Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
history_ref_227.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
172.54 Кб
Скачать

Қорытынды

Қазіргі уақытта Қазақстан Ресей империясының бір бөлігі болған кезден бастап халқымыздың жүріп өткен тарихи жолы жоғары деректілік деңгейде қайтадан ой таратылысынан өткізілуде. Тарихшылар «Қазақстан үшін дамудың басқаша жолы болды ма, егер болса оның мәні қандай болуы мүмкін еді» деген сауал төңірегін қарастыруда.

XVIII ғасырдың орта шеңінен бастап бұл мәселеге байланысты тарихнаманың даму динамикасын сипаттайтын көптеген материалдар жинақталған. Әр кезеңде бұл үрдісті өзінше қабылдау мен бағалау орын алған. Көріп отырғанымыздай, бұл мәселелерді көрсетуде – терминология, қосылудың оңды және келеңсіз салдарларына әділ талдау жасау сияқты көптеген сұрақтарға жауап берілмеген. Біз бұл мәселені саяси тұрғыдан қарауға талпындық және Қазақстан өміріндегі тәуелсіздігі мен дербестігінен айрылған сол кезеңнің шынайы жағдайын білу үшін, әрине, кешенді талдау және сараптау қажет.

1991 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялау халқымыздың тарихына деген зор қызығушылық туғызды. Ресей империясына қосылу нәтижесінде тәуелсіздіктен айырылып қалу фактісіе зерттеу және талдау кезек күттірмейтін мәселе болды. Тарихшылыр қазақ хандарының патша үкіметіне бас ұруының себептеріне осы тарихи үрдістің барысына, оның зардаптарына талдау жасады,сондай-ақ мәселенің тарихнамалық тұрғысын зеттеді.

1993 жылы авторлар ұжымы әзерленген Қазақстан тарихының очерктері жарық көрді. Онда бізді қызықтаратын мәселені «Присоединение Казахстана России:вхождение, завоевание, колонизация » тарауында тарих ғылымының докторы Ж.қасымбаев көтерді. Бұл тақырыптың өзі мәселенің екі ұштіліғін көрсетеді. Автор Қазақстанның Ресейге қосылуынан бұрын да олардың арасында едәуір саяси байланыстар болғанын атап айтады. Автордың пікірі бойынша, Ресейдың мүдделілігі-өз мемлекетінің аумағын кеңейтуде және өзінің шығыс шекараларын қауіпсіздендіруге ұмтылуда болды. Ж.Қасымбаев мынадай қорытындылар жасайды:

  1. Қазақ жүздерінің Ресейге қосылуы әр түрлі сыртқы саяси және ішкі жағдайларға байланысты атқарылды;

  2. Кіші жүздің айтарлықтай бөлігі және Орта жүздің кейбір аудандары Ресейге өз еркімен бодан болды;

  3. Орта және Ұлы жүздердің қомақты бөлігі қару-жарақтың күшімен қосылды.

Сонымен, ғылым күрделі және қайшылығы мол қосылу үрдісін бір терминмен түпкілікті белгілеуге болмайтынын айтты.

Пайдаланған әдебиеттер

1. «Қазақ тарихы» («Қазақстан мектебі» журналының 2 айда бір шығатын қосымшасы. Наурыз-көкек №2,1999)

2. «Қазақ тарихы» («Қазақстан мектебі» журналының 2 айда бір шығатын қосымшасы. Наурыз-көкек №3,1999)

3. Т.Тұрлығұлов «Қазақ елінің қысқаша тарихы» Алматы «Рауан» 1998

4. Н. Бекмаханов «Қазақ СССР тарихы» Алматы «Рауан» 1991

5. «Қазақ СССР тарихы» (5 томдық. ІІІ том Алматы «Ғылым» 1982)

6. Көкіш рысбай ұлы «Қазақстан Республикасының тарихы»

Алматы «Санат» 1999

7.«Қазақстан тарихы» Очеректер. Алматы «Дәуір», 1994

23

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]