
- •Inf 1104 Информатика
- •5В042100 – Дизайн, 5b042000 – Сәулеттану, 5b071100 – Геодезия және картография мамандығының студенттеріне арналған
- •Астана 2013
- •Оқу тәртібінің мінездемесі
- •Зертханалық сабақтар
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •6.1 Негізгі әдебиеттер
- •Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы »
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Тақырыбы: «Дискілерге қызмет көрсету. Файлдарды архивтеу. Антивирустық программалар.»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырыбы: «Word текстік процессоры. Текстік құжаттарды құру, редакциялау және форматтау»
- •243100, Клинцы қаласы,
- •Құрметті демалушылар!
- •Отель «Алмазная долина», Бергштадт, Австрия. Біз сіздерді күтеміз!
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырыбы: «Word текстік процессоры . Құжатқа суреттер, графиктік объектілер орнату»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырыбы: «Word текстік процессоры. Макростар құру»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №7 Тақырыбы: «Кестелік процессор ms Excel. Мәліметтерді енгізу және редакциялау. Ұяшықтың адресі»
- •Диаграммалар тұрғызылатын бет.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырыбы: «Функцияның мәндерін есептеу. Функция шебері.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 9 Тақырыбы: «Логикалық функциялар. Екі және үш шартқа тәуелді функциялардың графигін тұрғызу»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырыбы: «Беттер (поверхность) тұрғызу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып теңдеулерді шешу»
- •Excel программасында кеңістікте орналасқан беттерді тұрғызу кестеда мәндері берілетін екі айнымалыға (мысалы, х, у ) тәуелді функцияның (мысалы, z) мәндерін есептеу формуласы арқылы орындалады.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №11 Тақырыбы: «Excel программасы. Мәліметтерді сұрыптау және фильтрациялау»
- •Кеңейтілген фильтр (Расширенный фильтр).
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №12 Тақырыбы: «Матрица. Матрицамен жұмыс істеуге арналған функциялар »
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс № 13 Тақырыбы: «Excel кестелік процессоры. Күрделі өрнектерді есептеу. Крамер әдісі»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №14 Тақырыбы: «Excel програмасының экономикалық есептеулерге (кредит және займ) арналған финанстық функциялары»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •14 .1, 14 .2, 14 .3, 14 .4, 14 .5 -Кестелерден алынады)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырыбы: «Периодты төлемақыны есептеу. Амортизацияны есептеу »
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •15.4, 15.5, 15.6, 15.7, 15.8 -Кестелерден алынады)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырыбы: «Қорытынды кестелер (Сводная таблица). Мәліметтер консолидациясы»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырыбы: «Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесі. Бірнеше кестелерден деректер базасын жасау»
- •Фильтр қолдану.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Зертханалық жұмыс №18 Тақырыбы: «Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі. Формаларды жасау»
- •1. Пішін шебері көмегімен Пәндер пішінін жасау.
- •3. Автопішін көмегімен пішін режимінде Студенттер кестесін толтыру керек.
- •Конструктор арқылы пішін жасау.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Тақырыбы: «Сұратуларды жасау»
- •Сұратулардағы есептеулер
- •Өздік жұмыс үшін тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №20 Тақырыбы: «Есеп беруді жасау»
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
- •Зертханалық жұмыс №21 Тақырыбы: «Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – html. Тексті пішімдеу тегтері. Суретттер кірістіру, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер»
- •Төмендегі программаның тексін Блокнот текстік редакторында теріп, құжатты Задание 5.Html деген атпен сақтаңыз. Кестені жасауда қолданылатын барлық тегтерді меңгеріңіз.
- •Өздік жұмыс тапсырмалары:
|
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
Күні: _______ 2013 ж. |
Басылым: екінші |
Пәннің оқу-әдістемелік кешені |
ЕҰУ ПОӘК |
120-беттен
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Информатика кафедрасы
(кафедра атауы)
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Inf 1104 Информатика
(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)
5В042100 – Дизайн, 5b042000 – Сәулеттану, 5b071100 – Геодезия және картография мамандығының студенттеріне арналған
(мамандық атауы және шифрі)
Астана 2013
Азиева Нұргүл Тәңірбергенқызы – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Информатика» кафедрасының аға оқытушысы, информатика магистрі, дәріс, зертханалық сабақтарын жүргізеді.
Байланыс телефоны: +77029709221, эл. пошта: nurgul_aziyeva@mail.ru
«Информатика» кафедрасы бас ғимарат, 405а кабинетте орналасқан.
Ғылыми қызығушылықтары: университетің информатика кафедрасының аға оқытушысы, магистр, дәріс, зертханалық: Операциялық жүйелер, ақпаратты қорғау және ақпарат қауіпсіздігі
Информатика, 3 кредит.
Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны (сабақ кестесіне сәйкес): 2-ші семестр, сабақ кестесіне сай.
Оқу пәнінің реквизит алды (пререквизит): орта мектеп көлеміндегі информатика пәнін (ақпарат, ақпараттың өлшем бірліктері, ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар, алогритмдер) білуі керек.
Реквизиттен кейін (постреквизит): ақпарат және информатика, ЭЕМ-ң аппараттық және бағдарламалық қамтамалары, қолданбалы бағдарламалық жабдықтар (MS Office пакеті), компьютерлік желілер.
Оқу тәртібінің мінездемесі
Оқу пәнінің арналуы. Оқытылатын пән болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға және әр түрлі мәселелерді шешуде қолданбалы программалар пакеттерін қолдана білуді үйретуге бағытталған.
Мақсаты. Студенттерді қазіргі таңдағы ақпараттық технологиялар негізімен және олардың даму тенденцияларымен таныстыру. Дербес компьютер құрылысын ұйымдастыруға және жұмыс жасау принциптерін білуге, құжаттарды өңдеу және дайындау үшін дайын программалық өнімдерді қолдану технологияларын пайдалануға қажет білім, білікті қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеттері.
Ақпарат және информатика бойынша студенттердің теориялық білімдерін қалыптастыру;
дербес компьютердің бағдарламалық және аппараттық қамтамалары бойынша студенттердің білім, біліктерін қалыптастыру;
студенттердің дербес компьютермен жұмыс жасай білуінің іс – тәжірибелік біліктілігін қалыптастыру;
антивирустық қорғаныс тәсілдерін игеруді үйрету;
желілік технологияларды қолдануға қажет біліммен және біліктілікпен қаруландыру.
Оқу пәнінің мазмұны. Оқу пәні келесідей негізгі тақырыптарды қарастырады: Ақпарат
және информатика; ЭЕМ-ң аппараттық және бағдарламалық қамтамалары; Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар (MS Word мәтіндік процессоры, MS Excel кестелік процессоры, MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі); Алгоритмдеу және бағдарламалау; Компьютерлік желілер; Ақпараттық қауіпсіздік.
Апта |
Тақырыптар атаулары |
Сағаттар санымен оқытуды ұйымдастыру формалары |
СӨЖ үшін тапсырмалар
|
1 |
Кіріспе. Ақпарат және информатика. Ақпараттық процестер. Ақпараттың өлшем бірліктері. Екілік санау жүйесі және ақпаратты кодтау. ЭЕМ-ң даму тарихы. |
дәріс -1сағ., СОӨЖ-1сағ., СӨЖ-2сағ. |
ЭЕМ-ң даму тарихы. Буындары. |
2-3 |
ЭЕМ архитектурасы. ДК-ң негізгі блоктары. Қосымша құрылғылар. Микропроцессор және оның негізгі сипаттамасы. Аналық тақша. Тұрақты және жедел есте сақтау құрылғылары. Шиналар мен порттар. |
дәріс -2 сағ., СОӨЖ-2сағ., СӨЖ-4 сағ. |
BIOS (базалық енгізу-шығару жүйесі). |
4-5 |
Бағдарламалық қамсыздандыру. БҚ түрлері. Жүйелік бағдарламалық жасақтар. Операциялық жүйелер. Windows ОЖ-і туралы жалпы түсінік. Негізгі обьектілері. Файлдық құрылым. Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру. Сервистік бағдарламалар қызметі. |
дәріс -2 сағ., СОӨЖ-2сағ., СӨЖ-4 сағ. |
ЭЕМ-ң құрылымы. Аппараттық және бағдарламалық бөліктері. |
6 |
Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар. MS Word мәтіндік процессоры. |
дәріс -1сағ., СОӨЖ-1сағ., СӨЖ-2 сағ. |
Word мәтіндік процессоры. Баспа құралы ретінде пайдалану. |
7-8 |
Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар. MS Excel кестелік процессоры. Математикалық есептеулерді шығару. Матрицалар. Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу. Графиктер, диаграммалар шебері. |
дәріс – 2 сағ., СОӨЖ-2 сағ., СӨЖ – 4 сағ. |
Санау жүйелері. Түрлері. |
9-10 |
Қолданбалы бағдарламалық жабдықтар. Мәліметтер қоры туралы түсінік. MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі. Мәліметтер қорының құрылымы. Кестелер. Өріс пен жазба. Форма. Кестелерді байланыстыру. |
дәріс – 2 сағ., СОӨЖ-2 сағ., СӨЖ – 4 сағ. |
ЖОО мәліметтер қорын басқару жүйесін құру. |
11 |
Қолданбалы программалық жабдықтар. MS PowerPoint бағдарламасы. Презентациялар құру. |
дәріс – 1 сағ., СОӨЖ-1 сағ., СӨЖ – 2 сағ. |
ОЖ. ОЖ түрлері. |
12 |
Алгоритмдеу және бағдарламалау. Алгоритмді бейнелеудің тәсілдері мен қасиеттері. Бағдарламалаудың негізгі бағыттары. Бағдарламалау тілдері. Трансляторлар мен компиляторлар. |
дәріс – 1 сағ., СОӨЖ-1 сағ., СӨЖ – 2 сағ. |
Windows ортасын баптау. |
13 |
Алгоритмдеу және бағдарламалау. Негізгі базалық құрылымдар. Іздеу және сұрыптау алгоритмдері. Алгоритмнің тиімділігін анықтау тәсілдері. |
дәріс – 1 сағ., СОӨЖ-1 сағ., СӨЖ – 2 сағ. |
Сервистік бағдарламалар. |
14 |
Компьютерлік желілер. Түрлері. Желілік және телекоммуникациялық технология. Интернет және электрондық пошта. |
дәріс – 1 сағ., СОӨЖ-1 сағ., СӨЖ – 2 сағ. |
Интернет ғаламдық желісі. |
15 |
Ақпараттық қауіпсіздік. Криптография туралы түсінік. Ақпаратты қорғау тәсілдері. |
дәріс – 1 сағ., СОӨЖ-1 сағ., СӨЖ – 2 сағ. |
Компьютерлік вирустар. Антивирустық бағдарламалар. |