Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kopia_2_137-292.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
90.66 Кб
Скачать

Тапсырма №171

(Жұтқыншақ аурулары)

. 5 айлық нәресте мазасыз, жылайды, температурасы 39,90С, аузы арқылы ғана дем алады, емуден бас тартады. Жұтқыншақтың артқы қабырғасының кілегейлі қабығының айқын гиперемиясы, жұмсақ тіндердің инфильтрациясы анықталады. Мұрын қуысының кілегейлі қабығы өзгермеген, мұрын жолдарында патологиялық бөліністер жоқ. Мұрындық тыныс алу қиындаған.

Диагноз қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

================================================

Тапсырма №172.

(Жұтқыншақ аурулары)

)

Ұзақ антибиотикотерапия фонында әлсіреген пневмониямен ауырып жатқан науқастың дене температурасы жоғарылады, тамағында ауыру сезімі, кілегейлі қабықтың гиперемиясы, бадамшалар бетінде қақтар пайда болды. Үлкен емес беткей қақтар кейін қосылып, таңдай доғашықтарына және жұтқыншақтың бүйір қабырғаларына таралғаны байқалды.

Диагноз қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

Тапсырма №173

(Жұтқыншақ аурулары)

16 жастағы науқас қабылдау бөліміне зембілмен жалпы әлсіздікке, басының ауыруына, тамағындағы ауру сезіміне шағымданып түсті. Ауырғаны екінші күн. Анамнезінен бір апта бұрын инфекцилық бөлімге түскен баламен қарым-қатынаста болғаны белгілі болды.

Жағдайы орташа ауырлықта. Науқас әлсіреген. Төсекте қиындықпен отырады. Тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Температурасы 38,60С, пульсі минутына 88 соққы. Жұтқыншағының кілегейлі қабығы гиперемияланған, сұр реңді, бадамшалары доғашықтарға таралған лас-сұр түсті қақтармен қапталған. Қақтар қиын алынады, сәйкес тін қанайды. Бадамшалар айналасындағы жұмсақ тіндер домбыққан, ісінген. Аузынан иіс шығады. Жақасты аймағында жергілікті лимфа түйіндері айналасындағы жұмсақ тіндердің ісінгені анықталады, лимфа түйіндері үлкеймеген,

Болжамды диагноз қандай? Диагнозды нақтылау үшін не істеу керек? Дәрігерлік тактика қандай?

======================================================

Тапсырма №174.

(Жұтқыншақ аурулары)

38 жастағы науқас, рентгенотехник, жұтуға бөгет болатын тамағындағы ауыруға, денесінің температурасының жоғарылауына, аяқ-қолының ауыруына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Ауру екі күн бұрын жедел басталған және, науқастың пікірінше, салқын тиюмен байланысты.

Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары құрғақ, сұрлау-сары реңді, температурасы 390С, пульсі минутына 88 соққы.

Фарингоскопия: кілегейлі қабығы шамалы гиперимияланған, бадамшалары лас-сұр түсті некротикалық қақтармен қапталған. Жергілікті лимфа түйіндері үлкеймеген. Қанды зерттегенде формулада гранулоциттердің айқын төмендегені анықталады.

Диагноз қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

Тапсырма №175.

(Жұтқыншақ аурулары)

14 жастағы қыз тамағындағы ауыруға, әлсіздікке, температурасының жоғарылауына шағымданады. Бірнеше күндік болмашы әлсіздіктен кейін, үш күн бұрын ауырып қалды.

Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары ылғалды, температурасы 400С. Жұтқыншақ кілегейлі қабығының гиперемиясы. Бадамшалары ақ қақпен қапталған. Жақастылық, жоғары мойындық, қолтықастылық және шап лимфа түйіндерінің үлкейгені анықталады.

Қан зерттеуінде: лейкоциттер – 12*109/л, эозинофилдер – 0%, базофилдер – 1%, таяқшаядролы нейтрофилдер – 0%, сегментоядролы нейтрофилдер – 23%, лимфоциттер – 50%, моноциттер – 26%.

Диагноз қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

=======================================================

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]