
- •11.1. Бюджет процесін басқару негіздері және оны автоматтандырудың қажеттілігі
- •2. Бюджет процесіндегі қатысушылар жұмысын автоматтандыру жүйесін құру
- •11.3. Бюджетті басқару ааж құрылымы
- •11.4. Бюджеттік процестегі мемлекеттік билік органдарының аат
- •«Қаржы» ааж
- •Атқарымдық ішкі жүйелері
- •Бюджетті орындау мен құру автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (боқаж)
- •Атқарымдық ішкі жүйелер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
11.4. Бюджеттік процестегі мемлекеттік билік органдарының аат
«Қаржы» ААЖ келесі технологиялық процестерді мемелекет деңгейінде іске асыратын «Қаржы» ААЖ жұмыс істеуі:
Бюджет жобасы варианттарын есептеу, МБ шығысының айқындалған жоспарын құру мен өзгертуді тіркеу;
МБ-тің әлеумет-мәдениет саласымен ғылымға арналған шығындары жобасының жиынтығы, ҚР субъектілер бюджеті бойынша айқындалған жылдық және тоқсандық жоспарлар жиынтығы, министрліктер мен ведомоствалар тапсырысы негізіндегі МБ шығындары жобасының жиынтығы;
Аймақ бойынша балалар жәрдемақысы қосындыларын есептеу;
Өндірістік кешен, жеңіл өнеркәсіп, қызмет саласы, кәсіпкерлік, сауда кәсіпорындар мен ұжымдар бойынша статистикалық ақпараттарды талдау және өңдеу;
Бюджеттік қаржыландыруда тұратын ұжымдар мен мекемелер бойынша басқарма қызметкерлерін және жеке көліктерді ұстауға кететін шығындар туралы жылдық есептемелер жиынтығы;
Бюджеттік несиелерді қайтару және «салыққа жатпайтын кірістер» тармағы бойынша пайыздар төлемдері деректерін талдау;
Құнды қағаздар, ірі құнды қағаздар иелері тізімдерін, ақпараттық институттар мен іс мұрағаттарының тізімдерін жүргізу.
Бұл технологиялық процестерді, олардың атқарымдық тағайындалуы бойынша біріккен «Қаржы» ААЖ-нің атқарымдық ішкі жүйелері (АІЖ) ұсынады (11.4-сурет).
«Бюджеттік процесс» АІЖ алдағы жылғы бюджет тармақтары бойынша көрсеткіштерін болжауды және жоспарлауды бюджетті тармақтарды қарастыруға және бекітуге дайындықты, іске асыруды, бюджеттік көрсеткіштердің орындалуының ағымдағы қадағалауын қамтамасыз етеді, топтастырылған бюджет (ТБ) және мемлекеттік бюджет (МБ) туралы есеп беру тіркеулерін құрастырады.
«Қаржы» ааж
Атқарымдық ішкі жүйелері
Бюджеттік процесс
Бюджеттің кіріс бөлімі
Бюджеттің шығыс бөлімі
Мемлекеттік несиелеу
Бюджеттің қаржылық қадағалауы
Ұлттық шаруашылық саларының қаржыландыруы
11.4-сурет. ААЖ «Қаржы» қажетті атқарымдық ішкі жүйелері
«Бюджеттің кіріс бөлігі» АІЖ басқарудың барлық деңгейіндегі бюджеттің кіріс бөлігінің жоспарланатын және болжамдалатын көрсеткіштерін есептеуді, бюджетке қайта төленген салықтарды есепке алу мен мүмкін қайтаруларды әшкереленумен бірге кірістердің бухгалтерлік есебі. Осы процестерге ақпараттық қолдау көрсете отырып, ішкі жүйе бухгалтерлік есптің операцияларын барлық мемелекеттік ресурстармен салыстырады, әрбір нақты бюджеттік қаржы бөлу операцияларының сәйкестігін жедел тексеруді іске асыру мүмкіндігін құрады.
«Мемлекеттік несиелеу» АІЖ мемелекетті қарыздарды оны өтеу операцияларын тіркеу мен бірге жоспарлау мәселелерін шешуді жүзеге асырады және құнды қағаздар шығарумен, валюталық, несиелік саясатын және несие қатынастарын жасаумен, т.б. байланысты мәселелерді ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.
«Бюджетті қаржылық бақылау» АІЖ ақпараттық-аналитикалық сараптаумен және қаржы-бюджет қарекеттері аймағында дайындалатын және қабылданатын шешімдердің бағамдарымен байланысты процестерді автоматтандырады, қаржылық тәртіптің сақталуын тексерумен бірге тенге және валюта қаржылық қорларының шығындалуын бақылауды жүзеге асырады.
«Халық шаруашылық салаларын қаржыландыру» АІЖ халық шаруашылық салалары (әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау және дене шынықтыру, мемелекеттік апарат, қорғаныс кешені, жеңіл өнеркәсіп, т.т.) бойынша бөлінген құралдарды тіркеуді қамтамасыз ете отрып, келесі бюджет кезеңіне қаржылық көрсеткіштерді жоспарлауға жауап береді. Өткен қаржы жылы бойынша талдау және алдыңғы бюджет жылына ұсыныстар жасау үшін жиынтық есптемелер құрастырады.
«Қаржы» ААЖ-ның ішкі жүйелерінің жеке атқарымдық компоненттері елдегі жалпы қаржылық жағдайдың біртұтас көрінісін бейнелейтін, оның кешенді талдауын қамтамасыз ететін, болжау бағамдарын дайындауда көмектесетін ұжымдық және жеке шешімдер қабылдауды қолдайтын біріктірілген ақпараттық жүйенің құрамдас компоненттері болып табылады.
Атқарымдық компаненттер байланысы біртұтас телекомуникациялық торап (БТКТ) арқылы жүзеге асырылады, оның басты қолданысы қызыметтің орталық апараты мен оның аймақтық органдары сапаны ақпарттарды беру жылдамдығы мен қорғаныс қабілеттілігін, нарықтық эканомика жағдайында орталық және аумақтық қызыметтердің жұмыс істеуінің тиімділігін көтеру мақсатында ішкі ведомоствалық аралық байланысын қамтамасыз ету және ақпарттық әрекеттесу шығындарын төмендету болып табылады. БТКТ кең көлемді қолданысы ҚР президент әкімшілігін, заң шығарушы, орындаушы және сот билігін, аймақтық, жергілікті деңгейдегі ұжымдармен басқа мекемелермен қоса, «Қаржы» ААЖ өзара әректтесу объектілерінің барлығының арасындағы ведоствалық байланысын қамтамасыз ету болып табылады.
ҚР экономикалық дамуының және әлеуметтік сұрақтарды шешу мәні көбіне аумақтық бюджеттерге арналған мәселелерді қаржылық қамтамасыз ету үшін ҚР субъектілеріне келтіріледі. Аумақтық қаржылық органдар-ең үлкен құжат алмасу болатын елдің қаржылық жүйесінің ең кең таралған бөлігі, сондықтан осы деңгейді автоматтандыру жалпылама сипат алып жүреді. Аумақтық бюджетті жоспарлау мен орындау процесі ТБ процессіндегідей кезеңдерден тұрады, айырмашылығы ҚР аумақтық бюджеттерінң кірісі мен шығысы құрылымдарының ерекшелігімен байланысты атқарымдық мәселелер құрамында.
Аумақтық қаржы органдарында ғылыми және жобалық ұжымдар дайындаған программалық өнімдер қолданылады.
Аумақтық қаржы органдарында «Қаржы» ААЖ енгізу аумақтық қаржы басқармаларының деңгейін көтеруге, аймақтық және жергілікті әкімшіліктерге аумақтың эканомикалық дамуын дәйектелген және уақытылы шешім қабылдауына мүмкіндік береді. Сонымен кіріс пен шығыс бойынша бюджеттің орындалуы туралы деректер есептемесін алуды жеделдетуге, бюджет құралдарының түсімі мен шығымғы туралы деректер есептемесінің шынайылығын арттыруға қол жеткізіледі. Бюджеттің орындалуы туралы мәліметтер есптемесін өңдеудің жеделдігі, бюджеттік көрсеткіштердің болжамдарының мүмкіншіліктерін кеңейту, бюджет жобасына қатысты есептеу варианттарын жасау, бюджет орындалуын күшейту,бюджет орындалу туралы ақпаратты басқа мекемелер мен ұжымдарға беру мен бюджет құралдарын тіркеумен байланысты еңбек шығынын қысқарту. Жүйе АЖО түрінде іске асырылған технологиялық мәселелер кешенінен тұрады.
Аймақтық бюджет бойынша жұмыскерлер АЖО бюджет бөлімінің жиынтық тобының қызметкерлері мен МБ-берілген не алынған құралдарды тіркеу бойынша шығыс құжаттарды қабылдау мен құру үшін, сондай-ақ жоспардан тыс қалдықтар есбінен дәйектелген бюджет құрастыру үшін қолданылады.
Қала, аудан бюджеті бойынша жұмыскер АЖО жиынтық бөлімінің аудандық тобының қызыметкерлері дәйектелген бюджет құрастыруға, кіріс және шығыс бюджеттерінің өзгерісін тіркеу, аудандық бюджеттің аймақпен қатынасы туралы деректердің анықтамасын құрастыру және бюджеттер орындалу туралы мәліметтер құрастыру үшін қолданылады.
Бюджет орындалуының бухгалтерлік есебінің АЖО бюджет орындалуы есебі бойынша шығыс құжаттарын алу үшін кешенді бухгалтерлік мәселерді шешуді сондай-ақ банк құжаттарын беру мен қабылдауды, ҚР қазынашылық органдарына және салық органдарына құжаттар дайындауды, өзіне топтастырлған бюджеттер орындалуы бойынша айлық және тоқсандық есептемелерін құруды және төменгі ұжымдардан орындалу туралы шығындар сметасының есптемелерін қабылдау мен өңдеуді орындайды.
Өз кезегінде бюджет қызметкерінің АЖО пакеті келесі негізгі модульдерден тұрады.
«Болжам» қойылған талапты таңдау мүмкіндігі мен болжау сұрақтарын шешу үшін қолданылады. Программа болжаудың әртүрлі нұсқаларының қорытындыларын талдау мен сақтауға және оларды шығыс құжаттарын алуда пайдалануға мүмкіндік береді.
«Бюджеттерді құру мен жиынтықтау» бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін жиынтықтау мен құру, кіріс пен шығыстарды тоқсандар бойынша үлестіру, дәйектелген бюджетті құрастыру мен өзгерту туралы хабарламалар есебі процессін автоматтандыру үшін қолданылады.
«Торап, штаттар мен контрагенттер» ҚР бюджеттік сыныптамаларына сәйкес барлық деңгейлер бюджеттерінің кезектілігі мен жоспарлау процесін автоматтандырады.
«Бюджеттің орындалуы» - АЖО-ның ең ауқымды және негізгі бөлімі. Ол әртүрлі кезеңдер үшін бюджеттің орындалу есебін жүргізуге ыңғайландырылады: шоттар жоспарын құру, бюджеттік шоттарды топқа біріктіру, төлеушілер, құжаттар немесе басқа объектілер кіріс есебі, файлдар деңгейіндегі банктермен ақпарат алмасу, т.т.
«Несиеге берілген бюджет құралдары есебін тіркеу мен бақылауы» несие құралдары есебі, тұлға шоттарының карточкасымен келісім-шартты жүргізу, пайыз бен өсімдерді есептеу, несие бойынша бюджетпен есеп айрысу жағдайы мен төлемдер есебі, т.т. процесстерін автоматтандыру.
«Вексельдер есебі» модулі векселдер есебі мен тізім құру үшін қолданылады.
«Әлеуметтік өтемақылар төлемі» модулі бюджеттен төленетін өтемақы төлемдері бойынша жоспарлау, есеп айрысу, бухгалтерлік есеп және есептемелер процесстерін автоматтандырады. Жәрдемақы беруге арналаған жылдық жоспар құруды және қаржылық орган есеп айрысу шоттарында құралдар қалдығының болуын бақылауды қамтамасыз етеді.
«Бюджет орындалуы жайлы есептемелері» модулі бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін жинақтау мен құру, жетіспеушіліктер мен ұрлық туралы есептемелер дайындау, негізгі материалдар мен құралдар жайлы анықтамалар және несиелік қарыздар жағдайы туралы мәліметтер алу үшін қолданылады.
Қазіргі уақытта ҚР көптеген аймақтарында «Бюджетті орындау мен құру автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» (БОҚАЖ) енгізілген және қолданылады. Ол ақпараттарды өңдеуді жеке қаржы органдарында да, аймақтық барлық қаржылық жүйесінде автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге мамандардың күнделікті жұмысы автоматтандырылады, бюджет орындалу жедел талданады.
Барлық деңгейдегі бюджет орындалуы есебін жүргізу, аймақтың жалпы жүйесін құруға мүмкіндік беретін, басқа жүйелермен ақпараттық алмасу жүзеге асырылады. БОҚАЖ үш негізгі атқарымдық ішкі жүйеден тұрады және әрқайсысында бірқатар технологиялық мәселелер іске асырылған (11.5-сурет).