Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1256_ndiristik_menedzhment (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.35 Mб
Скачать

2. Глоссарий

Жүйе дегеніміз - белгілі бір мақсаттарға жетуге арналған, өзара байланысты элементтер жиынтығы.

Өндірістік жүйе - осы жүйенің және еңбектің өндіруінен жасалған тауарлар немесе қызмет көрсетушілері арқылы тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру болып табылады.

Инновациялық менеджмент – бұл материалдық, еңбектік және қаржылық ресурстарды оңтайлы қолдану жолымен инновациялық мақсаттарды жүзеге асыруды қалыптастыру және қамтамасыз етуге бағытталған, тәжірибелік қызмет және менеджменттің қызметтік саласы.

Ғылыми-зерттеу жұмысы – бұл табиғатта, қоғам немесе техникада болатын құбылыстар немесе процестер, объектілер туралы жаңа ақпарат құру міндеті бар мақсатты қызмет.

Тәжірибе-конструкторлық дайындама – бұл оларды өнеркәсіптік дайындау және қолдану үшін, тәжірибе үлгісі, тәжірибе құрылғысы және жұмыс құжаттары түрінде техникалық-экономикалық өлшемдермен техниканың жаңа түрін жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстар кешені.

Өндірісті конструкторлық дайындау – жаңа өнімді шығаруға (сапа, өндіріс көлемі және шығын деңгейінің берілген параметрлерімен қойылған мерзімде) кәсіпорынның техникалық дайындығын қамтамасыз ететін өзара байланысқан процестер жиынтығы.

Өндірісті технологиялық дайындау - жаңа өнімді шығаруға (сапа, өндіріс көлемі және шығын деңгейінің берілген параметрлерімен қойылған мерзімде) кәсіпорынның технологиялық дайындығын қамтамасыз ететін өзара байланысқан процестер жиынтығы.

Инновациялық жоба – бұл өзара байланысқан мақсаттар және оны жүзеге асыру бағдарламалары, ол ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, өндірістік, ұйымдастырушылық, қаржылық, коммерциялық және басқа да шаралардың кешені түрінде жасалған жобалық құжат.

Өндірісті ұйымдастыру – өндіріс процесінде қамтылған адамдар мен заттық элементтердің уақыт пен кеңістікте оңтайлы үйлесуіне бағытталған шаралар жүйесі.

Өндірістік процесс - белгілі бір өнімді өндіруге бағытталған, негізгі, көмекші, қызмет ететін және табиғи процестердің өзара байланысқан жиынтығы.

Операция — бір немесе бірнеше жұмысшылардың, бір немесе бірнеше өндіріс объектілерімен бірқатар әрекеттерден тұратын және бір жұмыс орнында орындалатын өндіріс процесінің бөлігі.

Қарапайым процесс – бұл еңбек затына өзара байланысқан бірқатар операциялардың кезектілі ықпал ету өндірістік процесі, оның нәтижесінде дайын немесе жартылай өнім алынады.

Күрделі процесс – бұл бірнеше өнім бөлшектерін (жартылай фабрикаттарды) біріктіру жолымен, жаңа өнім (жартылай өнім) алу өндірістік процесі. Күрделі процесс әдетте, параллелді-кезектілі орындалатын қарапайым процестердің жиынтығы болып табылады.

Толық процесс – бұл берілген процестің соңғы нәтижесін алу үшін қажетті толық жұмыстар кешенін қамтитын өндірістік процесс.

Өндірістік тип – жасалатын өнімнің номенклатурасымен, бір аттас өнімді дайындау номенклатурасы, көлемі және ретті өндіру деңгейі негізделген, өндірістің ұйымдастыру- техникалық және экономикалық ерекшеліктерінің жиынтығы.

Жекелеген өндіріс - өнімнің кеңейтілген ассортиментімен және бірдей өнімдерді аз көлемде шығарумен сипатталынады.

Массалық өндіріс - өнімнің үлкен өндірістік көлемдері үшін шығарылатын өнім номенклатурасына тән.

Сериялық өндіріс - өнімнің шектелген ассортиментін жасаумен сипатталады.

Өндірістік цикл – бұл өндіріске шикізат пен материалдарды қосу кезінен бастап дайын өнімнің шығуына дейінгі күнтізбелік кезең уақыты.

Процесс циклінің ұзақтығы - оның басталу кезінен аяқталу кезіне дейінгі уақыт кесіндісі.

Қуаттылық – бұл белгілі кезеңдегі жүйенің максималды мүмкіндігі.

Экстрополяция негізінде басқару – толық мағынадағы стратегия болып табылмайды.

Экстрополяция негізінде басқару бойынша өзгеру темпі жылдамдатылады, бірақ болашақты бұрынғы тенденциялар экстрополяция негізінде болжауға болады (ұзақ мерзімді жоспарлау).

Стратегиялық басқару дегеніміз - стратегияларды даярлау және өткізу бойынша ұйымдастырылған іс-әрекеттердің орындалу сатысын анықтайтын процесс.

Жоспарлау – бұл болашақта фирманың дамуы мен қызмет етуінің тиімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шешімдерді дайындау мен қабылдау процесі.

Сериялық запас - өндіру және сатып алу үшін тауарлар санын дөңгелектеу нәтижесінде құрылады.

Циклдік запас - белгілі бір уақыт кезеңінде белгілі жиілікпен тауарды өндіру немесе жөнелту нәтижесінде пайда болады.

Қуаттылықты қолдану запасы - өндіріс (тасымалдау) үшін бос қуаттылықтарды қолдану кезінде құрылады.

Қауіпсіздік запасы - өнімді өндіру, жөнелту және жеткізуді кепілдірумен байланысты, сенімсіздікті болдырмау үшін құрылады.

Ескертілген запас - жеткізу, өндіру немесе жөнелту кезінде алдын-ала болжанған ауытқуларды болдырмау үшін құрылады.