
- •Бірінші тақырып әлеуметтану - ғылым
- •1. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
- •2. Әлеуметтану білімінің құрылымы мен деңгейлері
- •3. Әлеуметтік ұғымы. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары
- •4. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері және оның қоғамдық ғылымдар жүйесінде алатын орны
- •Екінші тақырып дүниежүзілік әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең (XIX ғасыр-хх гасырдың басы)
- •1. Огюст Конт — позитивтік әлеуметтануды негіздеуші
- •2. Герберт Спенсердің әлеуметтану жөніндегі ілімдері
- •3. Маркстік әлеуметтанудын негізгі ілімдері
- •4. Э. Дюркгейм мен м. Вебердің әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
- •Үшінші тақырып әлеуметтану жөніндегі ойдың ресейде дамуы (XIX ғасырдың екінші жартысы —XX ғасыр)
- •1. Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттар мен ағымдар (XIX гасырдың екінші жартысы)
- •2. XX ғасырдағы Ресей әлеуметтануының дамуы
- •Төртшші тақырып қазақстанда әлеуметтану ой-пікірінің дамуы (XIX ғасыр—XX ғасырдың бірінші жартысы)
- •1. Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары
- •2. Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары
- •3. Абайдың әлеуметтанулық ой-пікірлері
- •4. А. Байтұрсынов пен ә. Бөкейхановтың
- •2. XX гасырдың 70-жыддарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
- •1.Қогамның жүйелілік ұғымдары мен принциптері. Қоғамды жүйе ретінде қарастыру концепциялары
- •2. Қоғамның типтері, белгілері және даму заңдары
- •3. Қоғамдык прогресс өлшемдері және қарама-қайшылықтар. Қоғамның кызметі
- •2. Әлеуметтік мобильдік. Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының мәселелері
- •2. Ұлттық-этникалық қатынастар
- •3. Қазіргі жағдайдағы ұлт мәселелері
- •2. Отбасы құрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері
- •2. Тұлганың әлеуметтік мәртебесі мен рөлі және ол туралы тұжырымдамалар
- •3. Тұлғаның әлеуметтенуі. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы және түрлері
- •2. Саяси қатынастар, мүдделер, процестер мен институттар
- •3. Қоғамныц саяси жүйесі және саяси сана, олардың негізгі элементтері, функциялары мен формалары
- •2. Мәдениеттің негізгі элементтері мен формалары
- •Он үшінші тақырып ұйым және басқару әлеуметтануы
- •1. Ұйымның пайда болуы және оның құрылымы
- •2. Үйымның тыныс-тіршілігі мен типтері
- •3. Әлеуметтік басқарудың мазмұны,
- •2. Әлеуметтік ақпарат жинақтаудың әдістемесі мен техникасы
- •Мазмұны
2. XX гасырдың 70-жыддарынан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі әлеуметтанымдық теориялар мен негізгі ағымдар
XX ғасырдың 70—80-жылдарында Батыста әлеуметтанудың даму-ында осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жаңа кезең басталды. Әлеуметтанудың кейпін анықтайтын жаңа концепциялар мен теориялар пайда болуда. Бұлар классикалық үлгідегі ой-пікірлермен тығыз байланыста дамуда және оларды жалғастыруда. Яғни әлеуметтанудағы сабақтастық өте анық көрсетілуде. Бұл түсінікті де, себебі бұл ғылым әлеуметтік процестердің шындығын көрсетеді. Алайда, әлеуметтанудағы бұл кезеңді өткен екі кезеңмен тығыз байланыстыра қарастыру қажет. Олай етпеген күнде әлеуметтанымдық ойдың соңғы жиырма жыл ішіндегі даму өзгешеліктерін түсінуге болмайды. Бұл кезеңдегі теориялық жұмыстар бірнеше бағыттардың өмір сүруі арқылы көзге түседі. Мұнда үш негізгі бағытты ашып көрсету қажет: неомаркстік, неопозитивтік және түсінуші әлеуметтану бағыттары. Бұлардың біріншісіне Франкфурт мектебі мен АҚШ-тағы радикалды-сыншыл әлеуметтануды, екіншісіне — стурктурализмді, құрылымдық функционализмді, постпозитивизмді, ал үшіншісіне — этнометодологияны, символикалық интеракционизмді, феноменологиялық әлеуметтануды жатқызуға болады. Дәстүрлі концепцияларды теориялық тұрғыда бірінші болып қайта қарауға ұмтылғандар Франкфурт мектебінің өкілдері М. Хоркхаймер (1895-1973), Т. Адорно (1903-1969), Г. Маркузе (1898-1979), Ю. Хабермас (1929) болды. 1930 жылдардың өзінде Майндегі Франкфуртта әлеуметтік зерттеулер институты негізінде неомарксизмге негіз қалаған Батыс әлеуметтануының бағыты қалыптасты. Бұл марксизмді жаңаша түсіндіруге тырысқан әлеуметтік-философиялық ой ағымы еді. Мұның өкілдері үшін әлеуметтік-экономикалық категория ретінде алынған "шеттетілу" ұғымы өзекті ұғым болып саналады. Неомарксизм "маркстік" капитализмнің орнына қоғамның еңбектік негізін өзгертетін "кешеуілдеген капитализмнің" келгенін жаринлады. Бұл мектептің өкілдері, ең әуелі Ю. Хабермас 70—80-жылдардың шегінде әлеуметтанымдық методология саласы бойынша еңбектер жариялады.
Қазіргі Батыс әлеуметтануының кең тараған бағыты — неопозитивизм. Бұл бағыт тұтастыққа қолы жеткен мектептердің қатарына жатпайды, керісінше ықпалды бағдар іспетті, оның жақтаушылары өздерін ғылыми әлеуметтанудың немесе әлеуметтанудағы жаратылыстану-ғылымилық бағыттың өкілдеріміз деп санайды.
Неопозитивизмнің қалыптасуы XX ғасырдың 20-жылдарында бас-талды, оған "ғылымның стандартты тұжырымдамаларын" жасау негіз болды. Бұл тұжырымдама бірнеше принциптерді жүзеге асыруды мақсат тұтады: әлеуметтік құбылыстар табиғи және мәдени-тарихи заңдарға бағынады; әлеуметтік зерттеудің әдістері сияқты қатаң, нақты және объективті болуы тиіс; адам мінез-құлқының субъективтік мәселелерін (мотивтер, құндылықты бағдарлар және басқалары) тек олардың көзге нақты көрінуі арқылы ғана зерттеуге болады; ғылыми ұғымдардың ақиқаттығы мен бекуі эмпирикалық зерттеулер негізінде анықталып, орнығуы қажет; барлық әлеуметтік құбылыстар сандық түрде көрсетіліп, жазылуы керек; әлеуметтану ғылым ретінде құнды ой-пікірлер мен идеологиадан еркін болуы тиіс.
Неопозитивизм өзінің қолданбалы эмпирикалық бағдарының ар-қасында әлеуметтанулық зерттеудің әр түрлі әдістерін жасады және менгерді, атап айтқанда, іштей және сырттай бақылау әдісі, адамдардың жеке басына қатысты құжаттарды қолдану әдісі, шкалалық әдіс, панелдік әдіс, латенттік, контентталдау, т.б. әдістер қалыптасты.
Неопозитивизм шеңберінде әлеуметтанулық зерттеулерді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар қалыптасты. Оларды әлеуметтану мәдениетінің нормалары деп те атайды. Олардың қатарына мыналар жатады: ұғымдарды іріктеу және оларға нақты түсінік беру; гипотеза әзірлеу; зерттеу әдістерін мазмұндау; зерттеудің мәліметтерін және нәтижелерін мазмұндау; қорытындыларын дәлелдеу; зерттеу такы-рыптарына орай пікір сайыстар ұйымдастырып, өткізу. Неопозитивизм өзінің дәуірлеу шыңына 40—50-жылдары көтерілді, бүған дейін біраз уақыт ол құлдырауды бастан өткерді. Неопозитивизм қазіргі Батыс әлеуметтануында көшбасы болу рөлінен айрылды. 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында оның қайта жандануына қоғамдық-саяси жағдайлар ықпал етті, әсіресе әлеуметтік құбылыстарға сенімді ақпараттар мен ғылыми экспертизалар талап ету мемлекеттік тапсырысқа айналды. Әлеуметтану бұған қолданбалық функциясын күшейту арқылы жауап береді, ол ең алдымен әлеуметтік инженериядан нақтылы түрде көрінді және қолданбалық зерттеулердің шеңберінің кеңеюінен де байқалады. Сонымен қатар эмпиризм мен мазмұндауды жеңуге байланысты алғашқы қадамдар жасалып отыр. Осыған орай неопозитивизмнің мына ережелері алдыңғы қатарға шықты: математика тілі әлеуметтанулық ақпаратты берудің ең маңызды формасы болып табылады; ғылымдардың методологиялық бірлігін негізге ала отырып, мәліметтерді талдау үшін жаңа логикалық-методологиялық құралдарды қолдану тиіс; әлеуметтану әлеуметтік зерттеудің этикалық тұрғыдан алғандағы бейтарап саласы.
Сонымен, әлеуметтік ақпаратқа деген сұраныстың күшеюі неопо-зитивизмнің дамуы үшін қаржы негізін қалайды және қолайлы саяси ахуал қалыптастырады. Бірақ бұл әдістің іргелі теориялық базасының болмауына байланысты өрісінің шектеулі екендігін де байқаймыз.
Фсноменологиялық әлеуметтану ағымының белгілі өкілдері — Альфред Щюц (1899-1959), Питер Бергер (1929), Томас Лукман (1927). Бұлардың пікірінше, дүниені және нақты фактіні танып қабылдау адамның қайсыбір оқиғаларды түсіндіруіне байланысты болады. Жағдайды түсіндіру тәсілі, нені істеуге болады, нені істеуге толық мүмкіндіктің жоқтығын анықтау индивидтің әлеуметтену процесі барысында меңгерген, өмірлік тәжірибесінен туындаған құндылықтыр жүйесіне байланысты. Щюц әлеуметтенудің ерекшелігі және индивидтің қандай мәдениетке, әлеуметтік, кәсіби топқа жататыны құндылықтардағы өзгерістерге байланысты екендігін атап көрсетеді. Әлеуметтік нормаланған "дүние конструкциясының" түрлері өте көп.
Мұндай жағдайда адам әрекеттерінің мотивтерін объективті түсіну мүмкін бе, яғни олардың субъективтік мәнін түсінуге бола ма? деген заңды сұрақ туады. Егерде ол мүмкін болатын болса, онда ненің негізінде пайда болады? Шюц түсіну мүмкіндігі күнделікті өмір негізінің өзінде, "күнделікті дүниеде" қаланған деп тұжырымдайды. Оның пікірінше, бұл әлеуметтанудың ең басты міндетін, яғни индивидтердің субъективтік тәжірибесі негізінде әлеуметтік құбылыстардың қалыптасу процесінің объективтілігін ұғыну міндетін шешуге мүмкіндік береді. Алайда, әлеуметтанушы өмірлік дүниенің теориялық моделін жасай отырып, келесі ережелерді (постулаттарды) басшылыққа алуы тиіс: релеванттық постулат. Әлеуметтік дүние моделінің тікелей зерттеу проблемасына қатысы жоқ, "артық" мазмұнына көңіл аудармай, бірден зерттелетін пәннің өзіндік байланыстары мен қатынастарын белгілеуді есепке алу керек; барабар постулаты — әлеуметтанулық модель және ондағы білім, мотивтер, жоспарлар, әрекеттердің құрылуы "саналы және түсінікті" болып қабылдануы тиіс; логикалық жүйелік постулаты — әлеуметтану ғылымы қолданатын ұғымдар тізбегі, бір-бірін толықтыратын, бір-біріне сәйкес келетін болуы және солардың негізінде қозғалуы тиіс, айтылатын ой біріне-бірі қайшы келмеуі қажет; келісу постулаты — әлеуметтанушы қайтадан дүние жасап шығармайды, ол өзінің түсіндіру моделін оны эмпирикалық жолмен тексеруге болатындай етіп құрады.
Сонымен, феномонологиялық әлеуметтану бірінші болып күнделікті болатын құбылыстарды әлеуметтік ғылымдардағы зерттеулердің негізі және алғышарты, тақырыбы мен пәні ретінде қарастырды. Қазіргі Батыс әлеуметтануының бірден-бір қызықты және табысты ағымы символдық интеракционизм болып табылады. Бұл ағымды негіздеген — Америка ғалымы Дж. Мид (1863—1931). Ол Ч. Дарвиннің идеясымен рухтанып, арнайы адамзат эволюциясы теориясын жасауға тырысты. Ол үшін ең алдымен іргелі сұраққа жауап қайтару керек болды; адамның жануарлардан айырмашылығы неде, оны тұлға ететін не? Оның пікірінше, адамның ерекшелігін мінез-құлықтың негізгі реттеушісі саналатын дамыған инстинктер жүйесінің болмауы анықтайды. Сондықтан да адамның символдарды ойлап табу және қолдану қабілеті бар. Бұл адамның қоршаған ортаға, саналы мінез-құлыққа және өзін бақылауға саналы бейімделуінің негізі болып табылады.
Адам әрекетінін басты сипаты — символдарды қолдану. Дж. Мид әлеуметтік әрекеттің екі формасын немесе екі сатысын ажыратады: ишараттың (ымның) көмегімен адамның қарым-қатынас жасау сатысы; жанама қарым-қатынас жасаудың символдық сатысы.
Ишарат (ым) арқылы қарым-қатынас жасау әрекеттің қысқартылған түрі секілді сипатталады, жекелеген ишараттардан әрекетті толық қалпына келтіруге болады. Мінез-құлықты үйлестіру функциясын өз құзырына алған мұндай түрдегі ишараттар тілдің кейпі сияқты болып көрінеді.
Символдық жанама өзара әрекеттер, яғни ең алдымен тілдің көмегімен болатын өзара әрекеттердің сипатталуы былайша жүзеге асады: а) кез-келген индивидпен қарым-қатынаста бірдей реакцияны тудырады; б) өзін басқа адамның орнына қойдырады; в) өзіне басқа адамның көзімен қарайды.
Символдық жанама өзара әрекеттің пайда болуын Дж. Мид функционалдық арқылы түсіндіреді, яғни адамдарда сенімді түрдегі инстинктердің болмауы салдарынан олардың мінез-құлықтарын үйлестіру қажеттігі тұрғысынан ұғындырады және антропологиялық, яғни адамның символдарды жасау жоне қолдану қабілетімен түсіреді.
Маңызды символдар, егерде бұлар топтардың игілігіне айналса ғана өздерінің үйлестіруші функциясын орындай алады. "Ана", "әке", "жақсы", "жаман" және т.б. ұғымдар өзінің естілуімен және ерекше маңыздылығымен топтардың игілігі болып табылады, одан жеке адам осы маңыздылықтарды алады. Адамның коғам мүшесі болуы — оның топтық әрекеттің үлгілері мен нормаларын меңгеру деңгейіне байланысты.
"Маңызды символ" ұғымы ең алдымен тілге қатысты айтылған, соны білдіреді. Қарым-қатынастағы әріптестер ешқашан да бірдей тілде сөйлемейді. Соның салдарынан көбіне-көп бірін-бірі түсінбейтін немесе қате түсіністік жағдайлар пайда болады, бұл өзара әрекеттің бұзылуына әкеліп соғады. Мұндай бұзылуларды (бұрмалаулар) мета-коммуникациялардың көмегімен түзетуге болады, яғни әріптестер қарым-қатынастар орнату процесінде қолданған ұғымдарының мәнін салыстырмалы және ортақ маңыздылық жүйесі аркылы жүзеге асыруы керек. Бүдан шығатын қорытынды: адам объектілерге қатысты қызметті өзі мән берген маңыздылықтардың негізінде іске асырады; маңыздылықтың өзі әлеуметтік өзара әрекеттің жемісі болып табылады; маңыздылықтар өздеріне түсіндірмелер мен жаңа анықтамалар беру арқылы пайда болады және өзгереді.
Дж. Мидтің пікірінше, қоғам адамдардың жиынтығы, сондықтан да индивид адамдармен өзара әрекет ету қарым-қатынасын орнатқанда және өзін-өзі түсінуі арқылы, өз әрекетін жоспарлағанда кімнің ұстанымын, кімнің көзқарасын негіз етіп алу керектігін қарастырады, пайдалысын қолдайды. Қоғамның пайда болуын Дж. Мид, түптеп келгенде, физиологиялық себептер арқылы, яғни белгілі бір қажеттіліктердің (мұқтаждықтардың) пайда болуы және соларды қанағаттандыру, ең алдымен тамаққа және өмірді жалғастыру қажеттіліктерін қанағаттандыру қажеттіліктерінің пайда болуы арқылы түсіндіреді. Иңдивид фи-зиологиялық жағынан өзін қанағаттандырғанымен, қалай болғанда да басқа адамдармен байланыс орнатады, соларға тәуелді болады.
Нақтылы және идеалды қоғамның өмірін сипаттаган Дж. Мид оларды өзара әрекеттің кең көлемі мен сапасы арқылы қарастырады. Идеалдық қоғам нормалардың бәріне ортақ болуы және коммуникация процесіне бүкіл адамзаттың араласуы арқылы сипатталады. Идеалдық қоғамның пайда болуының алғышарттарын ол дүниежүзілік шаруашылықтар байланысының кеңеюінің, мемлекеттер арасындағы саяси одақтардың қалыптасуының, діннің әмбебаптығының кеңеюінің нәтижесі деп тұжырымдады. Сонымен қатар Дж. Мид әлеуметтік шиеленістердің конструктивтік рөлін, соның ішінде еңбек пен капитал арасындағы шиеленісті атап көрсетті, еңбек пен капиталдың шиеленісі барысында үндері шықпай, беделден айрылған, қоғам әлі мойындамаған және өзінің таптығын қалпына келтіру үшін күресуші қанаушылар тобы қайтадан даусын көтере бастады. Сөйтіп, коммуникацияға тартылған әлеуметтік субъектілердің шеңбері кеңейді және осы жаңа диалогтың нәтижесі қоғамды қайта құруы мүмкін.
Батыстың казіргі әлеуметтануының кең таралған тағы бір кон-цепциясы ол — этнометодология. Мұның негізін қалаушы американ әлеуметтанушысы Г. Гарфинкель. Бұл концепцияның мән-мағынасы — этнография мен әлеуметтік антропология әдістерін әлеуметтік зерттеулердің жалпы методологиясына айналдыру. Этнометодологияның негізгі талабы — зерттеу субъектісі мен объектісінің арасында үзілісті болдырмау. Әлеуметтанушы зерттеудің жағдайы мен сырына терең үңілуі тиіс, яғни ол бұл іске сырт көзбен қарай алмайды. Әлеуметтанушының міндеті — зерттелетін объектімен өзара тығыз байланыс орнату, сонымен біте қайнасуы керек, себебі олардың өзара қимылы осыған негізделеді. Этнометодологияның өкілдері осындай өзара қимыл-әрекетте басқа тәсілдерге қарағанда солардың бәрінен де анағұрлым бай ақпараттар алуға болатынын атап көрсетеді. Сондықтан этнометодолог ғалымдардың осындай өзара байланыс барысында қолдары жететін, яғни ғылыми қорытындылар жасауға негіз болатын тәсілдерді ұсынуы көбінесе халық даналығы деп аталатын қарапайым әрі мағынасы дұрыс сипатқа ие болады. Шын мәнінде мұндай қорытындылар адамдардың жүріс-тұрыс тәртіптерінің көрінісі ретінде сипатталатын сөздік қатынастар ретіндегі әлеуметтік өзара әрекетті көз алдымызға елестетіп отырады.
Енді 1990 жылдың шілде айында Мадрид қаласында өткізілген дүниежүзілік XII әлеуметтанымдық конгресте ұсынылған ең жаңа әлеуметтанымдық постмодернистік концепция жөнінде аздап түсінік бере кетелік.
Бұл концепцияның өзіндік ерекшелігі бар. Себебі ол әлеуметтік нақтылық пен әлеуметтанудың өзін танып-білу тәсіддеріне ғана қатысты емес, сонымеи бірге, әсіресе қоғамдағы болып жатқан және 90-жылдарда болуы мүмкін өзгерістерді жаңаша түсінуге мүмкіндік береді. Постмодернистік дамудың бұл жаңа жалпытеориялық концепциясын ағылшын әлеуметтанушысы Э. Гидденс ұсынды. Мұның мәні мынада: бұл постмодернизм концепциясының жақтаушылары қазіргі болып жатқан және келешекте болатын өзгерістерде мәдени факторлардың ерекше рөл атқаратынын көрсетіп, соны баса айтады. Басқаша айтқаңда, дәл осы факторлар қоғамдық прогрестің өлшемдері ретінде қаралады. Бұл жерде Э.Гидденс бәрінен бұрын әлеуметтік субъектінің (тұлғаның, кез-келген әлеуметтік қауымдастықтың — халықтың, кәсіптік топтың, қоғамдық козғалыстың) және оның қызмет еркіндігі рөлінің артып отырғанын көрсетеді. Ол қандай деңгейде, қандай аймақта болса да мәдениеттердің әр түрлілігі мен көп жақтылығы және тең құқықтығы жөніңде сөз қозғаған дұрыс деп санайды. Гидденстің концепциясы бойынша, мәдениеттерді олардың аздығына немесе кең көлемде дамығандық белгісіне қарап тізүте болмайды. Олардың бәрі де, тіпті дәстүрлі мәдениеттің өзі де бір-бірімен тең дәрежеде құқықты. Вебердің пікірінше, қоғам дәстүрлік және модернистік болып екіге бөлінеді. Ол коғамдағы адамның жүріс-тұрысын дәстүрлі түрдегі реттеушілік: "ойланбастан, өзіңе дейін қалай істесе, сен де солай істе" деген принциппен анықталады десе, модернистік қоғамда адамдардың әлеуметтік жүріс-тұрысын реттеушілік — пайдалылықпен, экономикалық жөнділікпен, тиімділікпен анықталады делінеді. Ал Гид-денс болса мұндай көзқарастан біршама ілгері жылжыды. Оның ойынша, қазіргі біздің заманымыздағы постмодернистік типтегі қоғамда барлық әлеуметтік процестерді әлеуметтік қауымдастықтардың мәдени белсенділігімен байланыстырған субъективтендіру идеясы басты рөл атқаратын болады деп есептейді.
Әлеуметтанымдық теориялардың ішінде 80-жылдарда қалыптасқан көзқарас — қоғамның принципті, мүлде басқа типінің пайда болуын атап көрсетеді. Бұл арада сөз болып отырғаны - жаңа әлеуметтік нақтылыққа, ақпараттық негізге сүйенетін, "ақпараттық қоғам"деп аталатын қоғам. Мұнда қоғамдық құбылысты анықтайтын фактор ретінде заттар мен тауарларды өндіру жүйесі емес, керісінше, ақпараттарды өндіру жүйесі қарастырылады. Мұндай постмодернистік қоғамда "экономикалық" адамдардың орнына басқа типтегі тұлғалар келеді. Ал, бұл тұлғалардың ұстанған өмір салтында материалдық тұтыну мұқтаждықтарының шеңберінен тыс басқа да себептер мен қазыналар басым жатады.
Қазіргі кезеңдегі әлеуметтанудың тағы бір концепциясы ол — әлеуметтік айырбастау теориясы. Бұл теорияны неғұрлым тез дамы-тушылар — американ әлеуметтанушылары Дж. Хоманс, П. Блау, Р. Эмерсон болды. Бұл теорияның тұжырымы бойынша, адам мен қоғамның өзара әрекет етуі, әр түрлі әлеуметтік игіліктер мен іс-әрекеттер түрлерінің алмасуы арқасында өкімет, құқықтық жағдай, тәртіп, т.б. өмір сүреді деп түсіндіріледі. Адамның айырбастауға деген ұмтылысы (психологиялық деңгейде) оның қызметі мен тәртібіндегі негізгі бастаманың көзі ретінде қаралады. Айырбастау арқасында қоғамда жаңадан әр түрлі құрылымдар пайда болып қана қоймайды, сонымен бірге, атап айтқанда, тану, сыйлау, мақұлдау, жетістік, достық, т.б. сияқты көптеген катынастардың механизмдері де әрекет етеді. Айырбастау актісі қарапайым әлеуметтік әрекеттер ретінде жүзеге асады.
АЛТЫНШЫ ТАҚЫРЫП
ҚОҒАМ - ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ