- •1 Сынып. Диктант. Оқу құралдары.
- •1. Сөздерді буынға бөліп жаз.
- •2. Жуан, жіңішке сөздерді бөліп жаз.
- •2 Сынып. Диктант. Көктем.
- •1. Дыбыстық талдау жаса.
- •3 Сынып. Диктант. Волейбол.
- •Қазақ тілі сабағы .
- •5 Сынып
- •7 Сынып Диктант Спорт.
- •Тапсырмалар:
- •Сөздерге морфологиялық талдау жаса:
- •Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:
- •Берілген сөзді ортақ түрде тәуелде:
- •9 Сынып.
- •1. Фонетикалық талдау жасаңыз.
- •2. Синтаксистік талдау жасаңыз:
- •3. Сөз құрамына талдаңыз:
- •10 Сынып
- •Газет тарихынан
- •11 Сынып
- •1. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
11 Сынып
Диктант
Интернет ұғымы
Интернет ұғымы – кез келген компьютерді Жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік торап. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды торап деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір тілде сөйлейді деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет торабы көмегімен электронды пошта арқылы хабар алып, басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатысу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
Интернет – бұл дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы. Интернет ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға және тағы да басқа қөптеген мүмкіндіктер ұсынады. (119 сөз)
Тапсырма
1. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
1-нұсқа
Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес.
2-нұсқа
Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір тілде сөйлейді деп айтса да болады.
1-нұсқа
Сөздерді сөз құрамына талда
Жүргізуге,байланыстыратын,басқармайды.
2-нұсқа
Орналасқан, арнасына, мүмкіндіктер
