
- •Бірінші тақырып әлеуметтану - ғылым
- •1. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
- •2. Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
- •3. Әлеуметтік ұғымы. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары
- •4. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны
- •Екінші тақырып дүниежүзілік әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең (XIX ғасыр-хх гасырдың басы)
- •1. Огюст Конт — позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
- •2. Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
- •3. Маркстік әлеуметтанудын негізгі ілімдері
- •4. Э. Дюркгейм мен м. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
- •Үшінші тақырып әлеуметтану жөніндегі ойдың ресейде дамуы (XIX ғасырдың екінші жартысы —XX ғасыр)
- •1. Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX гасырдың екінші жартысы)
- •2. XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
- •Төртшші тақырып қазақстанда әлеуметтану ой-пікірінің дамуы (XIX ғасыр—XX ғасырдың бірінші жартысы)
- •1. Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
- •2. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
- •3. Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
- •4. А. Байтұрсынов пен ә. Бөкейхановтың
- •2. XX гасырдың 70-жыддарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
- •1.Қогамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары
- •2. Қоғамның типтері, белгілері және даму заңдары
- •3. Қоғамдык прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар. Қоғамның кызметі
- •2. Әлеуметтік мобильдік. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының мәселелері
- •2. Ұлттық-этникалық қатынастар
- •3. Қазіргі жағдайдағы ұлт мәселелері
- •2. Отбасы құрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
- •2. Тұлганың әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
- •3. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
- •2. Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар
- •3. Қоғамныц саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элементтері, функциялары мен формалары
- •2. Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
- •Он үшінші тақырып ұйым және басқару әлеуметтануы
- •1. Ұйымның пайда болуы және оның құрылымы
- •2. Үйымның тыныс-тіршілігі мен типтері
- •3. Әлеуметтік басқарудың мазмұны,
- •2. Әлеуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
- •Мазмұны
2. Қоғамның типтері, белгілері және даму заңдары
Әлеуметтану ғылымында қоғамды сүрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Солар арқылы коғамның даму деңгейі, оның дамуының бір сатысынан келесі сатысына өтуі, т.б. анықталады. Марксшілдер қоғамның типін белгілеуде өндіріс тәсілін, яғни қоғамның экономикалық ресурстарының қалай пайдаланылып, қалай бақылауға алынатынын басшылыққа алады. Г. Ленски мен Дж. Ленски қоғамдарды сүрыптау барысында оларға тән өндіріс тәсілдерімен қатар өзге де маңызды белгілерді ашып, қоғамды 4 типке бөлуді ұсынды: 1) аңшылық пен терімшілдік қоғам; 2) бау-бақшалық қоғам; 3) аграрлық қоғам; 4) өнеркәсіптік қоғам. Неміс ғалымы Ф. Теннис өнеркәсіп қалыптасқанға дейінгі қоғам мен қазіргі коғам арасындағы мәнді өзгешеліктерді зерттей келіп, шаруалар қауымдастығын белгілейтін "Гемайншафт" терминін және индустриялды-қалалық қоғамды анықтайтын "Гезелъшафт" ұғымдарын енгізді. Осы қоғамдар арасындағы айырмашылықтардың мәні мынаған саяды: а) "Гемайншафт" типті қоғамда адамдар қауымдастық міндеттеріне сәйкес өмір сүреді, "Гезельшафт" қоғамы адамдардың жеке бастары үшін пайда табуға негізделген; б) Темайншафт" қалыптасқан салт-дәстүрлерге негізделсе, "Гезельшафт" формалды заңдарға маңыз береді; в) "Гемайншафт" шектелген мамандандыруды ұсынса, Тезельшафт" мамандандырылған кәсіби рөлдерді қалыптастырады; г) Темайншафт" діни мұраларға арқа сүйесе, "Гезелъшафт" зиялылық (светский) құнды-лықтарды жоғары қояды; д) "Гемайншафта" қоғамның басты инсти-туттары болып отбасы мен қауымдастық саналады, ал "Гезельшафтта" қоғамның негізгі институттарына адамдар бірігуінің ірі корпоративтік және ассоциативтік формалары жатады.
Қоғамдарды типтеуде 60-жылдары бұлардан басқа да көзқарастар қалыптасты. Соның негізінде қоғамдарды топтау жөніндегі ұстанымдарда, бүгінгі ғылыми әдебиеттерде қоғам түрлерін: дәстүрлі (аграрлық); индустриялды және постиндустриялды деп бөлу басымырақ орын алып отыр. Енді соларға тоқталайық.
Сонымен, дәстүрлі қоғам деп аграрлық укладты қоғамды айтады. Қазіргі біздің түсінігімізде дәстүрлі қоғам қарапайым және артта қалған қоғам түрі. Шындығында бұл коғамда өндірістің даму қарқыны өте төмен, адамдардың қажеггілігі минималды деңгейде ғана қанағаттандырылады, жаңаны қабылдамайды. Онда индивидтердің мінез-құлқы қатаң бақылауға алынады, салт-дәстүр, нормалар және әлеуметтік институттармен шектеледі.
"Индустриялды қоғам" терминін ғылымда алғаш қолданған Сен-Симон болды, сол ұғым арқылы ол қоғамның өзгеше өндірістік негізін айкындады. Индустриялдық қоғамның басқа да маңызды белгілеріне адамдардың қажеттіліктері мен мүдделерінің өзгеруіне сәйкес калыптасатын икемді әлеуметтік құрылымдар, әлеуметтік мобильдік, коммуникация жүйесінің дамуы жатады. Мұндай қоғамда индивидтің еркіндігі мен мүддесін ортақ принциптермен үйлестіруге мүмкіндік туады. Ортақ принциптер индивидтердің бірлесе еткен қызметін реттеп отырады.
Индустриялды қоғам теориясын екі вариантта жасағандар — француз әлеуметтанушысы Р. Арон мен американдық экономист, әрі сая-саттанушысы У. Ростоу болды. "Индустриялды қоғам" теориясы қоғам-ның жедел дамуының жолдарын көрсетіп, натуралды шаруашылық үстемдік еткен, артта қалған аграрлық қоғамнан алдыңғы қатарлы, өнеркәсібі дамыған индустриялды қоғамға өтудің орнығатынын дәлелдейді. Бұлардың пікірінше, индустриялды қоғам, ең алдымен еңбек бөлінісінің дамуы және күрделі жүйесі арқылы сипатталады, бұл өндірістің нақты салаларға мамандандырылуы мен басқару жүйелерінен байқалады. Екіншіден, индустриялды қоғамда рынокқа арнап кең көлемде жаппай тауар өндіру қалыптасады. Үшіншіден, ол өндірісті автоматтандыру мен механикаландыруға және басқаруға иелік етеді. Төртіншіден, индустриялды қоғам ғылыми-техникалық революциямен сипатталады. Транспорт пен байланыс құралдарының жоғары дамуы, жоғарғы деңгейдегі мобильдік пен урбанизацияның болуы, ұлттық тұтыну құрылымындағы сапалы өзгерістер осы процестердің нәтижесі болып саналады. Бұл теория тұрғысынан алып қарағанда ірі өнеркәсіптің негізгі сипаттамасына индустрияның өндірісті ұйымдастыру мен басқару саласындағы мінез-құлық, тәртіп формаларын реттеуімен қатар, қоғамдық өмірдің барлық салаларында реттеу жұмыстары жүргізіледі.
Э. Дюркгеймнің пікірі бойынша, дәстүрлі қоғам мен индустриялы қоғам арасында қалыптасқан айырмашылықтар бар, олар: әлеуметтік ынтымақтастықтың формасында және әр түрлі моральдық жүйелерде орын алған өзгерістер. Қарапайым қоғамдағы ынтымақтастықтың түрі — "механикалық ынтымақтастық" десек, ал индустриялы қоғамда — органикалық ынтымақтастық болады. Дәстүрлі қоғамдағы қатынастар негізінен туыстық қарым-қатынастарға негізделген еді, ал қазіргі иңдустриялық қогамдағы қатынастар саяси ұйымдарға, шіркеуге, бизнес пен мектепке арқа сүйейді.
Дәстүрлі және индустриялды қоғам атаулары жаңа айдарлармен де беріліп жүр. К. Поппер жоғарыда баяндалған әлеуметтік бақылау мен индивидтің еркіндігінің арақатынасындағы өзгешелікті негізге алып, ашық және жабық қоғам деген ұғымдарды қолданды. Магиялық, тайпалық немесе ұжымдық қоғамды К. Поппер жабық қоғамға балайды, ал индивидтердің өздері еріксіз шешім қабылдауға мәжбүр болатын қоғамды — ашық қоғам деп санайды.
XX ғасырдың 60-жылдарындағы қоғам дамуының дәстүрі және оның индустриялдық екі сатысы 70-жылдары үшінші сатымен толықты. Сол тұста постиндустриялды коғам тұжырымдамасы пайда болды. Ол тұжырымдаманы жасаған американдық әлеуметтанушы Д. Белл мен батыс еуропалық әлеуметтанушы А. Турен еді. Бұл тұжырымдаманың пайда болуына дамыған елдердің экономикасы мен мәдениетіндегі құрылымдық өзгерістер себеп болды. Бұл өзгерістер қоғамға жаңаша қарауды талап етті. Ең алдымен білім мен ақпараттың рөлі шұғыл артты. Қажетті білім алып, жаңа ақпаратқа қолы жеткен индивидтің әлеуметтік иерархияның сатысымен алға жыл-жуына қолайлы, біршама үстем мүмкіндіктер жасалды. Жемісі мол шығармашылыққа жету үшін еңбек еркіндігінің болуы, оның табысы адамның да, қоғамның да гүлденуінің негізіне айналды.
Беллдің пікірінше, бұл қоғамда капиталистер табы жойылып, олар-дың орнын білім деңгейі жоғары жаңа басқару элитасы басады. Әлеуметтік стратификацияның өлшемі болып саналатын меншік өзінің маңыздылығын жоғалтады, шешуші өлшем болып білім деңгейі есептелетін болады. Меншік капиталистердің қолына шоғырланған, еңбек пен капитал арасында негізгі шиеленіс сақталған индустриялды қоғаммен салыстырғанда постиндустриялық қоғамдағы негізгі шиеленіс білім мен компетентсіздіктің арасындағы күрестен көрінеді. Индустриялыққа дейінгі қоғамның басты мақсаты — билік, индустриялдық қоғамның басты мақсаты — ақша, постиндустриялды қоғамның негізгі мақсаты — білім. Бұл үш сатының әрқайсысына әлеуметтік ұйымдардың өзіндік ерекше формалары тән, атап айтқанда, аграрлық қогамға шіркеу мен әскер, индустриялыққа — корпорация, постиндустриялыққа — университеттер қажет. Осыған орай олардың әлеуметтік құрылымдары да қалыптасады, мысалы, аграрлық қоғамда билеп-төстеу дін қызметкерлері мен феодалдардын қолында болды, индустриялдық қоғамда — бизнесмендер, постиндустриялдық қоғамда — ғалымдар мен менеджерлер үстем болады. Индустриялды және постиндустриялды қоғам теориялары әлеуметтік эволюционизм шеңберінде болады, өйткені олар жаңа техника мен технология негізінде қоғамның белгілі бір сатыға өтуіне мүмкіндік тудырады. Технологиялық төңкерістер қоғамдық өмірдің басқа салаларына да төңкеріс жасайды, бірақ бұлар әлеуметтік төңкерістерге соқтырмайды.
Технологиялық ақпараттық прогрестің негізінде қауіпті процестер де дамыды. Маңызды әлеуметтік-саяси ақпаратқа, электронды коммуникация құралдарына қолы жеткен мемлекет пен басқару элитасы бұқара халыққа ықпал жасау мүмкіндігіне ие болды. Сөйтіп, технократиялық мемлекеттің рөлі артып, оның азаматтық қоғамды біртіндеп өзіне бағындыру қаупі төнеді. Әлеуметтік бақылау жасаудың жатық, жасырын формасының күш алу қаупі артады.
Десек те, қоғамды классификациялау тек осылармен бітпейді. Қоғам саяси критерийлерге орай (әсіресе қоғам мен мемлекет арақатынасының сипаты мен формасына қарай) азаматтық қоғам ретінде қалыптасқан, мемлекет соған бағынып, қызмет ететін — демократиялық қоғам; азаматтық қоғамы жоқ, ал мемлекет қоғамды және тұлғаны өзіне бағындырып, басып-жаншып отыратын — тоталитарлық қоғам және алғашқысы мен кейінгісінің арасындағы — авторитарлық қоғам деп бірнеше жікке бөледі. Қоғамды типтеу басқа да көптеген белгілерге қарап жүргізіледі. Айталық, коғамдағы үстемдік етуші дінге байланысты христиан немесе мұсылман қоғамына, кеңінен тараған тілдік қарым-қатынасқа қарап ағылшын тілді, француз тілді, орыс тілді және т.б. қоғамдарға бөледі. Жалпы осы топтаулардың рөлі мен маңызын анықтау қоғамды нақты қай жағынан зерттеуге байланысты болады. Егер қоғам халықтың этникалық құрамы жағынан алып зерттелетін болса, онда бірінші қатарға қоғамды бір ұлттық, екі ұлттық, көп ұлттық деп топтау қойылады, ал қалғаны екінші қатарға шығарылады. Демек, күрделі әлеуметтік құрылым ретіндегі қоғамды типтеу жөнінде бір ғана немесе әмбебап көзқарас жоқ. Ол зерттеушінің қандай методологиялық тұрғыдан қарауы, проблеманы өз бетінше көре білуі, өз пайымдауының негізі етіп нені алуы арқылы анықталады.
Жоғарыда қоғам ұғымы мен мемлекет түсінігі бір-біріне ұқсамайды деген едік. Олай болса, олардың белгілерінде де өзгешелік болады. Демек, қоғамды қандай белгілерге қарап анықтауға болады деген орынды сауал туындайды. Индивидтер арасында өзара әрекеттер, өзара байланыстар және қатынастар орнайды. Мұндай байланыстарды дүние жүзі картасымен салыстыратын болсақ, онда осы байланыстардың бір-бірімен ұштасып, жүйеленіп мемлекеттік-территориялық бірлікке келіп тірелетінін көруге болады. Сонымен, қоғам — адамдар арасында қалыптасқан байланыстар мен өзара әрекеттердің жиынтығы.
Қоғамның алғашқы белгісіне әдетте әлеуметтік байланыстардың шоғырлануы жүретін аумақты жатқызады. Біздің планета көптеген қауымдастықтарға экологиялық мүмкіндік беру арқылы адамдардың мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және климаттық жағдай мен табиғат ландшафтысының көп түрлілігіне орай индивидтердің тіршілік әрекеттеріне өзіндік қайталанбас белгілер қалдырды. Аумақ — индивидтер арасында қатынастар мен өзара әрекеттер қалыптасатын, дамитын әлеуметтік кеңістіктің негізі болады.
Қоғамның екінші ерекшелікті белгісі оның ішкі өзара байланыстарының жоғары интенсивтілігін қолдап отыру және үдайы туындатып, жетілдіру қабілеті болып табылады. Қоғамның маңызды сипаты ретінде тұрақтылықты айтқанмен, әлеуметтанушылар оның негіз болатын себептерін түсіндіруде бір жерден шықпады, пікірлері қайшы-лықта болды. Э. Дюркгейм қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығының басты негізіне "ұжымдық сананы", ортақ жігердің болуын алады. Р. Мертон болса қоғамның сақталуын халықтың көпшілігі меңгерген және әрбір индивидті біріктіретін тіршілік әрекеттерінің нормаларын сақтауға бағыттайтын "келелі құндылықтар" арқасында болады деп есептейді. Э. Шилз қоғам бүкіл аймаққа бақылау жасайтын және ортақ, мәдениетті таңатын тек қана "ортақ биліктің" ықпалымен өмір сүреді деп пайымдайды.
Қоғамның тұрақтылығын сақтайтын алғышарттарды толық анықтау тіптен мүмкін емес сияқты. Адамзат тарихының көне кезеңдерінде қоғамның тұрақтылығы ең алдымен тұлғааралық өзара әрекеттердің есебінен сақталып келді. Адамдар өздерін туыстық және көршілік, әдет-дағдылар, көмек пен қолдау көрсету, олардан айырылудың қорқынышты екендігі сиякты дәнекерлермен байланыстырды. Ф. Теннис осындай принциптерге негізделген қоғамды қауымдастық деп атаған.
Алайда, халық санының өсуіне орай байланыстардың өзара әрекет жүйесі бұрыңғыдай қолданыла алмады. Басты тұрақтандырушы алғышарт болып әлеуметтік құрылым шықты. Әлеуметтануда құрылым деп тұрақты түрде болатын әлеуметтік түзілімдерді, байланыстарды және қатынастарды айтады. Бұл әлеуметтік институттар, әлеуметтік қауымдастықтар болуы мүмкін. Олардың айрықша ерекшеліктеріне мақсатқа лайықты қызметтері жатады. Бұл дегеніміз, қоғам үшін өмірлік маңызы бар міндеттерді орындау мен атқарушылардың құзырына біршама тәуелсіз болу деген сөз.
Басқаша сөзбен айтсақ, меншік институты немесе мемлекет, интеллигенцияның әлеуметтік тобы немесе соттың кәсіби рөлі қоғамда тұрақты немесе ұзақ кезеңдер бойы өмір сүріп келеді және осы құры-лымдардың өмір сүруін қамтамасыз еткен нақты адамдар әлденеше рет ауысып отыруы мүмкін.
Әлеуметтік құрылымдар бір мезетте және жоқтан пайда болмайды. Олар бастапқыда тұлғааралық контактілер мен өзара байланыстар негізінде пайда болып, өзара әрекеттер және катынастардың тұрақтылығын нығайтудың нәтижесінде қалыптасады. Олар индивидтердін өз міндеттерін тиімді шешуге, жеке өз мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін, бірлесе өмір сүруді реттейтін принциптер мен нормаларды мейлінше дұрыс таңдап алуға негізделеді. Мысалы, барлық халықтарда реттеуші — жұмылдырушы қызметін атқара алатын институттық құрылымдар қалыптасқанға дейін мемлекеттің орнығу процесі көптеген жүз жылдықтарға созылды.
Қоғамдағы тұрақтылық ең алдымен әлеуметтік құрылымның қалыптық және функционалдық касиеттеріне байланысты болады. Әрбір құрылым әрекеттер мен өзара байланыстардың белгілі бір түрлерін тәртіптейді (реттейді) және оларды үдайы өндіреді. Айталық, отбасы институты неке қатынастарын, ақша институты тауар айырбастауды реттейді. Бұлардың бәрі біріге отырып, сабақтастықты қамтамасыз етеді, онсыз әлеуметтік байланыстарды үдайы өндіру мүмкін емес.
Қоғамның үшінші ерекшелікті белгісіне оның автономдығы және өзін-өзі жоғары деңгейде реттеушілігі жатады. Қоғамның автономдығы оның көп функциялылығымен жүзеге асады, яғни индивидтердің алуан түрлі қажеттілігін қанағаттандыру үшін керекті жағдайлар жасау қабілетінің болуы және индивидтерге өзін көрсету, өзін бекіту үшін кең мүмкіңдіктер жасауы қажет. Адам тек қоғамда ғана шағын кәсіби қызметімен айналыса алады, өзінің азық-түлікке және киім-кешекке деген қажеттілігін әр кезде қанағаттандыра алады. Қоғамда ғана адам өзіне керекті дағдыларды қалыптастырады және ғылым мен мәдениеттің жетістіктерімен танысады. Тек қоғам ғана оған мансапқа жетуге және әлеуметтік иерархияның биігіне көтерілуге мүмкіндік береді. Басқаша айтар болсақ, қоғамның жан-жақты, толық-қайшы болуы оның сырттай араласусызақ негізгі міндеттерін орындауына, яғни адамдардың жеке мақсаттарына жетулерін жеңілдететін өмірді ұйымдастыру формаларын көрсетіп беруіне жол ашатыны анық.
Қоғамның автономдығы және өзінің толықтылығы сыртқы басқа-рушылардың болмауынан көрінеді. Қоғам өз ішінде пайда болған және жасалған нормалар мен принциптердің негізінде, институттар мен ұжымдардың арасында реттеліп отырады және басқарылады. Өзін-өзі реттеуішлік қогамның маңызды қасиеті, бұл оның көлеміне қарамастан өз бетінше дербес әрекет етуін қамтамасыз етеді.
Төртіншіден, қоғамды үлкен интеграциялық күш ерекшелейді. Ол әрбір жаңа ұрпақты әлеуметтендіреді, сол ұрпақты қалыптасқан қатынастар жуйесіне қосады, соларды бәрі мойындап қабылдаған норма-лар мен срежелерге бағындырады. Аталмыш салалардың арқасында қоғам жаңаны енгізуге қабілетті болады, өйткені ол өзіне жаңа әлеуметтік түзілімдерді, институттарды, нормаларды таңдайды, сөйтіп, сол арқылы дамуды жаңалайды және сабақтастығын қамтамасыз етеді. Қоғам мен тілдің, мәдениеттің шығу тектері «көрінбес жіптер» арқылы байланысқан, адамдардың, өздері де оған ұмтылады. Ол адамдарға әдеттегі мінез-құлық үлгілерін қолдануға мүмкіндік береді, тұрақталған принциптерді басшылыққа алдыртады.
Қоғамды дамытатын өзіндік заңдар мён заңдылықтар қалыптасты. Солардың бірі — эволюционизм. Ол XIX ғасырда дарвинизмнің ықпал етуімен әлеуметтану ғылымында қалыптасты. Бұл әлеуметтік дамудың объективтік сипатын мойындаған көзқарастың жүйесі еді. Мұндай козқарастар қоғам эволюциясына табиғи-тарихи процесс ретіңде қарап, қоғамды түбегейлі өзгертетін оның шешуші буындарын, қоғамның үлгілерін анықтаудағы ғалымдардың рөлін де белгілеп берді.
Осындай көзқарасты ұстанғандардың бірі О. Конт болды. Ол қоғам эволюциясын анықтаушы алғышартқа білімділік прогресті жатқызды. Білімнің теологиялық, мистикалық түрінен позитивтікке, яғни ғылымға қарай дамуы адамның әскери қоғамнан индустриялы қоғамға өтуін қамтамасыз етеді. Әскери қоғам теологиялық, мистикалық білімге сүйене отырып, адамдарды құдайдың«баламасына» айналған, құдайдан бір кем емес көсемдер мен батырларға бағындырған еді. Мұндай қоғамның даму процесі төменгі деңгейде болды. Керісінше, индустриялы қоғам ғылыми білімге сүйенетін өндірісті жоғары деңгейде дамытып, адам қажетін қанағаттандыруды іске асырып отыр, деп пайымдады О. Конт.
Г. Спенсер эволюцияның мәнін қоғамның күрделенуінен, оның ішкі жіктелісінің күшеюінен көре білді. Бұл процесс қоғам дамуының әрбір жаңа кезеңінде әлеуметтік организмнің тұтастығын қалпына келтіріп отырады. Қоғамның гемогендіктен гетерогендікке қарай қозғалуы жеке адамдар бостандығын шектемей, арттырумен қатар жүреді, қоғам өз азаматтарын қатаң бақылауға алуды тоқтатады және олардың мүддесін барынша қанағаттандыру үшін қызмет жасайды. Демек, әлеуметтік професс дегеніміз, Г. Спенсердің сөзімен айтқанда, азаматтардың еркіндігін ұлғайтуға жеткізетін күрделі қоғам болады.
Э. Дюркгейм эволюцияның мазмұнын жеке адамдардың механикалық ынтымақтастығынан органикалық ынтымақтастыққа өту жолдары арқылы түсіндіреді. Жеке адамдардың механикалық ынтымақтастығы олардың даму деңгейлерінің өте төменгі дәрежеде болуы және бір-бірімен үқсастығы негізінде орнаған еді. Ал жеке адамдардың органикалық ынтымақтастығы еңбек бөліністері мен әлеуметтік жіктелу негізінде пайда болады. Соңғы айтылған мәселенің нәтижесінде өзгеше принципке негізделген адамдардың өзара тәуелділігі орнатылады, олардың тұтас әлеуметтік организмге бірігуі жүреді, қоғамның ең жоғары моральдық принципі есебінде ынтымақтастық сезімдері калыптасады.
Марксизм өндіргіш күштерді әлеуметтік дамудың шешуші алғы-шарты етіп алған еді. Өндіргіш күштердің дамуы өндіріс тәсілдерін өзгертуге жеткізеді, соның нәтижесінде қоғамда түбегейлі өзгерістер жасап, коғамдық-экономикалық формациялардың бірінен екіншісіне ауысуы қамтамасыз етіледі.
Марксизм эволюционизмді төңкеріспен біріктіруге тырысты, қоғам дамуында төңкеріс маңызды алғышарт деп қарады. Төңкеріс, дәлірек айтқанда, жаңа экономикалық және саяси құрылымдарды қалыптас тырушы рөлін атқаратын болды. Олай болмаған күнде қоғам өзін іріп-шіруге жеткізетін себептерден құтыла алмайтын еді. Сондықтан К.Маркс төңкеріске қоғамды өзгертетін және оның дамуын жеделдететін тарихи локомотив ретінде қарады. Қоғам дамуының маркстік тұжырымдамасы тарихқа формациялық тұрғыда қарауға да негізделген еді. Осыған орай қарастырсақ, онда адамзат өзінің дамуында бірнеше сатыны басынан кешіреді. Бір қоғамдық әлеуметтік-экономикалық формациядан екіншісіне ету әлеуметтік революция арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік революция бүкіл қоғамдық өмір жүйесіндегі түбегейлі сапалы төңкеріс болып саналады. Қоғамдағы өндіргіш күштердің артуы мен ескірген өндіріс қатынастарының арасындағы тереңдеген шиеленіс әлеуметтік революцияның экономикалық негізі етіп алынады. Осының негізінде әлеуметтік антагонизм күшейіп, өмір сүріп отырған құрылысты сақтауға мүдделі билеуші таптар мен қаналған таптардың арасында тап күресі шиеленіседі. Әлеуметтік революцияның бірінші жеңісі саяси билікті жеңіп алу болып саналады. Билік құралдары арқылы женген тап қоғамдық. өмірдің барлық саласына қайта өзгертулер енгізеді, сөйтіп, жаңа әлеуметтік-экономикалық және рухани қатынастар жүйесін қалыптастыру үшін алғышарттар жасалады. Марксизм көзқарасы бойынша революциялар қоғам дамуы жолындағы барлық тосқауылдарды жоюда, стратегиялық бағытта зор рөл атқарады, қоғамдық дамудың қуатты ынталан-дырушылары қызметін атқарады. Нақты айтар болсақ, қоғам дамуының эволюциялық және революциялық теориялары қоғамдық прогреске негізделген.
Эволюционизмнің келесі бір өкілдері революцияны қоғам дамуының заңдылығынан гөрі кездейсоқ, қан төгісті, қатал құбылыс деп есептеді. Мысалы, А. Токвиль Ұлы француз революциясы туралы айта келіп, оның жасаған өзгерістерін революциясыз-ақ іске асыруға болатындығын атап көрсетті. Эволюционизмнің маңыздылығы — оның қоғам дамуының объективті құбылыс екенін мойындағандығында еді. Тарихтың тоқтаусыздығы сияқты қоғамның да өзгеріске ұшырауы уақытқа ғана байланысты болады. Қоғамдағы әлеуметтік құрылымдар, институттар, нормалар, құндылықтар қайта жаңғыратың болғандықтан, соған орай жеке адамның мүддесі, идеалдары, бағдарлары да дәйектілікпен өзгеріске түсетін болады. Ал бұған кереғар жағдай қалыптасса, айталық, қажеттілікті бәрінен жоғары қою, ойлаудың пәрменділігін арттыру, білімді тереңдету адамды мақсатты түрде әлеуметтік ортаны өзгертуге бағыттайды.
Осы аталған бағыттың төңірегінде әлеуметтік эволюцияның кейбір үрдістері анықталады. Қоғам қарапайым күйден күрделі күйге қозғалып өтеді, яғни терең құрылымды, жіктелген қоғамға көшеді. Күрделі әлеуметтік құрылымдардың қалыптасуы жеке адамдардың талап-талғамдарының, сенімдерінің артуының нәтижесі де болып табылады. Шығармашылықпен айналысатын тұлға өзінің ауқымы мол ой-өрісінің негізінде тарихты жасаушы басты адамға айналды. Ол өзінің ішкі жасампаздық қуатына ерік беруді талап етеді және өзіне бостандық беретін қоғамға ұмтылыс жасайды.
Даму процесі соншалықты күрделі болғандықтан эволюционизм өзінің XIX ғасырдағы қол жеткен табыстарына қарамастан, тарих соқ-пағында сүріністерге ұшырады, Әлеуметтану ғылымы алға тартқан көптеген сауалдарға эволюционизм жауап бере алмайтын болды. Қоғамның дәйектілікпен даму принципін басшылыққа алған дәстүрлі эволюционизм шеңберінде қоғамның кері қозғалуын, дағдарыстары мен ыдырауын, бүтін өркениеттің жойылуын түсіндіру мүмкін болмай қалды. Мұндай құбылыстарды түсіндіру үшін зерттеушілер циклдік даму теориясын ойлап шығарды (О. Шпенглер, А. Тойнби). Ендігі жерде қогам эволюциясы түп-түзу қозғалыс ретінде есептелуден қалды, ол тұйық күйдегі өрлеу мен гүлденудің және қүлдыраудың циклі ретінде, олардың басталып, аяқталуына байланысты қайталанып отыратын циклі есебінде қарастырылатын болды.
Қоғамның түп-түзу дамуын жоққа шығаратын дамудың маятниктік тұжырымдамасы пайда болды. Бұл тұжырымдама бойынша қоғам қайсыбір алғышарттардың ықпалымен өзінін тепе-тендігінен айырылып, тербелістік қозғалысқа көшеді, тербеліс бір нүктеден соңгьі нүктеге дейін қозғалады, кейде орта тұсында тоқтап та қалады немесе тұрақты қозғалысты қалпына келетін де болады.
Эволюционизмнің келесі бір осалдығы даму мөлшерін, белгілерін анықтаудан байқалды. Осыған орай әлеуметтік прогрестің әмбебап өлшемдерін табуға тырысып бақты. Ол өлшемдерді жоғарыда көрсеттік. Олар қоғамды өзгерістерге түсіріп, дамуды қамтамасыз ететін негізгі буындар болатын: білім, әлеуметтік жіктеліс, тұлға бостандығы, ынтымақтастық, техникалық прогресс, өндіргіш күштер. Алайда, аталмыш буындардың рөлін терең зерттеу барысында олардың тек қана жағымды рөл атқаруымен шектеліп қалмай, келеңсіз прогреске соқтыратыны да анықталды. Білім адамдарды жаппай қырғынға үшырататын қаруды жасау үшін қолданылады, жіктеліс пен бақылаусыз қалған бостандық әлеуметтік энтропияға соқтырады, ынтымақтастық адам инициативасы мен тәуелсіздігін басып тастайды, ғылыми-техникалық революция экологияны күйзеліске ұшыратты.
Эволюционизм қысқа мерзімдік процестер мен құбылыстарды түсіндіруде дәрменсіздік танытты. Пайда болған өзгерістер зерттеушілер үшін адамдардың мінез-қүлқын, институттар мен әлеуметтік үііымдардың кызметін түбегейлі өзгерткенін көрсете алғанда ғана құнды болады. Мұндай "ұсақ" өзгерістер, айталық үкімет дағдарысы, қылмыстың өршуі, девианттық мінез-құлық, тағы басқалары эволюция теориясынан тыс қалып қойды. Әлеуметтік дамуды зерттеу үшін аталмыш шектеулікті жойып, өзгеше тұрғыдан қарап зерттеу талап етілді. Осыған орай әлеуметтік өзгеру теориясы пайда болды. Оның мән-мағынасын Т. Парсонс өз тұжырымдамаларында ашып берді.
Т. Парсонс әлеуметтік өзгеру мәселесін жүйелік тұрғыда талдау жасаумен байланыстырып қарастырды. Оның пікірінше, қоғам жүйе ретінде тұрақтылықты сақтауга, өзін-өзі жаңалауға қабілетті, бұл жағдай қоғамның негізгі құрылымдық элементтерінің тұрақтылығынан анық көрініп отырады.
Бақылау барысында қайсыбір іс-әрекеттің, окиғаның нәтижесінде жүйедегі тепе-теңдікті сақтап тұрған күштердің, элементтердің ара-салмағы бұзылатын болса (кейбір топтардың ықпал жасауы артады, мемлекеттік органдардың жаңа құрамы қалыптасады, т.б.), онда қоғам өзгеріске түседі. Мұндай өзгерудің түрін Т. Парсонс "тепе-теңдіктің" өзгеруі деп атаған. Алайда, қоғамдық жүйе мен оның элементтерінің арқасында бұзылған тепе-теңдікті қогам тез қалпына келтіріп отырады. Жүйе ішкі резервтердің көмегімен өзгеріске бейімделетін болады және пайда болған жаңа түсінімдерді өзіне қосып алады. Т. Парсонстың бұл тезисін бұрыңғы КСРО-ның 5О-6О-жылдардағы реформа жасамақшы болған талпынысы дәлелдей түседі. Әлеуметтік қажеттіліктердің өзгеруі, демократиялық көңіл күйдің артуы сол тұстағы ел басшыларын осыларға сәйкес біртектес шараларды жүзеге асыруға итермелеген еді. Алайда, әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы жоғары болды. Олай дейтініміз, әлеуметтік жүйе негізгі құрылымдық элементтерді сақтап, жаңа бетбұрыстарды өзіне қосқанымен, ескі приициптер негізінде міндетін атқаруды тоқтатпайды.
Т. Парсонстың пайымдауынша, әлеуметтік өзгерудің екінші түріне құрылымдарды өзгерту" жатады екен. Жүйеге іштен және сырттан қысым жасау аса күшті болған шақта жүйе өзі айырылып қалған тепе-теңдігін қалпына келтіруге дәрменсіз болады. Қоғамның тұтастығын сақтау мақсатында, оның бейімделу қабілетін арттыру үшін жүйенің маңызды құрылымдық элементтерін (әлеуметтік рөлдерді, институттарды, ұжымдарды) ауыстыру жүзеге асады. Көптеген жүйешелер: экономикалық, саяси құндылықтар жүйесі өздерінің түрлерін өзгертеді.
Т. Парсонс эволюциялық әмбебап ұғымын енгізіп, сол арқылы жаңа күйдегі сапалы жүйе пайда болуын анықтайтын құрылымдарды белгілеген. Әлеуметтік жүйеде ең алдымен төрт әмбебап қалыптасады: қатынастар жүйесі, туыстық жүйе, дін және технология жүйелері. Бұлардан кейін стратификация құрылымы, бюрократия, ақша мен нарық кешендері, демократия бірлестіктері пайда болады.
Т. Парсонс дәлелдеген құрылымдық қайта құру кезеңін немесе жана эволюциялық әмбебап кезеңін ТМД елдері, соның ішінде Қазакстан да өз басынан кешіріп отыр. Қоғамның тұтастығын сақтау, бүкіл жүйенің сапасын өзгерту өте үтымды элементтер мен құрылымдарды құра білуге тікелей байланысты болып отыр. Бұл іске асқанда ғана қоғамның өзгерген жаңа жағдайға тез бейімделу қабілеті артатын болады.
Демек, Т. Парсонстың тұжырымдамаларынын практикалық мәні зор. Ол қандай құбылыстар мен процестердің құрылымдық қайта құруларға әкеліп соғатынын, олардың ең маңыздыларын анықтауға мүмкіндік береді.
Қоғамның даму заңдары, түптеп келгенде, коғамның жаңа сатыға көтерілуіне, ілгері дамуына ықпал етеді.