
- •1 Сынып. Диктант. Оқу құралдары.
- •1. Сөздерді буынға бөліп жаз.
- •2. Жуан, жіңішке сөздерді бөліп жаз.
- •2 Сынып. Диктант. Көктем.
- •1. Дыбыстық талдау жаса.
- •3 Сынып. Диктант. Волейбол.
- •Қазақ тілі сабағы .
- •5 Сынып
- •7 Сынып Диктант Спорт.
- •Тапсырмалар:
- •Сөздерге морфологиялық талдау жаса:
- •Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса:
- •Берілген сөзді ортақ түрде тәуелде:
- •9 Сынып.
- •1. Фонетикалық талдау жасаңыз.
- •2. Синтаксистік талдау жасаңыз:
- •3. Сөз құрамына талдаңыз:
- •10 Сынып
- •Газет тарихынан
- •11 Сынып
- •1. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
3- тоқсандық бақылау жұмыстары
1 Сынып. Диктант. Оқу құралдары.
Біз сабақта отырмыз. Партаның үстінде оқулықтар, дәптерлер, сызғыштар, өшіргіштер жатыр. Сөмкеде қалам, сурет дәптері бар.
(15 сөз)
Тапсырмалар:
I-нұсқа.
1. Сөздерді буынға бөліп жаз.
Оқулықтар, дәптерлер.
2. Жуан, жіңішке сөздерді бөліп жаз.
Сөмкеде, дәптері, сабақта, үстінде, жатыр.
II-нұсқа.
1. Сөздерді буынға бөліп жаз.
Сызғыштар, өшіргіштер
2. Жуан, жіңішке сөздерді бөліп жаз.
Біз, отырмыз, оқулықтар, сызғыштар, өшіргіштер.
2 Сынып. Диктант. Көктем.
Көктем келді. Күн жылынды. Қар ериді. Құстар ұшып келеді. Шөп шығады. Адамдардың көңілі көтерілді. Көктемде қызу еңбек басталды. Адамдар жер жыртады. Егін, көкөніс егеді.
(24 сөз)
Тапсырмалар:
I-нұсқа.
1. Дыбыстық талдау жаса .
Егін
2. Мәтіннен үшінші сөйлемді аударып, жаз.
II-нұсқа.
1. Дыбыстық талдау жаса.
Көктем
2. Мәтіннен төртінші сөйлемді аударып, жаз.
3 Сынып. Диктант. Волейбол.
Бүгін дене шынықтыру сабағы бесінші сабақ.. Мектеп алдында кішкене алаң бар. Екі бағанға керілген волейбол торы. Ол биіктеу. Бәрінің секіргісі келеді. Бірақ доп тордан аспай қалады. Данияр мен Жанар шапшаң қимылдайды. Дене шынықтыру сабағы өте қызықты.
(36 сөз)
Тапсырмалар:
I-нұсқа.
1. Сөздерге болымсыз етістіктерді жалға.
Қызық, бар, айт, секір.
2. Дыбыстық талдау жасау.
Мектеп
3. Сөздерді тәуелде.
Алаң
II-нұсқа.
1. Сөздерге болымсыз етістіктерді жалға.
Жүгір, қал, шық, сал.
2. Дыбыстық талдау жасау.
Бүгін
3. Сөздерді тәуелде.
Мектеп
4 сынып.
Диктант.
Қазақ тілі сабағы .
Мұғалім сыныпқа келді. Оқушылар орнынан тұрды, сәлемдесті. Әлия тақтаға шықты. Тақтаға қатесіз жазды. Сөйлемнің соңына нүкте қойды. Арман мәтінді оқып, аударды. Саша оған көмектесті. Бәріміз тақтаға назар аудардық. Қазақ тілі сабағы көңілді, қызықты өтті. Әрбір сөзді бәріміз хормен қайталадық.
(43 сөз)
Тапсырмалар:
I-нұсқа.
1.Мына сөзді септе.
Мұғалім
2. Мына сөзді тәуелде.
Ұстаз
3. Керекті жалғауларды жаз.
Мұғалім сынып.... кел.... Оқушы... орнынан тұрды, сәлемдесті..
II-нұсқа.
1.Мына сөзді септе.
Тақта
2. Мына сөзді тәуелде.
Оқушы
3. Керекті жалғауларды жаз.
Сөйлем... соңына нүкте қойды. Арман мәтін... оқып, аудар... .