
- •Бірінші тақырып әлеуметтану - ғылым
- •1. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
- •2. Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
- •3. Әлеуметтік ұғымы. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары
- •4. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны
- •Екінші тақырып дүниежүзілік әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең (XIX ғасыр-хх гасырдың басы)
- •1. Огюст Конт — позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
- •2. Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
- •3. Маркстік әлеуметтанудын негізгі ілімдері
- •4. Э. Дюркгейм мен м. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
- •Үшінші тақырып әлеуметтану жөніндегі ойдың ресейде дамуы (XIX ғасырдың екінші жартысы —XX ғасыр)
- •1. Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX гасырдың екінші жартысы)
- •2. XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
- •Төртшші тақырып қазақстанда әлеуметтану ой-пікірінің дамуы (XIX ғасыр—XX ғасырдың бірінші жартысы)
- •1. Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
- •2. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
- •3. Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
- •4. А. Байтұрсынов пен ә. Бөкейхановтың
- •2. XX гасырдың 70-жыддарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
- •1.Қогамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары
- •2. Қоғамның типтері, белгілері және даму заңдары
- •3. Қоғамдык прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар. Қоғамның кызметі
- •2. Әлеуметтік мобильдік. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының мәселелері
- •2. Ұлттық-этникалық қатынастар
- •3. Қазіргі жағдайдағы ұлт мәселелері
- •2. Отбасы құрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
- •2. Тұлганың әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
- •3. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
- •2. Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар
- •3. Қоғамныц саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элементтері, функциялары мен формалары
- •2. Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
- •Он үшінші тақырып ұйым және басқару әлеуметтануы
- •1. Ұйымның пайда болуы және оның құрылымы
- •2. Үйымның тыныс-тіршілігі мен типтері
- •3. Әлеуметтік басқарудың мазмұны,
- •2. Әлеуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
- •Мазмұны
1.Қогамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары
Қоғам ежелгі дүниеде мемлекеттен бұрын пайда болды. Сырт көзге ол адамдардың жиынтығын, бірлестігін елестетеді. Бұл дегеніміз қоғамның адам сияқты жануарлар дүниесінен өзінің саналылығымен және мінез-құлқымен түбегейлі ерекшеліктілігін көрсетеді. Қоғам — адамзаттың қауымдастығы, оны адамдар құрайды және соның құрамында өздері өмір сүреді. Жануарлардың биологиялық қатынастары, түптеп келгенде, олардың табиғатқа қатынасы болып табылады, ал адамзат қоғамының ерекшелігін адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастары қалыптастырады. Қоғам адамдардың кез-келген механикалық жиынтығы емес, керісінше, ол адамдардың тұрақты, орнықты және мейлінше тығыз өзара ықпалы мен өзара әрекеттерінің негізінде құрылатын бірлестік. Күнделікті өмірде қоғам ұғымы жиі айтылып, әр түрлі мағынада қолданылады — адамдардың шағын тобынан бастап бүкіл адамзатқа дейін және кітап сүюшілер қоғамынан бастап Қазақстан коғамына дейін қолданылады. Алайда, әлеуметтану ғылымында қоғам ретінде адамдардың ортақ мекен-жайы, өзін-өзі толықтыру, өзін-өзі қамтамасыз ету сияқтылармен сипатталатын адамдардың бірлестігі түсіндіріледі.
Ғылымда қоғам түсінігіне берілген ортақ анықтама жоқ. Қоғам ұғымына ортақ анықтама берудің күрделілігі бірнеше жағдайға бай-ланысты, атап айтқанда, көлемі жағынан кең және сипаты жағынан тым абстрактілі болуымен, қоғам әр түрлі бағытта қарастырылатын аса күрделі, көп қабатты, көп жақты құбылыстығымен, қоғам тарихи ұғым болғандықтан ортақ анықтама оның дамуының барлық кезеңдерін қамту мүмкіндігімен, қоғам әр түрлі ғылымдардың қолданатын категориясы болғандықтан, олардың әрқайсысы өз пәні мен зерттеу әдістеріне сәйкес қоғамды анықтауымен, өмірде қоғам ұғымын кең және тар мағынада қолданған сайын оған түсініктеме беру қажеттігімен байланысты.
Жалпы әлеуметтану тұрғысынан қоғамға анықтама беретін болсак, онда қоғам дегеніміз адамдардың жиынтығы, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың өзара байланыс пен өзара әрекетінің қалыптасқан формаларының тарихи бірлестігі және тұрақтылығы мен тұтастығы, өзін-өзі өндірумен, өзін-өзі толықтырумен, өзін-өзі реттеумен және өзін-өзі дамытумен сипатталатын, адамдардың өзара байланысы мен өзара әрекетінің негізі болатын ерекше әлеуметтік нормалар мен құндылықтар пайда болып, мәдениет деңгейі жоғары болатьш бірлестік. Ал тар мағынада француз, жапон, т.б. қоғам мағынасында айтылады. Бұл жерде қоғам деп тарихи, социо-мәдени және басқа да ерекшеліктерімен көрінетін нақты қоғам түрі түсіндіріледі.
Қоғам адамдардың өзара әрекетінің жемісі екенін өткен және бүгінгі әлеуметтанушылар толығымен мойындағанымен адамдардың қоғамға бірігуінің басты негізі не деген сауалга түрліше жауап береді. Мысалы, француз ғалымы Э. Дюргкейм рухани ақикат, неміс ғалымы М. Вебер адамдардың өзара әрекеті, К. Маркс адамдар қатынастарының жиынтығы, америка әлеуметтанушысы Т. Парсонс адамдар арасындағы қатынастар жүйесі, Н. Смельзер географиялық шекара, ортақ заң шығару жүйесі, ұлттық шығу тегінің бір болуы деген.
Демек, коғам ұғымының мазмұнын ашатын анықтамалардың бәрінде қоғамның тұрақтылығын құрайтын жүйе элементтері қарастырылып, қоғамның бәрі бір тектес емес екендігін, көп жақты және әр түрлі сипаттағы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді қосқанда олардың өзіндік ішкі құрылымы және құрамы бар екенін көрсетеді. Қоғамның құрамды элементтеріне адамдар, әлеуметтік байланыстар мен әрекеттер, әлеуметтік өзара қимыл-әрекеттер және қатынастар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар, қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар және т.б. жататынын айтуға болады. Бұлардың әрқайсысы бір-бірімен өзара тығыз байланыста болып, қоғамда ерекше орын альш, рөл атқарады. Сондықтан әлеуметтанудың міндеті — қоғам құрылымын анықтау, оның ең маңызды элементтеріне ғылыми сұрыптау жасау, олардың өзара байланыстары мен өзара әрекетін анықтау, әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғамдағы олардың орны мен рөлін зерттеу. Түптеп келгенде, әлеуметтік құрылым қоғамның жүйе ретіндегі тұрақтылығын анықтайды. Өйткені қоғам индивидтердің қарапайым жиынтығы, олардың өзара байланысы мен әрекеттері және қатынастары ғана емес, керісінше, ол тұтас жүйе, мұндай жиынтық жаңа, интегралды, жүйелік сапаны тудырады. Әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам — ол өзінің жеке заңдары бойынша өмір сүретін және дамитын әлеуметтік организм.
Сайып келгенде, әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам дәл бір-бірімен өзара тығыз байланысқан және өзара әрекеттегі және әлеуметтік тұтас- тықты құрайтын, үлкен реттілікпен жинақталған әлеуметтік құбылыстар мен процестер түсіндіріледі.
Қоғамның жүйелігін көрсететін ұғымдар мен негізгі принциптері бар. Оларды жете түсіну үшін ең алдымен жүйе, құрылым, т.б. ұғымдарын сараптап, білу қажет. Жүйе деп өзара бір-бірімен байланыста болатын және тұрақтылықты құрайтын тәртіптелген элементтердің жиынтығын айтады. Бұл ұғымды түсінуде элемент сөзі маңызды рөл атқарады. Элемент деп отырғанымыз — объект. Объектілердің тікелей қатысуымен жүйе құрылады және өмір сүреді. Объектілерсіз немесе элементтерсіз жүйе ешқашан өмір сүре алмайды. Бірақ жүйеге енген элементтер жүйеге тән қасиеттерді және тәртіп (реттілік) белгілерін қабылдайды. Сөйтіп, элементтердің белгілі бір жиынтығы кез-келген тұтасқан жүйенің мазмұнды жағын қалыптастырады. Алайда, элементтердің құрамы тұтастықтың қасиеттерін анықтай алмайды. Жүйе объектісінің ерекшеліктерін, нақты қасиеттерін анықтауда құрылымды, яғни тұтас жүйенің ішкі ұйымдастырылуын білу аса маңызды. Құрылым — бұл жүйенің ретке келтірілуі, ұйымдастырылуы. Бұл, дәлірек айтқанда, жүйе элементтерінің арасындағы байланыстар мен өзара әрекеттердің тәсілі.
Құрылымдық байланыстар — элементтердің жүйеде алатын орнымен анықталады. Сондықтан да құрылымның дамуы басты элементтердің екінші қатардағы, айталық, таптар, ұжымдағы лидерлер, т.б. элементтермен өзара әрекетінен көрінеді. Құрылымдық элементтердің өзара әрекеті және олардың дамуы көптүрлі болып, интеграциялық сапаға ие болады, соның нәтижесінде жүйелік байланыстар көбейеді. Бұдан шығатын қорытынды сол құрылымда болған маңызды өзгеріс бірден жүйеге ықпал етеді. Ал өз кезегінде жүйе құрылымға тікелей болмаса да, элементтер арқылы әсер етеді, сөйтіп, олардың қайсыбір бағытта дамуына қолайлы жағдай жасайды немесе оған кедергі болады.
Әрбір жүйе өзіне басқа да элементтердің арасындағы байланыстарды қосып алуы мүмкін, сондықтан да оларды жүйешелер (подсистемалар) деп атайды. Басты немесе күрделі жүйеге қатысты жүйешелер оның элементтері ретінде қарастырылады, сонымен бірге сол жүйешелердің өз жүйелелері де болуы әбден мүмкін. Жүйелелер, нақты жүйені құрауы, сайып келгенде, мейлінше көп болуы мүмкін. Негізгі жүйе шеңберінде жүйешелердің бір-біріне бағынуы белгілі бір иерархияны құрайды. Басты, анықтаушы жүйешені таба білу бүкіл жүйенің дамуы мен өмір сүруінің заңдылықтарын ашудың кілті болып табылады. Жалпы жуйеге сараптама жасау барысында оның даму заңдары ашылады. Ол үшін ең алдымен элементтердін құрылымдағы салмағы мен орнын анықтау қажет, содан алынған мәліметтер негізінде жүйенің ең мәнді байланыстарын да анықтай аламыз. Содан кейін сол байланыстарды жүйешелердің иерархиялық контексінде қарастыру керек. Сөйтіп, зерттеудің объектісі ретінде жүйенің шекарасы анықталады және оның бастапқы элементтері айқындалады. Бұдан кейін негізгі жүйешелерді табу қажет және олардың арасындағы иерархиялық байланыстарды анықтау керек. Жүйе құрылымы анықталған соң өзгерістеріне тікелей тәуелді болатын басты жүйелік байланыстарды анықтауға көшкен жөн.
Әлеуметтік жүйе — тұтастықты құрастыратын жүйе болып саналады, оның негізгі элементіне адамдар, олардың арасыңдағы байланыстар, әрекеттер мен қатынастар жатады. Бұл байланыстар мен өзара әрекеттер және қатынастар тұрақты сипат алады, тарихи процесс барысында ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Сондықтан да әлеуметтік жүйе қоғамдық тіршілік иесі ретінде адамның, адамдардың әрекет ету саласының жемісі болып табылады. Қоғамдық өмірдің қай саласына немесе қайсыбір жүйешелерге назар аудармасақ та, онда оның әмбебап элементі, бастапқы субъектісі адам, тұлға екеніне көз жеткіземіз. Қоғам адамды қалай қалыптастырса, адам да қоғамды қалыптастырады. Адамдардың өзара әрекеті, түптеп келгенде, әлеуметгік құрылымды құрайды. Ал барлық әлеуметтік функциялар адам қызметінің нәтижесі болады. Демек, адам әлеуметтік жуйенің бастапкы, әмбебап элементі болып саналады, бірақ ол өзінің қызметін әр түрлі әлеуметтік қауымдастықтарға біріккен басқа адамдармен өзара әрекет ету процесі барысында атқарады. Бұл өзара әрекет индивидтердің жиынтығын әлеуметтік жүйеге айналдырады. Сол тұста әлеуметтік орта сол индивидке қалай ықпал етсе, индивид те өзге индивидтермен біріге отырып ортаға соншалықты ықпал жасайды. Нәтижесінде жүйе құрамындағы элементтердің жеке өзінде болмайтын сапаны жинап, әлеуметтік тұтастықты дүниеге әкелді. Әлеуметтік жуйені үш негізгі мәселе тұрғысынан алып қарастыратын болсақ, онда, біріншіден, әлеуметтік жүйе индивидтердің бірлестігі ретінде зерттеліп, қайсыбір ортақ жағдайлар олардың өзара әрекетінің негізіне алынады, мысалы, қала, село, еңбек ұжымдары, т.б.; екіншіден, әлеуметтік жүйе алеуметтік ұстанымдардың иерархиясы іспетті қарастырылады, бұлар индивидтердің бірлесіп істеген қызмет процесінен көрінеді және содан әлеуметтік қызметтері келіп шығады; үшіншіден, әлеуметтік жүйе элементтердің негізгі сипаттарын, олардың нақты әлеуметтік жагдайдағы өзара қатынастары мен мінез-құлқын анықтайтын әлеуметтік нормалар мен құндылықтардың жиынтығы ретінде де қарастырылады. Жоғарыда аталған бірінші мәселе әлеуметгік қауымдастық ұғымымен, екіншісі — әлеуметтік ұйым түсінігімен, үшіншісі — мәдениет ұғымымен байланысқан. Сөйтіп, әлеуметтік құрылым белгілі бір тарихи нормалық-құндылықтар негізінде (соның қайнар көзі сол қоғамның мәдениеті болады) өзара әрекет ететін негізгі әлеуметтік субъектілердің (тұлғаның, әлеуметтік қауымдастықтың, әлеуметтік ұйымның) органикалық бірлігі ретінде көрінетін болады. Элементтердің бірлігінің тұтастығы олардың өзара әрекетіне негізделген. Адамдардың өзара әрекетінің тәсілі мен нәтижесі өлшем қызметін атқарады, соған орай адамдар бірлестіктерінің негізгі түрлері анықталады. Адамзат қауымдастығының басты-басты екі түрі бар: әлеуметтік қауымдастықтар және әлеуметтік ұйымдар. Бұлардың ұқсастығы бар. Олар бірігіп, индивидтердің қызметі іске асатын "әлеуметтік орта" немесе "әлеуметтік кеңістікті" құрайды. Әлеуметтік қауымдастық та, әлеуметтік ұйым да тарихи аренада әрекет етуші маңызды субъектілер болып саналады. Олар, сөз жоқ, ірі әлеуметтік өзгерістердің, эволюциялық және революциялық процестердің шешуші факторлары қызметін де атқарады. Олардың арасында өзара ұксастықпен қатар өзгешеліктері де бар. Әлеуметтік қауымдастықтың әлеуметтік ұйымнан өзгешелігі сонда, оның өмірлік жағдайлар негізінде қалыптасатын адамдардың тұрақты бірлестіктері болады. Мұндай бірлестіктер адамдар санасы мен еркінен тыс, объективті, табиғи жолмен қалыптасады. Мысалы, адам қалада немесе ауылда тұрады, соған орай ол қала немесе ауыл халқына жатады. Индивид әрдайым қайсыбір демогра-фиялық топқа жатады, этникалық қауымдастықтың мүшесі болады. Ол жұмыссыз жүрсе немесе еңбек ететін болса, міндетті түрде, кәсіби, мамандық тобына енеді. Кез-келген әлеуметтік ұйым да дәл сондай индивидтердің бірлестігінен құралады. Алайда, оңың әлеуметтік қауымдастықтан өзгешелігі — жасанды жолмен құралатындығында, мақсатының ерекшелігі мен өзінің уақытша сипатта болатындығында. Әлеуметтік ұйымдар қоғамды, өмірді реттеуде үлкен рөл атқарады. Әлеуметтік бірлестіктердің екі түрі де қажет және қайсыбір қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыруға қызмет етеді. Ең алдымен олар адамдардың тіршілік әрекеті процесінде адамдар интеграциясын жүзеге асырады, әрине, бұл жерде стихиялық, кездейсоқтық та орын алады. Бірақ бұл жерде адамдар интеграциясы ретсіз, жөн-жәсықсыз болады екен деген ой тумауы керек. Тіршілік әрекетіне әрдайым нормативтік тон. Адамдардың мінез-құлқын маңызды түрде реттеуші ретінде олардың тек ниеті мен мақсаты ғана соған қызмет етіп қоймайды, сонымен қатар сол қоғамда объективті қалыптасқан әлеуметтік нормалар да осыған қызмет жасайды. Әлеуметтік нормалар — қоғам мақұлдаған мінез-құлықтың белгілі бір үлгісі. Бұл үлгі индивидтердің өзара әлеуметтік әрекетіне басқа да қатысушы адамдардың қалай қарайтынын алдын-ала көруге мүмкіндік береді және соған орай өзін, іс-әрекетін қалыптастыруға ықпал етеді. Осыған байланысты әлеуметтік норма индивидтің мінез-құлқының өлшеміне және өзге адамдардың оның кылығына, ісіне баға беру өлшеміне айналады. Нормативтік үлгілер беталды жасалмайды, жоқтан пайда болмайды. Олар нақты бір қоғамның әлеуметтік құндылықтарымен тығыз байланыста және солардың негізінде қалыптасады. Әлеуметтік құндылықтардан жүйенің дамуы мен өмір сүруі үшін белгілі бір материалдың және рухани игіліктердің ерекше маңыздылығы байқалады. Құндылықтар есебінде еркіндік, еңбек, әділеттік және т.б. осындай ұғымдардың қалыптастырылуы мүмкін. Бұл қоғам мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін ынталандырады, өзінің ынталандырушы рөлін идеялар, үлгілер, мақсаттар түрінде жүзеге асырады, осылардың көмегімен адамдар өз әрекеттерін жоспарлайды және оның нәтижесін бағалайды. Әлеуметтік құндылықтар сол қоғамның рухани мәдениетінің органикалық бөлімі және бір мезетте индивид санасының элементтері болып табылады.
Әлеуметтануда рухани мәдениет құндылықтары, сайып келгенде, қоғамдык өмір мен адамдар мінез-құлқының әлеуметтік-норматавтік реттеушісі есебінде қарастырылады. Әлеуметтік құндылықтардың нақты нормативтік қызметі оларды әлеуметтанулық зерттеудің мәнді тақырыптық дәрежесіне жеткізеді. Осыдан қорытынды жасайтын болсақ, онда, әлеуметтік құндылықтар мен нормалардың кешенін мәдениеттің реттеушілік мәселесі ретінде қарауға болады, осы арқылы мәдениет әлеуметтік тіршіліктің әрекет ету процесіне нақтылы ықпал жасай алады. Соның салдарынан мәдениет адамдарға және ұжымдарға іс-әрекеттің үлгілері мен нормаларын береді, ойдың мазмұнын анықтайды, ниет-мақсаттарын басқарады, тұлғаны қалыптастырады. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік процестерге өзіндік "қатысушы" болады, сондықтан да әлеуметтік жүйені, әлеуметтік құрылымды сараптағанда оның рөлін міндетті түрде ескеру керек. Әлеуметтік құрылымның құндылық-нормативтік маңызын саралау жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың мінез-құлқын анықтайтын әр түрлі факторлардың әрекеттерін біріктіруге мүмкіндік береді. Соның арқасында әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға болады. Бұл жалпы әлеуметтік теориялардың басты міндеттеріне және мазмұнына жатады. Әлеуметтік құрылымның жекелеген элементтерінің ерекшеліктері мен функционалдық рөлі әлеуметтанулық білімнің нақты салаларының шеңберінде, атап айтқанда, мәдениет әлеуметтануы, тұлға әлеуметтануы, ұйымдар әлеуметтануы, т.б. анықталады.
Әлеуметтік байланыс (өзара байланыс) - белгілі бір мақсатқа жету үшін кесімді мерзімдегі нақты қауымдастықтың бірлесе еткен қызметін қамтамасыз ететін факторлар жиынтығы. Әлеуметтік байланыс нақты тұлғалардың, адамдардың сипаттамасынан (ниеті, тілегіне) тәуелсіз түрде пайда болады. Бұл байланыстардың орнауына адамдардың нақтылы өмір сүріп, әрекет ететін объективті әлеуметтік жағдайлары себепші болады. Әлеуметтік байланыстың мәнін адамдардың қимыл-әрекетінің мазмұны мен сипаты анықтайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда әлеуметтік байланыстың мынандай негізгі типтерін бөліп қарастыруға болады: өзара әрекет, қатынастар, бақылау, институттық даму, себепті байланыстар, құрылымдық байланыстар және т.б.
Әлеуметтік өзара әрекет — кез-келген жеке адамның басқа адамдар немесе әлеуметтік қауымдастық үшін маңызы бар мінез-құлқы, әрекеті, олардың бір-біріне әсер ету процесі болып саналады. Әлеуметтік өзара әрекет әр түрлі жүйедегі (немесе жүйешедегі) әлеуметтік субъектілер арасында, жүйе ішінде, жүйелер мен оларды қоршаған орта арасында, сонымен қатар жалпы жүйелер мен олардың элементтері арасында іске асады. Бұл әрекеттер қоғамда өзгерістер тудырады, өз кезегінде сол өзгерістер адамдарға ықпал етеді, оған жауап ретінде адамның кері реакциясы да пайда болады. Әлеуметік өзара әрекеттің объективтік және субъективтік жақтары бар. Объективтік жағы — нақтылы функцияның мазмұнынан туындайтын байланыстар. Әлеуметтік өзара әрекеттің субъективтік жағы деп отырғанымыз — мінез-құлықтардың ыңғайына қарай негізделгсн әлеуметтік субъектілердің бір-бірімен саналы қатынастары. Белгілі бір жағдайда әлеуметтік субъектілер арасындағы өзара әрекет тұрақтылығымен және қайталануымен салыстырмалы түрде қайталады. Дәл осы жағдайда әлеуметтік субъектілер арасында белгілі бір әлеуметтік қатынастар орнайды.
Әлеуметтік қатынастар — жеке адамдар мен әлеуметтік топтарда болатын тұрақты және өз алдына жеке байланыс. Демек, қоғам көптеп саналатын индивидтерден, олардың арасындағы әлеуметтік байланыстардан, өзара қимыл-әрекеттерден және қатынастардан құралады.
Қоғамға тұтас жүйе ретінде қарап, оған жүйелік тұрғыдан талдау жасауды ұсынушылар қоғамды жеке адамдардың, олардың байланыс-тарының, өзара әрекетінің, қатынастарының қарапайым жиынтығы деп қараудан сақтандыра отырып, қоғамдык деңгейде болатын индивидтердің әрекеті, байланыстары мен қатынастары жаңа сапаны, сапалық тұтастық жүйені құрайтынын атап көрсетеді.
Жүйелік сапа — қоғамның, жүйенің элементтерінің ерекше сапалық күйі. Бұл жерде элементтерді қарапайым жиынтық деп қарауға болмайды. Қоғамдық қатынастар мен өзара әрекеттер жеке адамдықтан, тұлғалықтан жоғары тұратын сипатқа ие болады, яғни қоғам — бұл индивидтермен қарым-қатынаста алшақтылық сақтайтын немесе алдыңғы қатарда тұрған өз алдына жеке субстанция. Әрбір адам, жарық дүниеге келген соң байланыстар мен қарым-қатынастардың қайсыбір құрылымына кезігіп, әлеументтендірілу процесі барысыңда сол құрылымға енеді. Жүйелік сапаға, яғни тұтастыққа көптеген байланыстар, өзара әрекеттер мен қатынастар тән. Солардың арасында коррелятивтік деп аталатын байланыстар, өзара әрекеттер мен қатынастар аса маңызды, себебі олар элементтердің үйлесімділігін және бір-біріне қатаң бағыныштылығын реттеуді өз міндетіне алған. Үйлесу — қайсыбір элементтердің бір-біріне сәйкестендірілуі. Оның осы ерекше сипаты элементтердің өзара тәуелділігін, жалпы жүйенің тұтастығын сақтауды қамтамасыз етеді. Бағыныштылық — тұтастық жүйедегі элементтердің ондағы маңыздылығы мен алатын орнының бірдей еместігін көрсетіп, олардың бір-біріне бағынудағы ерекше орнын айқындайды.
Демек, соның нәтижесінде қоғам сапалы тұтастық жүйеге айналады. Мұндай сапалық жүйеге қоғамдық тұтастықты құрайтын бірде-бір элемент жеке-дара ие бола алмайды.
Әлеуметтік процесс — осы кез-келген әлеуметтік объектінің, әлеуметтік жүйеленген элементтердің дәйекті түрде ауысып тұратын қозғалысы немесе күйі. Әлеуметтік процесс мынандай белгілермен си-патталады: әлеуметтік процестің құрамды бөлшектерінің өзара әрекет ету белгісі, объектінің жағдайға сәйкес бағытталуы, мерзімдік белгісі. Әрбір әлеуметтік процесс белгілі бір кезеңдегі бағытты және қарқынды түрде өзгертуді белгілейтін, құрамды бөліктердің өзара байланысын, тәсілдерін ерекшелейтін бірнеше сатыдан тұрады. Әлеуметтік процесс типтері әлеуметтік жүйе және оның элементтері, интеграция және лезинтеграция, бірігу мен шиеленіс, ынтымақтастық пен бәсекелестік болып бөлінеді. Бұлармен қатар әлеуметтік процестерді функционалдық және дамытулық деп те бөледі. Оның біріншісі объектінің сапалық күйін қалпына келтіруді қамтамасыз етсе, екіншісі объектіні жаңа сапаға көшіреді. Батыс елдерінің әлеуметтану ғылымында функционалдық процесс өз алдына жеке бөлініп қарастырылады, соның негізінде әлеуметтік объектінің басты қызметтерін жүзеге асыруға ықпал жасайтын шарттарға назар аударылған. Ал дисфунк-циялықты зерттегенде объектінің қызметтерін атқаруға кедергі келтіретін жағдайды қарастырады.
Қоғамды жүйелілік деңгейде қарастыруда детерминистік және функ-ционалдық көзқарастар маңызды рөл атқарады. Детерминистік тұрғыдан қарастыру марксизмде анық байқалады. Бұл ілім бойынша қоғам тұтас жуйе ретінде төмендегідей жүйешеден тұрады: экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық. Бұлардың әрқайсысының өзін жеке-жеке жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл жүйелерді әлеуметтіктен айқындау үшін социенталды деп те атайды. Бұл жүйелердің арақатынастарында басты рөлді себеп-салдар байланысы атқарады. Бұл дегеніміз, марксизмге сәйкестендіре айтсақ, аталмыш әрбір жүйе өздігінен өмір сүрмейді, сөйтіп, баска жүйелердін себеп-салдарына тәуелді болып келеді. Бұл жүйелердің бәрі өз арасында иерархиялық құрылымды құрайды, яғни субординациялық арақатынасты сақтайды, олардың бір-біріне бағыныштылығы жоғарыда көрсетілген деңгейде сақталады. Марксизмде барлық жүйе экономикалық жүйенің ерекшелігіне тәуелді болады, экономикалық жүйенің негізі меншіктің сипатына негізделген материалдық өндіріс болады.
Алайда, марксизм әлеуметтік детерминизмді тым қарапайым баяндауға қарсы. Ол барлық қоғамдық қатынастарды экономикамен ғана түсіндірмейді. Марксизм көзқарасы бойынша экономикалық жүйе ол тек қоғамдық өмірдің басқа жүйелерін дамытуды анықтайды және оның ең басты себепшісі болып табылады. Марксизмде бүкіл социенталды жүйенің кері байланыстары атап көрсетілген. Әрбір келесі жүйе алдыңғы жүйеге кері ықпал жасайды.
Тікелей өзара байланысы бар социенталды жүйелердің бір-біріне әсер етуі демократиялық сипат алады. Нәтижесінде марксизм қоғамға жанды дүние, әрдайым қозғалыста және дамуда болатын организм ретінде қарады. Оны зерттеуде өндірістік қатынастарға талдау жасау шешуші рөл атқарады. Әлеуметтанудағы детерминистік көзқарас тұрғысынан қарау функционалдықпен толықтырылған. Марксизм сондай-ақ функционаддық тұрғыдан қараудың жақтаушысы болып табылады. Марксизмде жүйені жиынтық, органикалық және тұтастық, деп болу қалыптасқан. Қоғам жүйе ретінде органикалықтан тұтастыққа өту кезінде қалыптасады. Органикалық жүйенің дамуы оның өзін-өзі бөлшектеуімен, жіктеуімен тығыз байланысты болып, жаңа қызметтер немесе соған сәйкес элементтер жүйесінің қалыптасу процесі ретінде сипатталады. Қоғамдық жүйеде жаңа функцияларды қалыптастыру еңбек бөлінісі негізінде іске асады. Қоғамдық қажеттілік бұл процестің қозғаушы күші болып табылады. Қажеттілікті қанағаттандыру үшін керекті құралдарды өндіруді және тоқтаусыз болып жататын жаңа қажеттіліктердің туындауын К. Маркс пен Ф. Энгельс адамның өмір сүруінің бірінші кезектегі алғышарты деп есептеген. Сөйтіп, осындай қажеттілік пен тәсілдер соларды қанағаттандыруды қамтамасыз етеді, даму негізінде қызмет түрлерін тудырады, соларсыз қоғамның өмір сүруі мүмкін емес. Бұл қызмет түрлерін іске асыру үшін адамдар жаңа еңбек бөлінісі саласын ойлап тапты. Сөйтіп, бұлар адамдардың ерекше назарына ілігеді, сонымен қатар қызметке тағайындап, сенім білдірген адамдардың да ойынан шықпайды және олар өз алдына дербестігін сақтап қалады. Сайып келгенде, марксистердің пікірі бойынша, материалдық өндіріс саласының негізінде ерекше қызметтер атқаратын әлеуметтік, саяси және рухани салалар пайда болады. Алайда, жоғарыда атап етілгендей, қоғамдық өмірді түсіндіруде марксизмге детерминистік көзқарас тән.
Функционализм идеясы — көбіне-көп англо-американ әлеуметта-нушыларына тиесілі. Функционализмнің негізгі ережелерін ағылшын әлеуметтанушысы Г. Спенсер (1820-1903) өзінің үш томдық "Әлеу-меттану негіздері" еңбегінде белгілесе, оны американдық әлеуметтанушылар А. Радклиф-Браун, Т. Парсонс дамыта түсті. Г. Спенсердің әлеуметтануға функционалдық тұрғыдан қарауының негізгі принциптеріне қысқаша тоқталайық.
Қоғамға жүйелілік тұрғыдан қарауды жақтаушылар сияқты функцияшылдар қоғамға тұтастық күйде қарап, оны экономикалық, саяси, әскери, діни, тағы басқа көптеген бөлімдерден тұратын организм деп есептеді.
Алайда, олар осыған байланысты, әрбір бөлім тек тұтастық шең-берінде ғана өмір сүреді дегенді атап көрсетті, солардың құрамында бола отырып, әрбір бөлім нақтылы, қатан белгіленген қызмет түрлерін ғана атқарады.
Бөлімдердің қызметтері қашан болмасын әлдебір қоғамдық қажеттілікті қанағаттаңдырып отырады. Солардың бәрінің біріккен қызметі қоғамның тұрақтылығын және адамзаттың өсіп-өрбуін қолдауға бағытталған. Қоғамның әрбір бөлімі өзіне тиісті қызметін атқаратыны сияқты, оның қайсыбір бөлімнің қызметінде іркілістер, тоқыраулар, қызметтерінің бір-бірінен ерекшеленетін кездері де кездеспей қалмайды, сөйтіп, өзге бөлімдер үшін бұзылған қызметтерді қайтадан қалпына келтіру ауыр тиеді.
Г. Спенсер әлеуметтік бақылауға үлкен маңыз берді. Оның пікірі бойынша, әлеуметтік жүйенің тұрақтылықты сақтауының басты себебі, онда бақылау элементтері бар. Бұған саяси басқару, құқық тәртібінің органдары, діни институттар және моралъдық нормалар жатады.
Г. Спенсердің пікірі бойынша, әлеуметтік бақылау "тірілердің ал-дындағы корқынышқа" және "өлілердің алдындағы қорқынышқа" арқа сүйейді. 'Тірілердің алдындағы қорқыныш" мемлекетті қалыптастырып, орнықтырады, "өлілер алдындағы қоркыныш" шіркеуді дүниеге келтірді. Қоғамның тұтастығын сақтаудың басты шарты — қоғамдағы қабылданған жүйенің құндылықтарын қалың бұқараның мойындауы. Г. Спенсер дәлелдеген әлеуметтанудағы функционализм Р. Мертон еңбектерінде терең зерттеле отырып дамытылды. Р. Мертон оның тұжырымдамасына бірқатар анықтамалықтар енгізді: Өзі бір ғана құбылыс бола тұрғанымен де, әр түрлі қызметтер атқаруы мүмкін, сондай-ақ керісінше бір ғана қызмет түрінің өзі әртүрлі құбылыстарда да қолданылады. Р. Мертон дисфункция ұғымын енгізді, яғни оған бүлдіруші қызмет деген мағына береді. Ол бірқатар элементтер бір жүйелі қатынаста функционалды болуы мүмкін және басқа жүйеге қатынас кезінде дисфункционалды болуы ықтимал деген қорытынды жасады. Р. Мертон айқын және көзден таса жасырын патентті қызметтер арасындағы айырмашылықтарды белгіледі. Айқын қызмет — саналы әрекеттен туындаған қызмет. Латенттік қызмет әрекет етуші адамиың қажетті амалды табуды ойламауының нәтижесі.
Т.Парсонстың құрылымдық - функционализм козқарасы функционализм әдістемелігі дамуының маңызды кезеңі деп сипатталады. Парсонстың пікірі бойынша, кез-келген қоғамдық жүйенің екі негізгі бағдары бар, оларды "бағдардың білігі" (ось) деп атаған. Бірінші білік ішкі-сыртқы білік деп аталады. Бұл дегеніміз кез-келген жүйе қандай да болмасын өзін қоршаған ортадағы оқиғаға бағытталады, немесе өзінің проблемаларындағы оқиғаларды қамтиды. Екінші білік — ин-струменталды-консумоторлық. Бұл — жүйе бағдарының қандай да болмасын белгілі бір сәттілікке немесе ұзақ мерзімдегі кажеттілік пен бір мақсаттарға бағытталуы.
Бұл біліктерден 4 негізгі функционалдық категориялар пайда болады: бейімделу, мақсатқа жету, интеграция, құрылымды жаңадан ұдайы өндіру. Әлеуметтік жүйенің бұл қызметтері, Парсонстың пікірі бойынша, әр түрлі жүйешелермен қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жүйенің ішінде бейімделу қызметін экономикалық жүйеше, мақсатқа жету қызметін — саяси жүйеше, интеграция қызметін — құқық институттары мен әдет-ғұрыптар, құрылымды жаңадан өндіру қызметін — наным жүйесі, мораль және әлеуметтендіру органдары қамтамасыз етеді.
Функционализм эмпирикалық ғылыми зерттеулерде кеңінен қол-данылады. Алайда, басқа әдістемелікті жақтаушы әлеуметтанушылар функционализмнің 3 басты кемшіліктерін атап көрсетеді: 1) қоғамды зерттеу тарихи тұрғыдан қараудан тыс болуы керек. Қоғам функционализмде динамикалық дамудан бөлек, статикалық тұрғыдан қарастырылады; 2) шиеленістерді жазып талдауда қабілетсіздік көрсетеді, әлеуметтік шиеленістері қат-қабат қазіргі таңдағы мәселелерді шешуде қабілетсіз болып отыр; 3) әлеуметтікте жеке адамды толық қамтып көрсете алмайды .
Функнионализмге сын айтушылардың қатарында индивидуализм әдістемелігінің өкілдері Дж. Хоманс, Джон Линд, Г. Блумер, тағы басқалар бар. Олар функционализмнің орнына индивидуализм әдістемесін ұсынады. Индивидуализм әдістемелігінің негізгі идеясы мынаған саяды: кез-келген әлеуметтік құбылыс, сонымен қатар қоғамдық өмір индивидуалдық іс-әрекет жиынтығы арқылы түсіндірілуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтану ғылымының бірден-бір міндеті жеке адам қимылының нақты әрекеті дегеніміз не және индивидуалдық іс-әрекеттер жиынтығы дегеніміз не деген сауалдарды түсіндіру. Индивидуализм өкілдерінің көзқарасы бойынша іс-әрекет схемасы мынандай элементтерден тұрады: іс-әрекет етуші, яғни жеке адам немесе топ; жағдайға қатыстырылуы, тартылуы белгілі бір зорлық-зомбылық көрсетудің болуымен сипатталады; іс-әрекет арқылы қайсыбір мақсатқа жетуді көздеу; - мақсатқа жету үшін ресурстарға манипуляция жасау; — нақтылы белгіленген мінез-құлық. Индивидуалдық іс-әрекет дегеніміз не? Бұл құбылысты бірнеше әлеуметтік өзара қарым-қатынас жасау жөніндегі әрекет теориялары түсіндіреді. Мұндай теорияның бірі — әлеуметтік айырбас теориясы. Оны американ әлеуметтанушысы Дж. Хоманс тұжырымдады. Джордж Хоманс ақы төлеу және шығын шығарту арқылы адамдардың мінез-құлқына ықпал ету принципіне арқа сүйейді. Ол өз теориясының мынадай ережелерін белгілейді:
1)мінез-құлыққа неғұрлым жиі ақы төленіп, сыйлық берілсе, соғұрлым ол жиі қайталанатын болады;
2)өткендегі ақы төлеу белгілі бір жағдайға байланысты болса, адамдар сондай жағдайды қайталауға тырысады;
3)аз ғана сый-сияпаттан гөрі ақы төлеудің мөлшері анағұрлым үлкен болса, онда адамдар оны алу үшін артығымен оның өтемін қайтаруға барады;
4)егерде адамның кажетгілігі толығырақ қанағатгандырылған болса, онда адам оны қанағаттандыру үшін аз ғана күш жұмсайды.
Джордж Хоманс теориясының тағы бір түрі — әділ айырбас тео-риясы. Бұл теорияны қалыптастырғандар Джон Адамс, Дж. Уолстер және тағы басқалар. Бұл теория да сипаттауды керек етпейтін жорамал жүйесіне (постулат) негізделген:
1)индивидтер қашан болмасын барынша пайда табуға тырысады, бұл адамның өзімшілдік табиғатынан туындайды;
2)топтар индивидтерге шек қоя отырып және "әділ" қатынастар орнатуды талап ету арқылы ұжымдық пайданы арттырады;
3)индивидтер өздерінің "әділетсіз" қатынастарға қатысын анықтаған соң психологиялық ыңғайсыздыққа түседі;
4)"әділетсіздікті" адам неғұрлым ауыр қабылдаған болса, оның психологиялық ыңғайсыздығы да соғұрлым артады және "әділеттілік" қатынастарды орнатуға деген талпыныстары үдей түсетін болады .
Сайып келгенде, бұл теорияда "әділеттілік қатынастар" категориясы назар аударарлық болып тұр, өзара әрекетке қатысушылардың пропорционалды үлесі және нәтижесі әлеуметтік қатынастарды анықтайды. Осы теорияны жақтаушылар әлеуметтік әділеттілікке жетуде индивидтер мен топтарды ынталандыру басты, негізгі мәселе деп санай-ды. Келесі бір теория - индивидуализм әдістемелігіне негізделген символдық интеракционизм болып табылады. Оның аса көрнекті өкілдері — Джордж Мид пен Герберт Блумер. Джордж Мид индивидтің мінез-құлқы басқа адамның мінез-құлқына қайтарған реакциясы деген ілімді ұсынды. Адамзат маңызды объектілер дүниесінде өмір сүреді. Маңыздылық тек әлеуметтік өзара әрекет процесінде ғана пайда болады. Әр түрлі әлеуметтік топтар дүниені жасап орнатады, дүниені құрайтын объектілердің өз маңыздылығын өзгертуіне орай бұл дүниелерде өзгереді.
Символдық интеракционизмге сәйкес, индивидтер арасындағы өзара әрекет үздіксіз диалог ретінде көрінеді, бұл процесте адамдар бір-бірінің ниетін бақылайды, түсіндіреді және оған жауап қайтарады.
Ынталандыруды түсіндіру дегеніміз — ынталандырудың символмен байланыс орнатуы және осы символды пайымдау негізінде жауап реакциясын таңдау болып табылады. Әлеуметтік байланыс, коммуникация орнату мүмкіндігі адамдардың сол символға бірдей маңыз беруіне орай қалыптасады. Джордж Мидтің пікірі бойынша, әлеуметтік "мен" мағынасы екі жақты болады: өзіндік "мен" және "біздер". Өзіндік "мен" — бұл индивидуалдық сана. "Біз" — бұл басқа адамдар алдындағы индивидуалдық сана. "Менің" және "біздің" арасында тұрақты диалог болады. "Мен" өз іс-әрекетін іштей "бізді" итеру арқылы бағалайды. Сайып келгенде, қоғам іштей "мен" іспетті болады. Әлеуметтік "мен" индивидтер арасындағы өзара қарым-қатынастар процесі жиынтығымен тұжырымдалады.
Қайсыбір тұлғаның жауап реакциясының, қызмет тәсілдерінің, символдық мазмұнының көп болуы ол қатысатын өзара әрекеттер жүйесінің көп түрлілігіне де байланысты болады.
Дегенмен, қоғамның не екенін, оның қалыптасу механизмдерінің қандай екенін және қалай өмір сүретінін (функционирования) түсіндіруде бірін-бірі әрдайым мойындай бермейтін, тіптен қарама-қайшылықта болып келетін методологиялық тұрғыдағы сараптау әдісі әлі де сақталып отыр. Бірақ бұл тұжырымдамалардың кез-келгені қоғамды тұтас жүйе ретінде қарасгыруда аса маңызды.
Сайып келгенде, қоғам дегеніміз — бұл адамдардың бүкіл негізгі қажеттіліктерін, өзін-өзі реттеуді, үдайы өсіп-өніп отыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік өзара әрекеттерді ұйымдастырудың әмбебап тәсілі. Қоғам әлеуметтік байланыстардың реттелуімен, нығаюымен, бұл байланыстарды қолдап және дамытып отыратын ерекше институттардың, нормалардың қалыптасуымен пайда болады. Зерттеушілер қоғамның жүйелілік принциптерімен қатар, оның типтерін, белгілерін және даму заңдарын да анықтайды.