Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МЕТ УКАЗ. Лаб новый 2.бөлім.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
633.34 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдаланудың қазіргі заманғы ғылыми технологиясы өнімдік қабаттардың және оларда болатын сұйықтар мен газдардың касиеттерін, сонымен катар, кабаттар мен ұңгымаларда олардың пайдаланылуы кезінде өтетін процестерді жан-жақты және бөлшектеп зерделеуге негізделеді.

Ұңғымаларды зерттеу технологиясы ұңгымаларды пайдалану тәсіліне тәуелді болады. Мұнай ұңғымаларын пайдаланудың тереңділік сорғылық тәсілі біздің елімізде, сонымен қатар, шет елдерде де кең қолданыс тапқан. Бұндай тәсіл кезінде сорғы-компрессорлық құбырлардың легінде ұңғыма ішінде тереңділік сорғылар орналасады, бұл тереңділік аспаптары арқылы өлшеулердің жүргізілуін қиындатады.

2 бөлімнен тұратын берілген жұмыс студенттердің оқу жоспарымен және оқу-әдістемелік кешенімен ескерілген зертханалық жұмыстарын орындауы үшін қажет. Зертханалық жұмыстарға дайындалған кезде ұсынылған әдебиет бойынша сәйкес бөлімді және әдістемелік нұсқаулар бойынша қондырғының сұлбасын оқып-үйрену қажет. Зертханалық жұмыстың қорғалуы зертханалық сабақтары барысында жүзеге асырылады.

4 Зертханалық жұмыс

Тереңдік геликсті манометр көрсетулердің шифрын ашу

1. Жұмыстың мақсаты:

1. МГН-2 манометр құрылысымен танысу.

2. Құралдың жұмыс істеу принципін білу.

3. МГН-2 манометр көрсетулердің шифрін ашуды үйрену.

2. Құралдың тағайындалуы. Негізгі техникалық сипаттамасы

Мұнай кәсіпшілігінің тәжірибесіндс келесі түрдегі геликсті тереңдік манометрлері қолданылады: МГН-29; МГГ-63/250; МГЛ-5; МГН-2.

Геликсті манометр сораппен жабдықталған ұңғымадағы әртүрлі жұмыс режиміндегі түптік өлшеуге немесе бастапқы мен күнделікті (динамикалық) қабат қысымын анықтауға, ұңғыма ішіндегі қысымның айырмасын анықтауға (Рқ және Ртүп), ұңғыма оқпаны бойынша қысымды тарату үшін, ұңғымада өткізілген гидродимамикалық зерттеулер үшін қолданылады.

МГГ-2У, МГГ-63/250 аспабы үшін үзіліссіз жұмыс істеудің ұзақтығы 15 сағатқа дейін. Геликсті лифтілік манометрлер үшін 7 сағатты кұрайды. МГН-2 манометрінің негізгі техникалык, сипаттамасы 1.1 кестесінде келтірілген.

Көрсеткіштер

Аспаптардың түрі

МГН-2-10

МГН-2-16

МГН-2-25

МГН-

2-40

МГН-2-60

МГН-2-80

МГН-2-100

1

2

3

4

5

6

7

8

Қысым өлшеу шектері, МПа

0-10

0-16

0-25

0-40

0-60

0-80

0-100

Жұмыс температураларының диапозондары, 0С

20

-

100

20

-

100

-

Сезгіштік шегі, кгс/см2

0,1

0,2

,03

0,4

0,6

1,5

2

Қысымның жазып алу ұзындығы, мм

50ұ5

45ұ5

Жазып алу масштабы, мм/мин

0,125

0,25

0,5

1

Уақытты жазып алу ұзақтығының диапазоны, сағ

16

8

4

2

Бланк материалы

Диаграммалы қағаз

Металды қаңылтыр

Өлшемдері, мм ұзындығы

1500-1550

1750-1800

Диаметрі

32

36

Масса, кг

10-ға дейін

3. Прибордың сипаттамасы. Жұмыс істеу принципі.

МГН-2 нормалды қатардың манометрді 2 функционалдық торапқа бөлінеді – манометрлік блок және жазып алу механизмі. Аспапта бір қалыпқа келтірілген (унифицированная) максималды термометр және бұрап алынған ұшының 20 орнына орнатылған амортизациялық құрылғысы бар термометриялық бөлім орнатылған. Максималды термометр температуралық түзетулер енгізу мақсатымен температураны қадағалау үшін қолданылады.

Манометрлік блок сильфонды бөлгіштен 1, геликстен 2, дөңгелек подшипниктерде 5,6 айналатын тісті муфта мен беріліс білігінен 4 тұрады. Аталған тораптар мен бөлшектер пісіріліп қосылған аударғыш (переходник) 7 мен құбырдан 9, сонымен қатар аударғыш 8-ден жасалған корпуста құрылған.

Ж азып алу механизмі аударғышпен қосылған корпуста жиналған және сағатты жетектен, редуктор 12 мен бұранда бекіткіші (гайка) 14 бар жазып алу барабанынан 13, көпжүрістібұрандамадан (винт) 15 және жүзбелі (плавающая) тіректен тұрады. Барабан 5 бағыттауыштар бойынша, өзінің салмағының әсерінен үдемелі түрде төмен қозғалады және бағыттаушы құбырмен барабанға салыстырмалы түрде орталандырылады (центрируется). Жазып алу механизмі сыртқы ортаның әсерлерінен пісірілген корпуспен қорғалады.

Сильфонды бөлгіштің 10 және геликстің 8 ішкі құрылысы гидродннамикалы біріктірілген және индустриалды маймен толтырылған.

Манометрді ұңғымаға түсірмес бұрын бланкіде, редукторды 12 айналдыру арқылы, нольдік сызыққа келтіру қажет және барабанның төменгі бөлігіне қауырсынды (перо) орнату керек. Манометрді ұңғымада оқпанымен төмен түсіру кезінде, сыртқы орта қысымы құбырдағы саңлау 11 арқылы сильфонға 10 қысым жасайды. Қысым көп орамды серіппені 8 (геликс) толтырып тұрған сұйыққа беріледі де, соның нәтижесінде геликс бұралады және геликсте беріліс білік арқылы бекітілген қауырсын бастапқы жағдайынан өлшенген қысымға =f(p) (Сурет 1.1, Сурет 1.2) пропорционалды бұрышта ауытқиды. Бұрыштың өлшемі жылжымалы қорапқа (каретка) барабанға 5 бекітілген диаграммалы бланкіде кауырсынмен 6 тіркеледі.

1 - сым; 2 – сағат механизмі; - 3 - тісті муфта, 4 – жүріс білігі, 5 - жазып алу барабаны , 6 – қауырсын ; 7 - шток, 8 - геликс; 9 - біріктіруші канал; 10 - сильфон, 11 - саңлау, 12 – термометр

Сурет 1.1 -МГН-2У аспабы

1-Манометр корпусы

2-Барабан

3-Қауырсын

А) қауырсынның бастапқы жағдайы

В) қауырсынның өлшенген тереңдіктегі

жағдайы

Сурет 1.2 - А–А қимасы

Ұңғыма түбіндегі қысымды өлшеу үшін МГН-2 манометрмен лубрикатор арқылы тұрақты жылдамдықпен 1,6-2,2 мм. диаметрлі болат сыммен ұнғымаға түсіреді. Белгілі бір уақыт ұстағаннан кейін манометрді жер бетіне көтереді. Манометрден 90° бұрышқа бұрылып көрсетілген диаграммалы бланк шығарылады. (Сурет 1.3)

Сурет 1.3

0-0 сызығы бұл нольдік сызық немесе артык кысымның жоқтығы,

1-2 аспаптың түсіру сызығы,

2-3 аспаптың тоқтау сызығы,

3-4 аспапты көтеру сызығы, L ординатасы 0-0 және 2-3 сызықтары арасындағы арақашыктық L = Uab (Сурет 1.2) өлшенген кысымына сәйкес келеді, яғни L=f(P).

4 МГН-2 манометрінің көрсеткіштерін анықтау

Қысым мәнін анықтау үшін манометрлік бланкідегі жазып алу ординатасын өлшеу керек. Ординатаны арнайы құрылғы – компаратор, палеткалы микраскоп немесе үлкен дәлдіктегі оқушы сызғышымен өлшеуге болады. Қысымды есептеп шығару кезінде аспапты тарировкалау нәтижесінде құрастырылған 1.2-кестенің көрсеткіштерін қолдану керек.

Кесте 1.2-Көрсеткіштер

Ркест, МПа

Lкест, тарировка мәндерінің t кезіндегі ордината мәні

ΔLk – ордината мәніндегі кестелік мәндердің айырмашылығы

ΔPкест/ΔLk*10-2m*10-5

tk=230C

tT=790C

0,4

4,893

4,910

5,112

5,868

1,86

0,7

10,005

10,08

1,0

15,27

15,38

5,265

5,698

8,04

11,57

1,3

20,65

20,85

5,38

5,576

21,79

1) Манометрмен жазып алынған, сәйкес ординатаның қысым өлшемін 1.2. кестедегі көрсеткіштерін қолдану арқылы (1.1.) формуласынан табады.

(1.1.)

ΔР – қысымның қателік көрсеткіштерінің айырмасы, кестелік ординатаның ең жақын, ең үлкен және кіші мәндеріне сәйкес келеді

Ркест – өлщенген ординатаның кестенің интервал шегарасының кіші мәніне сәйкес келетін қысым мәні, мПа.

ΔLк – t=230С-да, Lөлш интервалдағы сәйкес ординатаның кестелік мәнінің айырмасы.

Lшағ – манометрлік бланкіде өлшенген ордината.

2)Температуралық түзету мына формуламен анықталады.

(1.2)

tұңғ – қысымды өлшеу нүктесіндегі температура

mL – температураның түзету коэфиценті

tк – аспаптың тарировка температурасы

Температураның түзету коэфицентін мына формуламен анықтайды:

(1.3.)

mкест –кіші Lкест – сәйкес өлшенген ординатаның кестелік интеграл шегарасындағы температураның түзету коэфицентінің мәні.

3) Ақиқат қысымды мына формуламен табады.

Pu=PL+δP, мПа (1.5)

Егер температура қоршаған ортаның температурасы аспап тарировка температурасынан үлкен болса, онда температураның түзетуін алып тастайды, егер төмен болса, қосады.

Бақылау сұрақтары:

1. Құралдың тағайындалуы

2. Құралды қолданудың термобаралық қабат параметрлерінің шегі?

3. Құралдың негізгі элементтері

4. МГН-2 манометрінің істеу принципі

5. Манометр көрсетулерін шифрын түсіндіру

Зертханалық жұмысқа тапсырма

МНГ-2 ГЕЛИКСТІ ТЕРЕҢДІК МАНОМЕТРІ

№ вариант

Lизм, см

Тскв, С

1

12,23

29

2

9,89

36

3

5,39

50

4

12,76

54

5

15,01

72

6

18,20

44

7

11,24

58

8

15,45

32

9

19,37

65

10

16,46

70

11

14,25

65

12

11,01

49

13

17,84

77

14

14,89

62

15

19,99

82

5 Зертханалық жұмыс

Эхолот көрсетулерін түсіру және шифрын ашу.