- •1 Сынып. Диктант. Оқу құралдары.
- •1. Сөздерді буынға бөліп жаз.
- •2. Жуан, жіңішке сөздерді бөліп жаз.
- •2 Сынып. Диктант. Көктем.
- •1. Дыбыстық талдау жаса.
- •3 Сынып. Диктант. Волейбол.
- •Қазақ тілі сабағы .
- •5 Сынып
- •7 Сынып Диктант Спорт.
- •Тапсырмалар:
- •Сөздерге морфологиялық талдау жаса:
- •Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:
- •Берілген сөзді ортақ түрде тәуелде:
- •9 Сынып.
- •1. Фонетикалық талдау жасаңыз.
- •2. Синтаксистік талдау жасаңыз:
- •3. Сөз құрамына талдаңыз:
- •10 Сынып
- •Газет тарихынан
- •11 Сынып
- •1. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
5 Сынып
Көктем
Көктем келді. Құстар туған жерге орала бастады. Кеше бірінші рет күн күркіреді. Мен найзағай жарқылдағанын көрмедім. Далада жер жыртып жатыр. Күн жылынды, көк шықты. Жәндіктерге жан бітеді. Көктемгі демалыста біз астанаға бардық. Қорғалжың қорығында қызыл кітапқа жазылған құстарды көрдік. Астанаға да тамаша көктем келіпті.
/44 сөз/
Тапсырмалар
1 нұсқа 2 нұсқа
1 Берілген етістіктерді 3 шақта жікте
Кел Бар
Берілген сөздерді ортақ тәуелде:
Дала Күн
6 – сынып
Қазақ тілі сабағы
Жазғы каникул бітті. Оқушылар мектепке жиналды. Мектеп сырты да, іші де таза. Бөлмелердің едендері сырланған, қабырғалары ақталған. Парталар жалт – жұлт етеді. Сынып іші сондай көңілді. Біз, балалар, бір – бірімізді көріп, қуанысы, шуласып жатырмыз. Міне, қоңырау соғылды. Сыныпқа мұғалім кірді. Бәріміз орнымыздан тұрдық. Қазақ тілі сабағы басталды. Оқушылар қазақша кітап оқыды, тақтаға жазды. Қазақша сөйледі. Сабақ қызық өтті.
(60 сөз)
I - нұсқа
1-тапсырма
Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне қарай талдаңдар.
2- тапсырма
Мектеп сөзін тәуелдеу (Жекеше, көпше)
II - нұсқа
1-тапсырма
Екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне қарай талдаңдар.
2- тапсырма.
Сынып сөзін тәуелдеу (Жекеше, көпше)
7 Сынып Диктант Спорт.
Ежелгі заманның ұлы ғалымы Әбу Әли Ибн Сина былай деген екен: «Үнемі дене шынықтырумен айналысқан адамға дәрігерлерге барып емделудің қажеті жоқ» Дене шынықтыру- баршаға ортақ дәрі. Ұлы ғалымның бұл сөзінің шындық екені бәрімізге аян. Спорт, дене шынықтыру жаттығулары адам ағзасын дамытып, шынықтырады. Адам көңілді жүріп, ұзақ өмір жасайтын болады. Спорттың өзіңе ұнаған бір түрін таңдап алып, содан жақсы нәтиже шығаруға тырысу керек.
Шахматта қазақ жігіттерінің арасынан тұңғыш рет спорт шеберінің атағын алған – Берік Әнетбаев. Дарынды жас спортшы өзінің еңбексүйгіштігімен шахмат шеберлерінің назарын аударды. 1971 жылы Ташкент қаласында өткен аймақтық жарыста Берік жүлделі орынға ие болып, спорт шеберінің нормасын орындады.
Бүгінде спорт әуесқой және кәсіпқой спорт болып екіге бөлінеді.
Грамматикалық тапсырмалар:
1 нұсқа: 1.Аймақтық жарыста Берік жүлделі орын алды. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
2. Емделу- тұйық етістікті септе.
3.Таңда – етістікті келер шақта жікте.
2 нұсқа: 1. Дарынды жас спортшы шеберлердің назарын аударды. Сөйлемге синтаксистік
талдау жаса.
2. Таңдау-тұйық етістікті септе.
3. Айналысу –өткен шақта жікте.
8- сынып.
Қазақстанның табиғаты
Қазақстанның табиғаты аса ерекше. Таулар мен ормандар, шөл мен шөлейттер, теңіз, өзен көлдер. Жеріміз аңыздарға да өте бай. Ақындар еліміздің байлығын, сұлулығын жырлаған. Сәкен Сейфуллин Көкшетау табиғатын тамаша суреттеген.
Қазіргі заманымыздың талантты ақындары да туған еліне арнап көптеген өлеңдер жазып жүр. Солардың бірі қостанайлық – Ақылбек Шаяхметов, көкшетаулық – Сәкен Жүнісов. Ақындар өз өлеңдерімен туған елдің табиғатын қорғауға үлестерін қосып жүр. Табиғатты аялау – әр азаматтың парызы. Өзімізді қоршаған табиғи ортаны құрметтей білейік. 70 сөз.
