Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kopia_2_137-292.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
90.66 Кб
Скачать

Тапсырма №147.

( Мұрын аурулары )

54 жасар науқас ЛОР- бөліміне «жедел пансинусит» диагнозымен жеткізілді. 10 күн бұрын ауырған, дәрігерлерге қаралмады. Рентгенограммада барлық қосалқы қойнауларының күңгірттенуі және сол жақ маңдай мен жоғарғы жақ қойнауларында сұйықтық деңгейі анықталды. Дене қызымы 38,5˚С, тамыр соғысы ырғақты, толуы қанағаттанарлық, 66 рет минутына. Қарап тексергенде науқас ыстықтап жатқанын айтып, шешінуге талпынды. Дәрігер оны тоқтатқан кейін, науқас күліп, дәрігерден ­жалаңаш әйелдерден ыңғайсызданасыз ба?­деп, сұрады. Тексеруден кейін сол жоғарғы жақ қойнауының пункциясы жасалды, жағымсыз иісті іріңді бөлінді алынды.Жалпы анестезиямен сол жоғарғы жақ қойнауына, торлы және маңдай қойнауларына оперативті араласу іске асырылды. Операциядан кейінгі кезеің өте ауыр өтті, науқас ессіз жатты,ертесіне қайтыс болды. Аутопсияда сол жақ маңдай бөлігінің абсцессі анықталды.

Оториноларингологтар қандай симптомдарға мән бермеді? Оперативті араласуды қандай көлемде жасау керек болды?

=================================================

Тапсырма №148.

( Мұрын аурулары )

24 жасар науқас, мамандығы штукатур – бояушы. Түскі үзіліс кезінде айнадан сол жақ мұрын қанатының ішкі жағында қалыптасып келе жатқан сыздауықты көріп, оны сығуға тырысты. Кешке жақын дене қызымы 38 ˚С­ге дейін көтерілді, қалтырау, тамақ қабылдаумен байланыссыз құсу, күшейіп келе жатқан, жайылмалы бас ауру пайда болды. Таңертең ұрт және мұрын қанаты терісінің инфильтраты мен гиперемиясын байқады. Қайтадан құсу болды. Бір тәуліктен кейін күшейіп келе жатқан интоксикациядан қарама қарсы жақтан экзофтальм дамып, көру өткірлігі сақталған көз алмаларының қозғалмауы анықталды.

Диагнозы қандай? Осы құбылыстың механизмі қандай? Не істеу керек?

Тапсырма №149.

( Мұрын аурулары )

72 жасар науқас бірнеше айға созылған иіс сезудің жоқтығына назар аударды. Анамнезінде вирусты инфекциялармен ауырғаны тұралы айтылмаған. Мұрын қуысын қарау кезінде анатомиялық ерекшеліктері мен қабынулық ауру белгілері анықталмады. Тыныс алу функциясы қалыпты. Тригеминальді сезімталдық сақталған, бірақ арнайы иіс сезгіштік сезімталдығы жоқ. Науқас масаттанған, шалағай.

Диагнозды растау үшін қандай қосымша зерттеулер керек? Аносмия генезі қандай? Иіс сезу бұзылуының қандай түрлерін білесіз?

==========================================================

Тапсырма №150.

( Мұрын аурулары )

19 жасар науқасқа мұрын сыздауығы шықты. Науқас дәрігерге үш күн өткен соң, мұрынның оң жақ бүйір бөлігінің және көз асты аймақтың жұмсақ тіндердің жайылған инфильтраты, гектикалық қызба, қалтырау пайда болғанда көрінді. Тексеру кезінде оң көз алмасын алып кету қиындауы, бірқалыпты экзофтальм және лагофтальм анықталды.

Бұл науқаста сыздауықтың қандай асқынулары орын алды? Қандай ем ұсынасыз?

Тапсырма №151

( Мұрын аурулары )

. 53 жасар науқасты кәсіби тексеру кезіндегі рентгенограммада оң жақ маңдай қойнауының остеомасы анықталды. Бүйірлік рентгенограммада ісік шекарасы қойнаудың милы қабырғасына дейін жетпейтіні белгіленген. Остеома мөлшері бұршақтай.

Дәрігер тактикасы қандай болу керек?

======================================================

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]