Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диктант 1-11 сынып.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
68.1 Кб
Скачать

Тапсырмалар:

  1. Сөздерге морфологиялық талдау жаса:

1-нұсқа 2-нұсқа

Табиғаты, аңыздарға Еліміздің, ортаны

  1. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:

  1. нұсқа

Ақындар еліміздің байлығын, сұлулығын жырлаған. Сәкен Сейфуллин Көкшетау табиғатын тамаша суреттеген.

  1. нұсқа

Табиғатты аялау – әр азаматтың парызы. Өзімізді қоршаған табиғи ортаны құрметтей білейік

  1. Берілген сөзді ортақ түрде тәуелде:

1-нұсқа 2-нұсқа

Орман Шөлейт

9 Сынып.

Тіл мәдениеті.

Тіл мәдениеті дегеніміз - дұрыс, орынды сөйлеу. Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Әрбір айтқан сөз қысқа әрі тұжырымды болу керек.

«Көп сөз- көмір, аз сөз- алтын» деген мақал осы ойды растайды. Адам мәдениетінің алғы шарты-дұрыс сөйлей білу.Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер.

Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамда ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.Тіл байлығы- әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол- атадан балаға қалып отыратын баға жетпес мұра. Кез келген тілден сол халықтың өмірі, өткен тарихы, әдет-ғұрпы, салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі көрінеді. Сондықтан оны көздің қарашығындай сақтау- азаматтық борышымыз.

(95 сөз)

Тапсырмалар:

I нұсқа II нұсқа

1. Фонетикалық талдау жасаңыз.

Мәдениет Байлығы

2. Синтаксистік талдау жасаңыз:

I. Ол әрбір адамда ана сүтімен бірге қалыптасады және атадан балаға беріліп отырады.

II Мен қазақ тілін үйренгім келеді, сондықтан қазақ тілін көп оқуға тырысамын .

3. Сөз құрамына талдаңыз:

I. Тілді, байлығы, сақтау, мәдениетінің;

II.Сүтімен, сөйлеуден, білгенге, ұлттық;

10 Сынып

Диктант

Газет тарихынан

Газет-журналдың адам өмірінде алатын орны зор. Біз газеттен еліміздегі, шетелдердегі оқиғалардан хабардар боламыз, қызықты жайларды білеміз. Сонымен бірге тарихи оқиғалар жайында мақалалар оқимыз. Көптеген газеттерде міндетті түрде теледидар бағдарламасы, ауа райы жайында мәліметтер басылады.

Газет-журналдардың түрі көп: орталық, жергілікті, ресми, жеке меншік, балаларға, жасөспірімдерге, спортқа, музыкаға арналған. Бұл күнде елімізде 1500-ден астам газет-журнал шығады.

Қазіргі заманғы газеттердің алғашқы түрлері ежелгі Шығыс қалаларында қолданылған. Олар жаңалықтар мен ресми хабарлардың жинақтары болған. Бұл жинақтар халық көп жиналатын жерлерге ілініп қойылған.

ХVІ ғасырда Венецияда осындай жаңалықтарды жинайтын бюро құрылады. Осыған байланысты «жаңалық жазатын» кәсіп пайда болды. Осы бюроның шығаратын қолжазба парақтары «гадзетта» деп аталатын мәнетіне сатылатын болған. Осыдан «газет» деген сөз кең қолданыла бастаған. Газет шығару ісі қағаз көп жасала бастаған заманда барынша өркендеді. (125 сөз)

Тапсырма:\

1. Синтаксистік талдау жаса

І-нұсқа. Біз газеттен еліміздегі, шетелдердегі оқиғалардан хабардар боламыз, қызықты жайларды білеміз.

ІІ- нұсқа. Көптеген газеттерде міндетті түрде теледидар бағдарламасы, ауа райы жайында мәліметтер басылады.

2. Сөз құрамын анықта.

І-нұсқа. Шетелдердегі, қолданылған, қолжазба, сатылатын

ІІ- нұсқа. жергілікті, шығаратын, байланысты, өркендеді.