
- •І.Қазақстан ресей империясының отары
- •1.1 Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің қол астына өтуі. Басқарудың жаңа жүйесі
- •1.2. Қоныстандыру-орыстандыру тәсілі
- •II. Россияның кіші жүз бен орта жүздегі позицияларының нығаюы
- •2.1. И.К.Кирилловтың Орынбор экспедициясы
- •2.2. Шептік бекіністер салу.
- •2.3. Жер мәселесінің шиеленісуі және таптық қайшылықтардың күшеюі
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
II. Россияның кіші жүз бен орта жүздегі позицияларының нығаюы
2.1. И.К.Кирилловтың Орынбор экспедициясы
Кіші жүздің және Орта жүздің бір бөлігінің Росси қоластына қабылдануынан кейінгі алғашқы он жылдықтарда патша үкіметі Қазақ даласында экономикалық және саяси сипаттағы көптеген шараларды жүзеге асыруға кірісті.
1734 жылы Орынбор экспедициясы өзінің қызметін бастады, Үкіметтік сенаттың обер-секретары И.К.Кириллов басқарды. Экспедиция міндетіне елдің шығыс аудандарын – Қазақстанды, Башқұртстанды және Қарақалпақстанды шаруашылық тұрғысынан игеру, олардың бай табиғи ресурстарын пайдалануға әзірлену кірді. Қазақ – башқұрт шекаралық ауданында қамалдар тұрғызу және Ор өзенінің Жайыққа құйылысы тұсынан Орынбор қамалын салу басталды.
Орынборды салу идеясын Әбілқайыр ханға А.И.Тевкелев айтты. И.К.Кириллов бұл ұсынысты қолдады. Ол қамалдың орнын, жұмысшылар мен еңбек құралдарының қажетті мөлшерін анықтайды, «Екатеринбург заводтарында ... 20 мыңдай қызметкерге күрек, қайла, қоларба және басқаларын» күні бұрын дайындауды талап етті. Құрылыс жұмыстарына А.И.Тевкелев басшылық жасауы тиіс болды.
Стратегиялық маңызымен қоса Орынбор «ішкі коммерцияның» өрістеуіне өмектеседі деп ұйғырылды, өйткені көпес керуендері орыс товарларын сатып алу үшін Түркістан мен Ходженттен Бұхараға емес, Россияның төріне, Ор мен Жайық ауданына баратын болады делінді. Бұл жерде орыс және шетел көпестеріне жеңілдіктер берілген жағдайда сауда жанданады деп болжанды.
И.К.Кириллов пайдалы қазыналарды өндіруге ерекше назар аударды. Ол Сыртқы істер коллегиясына берген «Ұсынысында» Қазақстанда күміс қоспалы қорғасын Кен орындарының бар екенін хабарлады; Қазақстанда молынан бар күкірт пен селитра Россияның оқ-дәрі қажеттерін қанағаттандыра алатыны жөніндегі ойын негіздеді. И.К.Кирилловтың 1734 жылдың 1 майындағы «ұсынысы» патша үкіметінің Қазақстан мен басқа да шығыс мемлекеттеріне қатысты саясатының жуықтағы он жылдықтарға арналған программасы болды. И.К.Кириллов ұсыныстарын мұқият зерттей отырып, Сыртқы істер коллегиясы 1734 жылғы 18 майда осы ұсыныстардың негізінде башқұрттармен, қазақстармен, Жоңғариямен және Хиуамен қарым-қатынастар туралы нұсқауын бекітті. Нұсқау, атап айтқанда, қазақ және Орта Азия хандықтарына тек бұлардағы ғана емес, сондай-ақ олармен іргелес жатқан елдердегі жағдай туралы үнемі әрі Жан-жақты хабарлар алу үшін орыс әкімшілінің тұрақты өкілдерін жіберіп отыруды көздеді.
Жоңғария жөніндегі онымен қарулы жанжалдарға бармау, сонымен бірге оның «Сібір жерлеріне шабуылына» жол бермеу, «біздің қоластымыздағы Сібір жерлеріне олардың (жоңғарлардың) шағын топтар болып келіп алып кететін салықтарды атаулыдан...» қорғау бұйырылды. Хиуа туралы болса, оған қарсы күресінде Әбілқайырға барынша көмектесу, бірақ әскер беріп емес, «оқ –дәрі және мылтық беріп, сондай-ақ қажет болған болған жерде, башқұрттар мен татарлардан барғысы келетіндер шықса, тек сондай адамдарды ғана беріп» көмектесу керек болды. Егер Әбілқайыр орыс әскерлерін талап еткен жағдайда, оған әскерлер тек Ор өзенінің Оралға құятын жерінде қала және Арал теңізінде айлақ салынғаннан кейін беріледі деп жауап берілуі керек делінді.
1734 жылғы 10 июньде Анна Ионновна Әбілқайырға Ор өзенінің сағасында «Әбілқайыр хан мен старшиндарды және бүкіл әскерді, сондай-ақ біздің қоластымызға келген қырғыз-қайсақ және қараөалпақ ордаларының хандары мен старшиндарын, бүкіл әскерді де, елшіліктерді де біздің және сіздердің дұшпандарыңыздан» қорғау үшін қала салуға келісім жөнінде грамота жіберді. Сол күні қала салынатын жерге И.К.Кириллов пен А.И.Тевкелев жіберді. Олармен бірге Әбілқайыр дың баласы Ералы сұлтан да болды.
1735 жылғы декабрьдің аяғында Орта жүздің Россия қоластына қабылданғанын жаңадан сайланған Күшік хан мен Барақ сұлтан қуаттады. Олар Орта жүзге Россия елшілігін жіберуді өтініп, елшіліктің ұзақ уақыт болуын өздерінің позицияларын нығайту пайдаланғысы келді.