- •І.Қазақстан ресей империясының отары
- •1.1 Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің қол астына өтуі. Басқарудың жаңа жүйесі
- •1.2. Қоныстандыру-орыстандыру тәсілі
- •II. Россияның кіші жүз бен орта жүздегі позицияларының нығаюы
- •2.1. И.К.Кирилловтың Орынбор экспедициясы
- •2.2. Шептік бекіністер салу.
- •2.3. Жер мәселесінің шиеленісуі және таптық қайшылықтардың күшеюі
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
2.2. Шептік бекіністер салу.
XVIII ғасырдың 40-жылдарының басында қазақ-орыс қарым-қатынастары одан әрі жақсара түсті. Бұған кедергі келтіру үшін жоңғар билеушісі әскери сипатта бірқатар шаралар қолданды. Жоңғариядан келген орыс елшілерінің хабары бойынша XVIII ғасырдың 40-шы жылдарының орта шенінде қонтайшы Галдан-Церен қазақ қоныстарымен және орыс қамалдарымен іргелес жерлерде 20 мыңнан астам әскер шоғырландырды.
Осыны ескере отырып, XVIII ғасырдың орта шенінде патша үкіметі бүкіл елде, оның ішінде Поволжье, Приуралье, Сібір мен Қазақстан өңірінде әскери бекіністердің ескі шептерінің жарақталуын жақсартуға және жаңа шептер салуға кірісті. Қазақстанмен шекаралас аудандарда шептердің негізгі Жайық өзені бойындағы казак қамалдары, форпостылар мен редуттар болды. Осы кезде оң жағалауда Жайық казактарының күшімен 14 қамал: Переволоцк, Чернореченск, Татищев, Нижнеозерная, Рассыпная, Елек қалашығы, Жайық қалашығы, Сахарная, Калмыкова, Көш-Жайық, Кулагина, Тополев, Бақсай, Гурьев қалашығы қамалдары салынды.
Жайық шебі біртіндеп әскери бекіністер тізбегі арқылы Орынбормен және Орскімен қосылды. 1748 жылдан бастап үкімет указбен казактарға хуторлар салуға рұқсат берді. Жайық қалшығы мен Елек қалашығы аралығында, Жайыққа құятын шағын өзендер бойында, Орынбор түбінде көптеген хуторлар пайда болды. 1769 жылдың қарсаңында Жайық шебі бойында гарнизон әскерлері бар, семьяларымен қоса казактар мен қоныс аударған шаруалар бар 15000-ға жуық Адам тұрды.
Жоғарғы Жайық қамалы салынған 1734 жылы Жоғарғы Жайық шебінің негізі қаланды. Шеп Жайық өзені бойындағы Жайық қалашығынан Жоғарғы Жайық қамалына дейінгі бекіністерден тұрды. XVIII ғасырдың 30-40 жылдарында Жоғарғы Жайық қамалынан Звериноголовск қамалына дейін 770 шақырымға созылған (Қарағай, Қаракөл, Крутоярск, Усть-Уйск қамалдары) Үй шебін құру аяқталды.
1752жылы 9 қамал мен 53 редуттан тұратын әскери бекіністердің Ново-Ишим шебін салу аяқталды, бұл шеп 540 шақырымға созылған Уйск шебін Ертіс шебімен (Звеноголовск, Покровск, Николаевск, Лебяжье, Полуденная, Петропавл, Пресновск, Кабанья, Преснегорьков қамалдары) жалғастырды. Ново-Ишим шебінде 2518 башқұрт, екі драгун полкі, 800 казак, тұрақты әәскерлердің 1 эккадроны болды. Осы кезде Красногорск дистанциясы (Красногорск, Верхнеозерная, Ильинск, Губерлинск қамалдары) мен Орск шебі (Орск, Таналық,Ортамыз қамалдары) құрылды.
XVIII ғасырдың 50-ші жылдарында ұзындығы 930 шақырым Ертіс шебін (Омбы, Железинск, Петропавл, Семей, Өскемен, Ямышев қамалдары) салу аяқталды.
Қазақ даласын әскери бекіністер шебімен біртіндеп қамту үкіметтің отарлауына кең мүмкіндіктер ашты. әскери бекіністер шебінің бойында орыс, қалмақ, башқұрт-мешер халқы тез көбейді. Қамалдар салу едәуір адам ресурстарын талап етті, оларды азық-түлікпен қамтамасыз ету қажет болды. әскери бекіністер ауданында астық өндіруді молайту үшін орыс казачествосына үлес жерлер берілді, казак станицалары мен шаруа слободалары пайда болды.
2.3. Жер мәселесінің шиеленісуі және таптық қайшылықтардың күшеюі
Қамалдар салу мен отарлау дәстүрлі көші-қон территорияларының бір бөлегін тартып алуға, олардың көлемін қысқартуға әкеліп соқтырды. XVIII ғасырдың екінші жартысында ең жақсы қыстауларды біртіндеп феодал шонжарлар-хандар, сұлтандар, ру басы-старшындар иемденіп алды. Патша үкіметі жер мәселесінде отаршылдық шараларды біртіндеп жүзеге асырды. 1734 жылы И.Кирилловқа берілген «Нұсқауда» қазақтардың Жайықтың оң жағалауына өтуіне тыйым салу туралы мәселе тұңғыш реет қойылды. Онда, атап айтқанда, былай делінді: «...Россия жағынан Орал өзені шекара болып белгіленсін, қырғыздардан өз еркімен ешкімнің де оң жағалауға өтпеуіне бақылау қойылсын».
1742 жыллғы 19 октябрьде Жайық маңында, Жайық қалашығы мен салынып жатқан қамалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салатын указ шоығарылды. Россия әкімшілігі жоңғар шабуылынан қорғау мүмкіндігін ескерте отырып, Елек, Берді, Жайық жағалауын көші-қон үшін ең қолайлы жер деп санады. Бұл указ қазақтардың өздеріне Жайық қалашығы түбінде көшіп – қонуларына рұқсат беруіне сұрап генерал-лейтенант Соймоновқа жасаған өтінішіне жауап ретінде қабылданды және бұған шекаралық жерлердегі Кіші жүз халқы, Жайық қазақтары мен Волга қалмақтары арасындағы өзара ұрыс-керістерді болдырмауға ұмтылу дегн сылтау айтылды. Бірақ «егер кімде-кім,-деп ескертті указ,-император ағзамның мәртебелі Указын құлақ аспаса және алған бетінен қайтпай Жайық өзенінің маңында қалып немесе одан өтіп, орнығып қалса, мұндайларға император ағзамның мәртебелі указына қарсы шығулар деп қарауға бұйырылады. Осы мақсатта Жайық қазақтары қалашығына әскери командир подп. Ртищев арнайы жіберілді».
Осы указды өрістетіп, 1742 жылдың октябірінде Орынбор комиссиясы осы ауданның қарулы күштерінің командашысы подполковник Ртищев үшін нұсқау жасады; бұл нұсқау бойынша қазақтардың Жайық өзені арқылы және Волганың оң жағалауына өтуіне тыйым салынатындығы қуатталды. Қарсылық көрсетілген жағдайда қару қолдануға рұқсат етілді.
Жайық пен Волга өзендері аралығында көшіп-қонып жүрген қазақ ауылдарын Жайықтың сол жағалауына көшіруге бұйрық берілді. Бұл үшін «Жайық әскелерінен ең жақсы деген атты қазақтардан күшті топ... жарақтау»... қажет деп есептелді. Ол ол ма, егер жағдай талап ететін болса, нұсқауда қазақтарға қарсы қалмақтардың әскери отрядтарын пайдалану бұйырылды, оның үстіне қалмақтар түскен олжалардың өздеріне берілетінінен күн ілгері дәмелендірілді.
Патша әскерлерінің алдына қазақтарды Жайықтың оң жағалауына өткізбеу ғана емес, сонымен бірге «алдағы уақытта да мұндай қарсылыққа ендігәрі өжетсіне алмайтындай ету үшін » қолдан келгеннің бәрін істеу міндеті қойылды; бұл үшін тұтқындаулар, «мықты қарауылда» ұстау, патша жарлықтарын бұзуға бастаушылар мен арандатушыларды анықтау мақсатында тергеулер жүргізу көзделді. Үкіметтік сенаттың 1744 жылдың 5 мартындағы указы бойынша қолға түскен қазақтар «Орынбордан... Рогорвикке, ал Сібірден Нерчинск күміс заводтарына жер айдалып жіберілетін болды. Мұның үстіне, Сыртқы істер коллегиясының 1747 жылдың 11 майындағы указына, сол жылдың 31 декабрінде қуатталған осы указына сәйкес Жайықтың оң жағалауына қазақтардың мал айдамауы үшін кезде Жайықтың бір беткейіндегі далаларға Каспий теңізіне дейін күзде жаппай өрт қойылды.
Алайда жерді шектеу туралы Указ 1742 жылдан 1756 жылға дейін дәекті түрде жүзеге асырылмады. Мысалы, 1748 жылы 3000-нан астам үй иелеріне Гурьев қалашығы мен Харкин алғы бекінісі түбінде Жайықтан өтуге рұқсат етілді. Бұдан кейінгі жылдары да мұндай көшіп-қонуға рұқсат берілді, бірақ кепіл-аманаттар қалдырып отырулары керек болды. Мұның үстіне, 1753 жылдан бастап қазақтарға орыс қоныстарынан мал үшін шөп сатып алуына және белгілі бір ақы үшін қысқы уақытта мал бекініс тұрғындарына бағуға беруге рұқсат етілді. 1755 жылы Батырша қозғалысы тұншықтырылғаннан кейін Қазақ даласында бас сауғалауға тырысқан башқұрттарды талқандауға қазақ феодалдарының патша үкіметіне көрсеткен көмегі үшін алғыс ретінде қазақ билеушілеріне Жайықтың оң жағалауына көшіп-қонуға рұқсат етілді.
1753 жылдан бастап указ заң күшіне еніп, енді азды-көпті дәйектілікпен орындалды да, мұның өзі Қазақстанды басқару әдістеріне, XVIII ғасырдың екінші жартысында бірінен кейін бірі болған Орынбор губернаторлары шекаралық аудандарда жер мәселелерін шешкен кезде ұстанған осы әдістерге байланысты болды. Олар бұл мәселелерді көбіне қалмақтардың және шекара күзетіндегі шептегі қазақтардың пайдасына шешіп отырды.
Елек ауданында да тыйым салынған жерлер болды. Мұнда Елек қорғанысы мен Елек бойында әскери бекіністер шебін салумен байланысты XVIII ғасырдың 50-ші жылдарында қазақтар орасан зор жайылым алқаптарынан айрылып, шалғай оңтүстікке ығыстырылды. Қазақтар Елек қорғанысы ауданында тұз өндірілетін жерлерінен де айрылды.
Қазақтардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері де шектелді. Мұнда Волганың сағасынан Жайықтың сағасына дейінгі қазақтардың дәстүрлі қыстаулары орналасқан 300 шақырымнан астамға созылған жағалаудағы жерлер помещиктер Юсуповтар мен Безбородконың иелігіне көшті. Бұл жерлерді помещиктер құнын алып көпестерге берді, ал олар жағалауда балық өнеркәсібі топтарын құрды. Богатинск, Пороховинск, Кокаревск, Камчатск (Новинск), Вахрамеев, Бақсай және басқа топтар ұйымдастырылды. Помещиктердің балық кәсіпшіліктері мен қыстақтарында тұратын приказчиктері қыстауларға қазақтарды тек ақы үшін – мал мен ақша алып ғана жіберді.
50-60-шы жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй бассейндерінде Орта жүздің қазақтары да жерлерінен ығыстырылды. Бұл ауданда қазақ еңбекшілерінің толқуларыбасталды. Патша үкіметі жеңілдіктер жасап, шектеуді қоюға мәжбір болды. 1771 жылдың 16 июліндегі указбен қазақтарға Ертістің оң жағалауына, жепке25 шақырымнан артық жақындамай, казактардың күзетуімен аманаттар мен қолхаттар Бере отырып, сондай-ақ тұрғын жерлерге, стратегиялық жағынан маңызды жолдарға және Колыпано-Воскресенск заводтарына жақындамау шартымен малдарын айдап өтуіне рұқсат етілді. Бірақ Тобылдың, Есілдің және Үйдің оң жағалауы мен ішінара сол жағалауы Орта жүз халқы үшін жабық күйі қалды. Алайда, бұл шектеулер ірі феодалдарға қолданылмайды. Елеулі әскери күштері болмаған патша әкімшілігі феодал шонжарлармен тату қатынастарды сақтауға ұмтылды, сөйтіп олардың Ертіс арқылы өз еркімен малдарын айдап өтуіне кешірім жасады. Тіпті кез келген ерекшелікті жойған 1764 жылғы указ қабылданғаннан кейін де, жекелеген феодалдардың тыйым салынған жерлерге көшіп- қонуына рұқсат етілді. Мәселен, Әбілпейіз сұлтанға, оның керуен саудасын дамытудағы көмегінен үміт етіп, 1764 жылы Омбы қамалы түбінен Ертістен өтуге рұқсат берілді. Феодалдар орыс қамалдарын қорғаныш етіпЕртістең сол жағалауына мал жая алатын болды. Осы арада олар мал сату жөнінде тиімді сауда келісімдерін жасады. Мысалы, Абылай хан Петропавл және Железинск қамалдарының, Солтымамет сұлтан Троицк қамалының іргесінде көшіп-қонып жүрді. Кіші жүзде де феодалдардың ғана мал айдап өтуіне рұқсат етілді. Мал айдап өтуге ала отырып, олар белгілі бір ақыға өздерінің қоластындағылардың да мал айдап өтуіне мүмкіндік берді. Мұндай жағдайлар Кіші жүзде де, Орта жүзде де болды.
Патша әкімшілігінің жерді шектеуі, феодалдардың қауымдық жерлерді басып алуы қатардағы көшпелі- малшалардың онсыз да ауыр жағдайын нашарлатып, ауылда мүліктік теңсіздіктің өсуіне әкеліп соқтырады. Көшіп-қонатын жерлердің шектеулі қазақ халқының арасында патша үкіметі мен жергілікті феодалдардың әрекеттеріне үлкен назарлық туғызды. XVIII ғасырдың 50-шы жылдарынан баспат, көшіп-қонатын жерлерді ұлғайту туралы патша үкіметімен бейбіт келіссөздерден пайда жоғын көрген қазақтар тыйым салынған жерлерге малдарын өз беттімен айдады. әскери бекіністерге жасалған шабуылдар мен қазақ ауылдарының жаппай ауа көшіп кетуін жер қыспағына қарсы наразылық формасы деп қарауға болады. Қзақтар Жоңғариядағы, Бұхара мен Ташкент түбіндегі бос көшіп барған қалмақтармен келіссөздер жүргізді, сөйтіп «өздеріне Алтысу деп аталатын жерді қоныстнуға беруі» сұрады.
XVIII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап Россия әкімшілігі шекаралық аудандардың әскери командаларды күшейтуді және Қазақ даласында әскери барлаулар ұйымдастыруды жоспарлап, бұл шаралар орыс қамалдарын қауіпсіздендіреді және қазақтарды «қорқытып әрі тиісінше бағындырып» ұстайтын болады деп үміттенді.
