Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kopia_2_137-292.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
90.66 Кб
Скачать

Тапсырма№ 199

(Жұтқыншақ аурулары)

Науқас 2 жаста, қабылдау бөлімшесіне ауыр жағдайда түскен. Дене қызуы 39̊ C, тынысы қиындалған. Тамақтан бас бұрады. Жеті күн бұрын жедел респираторлы ауру анықталған. Ем жүргізілген.

Фарингоскопия: алдынғы доғалардың және жұмсақ таңдайдың шырышты қабаты шамалы гиперемирленген, қақтар жоқ, жұтқыншақтың артқы бөлігінің оңға қарай томпаюы анықталған. Оң жақ жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпация кезінде ауырады.

Диагнозы қандай? Баланы қалай емдеу керек?

===================================================

Тапсырма№ 200

(Жұтқыншақ аурулары)

9 жастағы бала тамақтың оң жағындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауырғанына бес күн болды. Алдында баспа анықталып, ем жүргізілген.

Жағдайы ауыр. Дене қызуы 38,6̊ C. Тері жабындылары бозарған.

Фарингоскопия кезінде: тризм, оң таңдай бадамшасы алға және орта сызыққа қарай ығысқан. Оң жақ алдыңғы доғасы мен жұмсақ таңдайдың гиперемиясы және инфильтрациясы анықталды.

Оң жақ жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады.

Диагнозы қандай? Баланы қалай емдеу керек?

Тапсырма №201

(Жұтқыншақ аурулары)

10 жастағы бала жұтыну (сілекейді) кезінде тамақтағы ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Екі күн бойы ауырып жүр.

Қарау кезінде – дене қызуы 37,6̊ C, таңдай бадамшалары ақшылт қызыл түсті, доғалардан шығып тұрған жоқ, жұтқыншақтың артқы қабырғасында гиперемия, лимфа түйіндері ұлғайған, ауырмайды.

Диагнозы қандай? Баланы қалай емдеу керек?

========================================================

Тапсырма №202

(Жұтқыншақ аурулары)

9 жасар бала жиі тамақтағы ауру сезіміне, бастың ауруына, мұрынмен тыныс алудың қиындауына шағымданады.

Қарау кезінде: тіл ақшылт түсті қақпен жабылған, жұтқыншақтың артқы қабырғасының гиперемиясы, шырыш байқалады, бадамшалар орта сызықта жанасып доғалардан шығып тұр. Регионарлы лимфа түйіндері тығыз, ауырмайды. Мұрын-жұтқыншақта аденоидты өсінділер бар.

Диагнозы қандай? Баланы қалай емдеу керек?

Тапсырма№ 203

(Жұтқыншақ аурулары)

Науқас 22 жаста, тамақтағы ауру сезіміне, дене қызуының 37,2̊ C-қа дейін көтерілуіне, жалпы әлсіздікке, ұйқының нашарлауына, буындардағы ауру сезіміне. Консервативті емнің нәтижесі болмады.

Қарау кезінде: тіл ақшылт түсті қақпен жабылған, бадамшалар атрофияланған, доғалармен қосылған, лакуналардың ішінде ірің жиналған, жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған.

Диагнозы қандай? Науқасты қалай емдеу керек?

=======================================================

Тапсырма №204

(Жұтқыншақ аурулары)

15 жастағы бала бастың жиі ауруына, тамақтың ауруына, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауына, жүрек аймағындағы және буындардағы ауру сезіміне шағымданады.

Қарау кезінде: жұтқыншақтың артқы қабырғасында іркілген гиперемия, бадамшалар борпылдақ, доғалармен жартылай қосылған, лакуналар ішінде казеозды тығындар, мұрын-жұтқыншақта - I-III деңгейлі аденоидтар.

ЭКГ көрсеткішінде- қарыншааралық өткізгіштіктің бұзылуы.

Қана анализі: лимфоцитоз, антистрептолизин титрі 0-200.

Диагнозы қандай? Баланы қалай емдеу керек?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]