- •І.Қазақстан ресей империясының отары
- •1.1 Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің қол астына өтуі. Басқарудың жаңа жүйесі
- •1.2. Қоныстандыру-орыстандыру тәсілі
- •II. Россияның кіші жүз бен орта жүздегі позицияларының нығаюы
- •2.1. И.К.Кирилловтың Орынбор экспедициясы
- •2.2. Шептік бекіністер салу.
- •2.3. Жер мәселесінің шиеленісуі және таптық қайшылықтардың күшеюі
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер
1.2. Қоныстандыру-орыстандыру тәсілі
ХІХ ғасырдың 60-жылдарында жүзеге асырылған әкімшілік қайта құрлымдардың негізінде Қазақстан толығымен Ресей империясының және рухани жағынан тезірек меңгеріп алудың саяси зол мәні бар екенін патша үкіметі жақсы түсінеді.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін патшалық өзінің отарлық саясатының ең сенімді әдістерінің бірі - орыстарды жергілікті халықтармен араластыра қоныстандыруға ерекше мән береді. Әрине, қазақ даласына орыстарды қоныстандырудың қажеттілігін Ресей үкіметі ерте кезден-ақ түсінген болатын. Сол кезден-ақ Жайықтың оң жақ алқабындағы қазақтардың керемет жерлерінен қазақтарды көшіру, XVIII ғасырдың аяғында Орал казак әскері өлкенің ішкі аудандарында таралған еді. Осының нәтижесінде бүкіл Қазақстан териториясы казак әскерлерімен толтырылып, әскери бекіністер, форпостар мен редуттар салына басталған. Бұл Орынбор өлкесінің өзінде «тыныштық пен тәртіп орнату мақсатымен» Орынбор (1845ж), Орал (1845ж), Қарабұтақ (1848ж), Ембі (1862ж), Новопетровск және Райым бекіністері салынады. Ал шын мәнінде бұл бекіністер патшалықтың қазақ жеріне ішкерілеп енуінің және оны толығымен отарлауының тірегі болған еді.
Сонымен бірге, Орынбор әкімшілік аталған бекіністер жанынан қазақ қоныстарын ұйымдастаруға кіріседі. Осы мақсатпен генерал Обручев отбасылары бар төменгі шендегі Орынбор казактарын әр түрлі жеңілдіктер беру арқылы бекіністер жанына қоныстандыра бастайды.
Сөйтіп, 1849 жылы Новопетровск бекінісінде-18, Райым бекінісінде-26, Орынбор бекінісінде-10, Орал бекінісінде-10 және Қарабұтақ бекінісінде-4 отбасынан тұратын казак қоныстарын ұйыцмдастырған. Казак қоныстағы өлкенің ең шұрайлы жерлерінде орналасып, оларға жеткілікті мөлшерде шабындық, орманды және егісті жерлері бөліп берілген.
Ал ХIX ғасырдың ІІ жартысында Орал казак әскері қазақтардың Жайықтың сол жағалауындағы алқаптарын да ала бастайды. Бұл қазақтардың жайлымдық жерлерін тартып алып, жер пайдаланудың дәстүрлі негіздерін бұзған әрекет еді. Осылайша Т.Седельников атап көрсеткендей «...казактарды даланы отарлауы ХVIII ғасырдың ортасында басталып, үздіксіз түрде, қырғыздардың миллиондаған десятина ең керемет жерлерін тартып алды.»
Алайда, казактардың жер өңдеу тәжрибесінен ешнәрсе шыққан жоқ. Әкімшілік бекіністердің жанынан казак қоныстарын ұйымдастырылып, олардың жер өңдеу ісіне «үлкен үміт» артқанымен, «казак бекіністерге жанмен көмектеспек түгіл, өзі қазынаның есебінен күн көрді.»
Сонымен бірге, қоныстанған казактың көшпенді қырғызға ешқандай пайдасы болмады. Тіпті жабайы деген қырғыздардың арасында қоныстанып отырса да, ол жалған түсініктегі, еңбексіз табылған және сараңдықпен жинақталған меншік құнынан басқа, экономикалық мағына да қырғыздарға еш нәрсе енгізбеді. Қырғыз үшін казак станциясы ешқандай да тұтыну рыногы бола алмады және ол жерден арақтан басқа еш нәрсе сатып ала алмады.
Қоныстанған казак жер өңдеу жүйесіне қатысты тапқанын теріске шығарды: қоныс тепкен жерін өңдеп тыңайтпағаны былай тұрсын оны әбден құлазытты.
Ең байтақ даланы және табын жылқыны көріп тұрып, оның тұқымын жақсартуды ойланбады.
Қырғыз шапанын киіп тұрып, ол оны қалай тігілгеніне көңіл де бөлмеді.
Осылайша алғашқы отралаушы казактар қазақ өлкесінің байлығын емін–еркін талан-таражға салу мен және халықты тонаумен айналысқан. Қазақтардың жерін шауып, малын тартып әкетіп отырған. Ол жөнінде А.К.Гейнс былай деп жазады: «Үкіметтің казактарға силаған отырықшылықтары олардың тұрмыс жағдайлары мен қызметін жоғарылатуға емес, керісінше, жаппай ырду-дырдулықтың және жалқаулықтың дамуына, олардың шаруашылығының құлазуына және жүйелі, ұйымдасқан түрде қырғыздарды тонаушылыққа алпы келді ...Өздерінің тонаушылығымен зорлық–зомбылығы арқылы олар қырғыздардың бойында бүкіл орыс халқына деген өшпенділік сезім оятты.» Бұдан қолдарына оңай тиген жердің қадірін білмеген казактардың топастығы мен надандығын көруге болады. Осы мәселелердің негізінде, патшалық әкімшілік қазақ даласын «... казак қоныстары арқылы отарлау жүйесі өзіне алғаш жүктелген міндетті табыспен орындады, ал қазіргі кезде жергілікті жағдайлардың өзгеруіне байланысты бұл әдіспен отралауды жалғастыру күткен пайдаға қол жеткізбейді» деп есептеп «қырғық даласын орыстардың отарлауы қажеттілік екендігін, бірақ өлкедегі казак қоныстарының патша үкіметінің отарлау мақсатын қанағаттандыра алмайтынын түсініп, өлкеге орыстарды қоныстандыру үшін еркін отарлауға жол беру керек.» деген пікірге келді. Орыстарды қазақтар мен араластыра қоныстандырудың мақсатына қатысты әкімшілік құжаттарында: «Қырғыздар арасында азаматтықты тарату, оларды орыстармен жақындастыру мемлекетке пайдалы және өте қажет. Себебі, орыстар жоғары нәсіл өкілі бола отырып, қырғыз халқының тұрмысына жасампаз ықпал етеді және оны Ресейге толығымен бірігуге дайындайды » деп көрсетілді. Ал шын мәнінде хатшы патша үкіметінің көздегені қазақтардың «азаматтығын арттырып, тұрмыс жағдайын жақсарту» емес, қазақ жерін орыс қоныстары арқылы отарлауды күшейте түсу болатын .
Бұл жөнінде айрықша тапсырмалар шенеунігі Марклинский өзінің Дала генерал –губернаторына жазған хатында (1897 ж. 11 қараша): «... мұндай қоныстандырудың тиімдігі мемлекеттік өмірдегі сұранысты қанағаттандыруда болып отыр. Халықтың көп болуына байланысты жерге сұраныс үсті-үстіне өсіп келеді. Сондықтан да бос жатқан қолайлы жерлер түгелімен қоныс аудару ісіне емін-еркін жаратылуы тиіс» деп ашық айтады.
Патшалық Ресей үшін қазақ жерлерін отралау қажеттігі империяның ішкі жағдайынан туындайды. 1861жылғы реформадан кейінгі аграрлық дағдарыстың шиеленісуін патшалық әкімшілік орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныстандыру арқылы шешпекші болды. Яғни патшалық қазақ жерін тартып алу арқылы өзінің үлкен саясатының «кішкентай кемшілігін» түземекке бекінеді. Осымен қоса, мұндай қоныстандыру қазақ өлкесін отар ретінде толығымен игеруге, оны империяның отарлық облыстарымен тығыз байланыстыруға жағдай жасар еді.
Патша үкіметі қазақ жерлерін отарлауды, талан-таразға салуды заңдық тұрғыдан бекітуге тырысып, 1868 жылдың 21-қазанындағы «Уақытша ереже» бойынша қазақ даласын мемлекет деп жариялады.
Қазақстаннның батыс аймағынан орыс шаруаларының қоныстануы аталған «Ереженің» Орал және Торғай облыстары ұйымдасқаннан кейін басталады. Орал облысының әкімшілігі қоныстанушыларды жермен қамтамасыз етуге 1886 жылы ғана кіріседі. Жерлер Ембі мен Ойыл бекіністердің жанындағы қоныстарға ғана бөлініп бекіледі. Әрине, қазақ жеріне өз бетімен келіп қоныстанушылар өте көп болған. Мысалы, Торғай облысын отарлау 1869жылы Ақтөбе бекінісінің салуымен басталып, орыс шаруашылығының өз бетімен кетіп, бекіс жанынан көптеген қоныстанушының есебіне толыға түскен.1886 жылы Ақтөбе уезінде қоныстанғандардың саны 177-ге жеткен.
Қоныстану процесі өлкенің батыс бөлігіндегі ең құнарлы аймақ болғандықтан Николаев уезінде тезірек жүзеді.
«Уақытша ереже» уезд орталықтарынан басқа жерлерде орыс қоныстарын ұйымдастыруға рұқсат берілмегенімен, Орынбор генерал-губернаторы Н.Крыжановский 1879 жылдың 19-желтоқсанында Қостанай мекенінде Николаев уезінің отарлығын орталастыруға қазақтардан алынған 13300 десятина жердің 10300 отырықшылар поселкесіне бөледі. Ол поселкеге әрқайсысына 10 десятина жер үлесін беріп, мың шаруаны қонстандыруды жоспарлайды. Бірақ, 1885 жылы Қостанайдағы қоныстанушылардың саны 8000-ға жетеді және олар 41865 десятина жерді иеленеді.
Осыншама жерді иемденіп алса да қоныстанушылар оны місе тұтпай, азсынып, қазақтардың жерлерін тартып алып, үсті-үстіне жаңа поселкелер ұйымдастыра бастайды. Сөйтіп, тағы да Пригородный және Затаволский деп аталатын поселке пайда болды.
Қоныстанушылар қазақтың шүйігін жерлерін тартып алып, шабындықтарын шауып, шабылған шөптерін тасып алғанмен қоймай, қарсылық білдірген қазақтарды соққыға жығуға дейін барған. Мысалы, осы уездің Арақарағай болысының №2 ауыл қазақтарының шығымы (1883 ж 15-қыркүйек) бойынша Қостанай қонысының тұрғындары қазақтардың 3 мың десятинадана астам жерін тартып, орманымен талын кесіп, отап алған. Тіпті қазақтардың қыстауларының жанындағы жерлерінде жыртып тастаған. Бұл жағдайлар қазақтар мен қоныстанушылар арасында қақтығыстар туғызғандықтан, Орынбор әкімшілігі Николаев уезінің орталығы 1884 жылы Қостанайға көшірілген. Осылайша сырттан келіп, қазақтың төрін иемденгенімен қоймай, орыс шаруалары басбұзарлық қылған.
Орыс шаруалары қазақ қоғамдарымен келісіп қазақтардың жерлерін өте төмен бағамен арендаға алған. Мысалы, Қостанай уезінің қоныстанушылары қазақтардан әр десятина жерді 7 тиынға алған. Мұндай жағдайларға патшалық әкімшілік көз жұма қарайды. Орыс шаруаларын қоныстарын зорлау-күштеу әдістерімен жүзеге асырылады, қазақтың мүддесі есепке алынбайды.
Сөйтіп, 1885-1888 жылдар аралығында Николаев уезіне- 12, Електе-4, Ырғызда-2 және Торғай уезінде-1 арендаторлық деп аталатын поселкелер пайда болған. Отаршыл әкімдер осындай орыстар қазақтардың ықпалына түсіп кете ме деп қауіптенеді. Мысалы, Торғай облысының статистика комитетінің мүшесі К.Катаринский «...әрине, мұндай жағдайда орыстар қырғыздарға керемет мәдени ықпал етпек түгілі, олар болашақта өздерінің орыстың бет-бейнесін жоғалтып ала ма деп қауіптенесің ...
Сондықтан қырғыз даласына орыс қоныстанушыларын мүмкіндігінше тұтас селениелерімен орналастырған ыңғайлы, әрі тиімді және де олар үшін мектептер ашып, олар орысша басқарылатын ету керек. Сонда ғана бұл қоныстар өлкеде мәдени отарлықтарға айналады және орыстар үшін де, қызғыздар үшін де пайда бола алады; ал ондай болмаған жағдайда, қырғыз жерін тек қарапайым отарлағанымен басқа, қырғыздар арасындағы орыс қоныстарынана ешқандай жақсылық күтудің қажеті жоқ» деп, патшалқтың орыс қоныстарына жүктеген қазақтарды орыстандыру міндеті орындалмай қала ма деп мазасызданады. Өйткені Ресей империясының «бұратана» халықтарды орыстандырудағы ең сенімді тәсілі - орыстарды сол халықтармен араластыра қоныстандыру болатын. Жергілікті әкімшілік өкілдері ол жөніндегі отаршыл пиғылдарын жасырған жоқ. Мысалы, Маклинский: «Саяси жағынан алғанда, орыстар қырғыздардай нәсілдік және мәдени тұрғыда үстем болғандықтан, өлкеге орыстарды қоныстандыру ісі бұл бұратана элементі орыстандыруға алып келуі тиіс» десе, генерал Казнаков «...қырғыз халқын бірте-бірте орыстандыру мәселесі жергілікті әкімшіліктің басты міндеті. Оған жетудің ең тиімді және дұрыс жолы қырғыз даласының негізігі жерлерін отырықшы орыстармен аса сақтықпен отарлау арқылы қырғыз халқын орыстармен араластыра қоныстандыру» деп, ашық айтты.
Осылайша отаршыл өкімет қазақтың жерін тартып алып, тонағанмен қоймай, қазақтарды ұлттық рухынан, ғасырлар бойғы өмір салтынан айырып, қазақ халқын орыстандыру мақсатын ұстайды. Сондықтан да, патша үкіметі орыс шаруасымен бірге қазақ даласына «жасампаздық пен игілік», «азаматтық пен мәдениет» емес, қазақ жерін талап, тілі мен дінін жоятын орталық езгі әкелді.
