- •1. Жұмыстың мақсаты:
- •2. Құралдың тағайындалуы. Негізгі техникалық сипаттамасы
- •3. Прибордың сипаттамасы. Жұмыс істеу принципі.
- •1 Жұмыстың мақсаты:
- •3 Эхограмманың мағынасын ашу.
- •1 Жұмыстың мақсаты.
- •Аспаптыц міндеті. Жұмыс істеу принципі
- •3. Гидравликалық динамографтың сұлбасы
- •1. Жұмыстың мақсаты:
- •2. Динамограмма және ол туралы түсінік.
1 Жұмыстың мақсаты:
1.Орын ауыстыратын құраммен танысу.
2.Эхолот жұмыс принципін зерттеу.
3.Үш каналды эхолот көмегімен түсірілген эхограммаларды оқып үйрену.
2 ЭП-1 эхолотының құрылысы мен жұмыс істеу принципі.
Аспаптың арналуы
Эхолот ЭП-1 тереңдік сораптармен жабдықталған ұңғымалардағы сұйық деңгейін өлшеу үшін пайдаланады.
Аспап арқылы:
- Өңдіріліп тұрған ұңғымаларда сұйықтың динамикалық деңгейі өлшененеді;
- Тұрып қалған (простаивающая) ұңғымаларда статикалық деңгей өлшенеді;
- Тербелмелі-станоктың жұмысын тоқтату кезінде сұйық деңгейінің өзгеруі қадағаланып отырады.
Эхолот ЭП-1-дің техникалық сипаттамасы
Өлшенетін максималды тереңдік, м - 3000
Қағаз лентаның қозғалу жылдамдығы, мм/с - 50
Термофон тізбегіндегі(цепь) өтетін ток, мА - 200-300
Тіркеуіштің(регистратор) өлшемдері, мм - 130х205х305
Хлопушканың өлшемдері, мм - 636х160х190
Қоректенетін тораптың кернеуі, В - 220 немесе 380
Қоректенетін тораптың жиілігі, Гц - 50
Қоңдырғының жалпы салмағы, кг -12,5
Эхолот кешеніне кіретін элементтер:
- Бытыралық (пороховая) хлопушка
- Тіркеуіш
- Үшаяқ (тринога)
- Біріктіруші штангілер
Бытыралық хлопушка – инфра, төмен жиілікті дыбыс импульсінің көзі болып табылатын, бір-біріне орнатылған екі құбырдан тұратын қоңдырғы. Ішкі құбырда, құлыпты бөлігінде бөлшектенген тұтандырғыш (өртсөндіргіш, пламягаситель) орналасқан. Бытыралық хлопушканың құбыр аралық жерінде термофон орнатылған, ол арқылы акустикалық импульс электрлік импульсқа ауысады. Термофон - текстолитті сақина, сақина тесігі арқылы W әріпі пішінді диаметрі 30мк және ұзындығы шамамен 40мм вольфрамды сым тартылған. Вольфрамды сым тіркеуіштен келетін электр тогы әсерінен қызады.
Акустикалық сигналдың әсерінен 1000С дейін қыздырылған вольфрамды сымның температурасы өзгереді. Бұл электрлік кедергінің өзгеруіне әкеледі. Термофонның кедергісінің азаюы тізбектегі ток күшін жоғарлатады, ол өз кезегінде күшейткіштің(усилитель) шығар жерінде кернеу импульсінің пайда болуына әкеледі.
Тіркеуіш – кіре беріс тұрғыдан, күшейткіштен, қоректендіру блогы, таспалы(лентопротяжный) айналдырғыш механизмі мен өздік жазғыштан тұрады. Тіркеуіш – тасымалдауға ыңғайлы металды қорап(чемоданчик) түрінде жасалған. Тіркеуіш Хлопушкаға арнайы шланг арқылы жалғастырылған.
Үшаяқ арқылы Тіркеуіш ұңғыманың маңайына орнатылады.
2.1 суретінде жүргізілетін зерттеудің схемасы көрсетілген.
Ұңғыманың құбыр аралық кеңістігі бойымен акустикалық импульс жіберіледі, импульс жаңғырық үні (эхо) тәрізді сұйық деңгейінің бетінен шағылып, хлопушканың Термофонына (1) қайта оралып келеді. Термофон дыбыс импульсін электр импульсына өзгертеді. Электр импульсы Күшейткіш (2) арқылы күшейтіліп, бірқалыпты қозғалатын таспаға (5) жазғышпен (3) тіркледі. Таспалы айналдырғыш механизм (4) таспаны тұрақты жылдамдықпен (50 н/е 100 мм/с) айналдырады. Сұйық деңгейінің орналасу тереңдігін ұңғымада дыбыстың жүру жылдамдығы мен уақыты арқылы анықтайды.
Сурет 2.1 – Эхометриялық зерттеуді жүргізудің принципиалдық сұлбасы
Ұңғыма сағасынан сұйық деңгейіне дейінгі ара қашықтықты дәлірек өлшеу үшін, толқынның таралу жылдамдығын анықтау қажет. Осы мақсатта репер, яғни шағылдырғыш (отражатель) қолданады. Репер – белгілі бір тереңдікте сорапты компрессорлы құбырға орнатылған құбыр кесіндісі болып келеді. Репер құбыр аралық кеңістіктің 65%-ке дейінгі ауданын жауып тұрады. Сонда таспада үш түрлі көтерілімдер(пики) байқалады (Сурет 5.2):
Бірінші көтерілім - акустикалық импульске сай келеді(ату кезінде-выстрел);
Екінші көтерілім - импульстің реперден шағылуы;
Үшінші көтерілім - импульстің сұйық деңгейінен шағылуы.
