есепті инновациялық технология жағдайында ұйымдастыру
САЛЫҚ ЕСЕБІ
САЛЫҚ ЕСЕБІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлер
Қазақстандағы салық саясатының басты бағыттары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Бухгалтер – болу үшiн дұрыс есептей бiлу, басқара бiлу жеткiлiксiз, ол үшiн ұйымның тиiмдiлiгiн арттырудың жолын және әдiсiн ойлап таба бiлу қажет. Дж.мэй
«Есеп саясаты» термині ресми түрде қазақстан республикасы бухгалтерлерінің іс тәжірибесіне, кезіндегі зақстан республикасы бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның 1996 жылғы 13 қарашадағы №2 қаулысымен енгізілді. Толық түрде есеп саясаты №1 «есеп саясатының маңызын ашу» жөніндегі №1 бухгалтерлік есеп стандартында танылып, меншік түрі мен қызмет ерекшеліетеріне қарамастан барлық ұйымдарда міндетті түрде жасалынатыны болды. Әрбір ұйым өзінің есеп саясатын қалыптастырып, мұның өзін ішкі шаруашылық өрісінде және бухгалтерлік есеп жүргізу ісіне қолданатын мүмкіндікке ие болатын болды.
Есеп саясаты – деп ұйымдарды іс-тәжірибе қолданылатын бухгалтерлік есеп объектілерін жіктеп, жүргізуге арналған өрісі кең ережелер жүйесін айтады.
Ұйымдар мен кәсіпорындарда жасалынып қалыптасатын есеп саясаты бухгалтерлік есеп жөніндегі принциптерден, ереже – нұсқаулардан, әдістер мен әртүрлі ішкі операциялар маңызынан құрылады. Мұның барлығы қаржылық есеп жүйесін жүйелеп тапсыру мақсатындағы шындық көрсеткіштерді дәлелдеу мақсатында іске асырылады.
Есеп саясатының түпкі мақсаты – нарық пен базарлы саудаға түсетін ұтымды жолдарды анықтау, өндірісті ары қарай модернизациялау, жаңа және сапалы өнімдер өгдіруге ықпал ету, қаржылық күйреу жағдайын болдырмау, материалды активтер мен басқа да құндылықтарды дүрыс бағалау мен есептен шығару, резервтік қорлар көздерін көбейту өндірістік тиімділігін ұтымды басқару болып табылады. Түпкі мақсаттың ең дәлелдісі ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есеп — заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген. Бухгалтерлік есеп - бұл «бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар қр президентінің жарлығына сәйкес шығарылатын стандарттар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге негізделген активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, субъектілердің табыстары мен шығыстары туралы ақпараттарды тіркеу және жинақтау жүйесі болып табылады.
Салық есебі – салық заңнамасында көзделген тәртіпке сәйкес топтастырылған бастапқы құжаттардың негізінде салықтар бойынша салық базасын айқындау үшін ақпарат жинау, тіркеу және қорытындылау жүйесі.салық есебі салық төлеуші есепті (салық) кезеңбойына жүзеге асырған шаруашылық операцияларға салық салу үшін, сондай-ақ салықтардың дұрыс есептеліп, бюджетке төленуін бақылау үшін ішкі және сыртқы пайдаланушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатымен есептеу тәртібі туралы толық та рас ақпаратты қалыптастырады. Салық есебінің міндеттері мен атқарымын орындау үшін салық заңмасында арнаулы тәсілдер менәдістер айқындалған, олардың жиынтығы салық есебінің өзара байланысты әдіснамасын құрайды. Салық құжаттамасына: есеп беруге-есептесуге арналған салық құжаттамасы, ілеспе салық құжаттамасы, салық есебінің, хабарламасының талдамалы тізілімдері жатады. Салық құжаттамасының ерекшелігі – бастапқы салық құжаттамасы болмаған жағдайда салық есебін жүргізу үшін шаруашылық операциялардың жасалуы тіркелетін бастапқы бухгалтерлік есеп құжаттары негіз болады.
Ғылым ретіндегі бухгалтерлік есеп - баршамызға белгілі кез-келген саладағы бизнес табысы көбінесе бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне тікелей байланысты болып табылады. Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялары бизнес тілі болып таб[c]ылады. Бизнес барлық қатынасушыларын бір мақсат біріктіреді, яғни бухгалтерлік мәліметтер жеткілікті және толық болуы шарт.
Бухгалтерлік есеп деп – кәсіпорындарды ақпараттар және мәлімттермен қамтамасыз ететін мәні мен пәні бар жүйені айтамыз. Нарықтық қатнастардың экономикалық өмірге енуіне байланысты, әсіресе коммерциялық бағыттағы және меншікті кәсіпорындар табыс табуды мақсат тұтады. Егер бухгалтерлік есепті кәсіби бухгалтерлер мен ақпараттарды пайдаланушылардың көз қарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда бухгалтерлер үшін ақпараттардың қашан және қандай жұмыстарын жүргізумен қатар, қаражаттар мен олардың құралу көздерінің қозғалысын есептеп, қорытынды есепке түсіру мақсаты туындайды.
Бухгалтерлік есеп ерекше бір тілде жүргізіледі. Мысалы, «ұсталымдар», «шығындар», «шығыстар» сөздері бухгалтерлік есепте нақты бір жағдайды қалыптастыру, қолдану және оларды бағалау кезінде қолданылады.
Кәсіпкерліктің кейбір аспектілері тиімді экономикалық шешімдерді қолдану үшін сандық мәліметі жағынан анықталады және тіркеледі.
Кез-келген шаруашылық субектілері шаруашылық процесі кезінде шаруашылық активтері мен міндеттемелері және меншікті капиталда өзгерістерді қалыптастыратын көптеген шаруашылық операциялары мен қызметтерді орындайды.
Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруды қалыптастыру мақсатында ресурстар қолданылады, яғни материалдық және еңбек ресурстары, ғимараттар мен құра-жабдықтар, сондай-ақ әр түрлі қызмет көрсетулер. Ресурстар тек өздігінше қалыптаспайды, оларды әрдайым қаржыландыру қажет. Ресурстар ақша қаражаттарына алмасады. Нарықтық экономика жағдайларына байланысты ақша қаражаттары немесе ақша қаражаттарына алмасқан экономикалық ресурстардың белгілі бір қалыптасу көздері болуы қажет. Сонымен, бухгалтерлік есеп – бұл ресурстардың қолдану тиімділігін және шаруашылықтағы басқару процесін сипаттайтын ғылым болып табылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық ұйымдары әр түрлі көздерден келіп түсетін капитал жиынтығынан қалыптасады, яғни оларға кәсіпорынның капиталына өз қорларын салатын инвесторлар қаржысынан, кәсіпорынның шаруашылық қызмет нәтижесінде қалыптасатын қаржысынан қалыптасуы мүмкін. Әр түрлі көздерден қалыптасқан кәсіпорын қорлары әр түрлі мақсаттарға жұмсалады: шаруашылық субъектілерінде негізгі қорларды қалыптастыруға, тауарлы босалқыларды қалыптастыруға, еңбек ақы төлеуге, дебиторлық қарыздарды қаржыландыруға және тағы басқаларға.
Қазіргі заманғы бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша дивиденд саясаты, негізгі және айналым қорларымен, ақша активтерімен жұмыс істеудің арнайы әдістері, салық есебінің ережелері мен әдістері анықталады. Осылайша бухгалтерлік есеп активтер мен пассивтердің, құрылымын, ақша қаражаттарының, тауарлы-материалдық қорлардың, негізгі қорлардың қозғалысын және басқа да бухгалтерлік есептің барлық объектілерін зерттейді.
Шаруашылық субъектілеріндегі шаруашылық операциялар экономикалық процестің негізгі фазаларымен сәйкес тіркелуі қажет. Ол фазаларға келесілер жатады:
1. Активтер мен олардық көздерінің қалыптасуы;
2. Инвестициялар;
3. Қаржы активтерінің қалыптасуы /экономикалық ресурстардың/ және міндеттемелерді қабылдау;
4. Өндіріс процесімен байланысты активтерде өзгерістердің болуы;
5. Табыстардың қалыптасуы;
6. Табыстардың бөлінуі және қайта бөлінуі;
7. «бөлінбеген пайданың» қалыптасуы және оның өндіріс процесін кеңейтуге қолданылуы;
Шаруашылық құралдарының құжатпен ресімделген. Қозғалысы мен өзгерісінің фактісі шаруашылық операциясы болып табылады.
Бұл орайда шаруашылық операциялары кәсіпорынның мүлкіне ғана (баланстың активі) немесе оның тек пайда болу көзіне (пассив) ғана немесе бір мезгілде мүлікке де, оның қалыптасу көзіне де баланстың активі де, пассиві де) қатысты болуы мүмкін.
Шаруашылық операциялары жеткізушілерден тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алудан, негізгі қорларды пайдаланудан, жалақы есептеуден, өнім өндіруге жұмсалған шығыңдарды анықтаудан және т.с.с. Тұрады.
Біртектес шаруашылық операцияларының жиынтығы шаруашылық процесі деп аталады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне тән 3 шаруашылық процесін ажыратуға болады:
- өндірістік корларды дайындау;
- өнім өндіру;
- сату (өткізу).
Дайындаудың мәні еңбек заттарын қажет ететін кәсіпорынның оларды басқа кәсіпорындардан сатып алуынан тұрады. Бұл жерде ақша қаражаттары еңбек заттарына айырбасталады. Аталған процесте дайындалған материалдар мен оларды сатып алуға байланысты шығындар ақшалай бағамен ескеріледі.
Материалдық құндылықтарды дайындау нәтижесінде кәсіпорындардың, компаниялардың арасында көптеген есеп айырысулар туындайды. Олар екі жақты сипатқа ие болады. Бір кәсіпорын басқасының алдында борышкер (дебитор) рөлін, ал басқасы — несие берушінің рөлін (кредитор) атқарады.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау.ұйымның өз экономикалық және саяси жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпараттық мәліметтермен қамтамасыз ету. Қорыта келгенде, бухгалтерлік есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс табуы жатқызылады.бухгалтерлік есептін мақсаты бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылардың мүддесі мен ыңғайына байланысты. Басқарушылардың (әкімшіліктердің) ықпалы акционерлердің (меншік иелерінің) мүдделеріне қайшы келетін салық мәлімдемесінен тұрады. Кейінгілердің мақсаты шынайы қаржылық есептілікті құру нәтижесінде таза табыс ұсыну мен есеп айырысуға тіреледі. Бухгалтерлік есептің міндеті-кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады.сонымен қатар бухгалтерлік есептің негізгі міндеті - халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді: 1. Есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау; 2. Оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу; 3. Шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.
1.1.Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, жүргізу және қайта қалпына келтіру
Бухгалтерияның табысты және тұрақты жұмыс істеуінің шарты - сауатты ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп болып табылады. Ретсіз, жүгенсіз жүргізілген бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлердің қатасы мен есептік деректерді өңдеуге кететін уақытты тиімсіз жұмсауға алып баруы мүмкін. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мақсаты – ең аз шығындармен бастапқы құжаттарды өткізіп, есептілікті алуға мүмкіндік беретін ең қолайлы есеп схемасын әзірлеу және ендіру болып табылады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру келесі құжаттарды әзірлеуді білдіреді:
Бухгалтерлік есеп және салық салу мақсаттарына арналған ұйымның есептік саясаты
Бастапқы құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар тізімі және олардың қолтаңбаларының үлгісі
Кәсіпорын басшысының бекітілген лауазымды тұлғалар тізімінде көрсетілмеген тұлғаларға бастапқы есептік құжаттарға қол қою құқығын беруі туралы бұйрық жобасы
Түзету өткізулері туралы бухгалтерлік анықтама формасы
Өкілдік мақсаттарға арналған қаражатты есептеу және шығындау тәртібі туралы ереже
Касса қалдықтары лимитін бекіту туралы бұйрық жобасы
Типтік шаруашылық шарттар альбомы
Бухгалтерлік қызмет туралы ереже
Жұмысшылардың лауазымдық нұсқаулары
Материалдық жауапкершілік туралы шарттар.
Құжаттарды ағымдағы мұрағаттау тәртібі туралы ереже
Бухгалтерлік есеп дегеніміз – мүлік, ұйым міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақпаратты ақшалай көріністе, барлық шаруашылық амалдарды біртегіс, үнемі және құжатты есепке алу арқылы жинау, тіркеу және жалпылаудың реттелген жүйесі. Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында субъект мыналарды қамтамасыз ету керек:
A) есеп беру кезеңі барысында жекелеген шаруашылық амалдарды
B) көрсету және активтер мен міндеттемелерді бағалауды есепке алу
C) бойынша қабылданған саясатының айнымас болуын
D) есеп беру кезеңі бойынша барлық шаруашылық амалдардың есепке
E) алынуында толық көрсетілуін
F) есеп беру кезеңдеріне сай кіріс және шығындардың дұрыс көрсетілуін
Бухгалтерлік сүйемелдеу және ұйымға қызмет көрсету бойынша қызмет
Кешеніне мына қызмет түрлері кіреді:
1) бастапқы есептік және салық құжаттарының бар екендігін, дұрыс рәсімделгендігін және заңнама талаптарына сай екендігін тексеру
2) жетпейтін бастапқы есептік және салық құжаттарын жасау, алынған шот-фактураларды өңдеу және ұсыну
3) қр-ның салық заңнамаларына сәйкес салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлем тапсырмаларын төлеуге дайындау
4) барлық немесе жекелеген есеп учаскелерінің талдау және синтездік есептерін жүргізу
5) банк және касса амалдарын рәсімдеу және өңдеу, банк көшiрмелерін, кадрлық құжаттарды өңдеу
6) типтік шарттарды әзірлеу, клиенттермен қатынасты рәсімдеу
7) есеп беретін тұлғалармен есептерді жүргізу және өңдеу
8) жабдықтаушылармен және сатып алушылармен есептерді жүргізу және өңдеу
9) тіркелген активтерді есептеу
10) жалақыларды есептеу
11) ішкі қаржы есептерін жасау
12) барлық бухгалтерлік (қаржы) және салық есептілік формаларын
Жасау.
13) бухгалтерлік және салық есептерінің регистрлерін жасау
Бухгалтерлік есепті қайта қалпына келтіру.оның мәні келесідей – толық немесе жарым жартылай берілген бастапқы құжаттар негізінде синтездік, аналитикалық және салық регистрларын, ұйым есептіліктерін қалпына келтіру. Ол бастапқы құжаттар ұйымның көшуі немесе бухгалтерлерді ауыстыруға байланысты, кәсіпорынның белгілі бір жұмыс кезеңінде есепті дұрыс жүргізбеуіне және т.с.с. Байланысты жоғалуы мүмкін.
Бухгалтерлік есепті қайта қалпына келтіру процедурасы қолда бар бастапқы құжаттар бойынша синтездік және аналитикалық бухгалтерлік және салық регистрларын, және сонымен қатар өткен уақыт кезеңдері бойынша ұйым есептілігін жандандыруға мүмкіндік береді. Салықты азайту схемаларын (сұлбаларын) пайдалана отырып барлық есеп регистрлары қалпына келтіріледі және жасалады, тоқсан және жылдық есептілігі түзіліп, салық инспекциясына тапсырылады, ары қарай бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша консультациялар беріледі.
Құжаттар мазмұндық көлемі бойынша мына топтарға бөлінеді:
- алғашқы (бастапқы) — шаруашылық операциялары жасалған кезде тікелей рәсімделеді;
- жиынтық — алғашқы құжаттардың негізінде жасалады; олар барлық алғашқы құжаттарды біріктіріп және есепке алынған операциялардан қосымша мәлімет алу мақсатында сол мәліметтерді топтастырады.
Құжаттар жасалу орны бойынша мына топтарға бөлінеді:
- ішкі — кәсіпорынның өзі жасайды;
- сыртқы — басқа кәсіпорындардан, ұйымдардан, жеке тұлғалардан түседі. Құжаттар толтырылуы бойынша бөлінеді:
- типтік — халық шаруашылығының барлық салаларында, өзгеріссіз және қосымшасыз пайдаланады;
- арнайы — халық шаруашылығының кейбір салаларында, нақты кәсіпорын үшін жеке әзірленген жағдайында пайдаланады.
Шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін қолдан алғашқы құжаттардың нысаны кәсіпорынның өзінде әзірленіп бекітіледі, егер де оларға аса үлкен талаптар қойылмаса. Алғашқы құжаттар мынадай міндетті реквизиттерден тұрады:
- құжаттың атауы (нысаны);
- жасаған күні;
- субъектінің атауы, яғни кімнің атынан құжаттардың жасалғанын білдіреді;
- шаруашылық операциялардың мазмұны (ақшалай және заттай көрсетіледі).
- қызмет бабындағы тұлғаның атқаратын қызметі, яғни жасалған операцияға және оның дұрыс рәсімделуіне жауапты тұлға;
- жеке қолдары және олардың аты-жөні, қызметі.
Құқықтық актілердің нормативтік талабына және операцияның сипатына, сондай-ақ есеп ақпараттарының өңделу тәсіліне байланысты алғашқы құжаттардың реквизиттері енгізілуі мүмкін.
Бухгалтерлік құжаттарды жүргізу әдісіне біршама талаптар қойылады, олардың негізгілері болып: құжаттылығы, жазулардың қысқа әрі түсініктілігі, жазуларды өзара бақылау жасау мүмкіндігі және т.б. Жатады (жазуды корреспонденцияланған шоттары бойынша тексереді).
Құжаттардағы жазулар, цифрлар барынша анық, әрі түсінікті болуы тиіс. Ондағы мәліметтердің дұрыстығына, оған қол қоятын тұлғалар жауап береді.
Кәсіпорын басшысы құжаттарға қол қоюға құқы бар тұлғаларды анықтайды. Электрондық қол қоюды пайдаланушы субъектілер электрондық қол қоюды пайдалануға қатысты құқын, бақылауға және тиісті сақтық шараларын белгілеуі тиіс.
Бухгалтерлік есепте алғашқы құжаттардың қозғалысы (жасау немесе басқа субъектілерден алу, есепке қабылдау, өңдеу, архивке беру сияқты құжат айналымын) кәсіпорын басшысы бекіткен графигімен белгіленеді (регламентацияланады).
Барлық бухгалтерлік құжаттар жазылған сәттен бастап, архивке (мұражайға) тапсырылған сәтке дейін белгілі бір есептік өңдеу кезеңдерінен (сатысынан) өтеді. Құжаттардың бұндай қозғалысы құжат айналымы деп аталады. Кез келген құжаттардың барлығы өзіне тән сатыдан өтуі тиіс: жасау, бухгалтерияға қабылдау (бұл жерде тексеру, таксировка және құжаттарды есептік өңдеулер жүзеге аасады), есеп регистрлеріне мәліметтерді жазу, ағымдағы архивке (мұражайға) беру.
Құжат айналымының басты мақсаты құжаттардың қозғалысын дұрыс ұйымдастыру болып табылады, демек ол бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың бірде-бір қағидасы болып саналады. Құжат айналымын ұйымдастыру келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс: әрбір құжат түрі басы артық операциялар мен инстанцияларсыз ең қысқа жолмен қозғалыста болғаны жөн; құжаттар дайындалған және олардың бір инстанциядан екіншісіне өткен кезде, олардың нақты орындаушылары көрсетіледі; құжаттарды өңдеу мерзімі неғұрлым қысқа болғаны жөн.
Қазіргі таңда, бухгалтерлік есепті компьютеризациялаудың көмегімен ондағы құжат айналымын арттыру мүмкіндігі зор.
Бухгалтерияға келіп түскен құжаттар есептік регистрлерге жазылғанға дейін бухгалтерлік өңдеуден етеді. Ол құжаттардың нысандарын және олардың реквизиттерін тексеруден (құжат белгісі бір нысанда жазылған ба, ондағы міндетті реквизиттер толтырылған ба және олар дұрыс толтырылған ба, лауазымды қызметкерлердің алдын ала қарастырылған қолдары қойылған ба), операциялардың мәнділігі бойынша тексеру (құжатта көрсетілген операциялардың көздеген мақсатқа сәйкестігі мен заңдылығы, оның мазмұны нормаларға, жоспарлы тапсырмаларға, сметаға және т.б. Сәйкес келе ме) жүргізуден, таксировкадан, арифметикалық тексеруден (қорытындыларды есептеу, жеңілдіктер сомаларын айқындау және т.б.), құжаттардағы қателерді түзетуден, шоттардың корреспонденциясын және құжаттардағы шығындардың статьяларын бақылаудан тұрады.
Бухгалтерияға келіп түсетін құжаттардың көпшілігі тек шаруашылық операцияларының натуралды өлшеуіштерінен ғана тұрады. Бухгалтерияда құжаттар тексеріледі (таксировка жасалынады) және соған сәйкес қорытындылар есептелініп шығарылады.
Құжаттардағы қателерді түзету дегеніміз — арифметикалық және мән-мағынасы бойынша түзетулер нәтижесінде анықталған қателер бухгалтерлік есептің талаптарына сәйкес түзету деген сөз. Құжаттардағы анықталған олқылықтар оны құрастырушы жауапты адамдарға кері қайтарылады.
Бухгалтерлік есеп құжаттарының қатесін жөндеудің бірнеше әдісі бар.
Корректуралық (түзету) тәсілі — текстегі немесе сомадағы қатенің үстінен бір сызықпен сызып, қасына дұрыс мәліметті жазып қоюдан тұрады және оған осы құжатқа қол қойған тұлға қол қойып, жаңылысып кеткені туралы айтылады. Бірақ бұл тәсіл банкі мен касса құжаттарында пайдаланбайды.
"қызыл жазу" тәсілін, шоттар корреспонденциясында жіберілген қателерді түзету үшін пайдаланады. Бұл әдісте жіберілген қатені қызыл сиямен жазады. Нәтижесінде жіберілген қате жазбасы жойылады, демек қызылмен түскен жазулар шегеріледі. Содан кейін шоттар корреспонденциясының дұрыс жазулары жасалады, ол әдеттегі сиямен (жазумен) жазылады.
Қосымша жазу (проводка) әдісі дұрыс шоттар корреспонденциясы жасалған кезде қате сомасы болған жағдайда пайдаланады. Шоттар корреспонденциясын әдеттегі сиямен (жазумен) жазу арқылы катені түзейді.
Ішінара қосымша тәсілі дұрыс шоттар корреспонденциясы жасалған кезде, қате сомасы көп болған жағдайда пайдаланады. Қатені қызыл жазудың көмегімен қалпына келтіреді, бірақ қызыл жазу қате сомамен дұрыс соманың арасындағы айырмасына ғана жазылады.
Есептік жазбалар үшін пайдаланған құжаттарды "жабылды" деген мөртаңба қою арқылы жабады. Ақшалай құжаттарын "алынды" немесе "төленді" деген мөртаңбамен жабады.
Бухгалтерияға келіп түскен құжаттар тексеруден және корректировкадан өткеннен кейін, әдеттегідей, талдау және жинақтау есебін жүргізіп (ведомостілер, журнал-ордерлер) өзара үйлесімділігін сақтап, содан соң есептік регистрлерде топтастырылады.
Бірлі-жарым құжаттар ғана регистрлерде топтастырылмауы мүмкін. Белгілі бір есептік регистрлерге жататын, барлық құжаттар, жеке бумада (папкада) сақталуы тиіс, онда барлық қажет анықтамалық мағлұматтар көрсетіледі.
Есептік кезең біткеннен кейін, бухгалтерияда тұрған барлық құжаттар, архивке (мұражайға) өткізіледі, онда ол есептік саясатта айтылған мерзімі бойынша сақталады.
Бухгалтерлік есепті қайта қалпына келтіру мәні келесідей – толық немесе жарым жартылай берілген бастапқы құжаттар негізінде синтездік, аналитикалық және салық регистрларын, ұйым есептіліктерін қалпына келтіру. Ол бастапқы құжаттар ұйымның көшуі немесе бухгалтерлерді ауыстыруға байланысты, кәсіпорынның белгілі бір жұмыс кезеңінде есепті дұрыс жүргізбеуіне және т.с.с. Байланысты жоғалуы мүмкін. Бухгалтерлік есепті қайта қалпына келтіру процедурасы қолда бар бастапқы құжаттар бойынша синтездік және аналитикалық бухгалтерлік және салық регистрларын, және сонымен қатар өткен уақыт кезеңдері бойынша ұйым есептілігін жандандыруға мүмкіндік береді. Салықты азайту схемаларын (сұлбаларын) пайдалана отырып барлық есеп регистрлары қалпына келтіріледі және жасалады, тоқсан және жылдық есептілігі түзіліп, салық инспекциясына тапсырылады, ары қарай бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша консультациялар беріледі.