
- •Бірінші тақырып әлеуметтану - ғылым
- •1. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
- •2. Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
- •3. Әлеуметтік ұғымы. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары
- •4. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны
- •Екінші тақырып дүниежүзілік әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең (XIX ғасыр-хх гасырдың басы)
- •1. Огюст Конт — позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
- •2. Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
- •3. Маркстік әлеуметтанудын негізгі ілімдері
- •4. Э. Дюркгейм мен м. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
- •Үшінші тақырып әлеуметтану жөніндегі ойдың ресейде дамуы (XIX ғасырдың екінші жартысы —XX ғасыр)
- •1. Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX гасырдың екінші жартысы)
- •2. XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
- •Төртшші тақырып қазақстанда әлеуметтану ой-пікірінің дамуы (XIX ғасыр—XX ғасырдың бірінші жартысы)
- •1. Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
- •2. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
- •3. Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
- •4. А. Байтұрсынов пен ә. Бөкейхановтың
- •2. XX гасырдың 70-жыддарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
- •1.Қогамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары
- •2. Қоғамның типтері, белгілері және даму заңдары
- •3. Қоғамдык прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар. Қоғамның кызметі
- •2. Әлеуметтік мобильдік. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының мәселелері
- •2. Ұлттық-этникалық қатынастар
- •3. Қазіргі жағдайдағы ұлт мәселелері
- •2. Отбасы құрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
- •2. Тұлганың әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
- •3. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
- •2. Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар
- •3. Қоғамныц саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элементтері, функциялары мен формалары
- •2. Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
- •Он үшінші тақырып ұйым және басқару әлеуметтануы
- •1. Ұйымның пайда болуы және оның құрылымы
- •2. Үйымның тыныс-тіршілігі мен типтері
- •3. Әлеуметтік басқарудың мазмұны,
- •2. Әлеуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
- •Мазмұны
Екінші тақырып дүниежүзілік әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең (XIX ғасыр-хх гасырдың басы)
1. Огюст Конт — позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
XIX ғасырдың басында адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет өтуіне дәл талдау қажсттігін пайымдауға әзір болған еді. Осы мәселеге әділеттілік, өмірдің мәнісі, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету мәселелерінің шешілулеріне қанағаттанбаған XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропаның көптеген ойшылдары өз еңбектерін арнады. Солардың арасынан бірінші қатарға ғылымның атын өйлап тауып, оның негізгі нұсқасын суреттеген, оны ғылыми білімдер жүйесіне қосқан, әлеуметтануда позитивтік бағытты негіздеген және оның дамуына ықпал еткен Огюст Конт (1798—1857) шықты.
Ол Францияда каржы чиновнигінің отбасында дүниеге келген. 1814 жылы Жоғары политехникалық мектепке түсіп, антиклерикалдық және республиканың көзқарастары үшін оқудан шығарылады. Отбасындағы оқытушылық жұмысын, кейінірек, яғни 1818 жылдан 1824 жылға дейін Сен-Симонның хатшысы қызметін атқарумен алмастырды. Бірақ Сен-Симонның ұстанған социализм идеясын қабылдамай, хатшылықтан кетіп, таптар келісімі идеясын уағыздайды, жеке меншікті мейлінше қорғайды. Осы козқарастары үшін К. Маркс және оның ізбасарлары оған салқын қарады. Сол тұста О. Конт озінің позитивизмін тұжырымдайды. Позитивизм — әлеуметтанулық білімді жаратылыстану ғылымының методологиясын қолдану негізінде құрмақшы болған әлеуметтік ой мен қоғамдық ғылымдағы жаңа ағым болатын. Позитивизм ұғымы латынның "позитивюс" — дұрыс, жағымды деген мағына беретін сөздерінен шыққан. Ол позитивтік козқарастарын өзінің еңбектерінде тұжырымдап, дәлелдеді. Осыған орай Конт алты томдық "Позитивтік философия курсы" деген еңбегінде (1830— 1842 жылдар аралығында жарияланды) ғылымды топтастырып, позитивтік философия мен әлеуметтану принциптерін жасаса, екінші бір еңбегін саясат негіздеріне және болашақтың дініне арнады. Ал төрт томдық кітабын "Позитивтік жү'йе немесе адамзаттың дінін белгілейтін трактат" (1851 — 1854) деп атаған. Конттың тірі кезінде позитивизмді негіздеген бұлардан басқа да "Қарапайым астрономия туралы философиялық трактат" (1844), "Позитивтік катехизис" (1856) еңбектері жарияланып, ал қайтыс болғаннан кейін төрт томдық "Огюст Конттың осиеттері" деген шығармасы жарық көрді. Конт әлеуметтану ғылымына "позитивтік синтез" ретінде қарап, оны ғылыми білімді жинақтаған энциклопедияға балады. Қоғамды зерттеуте жекелеген ғылымдар соншалықты қажет емес, қоғамды зерттеуге бір ғана әлеуметтану ғылымының көмегі жеткілікті деп, әлеуметтануға басымырақ маңыз берді.
Конт әлеуметтанудың объектісі мен пәнін анық айыра білмей, ғылымның осы атрибуттарын шатастырып алды. Оның пікірінше, әлеу-меттану жалпы заңдарды зерттеуі тиіс: а) ерекше әлеуметтік организм ретіндегі қоғамның тұтастығы; б) адамзат (оның өткені, бүгінгісі және болашағы); в) бүкіл адамдар ұрпақтарының органикалық тұтастығы ретінде түсіндірілетін адамзат; г) қазіргі елдер, халықтар мен мемлекеттер жүйесі ретіндегі бүгінгі адамзат; д) адамзат қызметі нәтижесінің обьективтілігі; ж) адамдар санасы мен психологиясын жетілдіру процестері; з) адамдар мінез-құлқы; и) адамдар идеялары мен ой-пікірлерінің дамуы; ж) отбасы, мемлекет және басқа да әлеуметтік институттардың құрылуы. Басқаша сөзбен айтқанда, Сонт әлеуметтануды адамзаттың пайда болуы, өмір сүруі мен озгеріске түсуін анықтайтын жалпы заңдар денгейінде, сонымен қатар олардың нақты қоғамдық құрылыстары мен формаларының заңдары деңгейінде қоғам туралы білімдерді біріктірген әмбебап теориялық ғылым ретінде түсінеді.
Конттың көзқарасына сәйкес әлеуметтану мынадай әдістерді қолдануы тиіс: қоғамдық процестердің барысын қадағалау үшін бақылау; эксперимент, яғни әдейі, арнайы жасалған өзгерістерге бақылау жасау; адамзат өмірін жануарлар дүниесімен салыстыру; әр түрлі елдер мен халықтардың өмірін белгілі бір керсеткіштер бойынша салыстыру; тарихи талдау әдісі, әр түрлі тарихи кезеңде адамзаттың немесе жекелеген халықтардың әр түрлі қалпын салыстыру;
Алайда, әлеуметтік қалыптағы өзгерістерді анықтауда математикалық процедура мен өлшемдерді қолдануды талап ететін бақылау әдісін Конт негізгі әдіс деп санайды. Конт бақылаудың анықтығы мен дәлдігі, осы әдістің процедурасын жасау проблемаларын көтерді, алайда оларды сол тұстағы эмпирикалық әлеуметтік зерттеулер тәжірибесінің шектеулігіне байланысты шеше алмайды. Аталмыш әдістер, — деп үйретті Конт, іргелі элеуметтану теориялары болған жағдайда ғана позитивтік білім алуды камтамасыз етеді. Мұндай теориясыз олар тек көңілге қонбайтын толған фактілерді берген болар еді. Ал мұндай теорияны жасау үшін айтылған әдістермен алуға болатын қорытындылаушы материалдар қажет. Конт пікіріндегі қарама-қайшьшықты былайша түсіндіреді: теория мен қорытындаушы материал бірінсіз-бірі бола алмайды, теория әлеуметтану материалдарын тиісінше жинауға мүмкіндік берсе, ал қорытындыланған материалдар теорияның дамуына негіз болады.
О. Конттың ойынша, позитивтік ғылым дінді алмастырып, қоғамды ұйымдастырушы негізгі күшке айналуы тиіс болды. Ол өзінің тарихи миссиясын болашактың "Ғылыми Библиясын" жасауға балап, ғылымды адамзат баласының өмір сүру формаларының шыңына көтермекші болды. Ғылымдарды біріктіру идеясы XVIII ғасырда етек алған еді. Сол тұста білімді біріктіру — қарапайым және түсінікті ережелерге сәйкес іске асырылды. 0. Конт бұл мәселені жаңа қырынан көтерді. Ғылымдарды классификациялауда ол бірқатар негіздерге сүйенді: тарихи (ғылымның пайда болу уақыты және бір ізділігі), логикалық (абстрактіліктен нақтылыққа өту), зерттеу пәнінің күрделілігі бойынша (қарапайымнан күрделіге қарай), практикамен байланыс сипаты бойынша.
О.Конт өз шығармаларында өзіне белгілі ғылымдарды нағыз және жалған ғылымдарға бөлген. Жалған ғылымдар санатына ол шешілмейтін мәселелерді қарастырумен айналысатын және дәлелдеуге немесе жоққа шығаруға мүмкін емес ережелі ғылымдарды қосқан. Бұлардың қатарына теологияны, мистицизмді, спиритуализмді, алхимияны, утопизмді, сонымен қатар метафизиканы, яғни философияны жатқызған. Озінің ұстазы Сен-Симонның пікірін қолдай отырып ол нағыз, шынайы ғылымдар деп позитивтік ғылымды атаған. Олардың арасынан абстрактілі (теориялық) және нақты ғылымдарды бөліп көрсетті. Абстрактілі ғылымдар жалпы заңдылықтарды қарастырады, ал нақты ғылымдар бұл заңдарды жеке салаларда (мысалы, биология, медицина) қолданады.
Конттың пікірі бойынша, абстрактілі позитивтік ғылымдар саны алтау: математика, астрономия, физика, химия, биология, әлеуметтану. Бұлардың осындай реттілікпен орналастырылуы оларда позитивизмнің көрінуі мөлшерімен байланысты. Неғұрлым материя қарапайым болса, соғұрлым ол туралы позитивті пайымдау жеңіл болады. Әрбір позитивтік ғылым алдыңғыларға негізделеді, олардың өзіндік ойлау қалпындағы жақсыларды қабылдайды және дамытады.
Оның көзкарасы бойынша, математика басқа ғылымдарға айтар-лықтай тәуелді емес, бірақ соншалықты абстрактілі, қарапайым және практикадан аластатылған ғылым, сондықтан ол басқа ғылыми таным формаларынан ерте пайда болған. Әлеуметтану, керісінше, практикамен тікелей байланысқан, күрделі, нақты, өзгелерден кейін пайда болды, өйткені ол басқалардың жетістіктеріне арқа сүйейді. Әлеуметтанудың қалыптасуын қоғамның жаңа даму сатысымен байланыстырумен бірге, оны бүкіл ғылымдардың даму тарихымен де сабақтастырады. Ғылымды топтастыру барысында ғылым иерархиясы жасалып, оған жоғарыда аталған ғылымдар енгізілді. Сөйтіп, бұл жүйе бітім дамуының қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, жалпыдан ерекшеге өтуінің тарихи процесін көрсетті.
Әлеуметтануға біртабан жақын және біршама туысқан ғылым ретінде биологияны атайды. Бұл екеуін зерттеу пәнінің күрделілігі біріктіреді, тұтастық жүйе де соған дәлел бола алады, сондықтан биология мен әлеуметтануға талдау жасау жолын негізгі бағыт етіп ұстанбайды, яғни бөлімнен түтастыққа қарай қозғалмау керек. Жануарлар әлемі мен адамзат қоғамы индивидтердің механикалық агрегаты емес, керісінше — тұтастық. Бұл тұтастық өз бетінше өмір сүреді және өзін құрайтын бөлімдердің касиеттерін белгілейді. Сондай-ақ, жалпы схема бойынша әлеуметтанудың тікелей биологияның заңдарына сүйенетіндігін, тіптен онсыз мүмкін емес екендігін айтқанымызбен, алайда, екінші жағынан, әлеуметтанудың өзіндік ерекшелігінің бар екендігін, бұл заңдардын соның негізінде түрін өзгертетінін, ал осы заманғы өзгерістер индивидтердің өзара қимыл-әрекетінің арқасында туындайтынын тұжырымдайды. Конт жануарлардың біріне-бірін тартатын жыныстық инстинктін және олардың ұрпағына камкорлық жасауын әлеуметтіліктің бастамасы етіп алады. Сурет пен бейнелеуді (иллюстрацияны) әлеуметтік пен биологияның өзара тығыз байланыстылығынын қос көрінісінің мысалы деп алға тартады. Адамдарда өзін-өзі сақтау инстинктінің рөлі жоғарылығын, "индивидтік инстинкттің" болатындығын мойындай отырып, Конт келе-келе адамдарда әлеуметтік эгоизмнің үстемдік алатынын жазды.
Әлеуметтану биологияға арқа сүйейді, әрі одан автономдығын да сақтайды, материяның күрделі формасымен байланысады, ең жоғарғы және күрделі теориялық ғылым болғандықтан позитивтік ғылыми білімдер жүйесін аяқтаушы болып саналады. Сондай-ақ, оған қоғамдық білімдерде үстем еткен ойлау қалпы тән болуы тиіс.
Қоғам дамуын адамдардың танымдық қызметінің және олардың қоғамдық санасының бір сатысынан келесі сатысына өтуі арқылы түсіндіріп, "үш сатылы заңды" дәйектейді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік (ғылыми). Теологиялық сатыда адамзат ақыл-ойының, сонымен қатар қоғамның дамуы, Конттың пікірі бойынша, 1300 жылға созылған. Осы сатыда әрбір құбылыстар жоғары құдіретті күштердің тигізетін әсерінің нәтижесі ретінде қарастырылды. Бұл фетишистік діни сананың шыққанын көрсетті, кейін ол политеизммен, яғни көпқұдайшылықпен алмасып, қайсыбір құбылыстар түрлі құдайлардың ықпалы арқылы болады деп бейнеленді. Теологиялық сатының соңына таман бірқұдайлыққа (монотеизмге) өту қалыптаса бастады. Сөйтіп, барлық құбылыстарды адам дінінің негізінде жатқан күш деп түсінеді. Мұндай сана тайпа көсемдерінің, әскер басыларының, аристократтардың билігін құдіретті күшпен байланыстырды. Иерархиялы әлеуметтік ұйым қоғамда өмір сүріп отырған тәртіпті нығайтуға бағытталды. Теологиялық сатының ең жоғарғы кезеңі — католиктік феодалдық қоғам болды. Монотеизм гармониялық әлеуметтік тәртіп орнатуға ықпал жасады, бірақ ол өзінің тиімділігіне қарамастан консервативтік институттарды қалыптастырды. Алайда, адамзат ақыл-ойының жетілуі ерте ме, кеш пе, теологиялық түсініктің догматикалық жүйесімен қақтығысары анық еді. Себебі, ол әлеуметтік жүйенің бүкіл құрылымына бойлап енді, сөйтіп, бұл тәртіп прогреске кедергі жасады. Бірақ прогресті тоқтату мүмкін емес еді, даму заңдары ескі жүйені күйрете бастады. Ескіні бұзу тұтас дәуірді қамтыды, Конттың анықтауынша, бұл қоғам дамуының метафизикалық сатысы болды. Бұл сатыда бұрыңғы қоғамдық тәртіп ыдырады, ол 1300-1800 жылдар аралығындағы кезеңді қамтиды.
Бұл сатыда адам санасы жәй пайымдаудан гөрі, сыртқы дүниенің нақты процестерін білдіретін ұғымдарды көп қолданады. Алайда, ғылымның баяу дамуына байланысты бұл ұғымдар әлі де болса абстрактілі еді. Бұл сатыда ескі қоғамдық бастаулар қирайды (реформация, ағартушылық, революциялар, соғыстар, т.б.), тұтастық ыдырайды. Бұл күйреудің жағымды жақтары болғанымен (жаңа экономикалық және саяси идеялардың орнауы, т.б.), "метафизикалық рух" сенімсіздікті, эгоизмді, моральдық тозушылықты және саяси тәртіпсіздікті жоя алмады. Қоғамда тәртіп орнатып, әлеуметтік тұтастықты жөнге қоятын жаңа идеология қажет болды. Оны, Конттың пікірі бойынша, позитивизм, яғни ғылымның дамуы жүзеге асыра алады.
Позитивтік дәуір, Конттың тұжырымына сүйенсек, 1800жылдан басталады, оның мәні — ойлау бағдарының түбегейлі өзгеруімен, қайта құрылуымен сипатталады. Адам санасы өз пайымдауларында және қорытындыларында көбіне-көп ғылыми бақылауға сүйенеді. Дүниеге теологиялық және абстрактілі — метафизикалық тұрғыдан қарауды оның заңдарын ашу мен зерттеу, құбылыстарды бақылау секілді тәсілдер алмастырады. Бұл заңдарды ұғыну үшін олардың әрекетін ескеру және көре білу қажет. Сол тұстағы жаңа қоғамға әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарасақ, онда ол эгоизмді альтуризмнің жеңуі, әлеуметтік сезімнің артуы, әлеуметтік тәртіп пен келісімнің орнауы, әскери қоғамнан өнеркәсібі дамыған қоғамға өтудің іске асуы арқылы сипатталады. Алайда, жаңа қоғамның да жақсы жақтарымен қатар, көлеңкелі, теріс тұстары да бар, сондықтан ғылым осы қоғамды келеңсіз қылықтардан тазалауға көмек көрсетуді өзіне мақсат етті.
Конттың көзқарасы бойынша, қоғамның дамуы заңды және прогрессивті сипатта болады. Ол қоғам өз дамуы барысында биологиялық заңдарға, сондай-ақ "астрономиялық" заңдарға, яғни ғарыштың, аспан денелері мен планеталардың қозғалыс заңдарына бағынады. Ол қоғам дамуына ауа райы мен халықтың нәсілдік құрамының ықпал ететіндігі туралы да жазды. Алайда, Конттың пікіріне сай ой тұжырымдасақ, онда адамзаттың интеллектуалдық эволюциясы қоғамның дамуына ерекше әсер етеді екен. Әлеуметтік мәселені шешуде адамдар санасының негізгі, бірінші рөл атқаратыны және оның қоғамның дамуына шешуші ықпал жасайтыны туралы О.Конт позитивтік қорытынды жасайды. Осыған байланысты позитивизмнің негізін қалаған интеллектуалдық эволюцияның жоғарғы көрінісі ретінде ғылымның осы саласына айрықша мән береді.
Конт өзінің қоғам дамуы жөніндегі көзқарастарын жүйелей келіп, әлеуметтануды үлкен әрі маңызды екі тарауға: әлеуметтік статика және әлеуметтік динамикаға бөлді. Әлеуметтік статика қоғам құрылымының жұмыс істеу заңдарын қарастырады. Әлеуметтік динамика қоғам жүйесінің өмір сүру жағдайы мен оның жұмыс атқару заңдылықтарын зерттеуге тиісті болды. Әлеуметтік динамика ең алдымен негізгі қоғамдық институттардың, соның ішінде отбасының, мемлекеттің, діннің қоғамдағы атқаратын міндеттерін және олардың татулық пен ынтымақтастықты орнатудағы рөлін қарастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік динамика әлеуметтік жүйенің дамуы мен өзгеру заңдарына да назар аударады. Осыған орай қоғамдық прогрестің позитивтік теориясын да 0. Конт әлеуметтік динамика деп атап кеткен еді. Прогресс, оның пікірі бойынша, дамудың ең биік сатысына көтерілу болып табылады. Қоғамдық прогреске жетуде материалдық (өмірдің сыртқы жағдайын жақсарту), физикалық (адам табиғатын дамыту), интеллектуалдық (ақыл-ой, діни және метафизикалық дүниетанымнан позитивизмге көшу) және моральдық (адамгершілік пен ұжымдық сезімдердің артуы) секілді алғышарттар ең маңыздылары болып есептелінеді.
Конттың қоғам дамуын гармонизациялау және оның тұрақтылығының проблемалары жөніндегі көзқарастары да аса құнды. Қоғамдағы гармония "әлеуметтік жүйенің" тұтастығы мен бөлімдерінің арасындағы гармония болып саналады, сонымен қатар оған қоғам өмірінін барлық жақтарының келісімді өзара әрекеті — саяси, экономикалық, рухани, биологиялық, т.б. жатады. Оның пікірі бойынша, әлеуметтік гармонияға ғылымның көмегі арқылы жетуге болады. Ғылым коғамның барлық бөлімдері арасындағы өзара әрекеттің қажетті механизмін тауып беруі тиіс.
Сондай-ақ, түрлі тұлғалар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін барынша үйлестіре білуде қоғамдағы гармонияның ерекше рол атқа-ратынын да жазды. Саяси өкімет билігінің маңыздылығы сонда, ол әлеуметтік субъектілердің мүдделерін ақылмен дұрыс үйлестіріп отыруы тиіс. Бұдан Конт саясаткерлердің бедел алатынын пайымдады. Қоғам гармониясынан Конт оның тұрақтылығының негізгі жағдайын, әр сословиенің, әр халықтын, әр адамның қалыпты дамуының мүмкіндігін байқады.
О. Конт әлеуметтанудың негізін қалады, ал Г. Спенсер оны одан әрі дамытты.