Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.21 Mб
Скачать
  1. Химиялық барлау приборларының құрылымы

  2. Химиялық барлау құралдар арқылы улы заттар мөлшерін анықтау.

Ауадағы, жердегі, техникадағы және басқа объектілердегі улы заттарды анықтау химиялық барлау приборлары көмегімен немесе сынақ алу және оны артынша химиялық лабораторияда талдау жолымен жүргізіледі. Барлық приборлардың жұмыс принциптері индикацияның химиялық әдісіне негізделген. Ол бойынша улы заттар реактивпен ықпалдасқан кезде реактивтің түсі өзгереді, ал егер реакция сұйық өртада жүргізілсе ылғал түседі.

Әскери химиялық барлау приборы (ӘХБП). Ауадағы, жер­дей және техниканың үстіндегі улы заттарды табуға арналған, ол корпусқа қақпақ-пен және тасуға арналған белбеумен бекітілген. Корпуста қол насосы, насостың саптамасы, индикаторлы түткішесі бар үш қағаз таспасы, түтіннен қорғайтын сүзгі, қорғаныс қалпақшалары, шам, жылытқыш және оның патрондары орналасады. Корпустың сыртынан сынақты іріктеуге арналған күрек бекітіледі.

Ауадағы улы заттарды анықтау. Улы заттарды анықтауды зариннан, зоманнан және VX бастайды. Бұл үшін прибордың қақпағын ашады, ілмешекті итереді және насосты алады. Қызыл шеңберлі және қызыл нүктелі екі индикаторлық түтікшені алып, олардың ұшын кесіп ашады. 5°С темпера­тура кезінде түтікшенің төменгі жағын ашардың алдында 40°С-тан аспайтын температурада жылытқыны қыздырады (реакгивті ерітеді). Индикатор түтікшенің таңбасына дәл келетін таңбалы насостың ампула ашқышының көмегімен екі түтікшенің үстіңгі ампуласын сындырып, оларды ұшынан таңбамен бірге ұстай отыра 2—3 рет қатты сілкілейді, түткішілердің бірінің (тәжірибелік) ұшын таңбаланған насосқа қояды, секундтына бір рет тербету жылдамдығымен 5 — 6 тербетіп, ауа айдайды. Екінші түтікше арқылы (бақылау) ауаны айдамайды, керісінше прибор корпусында орналасқан штативте қалдырады. Ауаны айдағанан кейін тәжірибелік түтікшенің төменгі жағын сындырып толтырғыштың жоғары бөлігін толығымен шаятындай етіп бір-екі рет үлкен құлашпен сиікітейді. Бұдан кейін бірден бақылау түтікшесінің төменгі ампуласын сындырып, оны да сілкілейді. Толтырғыштар бояуының өзгерісін қадағалайды.

Төменгі ампулаларды ашып, оларды сілкілегеннен кейін толтырғыш қызарады, кейіннен сарғайады. Екі түтікшеде де қызыл түстің жасыл түске бір уақытта көшуі қауіпті мөлшердегі улы заттың жоқтығын айғақтайды. Бақылау түтікшесінде сары түс пайда болған сәтте тәжірибелік түтікше толтырғышының жоғары қабатында қызыл түстің сақталуы ауада қауіпті мөлшердегі улы заттардың бар екендігін көрсетеді.

Газқағарларын алу туралы шешім қабылдау үшін зариннің, заманның және VX қауіпсіз мөлшері де осылайша анықталады. Анықтауды жоғарыда жазылған тәртіппен жүргізеді, тек ауаны тәжірибелік индикаторлық түтікше ар-қылы айдаған кезде насосты 50 — 60 рет басады және түтікшелердің төменгі ампуласын бірден емес, басқаннан кейін 2 — 3 минуттан соң сындырады.

Жүйкені құрыстырғыш улы затты зерттеу нәтижесіне қарамастан ауада фосгеннің (дифосгеннің) және көгілдір қышқылдың немесе хлорцианның бар-жоғын анықтайды. Бұл үшін үш жасыл жүзікшесі бар индикаторлық түтікшені ашып, ондағы ампуланы сындырып, түтікшені насосқа қойып, насоспен 10—15 рет тербетеді. Түтікшені насостан кейін алғаннан кейін толтырғыштың бояуын индикаторлық түтікше сақталатын таспаға жағылған эталонмен салыстырады.

Бұдан кейін ауадағы иприт буын анықтайды, бұл үшін бір сары жүзікшелі түтікшені ашып, оны насосқа қояды және насосты 60 рет басады. Бұдан кейін түтікшені насостан алып, 1 минуттан соң толтырғыштың бояуын таспадағы эталон­мен салыстырады.

CS және BZ-да индикаторлық түтікшесі бар таспалар бо­лтан кезде ауада осы улы заттардьщ бар екендігін анықтауға болады.

Төменгі температураларда ауаны зерттеуді жүргізген кезде түтікшілерді қыздыру керек. Бұл үшін жылытқының орталық саңылауын патронға қояды және патрон қалпақшасыңдағы саңылау арқылы оның ішіндегі ампуланы сындырады. Ампуланың сыңғанына көз жеткен соң ұшты патроннан алады. Жылытқыны қойғанан кейін оны бүйірдегі араға түсіріп, индикаторлық түтікшелерді қыздыру немесе еріту үшін пайдаланады.

Индикаторлық түтікшенің толтырғышы түсінің ауада тек улы заттармен қатар негізгі сипаттағы қышқыл қоспаларының улы немесе бүркемелі түтіннің әсерінен өзгеретіндігін де есте ұстау қажет. Сондықтан да ауаны зерттеудің күдікті жағдайларында оны түтіннен қорғайтын сүзгіні пайдалана отырып қайталайды.

Топырақ пен сусымалды материалдағы улы заттарды анықтау. Бұл үшін қажетті индикаторлық түтікшені алып даярлағаннан кейін оны насостын басына қояды. Бұдан кейін насосқа саптаманы бурып, басылатын жүзікшені ашық қалдырады. Саптаманың аузына қорғаныс қалпақшасын кигізеді. Зақымдалғаны туралы күдік тудырған жердегі то-пырақтың (сусымалы материалдың) үстіңгі бетін күреклен ашып, қорғаныс қалпақшасын шетіне дейін көмеді. Қақпақты түтіннен қорғайтын сүзгімен жауып, оны сығатын жүзікшемен бекітеді және насоспен қажетінше тербетеді. Бұдан кейін түтіннен қорғайтын сүзгіні, сынама мен қалпақшаны лақтырып тастайды, индикаторлық түтікшені алып, жоғарыда көрсетілгендегідей, улы заттарды анықтайды.

Жердегі, техникадағы, киімдегі және әртүрлі заттардағы улы заттарды анықтау. Анықтауды фосфорлы органикалық заттардан бастайды. Әзірленген нүктені насосқа қойып сап­таманы бұрайды, қорғаныс қалпақшасын кигізіп, саптама­ны топыраққа немесе зертелетін объектінің үстіне қалпақшаны зақымдану белгілері анығырақ көрінген учаскені жабатындай етіп қояды, бұдан кейін қажетінше тербетеді. Бұдан әрі саптаманы алып, қалпақшаны лақтырып тастай­ды, насостың басынан индикаторлық түтікшені алып, таспаға жапсырылған нұсқаулықтарды басшылыққа алып улы заттарды анықтайды.

Химиялық axyал ретінде шаруашылық объектілерінің қызметіне, АҚ күштері мен халыққа әсер ететін жердің ҚӘУЗ-бен (УЗ) химиялық зақымдану салдарының жиынтығы түсінеді.

Химиялық ахуал ҚӘУЗ төгілу (тасталу) немесе химиялық зақымдану аймағы мен химиялық зақымдау ошақтары пайда болатын химиялық қаруды қолдану кезінде жасалады.

Химиялық ахуалды бағалауға мыналар кіреді:

— химиялық зақымдау көлемі мен сипатын анықтау;

— олардың объектілер қызметтеріне, АҚ күштері мен халыққа әсер етуін талдау;

— адамдардың зақымдалуын болдырмайтын іс-әрекеттердің аса қажетті нұсқаларын іріктеу.

Химиялық ахуалды бағалау болжау әдісімен және барлау мәліметтері бойынша жүргізіледі.

Шаруашылық объектілерінде химиялық ахуалды бағалауды (РХҚ) нүктелері (буындары) жүргізеді.

Химиялық ахуалды бағалайтын бастапқы мәліметтер:

— ҚӘУЗ түрі мен саны, химиялық қаруды қолдану құралы мен УЗ түрі;

— улы заттардың шығарылу (төгілу), химиялық қарудың қолданылу ауданы мен уақыты;

— адамдардың қорғану деңгейі;

— жердің топографиялық жағдайы мен ластанған ауаның таралу жолындағы құрылыстардың сипаты;

— ауа райы (жер бетінің қабатындағы желдің жылдамдығы мен бағыты, ауа мен топырақтың температурасы, ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейі).

Ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейін шамамен ауа райын бақылау арқылы анықтауға болады.

Ауаның вертикалдық тұрақтылығы үш деңгейге бөлінеді: инверсия, изотермия, конвекция.

Инверсия әдетте шамамен күн батардан 1 сағаттай бұрын кешкі уақытта пайда болады және күн батқаннан кейін 1 сағаттың бойында бұзылады. Инверсия кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан суығырақ, бұл инверсияның биіктік бойынша таралуына кедергі келтіреді және ластанған жинақталған ауаның сақталуы үшін аса қолайлы жағдай жасайды.

Изотермия ауаның тұрақты теңдігімен сипатталады. Изотермия кезінде жердің 20 — З0 м биіктік шегінде ауаның температурасы жердікімен шамалас. Ол жауын-шашынды ауа райы мен қар жамылғысы кезінде байқалады, алайда таңертенгі және кешкі сағаттарда да инверсиядан конвекцияға (таңертең) және керісінше (кешкі) көшпелі күй ретінде пайда болуы мүмкін.

Конвекция әдетте күн шыққаннан кейін 2 сағаттан соң пайда болады және шамаммен күн батардан 2—2,5 сағат бұрын бұзылады. Ол әдетте жазғы ашық уақытта байқалады. Кон­векция кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан қаттырақ қызады, бұл залалданған бұлттың тез тарауына және оның зақымдағыш әсерінің азаюына ықпал етеді.

Жел жылдам -дығы,

м/с

Түн

Күн

ашық

бұлыңғыр

бұлтты

ашық

бұлыңғыр

бұлтты

0,5 0,6-2

инверсия

конвекция

2,1- 4

____| изотермия

изотермия

4-тен астам

Ауаның жер бетіндегі қабатының вертикалдық тұрақтылық деңгейі кесте көмегімен ауа райы болжамының мәліметтері бойынша анықталуы мүмкін.

Қарсылас жақ улы затты пайдаланған кезде пайда болған химиялық ахуалды айыру кезінде қолданылған затты, зақымдану аймағының алаңы мен улы зат түрін анықтайды. Осы мәліметтер негізінде ластанған ауаның таралу тереңдігін, жер мен техникадағы улы зат беріктігін, адамдардың теріні қорғау құралдарында болу уақытын, адамдардың, ғимараттың, тех­ника мен мүліктің зақымдануын ықтимал бағалайды.

Қарсылас жақ улы затты қолданған кезде ауданның шекарасын анықтау барлау күштерімен немесе ТЖ және АҚ жөніндегі жоғары тұрған орган ақпараттарының мәліметтері бойынша жүргізіледі. Химиялық шабуылға қатысушы құралдар саны (ұшақтар саны, олардың үлгілері, зымырандар саны), улағыш заттарды қолдану әдісі (химиялық бомбалар, зымыранған, төгілетін авиациялық приборлар және басқалар).

Химиялық оқ-дәрі немесе әскери прибордың әсері кезінде улы зат бұлты пайда болады, ол алгашқы бұлт деп аталады. Осы бұлттың құрамы УЗ түрі мен оны ұрыс жағдайына көшіру әдісіне байланысты. Қарсылас жақ зарин түріндегі УЗ қолданған кезде алғашқы бұлт осы УЗ буынан құралады, ал Ви-Икс түріндегі УЗ қолдану негізінен аэрөзольдік бөлшектерден тұратын бұлттың құралуына алып келеді. Қарсылас жақ төгілетін авиациялық приборларды пайдаланған кезде тұрпайы аэрөзоль бұлты мен УЗ тамшысы пайда болады, олар сіңе отыра объектілерді, жерді, су көздерін, техника мен адамдарды зақымдайды.

Әртүрлі заттардың үстінде аэрөзоль мен тамшы түріндегі УЗ уақыт өте буланады. Аэрөзольдік бөлшектер мен УЗ тамшысының булану нәтижесінде зақымдалған жерде осы УЗ буыннан ғана тұратын УЗ қайталама бұлты пайда болады.

Жылжып келе жатқан ауа массасының әсерімен УЗ таралып, сирейді, соның нәтижесінде онда жинақталған УЗ уақыт өте азаяды, тиісінше қорғалмаған адамдардың зақымдау дөзасын алу қауіпі төмендейді.

Ластанған ауаның таралу терендігі химиялық қару қолданылған ауданның желді шекарасынан бастап зақымдағыш мөлшері бар ластанған ауа бұлтының таралу шекарасына дейін қолданылады. Ол ауа райына, жер бедеріне, орман алқаптарының бар-жоғы мен елді мекендер құрылысының тығыздығына байланысты.

Төменде изотермия жағдайындағы авиациямен УЗ қолданған кезде ашық жердегі ластанған ауа бұлтының қауіпті таралу терендігінің (км) есептемелік маңызы келтірілген.

Ашық ауа райында (конвекция жағдайында) ластанған ауаның қауіпті таралуының тереңдігі шамамен екі есеге аза­яды, ал инверсия жағдайында шамамен 1,5 — 2 есеге көбейеді.

УЗ түрі

Тұрақты желдің м/с жылдамдығы кезінде ластанған ауаның қауіпі таралуының терендігі (км)

1 - 2 м/с

2-4 м/с

Зарин

50

40

Ви-Икс

5-8

8-12

Иприт

24

15

Төңірегінің бәрі құрылыс елді мекендер мсн орман алқаптарында ластанған ауаның қауіпті таралуының терендігі айтарлықтай азаяды (3 —3,5 есе).

ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағында болуы мүмкін адамдарды қорғауды ұйымдастыру мақсатында жүргізіледі.

Химиялық ахуалды болжау әдісімен бағалау кезінде ауа райының ластанған ауаның таралуы үшін қолайлы кезінде объектідегі бүкіл ҚӘУЗ қорының бір уақытта төгілу (шығу) шарты қабылданады (инверсия, желдің жылдамдығы 1 м/с).

ҚӘУЗ салынған ыдыстардағы авариялар (қирау) кезінде бағалау нақты қалыптасқан жағдай бойынша жүргізіледі, яғни төгілген (шығарылған) улы заттардың нақты саны мен ауа райының жағдайы алынады. Бұл жағдайда қайнау температурасы 20 °С-тан төмен улы заттардың (фосген, фторлы сутегі және т.б.) олардың төгілу шегі бойынша бірден буланатындығын және ауаның жер бетіндегі қабатына түскен улы булар көлемінің аққан сұйық көлеміне тең болатындығын ескеру керек. Оайнау температурасы 20 °С-тан жоғары улы сұйықтардың (күкіртті көмір тегі, көгілдір қышқылы және т.б.), сондай-ақ баяу қызатын сұйықтардың (сұйытылған аммиак пен хлор, олеум және т.б.) объект аумағында төгіледі және булана отырып ауаның жер бетіндегі қабатын ластайды.

ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағы мен химиялық зақымдану аймағының көлемдерін, ластанған ауаның белгілі межеге (объект) жету уақытын, зақымдаушы іс-әрекет уақыты мен химиялық зақымдану ошағындағы адамдардың ықтимал қаза болуын анықтауды қарастырады.

Химиялық ахуалды бағалау негізінде адамдарды қорғау шаралары қабылданады, зақымдану мен зақымдау салдарын жою жағдайындағы құтқару, объектінің өндірістік қызметін қалпына келтіру және халықтың тіршілігін қамсыздандыру жұмыстарын жүргізу жөнінде шаралар әзірленеді.

Объектідегі қорғаныс режимін таңдау кезінде мыналар қарастырылады: өндірістік қызметті жалғастыру кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, зақымдалған ғимараттарда (цехтарда) жұмысты тоқтату, адамдар жұмыс орнына шыққаннан кейін зақымдануды болдырмайтын жұмыстарды жүргізгенге дейін панаханаларда болу тәртібі. Объект аумағы қатты зақымданған жағдайда жекелеген цехтардың немесе бүкіл объектінің жұмысын тоқтатып, аумақты, ғимарат пен объекті қондырғыларын залалсыздандыру жөніндегі шараларды жүргізгенге дейін зақымданбаған аудандарға адам­дарды көшіру қарастырылуы мүмкін.

Объект жұмысының үлгілік режимдерінің, құтқару жұмыстарын жүргізудің үлгілік нұсқаларын бейбіт уақытта желдің негізгі бағытын, объект жұмысының нақты жағдайы мен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын, жұмысшылар мен қызметшілерді жеке қорғаныс пен ұжымдық қорғау құралдарымен қамсыздандыруды ескере отырып даярлаған дұрыс.

Химиялық ахуалды бағалаудан туындаған қорытындылар зақымдау ошақтарында жұмыс жүргізу үшін АҚ бастықтарының шешімдерінде пайдаланылады және АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын химиялық зақымдану жағдайындағы іс-әрекет кезінде қорғауды ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Лекция №8

І.Төтенше жағдайда ұйымдар жұмысының тұрақтылығы.

ІІ.Жеке қорғаныс құралдары.

1. ұйым жұмысының тұрақты негіздері.

2. шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы.

3. АҚ инженерлік-техникалық шараларын жобалау нормалары.

1.ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың Мемлекеттік жүйесін негізгі міндетте- рінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік нысандарының жұ- мыс істеу қалыбын арттыру мен ТЖ ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру болып табылады.

2.Шаруашалақ нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы ретінде оның төтенше жағдайлардағы жоспарланған көлемдегі және номенклатурадағы өнімдерді шығаруға (тікелей материалдық құндылықты шығырмайтын нысандар үшін өз міндеттерін мақсатқа сәйкес орындалуы), авария (зақым- дану) жағдайында қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіруге қабілеттілігі түсініледі.

Төтенше жағдайларға шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақты- лығына мына факторлар әсер етеді: жұмысшылар мен қызметшілерді зілзала, авария (апат), сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының бастапқы және қайталана факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі; нысанының инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы ықпалға қарсы тұру қабілеті, нысанды өндіріс үшін барлық қажетті өніммен (шикізат, отын, электрэнергиясы, газ, су және т.б.); жабдықтау жүйесінің сенімділігі, жұмысшылар сағаты олардың қүдірет немесе тәртіп деңгейі, нысан сипаты, шығарылатын өнім, қолданылатын технология; өндіріс пен АҚ басқару тұрақтылығы мен үзіліссіздігі; нысанды күрделі және өзге шұғыл, сондай-ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру жұмыстарына даярлау.

Шаруашылық насандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мәселесі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие болуда. Бұл төмендегі бір қатар негізгі себептерге қатысты:

-өндірістік саладағы мемелекеттік реттеу мен қауіпсіздік механизмінің әлсіреуі, барлық деңгейдегі еңбек және технологиялық тәртіптің әлсіреуі, сондай-ақ өндірістің аварияға қарсы төзімділігінің төмендеуі;

- негізгі өндірістік қорлардын жылдам тозуы, сонымен қатар оларды жаңарту қарқынының төмендеуі

- өндірістің технологаялық қуатының артуы, қауіпті зат¬тар, материалдар мен бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен қоршаған ортаға қауіп төндіретін өндіріс қалдықтарының жинақталуы;

-шарасыз зандық және нормативтік құқықтық бағы ТЖ қауіпсіздігін және ескертуін басқарудағы тәуекелдік мәселесіне талдаудың ғылыми негізін жеткіліксіз пайдалану;

-мемкелеттік қадағалау органдары мен инспекция жұмысының талаптылығы мен тиімділігінің төмендеуі;

-әскери жанжалдар мен террорлық актілердің пайда болуы ықтималдығы.

Тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды іске асыру мен әзірлеу саласындағы ұйымдар басшыларының негізгі міндеттері:

♦ ұйым жұмысының тұрақтылыгын арттыру бойынша ұсынысты белгіленген тәртіппен әзірлеу және ұсыну;

♦ төтенше жағдайларда және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар мен әзірлеуді жүргізу;

♦ авариялардың пайда болу қауіпін, қайталана зақымдау ошағын төмендету бойынша шаралар жүргізу;

♦ азық-түлікті, ауыз суын, сумен жабдықтау көзін, мал мен өсімдікті, өсімдік пен мал өнімдерін, радиоактивті химиялық және бактериялогиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау бойынша шараларды өткізу мен ұйымдастыру.

Тізбеленген факторлар төтенше жағдай ахуалы мен оны көтеру жолындағы шаруашылық нысанының тұрақты жұмыс істеуінің негізгі талаптарын анықтайды.

3. Тұрақтылық мәселелерін реттейтін құжаттар Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық шараларын жобалау (ИТЖ) нормалары болып табылады. Олар құрылыс нормалары мен ережелер кешенін (ҚНжЕ), мемлекеттік стандартты (ГОСТ) Азаматтық қороғаныстың инженерлік-техникалық қамсыздандырудың барлық түрі бойынша нұсқаулық пен басшылықты қамтиды.

Осы құжаттар негізінде орталық атқарушы органдар салалық стандартты, АҚ ИТЖ нормаларын қолдану бойынша басшылық нұсқаулықты әзірлейді.

Шаруашылық нысандары мен салаларында АҚ ИТЖ және орталық атқарушы органдар, республикалық мекемелер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің келісімі бойынша жоспарлау 2.01.51-90 ҚНжЕ талаптарына сәйкес жүргізеді.

АҚ ИТЖ жобалау нормалары өз мақсатымен мынаны жүргізеді:

♦ халықты қорғау және жаудың осы заманғы зақымдау және әдеттегі құралдарды қолдану жағдайында ықтимал залал мен қирауды төмендету;

♦ соғыс уақытында шаруашылық нысандары жұмысының тұрақтылығын көтеру;

♦ зақымдану ошағында, зілзала аумағында және ірі өндірістік авария мен апатты жою кезінде ҚНжЕ жүргізу үшін қажетті жағдай.

ИТЖ нормалары мынаны ескереді:

♦ аудандық жоспарлаудың жобасы мен схемасын, жаңа категорияланған қалалар мен нысандардағы бұрыннан бар және салынып жатқан тұрғын үй және өнеркәсіп аудандары. Аудандарында тұрғын үймен өзге нысандарды егжей-тегжейді жоспарлау кезіндегі әртүрлі жәйттарды;

♦ ықтимал қираулар аумағында орналаскан жұмыс істеп жатқан өнеркәсіп орындарын кеңейту және жобалау, энергетика, көлік және байланыс кәсіпорындарын, сондай-ақ соғыс уақытында категорияланған қалалардың тірішілік аумағында орналасқан тұрғын үй және өнеркәсіп аудандарды;

♦ бұрыннан салынған кәсіпорындарды қалпына келтіру және кеңейту кезінде.

АҚ ИТЖ жобалау нормаларының талаптары:

а) Шаруашылық нысандарын орналастыру.

б)Қалаларды жоспарлау мен құрылыс салу.

в)Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалау.

г)Сумен жабдықтау.

д)Газбен жабдықтау.

е)Энергожабдықтау.

ж) Қорғаныс ғимараттарына АҚ ИТЖ нормаларының талабы.

ІІ. Жеке қорғаныс құралдары тыныс алу органдарын, көзді және тері жамыл- ғыларын УЗ, ҚӘУЗ буынан, тамшыларынан және аэрөзольдерден, сондай-ақ радиоактивті шаңның, ауру тудырғыш микробтар мен токсиндердің түсуінен қорғаайды олар тыныс алу органдарының қорғау және теріні қорғау құралда- ры болып теріледі.

Тыныс алу органдарын қорғау құралдары

Бұған газқағарлар, респираторлар, мақта-мата таңғыштары мен шаңнан қорғайтын маскалар, сондай-ақ оқшаулағыш газқағарлары жатады.

Теріні қорғаудың қарапайым құралдары

Адамның терісін қорғаудың қарапайым құралдар ретінде ең алдымен өндірістік киім (арнайы киім) күртелер мен шалбарлар, комбинезондар, брезенттен, оттан қорғайтын немесе резиналы матадан, тұрпайы шүғадан тігілген халаттар пайдаланылуы мүмкін. Олар тек адамдардың терісіне радиоактивті заттар бактериалдық құралдардың түсуінен қорғауға ғана емес, сондай-ақ белгілі бір уақыт бойында там-

Аяқты қорғау үшін өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы резина етікті, ботыны және галошты пайдалану қажет, сондай-ақ теріден және тері ауыс- тырғыштан тігілген аяқ киімдерді резиналы галошпен киген жөн.

Қолды қорғау үшін резиналы немесе тері қолғап пен биялайды кию керек. Жүннен, мақталы қағаздан тігілген және тоқымалы қолғапты тек радиоактив- тік және бактериалдық заттардан қорғау үшін ғана пайдалануға болады, олар улы заттардан қорғау үшін жарамсыз.

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары

Жеке қорғаныстың медициналық құралдары —медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау құралдарының әсерін және сақтандыру кезіндегі күрделіліктерді төмендету және зақымданудан ескерту мақсатында қолданылады.

Жеке қорғаныстың медициналық құралдарына радиациядан қорғайтын, залалсыздандыратын және бактериядан қорғайтын препараттар, УЗ (ҚӘУЗ) рецетурасынан бастап таңғыш құралдары жатады.

Табельдік медициналық жеке қорғаныс құралдарына мыналар жатады:

АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы; радиациялық қауіпті аумақта тұратын халыққа арналған әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы-ИПП-8, ИГІП-10; жеке химиялық әсерден қорғайтын пакеттер; ППМ медициналықтану пакеті.

Әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы мына құралдармен жабдық- талған: радиациядан қорғау құралдары, жалпы терапевтік препараттар (аспирин, седальгин, аммиак, бесалол, валдидол, нитроглицерин, папазол, диазолин, феназепам), антисептикалық және таңғыш құралдар(бриллианттық жасыл, калий перманғанат, деринат, левоменоль немесе мафенидин ацетат, мақта, бактерицидті жабысқыш, бинт).

Семинар №8

Тақырыбы: Төтенше жағдайда ұйымдар жұмысының тұрақтылығы.

Мақсаты: Төтенше жағдайда ұйымдар жұмысының тұрақтылығы, міндеттері, қызметтері жайлы түсінік беру.

№1 сұрақ

Төтенше жағдайларға шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығына қандай факторлар ісер етеді?

Жауабы:

Жұмысшылар мен қызметшілерді зілзала, авария (апат), сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының бастапқы және қайталана факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі; нысанының инженерлік-техникалық кешенінің белгілі бір деңгейде осы ықпалға қарсы тұру қабілеті, нысанды өндіріс үшін барлық қажетті өніммен; жабдықтау жүйесінің сенімділігі, жұмысшылар сағаты олардың қүдірет немесе тәртіп деңгейі, нысан сипаты, шығарылатын өнім, қолданылатын технология; өндіріс пен АҚ басқару тұрақтылығы мен үзіліссіздігі.

№2 сұрақ

Тұрақтылықты көтеру бойынша шараларды іске асыру мен әзірлеу саласындағы ұйымдар басшыларының негізгі міндеттері бірі?

Жауабы:

Төтенше жағдайларда және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде ұйым жұмысының тұрақтылығын көтеру бойынша шаралар мен әзірлеуді жүргізу.

№3 сұрақ

ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың Мемлекеттік жүйесін негізгі міндеттерінің бірі?

Жауабы:

ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың Мемлекеттік жүйесін негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік нысандарының жұмыс істеу қалыбын арттыру мен ТЖ ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру болып табылады.

№4 сұрақ

Шаруашылық насандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мәселесі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие болуының негізгі себептерінің бірі?

Жауабы:

Өндірістің технологаялық қуатының артуы, қауіпті заттар, материалдар мен бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен қоршаған ортаға қауіп төндіретін өндіріс қалдықтарының жинақталуы.

№5 сұрақ

Шаруашалақ нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығы ретінде?

Жауабы:

Оның төтенше жағдайлардағы жоспарланған көлемдегі және номенклатурадағы өнімдерді шығаруға (тікелей материалдық құндылықты шығырмайтын нысандар үшін өз міндеттерін мақсатқа сәйкес орындалуы), авария (зақымдану) жағдайында қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіруге қабілеттілігі түсініледі.

Лекция № 9

Тақырып: Қоныстандыру және көшіру.

1. көшіру және қоныстандырудың принциптері мен көшіру әдістері.

2. көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері.

3. көшіру шараларын жоспарлау.

4. материалдық құндылықтарды көшіру тәртібі.

5. көшіру шараларын жүргізу.

1. Көшіру мен қоныстандырудың негізгі принциптері:

— көшірілуге тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту;

— көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу;

— көшіру шараларын мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізу;

— көшіру шараларын жүргізу кезінде жоспарлық пен ұйымшылдықты сақтау;

— көшіру шараларын жүргізу үшін көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс режимін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану;

— орналастыру, қоныстандыру орындарын дер кезінде даярлау;

— көшірілетін және қоныстандырылатын халықты жолда, орналастыру және қоныстандыру орындарында тіршілік көзімен қамсыздандыру;

— өз қызметін жалғастыратын объектілерді үздіксіз және тұрақты жұмысын тұрақтандыру.

Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда көшіруді Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді. Шараларды жоспарлауды төтенше жағдайлардың туындауы қауіпі мен осы заманғы құралдармен зақымдау ошақтарын ескере отырып, орталық, жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар алдын ала жүргізеді.

Халықты көшіру сабақтас тәсілмен — халықты жаяу немесе көлікті барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үйлестіру жолымен жүзеге асырылады. Көлікті беруді есептеулер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі төнгенде және пайда болған кезең мен қорғану шараларының мүдделері мен халықтың жеке пайдалануындағы көліктің қолда барын ескере отырып, соғыс кезеңіне жекеше жасалады.

Көшіру мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу (шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.

Қауіпті аймақта көшірілетін халық өз облысының аумағында орналастыры- лады. Әрбір ұйымға орналастыру ауданы (пункті) белгіленеді.

Ішінара көшіру кезінде халықты орналастыру аудандарын (пункттерін) Республика үкіметі, жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Көшірілетін халықты бір облыстың қауіпсіз аудандарына толық орналастыру мүмкін болмаған жағдайда,оның бір бөлігі облыс әкімдерінің келісімі бойын- ша көрші облыстарға жеткізілуі мүмкін.

Бытыраңқы орналастыру-соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категория- ланған қалалардан,ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналасты- ру.

Бытыраңқы орналастыру мен көшірілуге жататын барлық халыққа көшіру тізімі жасалады.Тізімдер ұйымдар мен пәтерлерді иеленушілердің корпера- тивтері (ПИК) бойынша күні бұрын жасалады және көшіру шараларды жүргі- зуге арналған өкімді алған уақытта нақтыланады. Жұмысшалар мен қызмет- шілердің өндірісте және қызмет көрсету саласында істемейтін отбасы мүше- лері отбасы қожасының жұмыс істейтін орны бойынша тізімге алынады.

Көшіру тізімдері үш данада жасалады біреуі-ұйымда немесе пәтерлерді иеленушілер кооперативінде қалады, екіншісі-көшіру шараларды жүргізуге өкім алысымен саналатын көшіру пункте (тізімді анықтағаннан кейін) жіберіледі, үшіншісі-бытыраңқы орналастыру мен көшіру басталысымен көшіру-қабылдау комиссиясына жіберіледі.

Көшіру тізімдері мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын және жабдықтайтын негізгі құжаттар болып табылады.

2. Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлауды және өткізуді тікелей жүзеге асыру үшін көшіру органдар құрылады, олар тиісті АҚ бастықтары шешімдерімен құралады. Өз уақытында көшіру комиссия- лары, көшіру-қабылдау комиссиялары, жиналу-көшіру пункттері, көшіру-қабылдау пункттері құрылады. Көшіру органдарымен қатар көшіру мәселесін жылдам шешу үшін көлікке отырғызу, қөзғалыс пен адамдарды түсірудің бастапқы нүктелері жабдықталады.

Құрылымдар:

а) көшіру комиссиялар

Көшіру комиссиялардың құрамын орталық және жергілікті атқарушы орган- дардың тиісті басшылары бекітеді. Бірінші басшының орынбасарының бірі көшіру комиссияның төрағасы болып тағайындалады. Көшіру комиссия құ- рамына орталық және жергілікті атқару органдарының, азаматтық қорғаныс қызметтерінің, білім, әлеуметтік қамтамысыз ету бөлімдерінің, әскери комис- сариаттардың, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.

КК-нің негізгі міндеттері: көшіру кезінде келетін халықты қарсы алуды, есепке алу мен орналастыруды ұйымдастыру, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау.

б) көшіру-жиналу пункттері

Көшіру-жиналу пункттері (КЖП) бір объекті негізінде құрылады. КЖП әкімшілігі жергілікті атқарушы органдарының қаулысымен, ұйымдардың бұйрықтарымен тағайындалады. КЖП өз қызметінде көшіру комиссияға бағынады.

КЖП-нің негізгі міндеттері: КК-мен, КЖП-ға бағындырылған объектілер- мен және ПИКтермен, көлік иелерімен байланыс жасау, оларға халықтың КЖП-ға келуі мен қауіпсіз аймаққа жіберілуі туралы ақпарат беру, көліктің өз уақытында берілуін, адамдарды жәнелтуді ұйымдастыру, КЖП-тегі адам- дарға медициналық көмек көрсету қажеттігі туралы белгіленген тәртіппен КК-ға хабарлау, қоғамдық тәртіпті қамсыздандыру.

в) аралық көшіру пунктері

Аралық көшіру пунктері (АЭП) елді мекендерге, байланыс жолдарына жақын ,ықтимал қираулар аймағынан тысқары жерлерге орналасады. Олар инженер- лік түрғыдан дер кезінде даярланады және көшірілетін халықтың сәл дамыл- дауына, оларды тіркеуге қажет жағдайға дөзиметрлік және химиялық бақылау жасауға, адамдарды санитарлық тазалау және қауіпсіз аймаққа жәнелтуге арналған. Егер қажет болса АКП-те киім мен аяқ-киім айырбаста- лады немесе тазартылады.

АКП-тің негізгі міндеттері: елді мекендерге келген халықты қарсы алу және уақытша орналастыру, аудандар КЖП-ларымен қауіпсіз аймақты,көлік қозға- лысының кестесін келісу адамдарды соңғы баратын нүктеге жеңілтуді, дәрі- герлік көмекті көрсетуге, қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру, жаяу жүру бағытының және аудандар КЖП бастықтарына келген халықтың саны мен оларды қауіпсіз аймаққа жәнелту уақыты туралы баяндайды.

г) көшіру-қабылдау комиссиялары

Көшіру-қабылдау комиссиялары (КҚК) селолық аудандар мен көшірілген халықты орналастыру жүргізілетін меншіктің барлық нысанындағы ауылша- руашылық ұйымдарында құрылады. КҚК селолық аудандар АҚ, меншіктің барлық нысанындағы ауылшаруашылық кәсіпорындары бастықтарының ше- шімдерімен құрылады. Оларды селолық аудандар, ауылшаруашылық кәсіп- орындары бірінші басшыларының орынбасарлары басқарады. Олардың құра- мына жергілікті атқару органдары мен АҚ және ТЖ қызметтерінің, келген халықты, қабылдауға, орналастыру мен қамсыздандыруға қатысатын өзгеде ұйымдардың қызметкерлері кіреді. КҚК-да есеппен ақпарат, қабылдау мен орналастыру, жолмен және көлікпен қамсыздандыру топтары құрылады.

КҚК-нің негізгі міндеттері: көшірілгендерді қабылдау мен орналастыруды, оларды негізгі тіршілік көзімен қамсыздандыруды және қорғауды ұйымдас- тыру, келгендердің санын, берілетін көлік тәртібін нақтылау, қала КК-мен ұдайы байланыс жасау өз аумағындағы санитарлық эпидемиялық,радиация- лық және химиялық ахуалды бағалау.

д) көшіру-қабылдау пункттері

Көшіру-қабылдау пункттері (КҚП) келген халықты қабылдауға, есепке алу мен орналастыруға. Олар қоғамдық және әкімшілік ғимараттарындағы түсіру нүктелеріне жақын орналасады. КҚП саны мен құрылымын КҚП басшысы анықтайды. КҚП құрылымына қалалықтарды қабылдау және орналастыру, жәнелту және шығарып салу, қоғамдық тәртіпті сақтау топтары, сондай-ақ анықтама стөлі медициналық нүкте бала мен ана нүктесі, коменданттық қызмет кіреді.

ККД негізгі міндеттері: қаладан келген автоколонналарды қарсы алу және түсіру нүктесі әкімшілігімен бірге адамдарды түсіруді қамсыздандыру. Қажет болса келгендерді жақын елді мекендерге орналастыру, оларды аудан автокөлік қызметімен бірлесе отырып тұрақты орналасу нүктесіне жәнелту, аудан КҚК-ларына келгендердің саны, оларды жәнелту, медициналық көмек қоғамдық тәртіп сақтау, адамдарды паналату туралы баяндайды.

3. Көшіру шараларын жоспарлау тігінен жүргізіледі: республика- облыс -қала, ауданкәсіпорын.

Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлауды жергілікті атқару органдарының, азаматтық қорғаныстың, азаматтық қорғаныс қызмет- терінің, барлық деңгейдегі көшіру және көшіру қабылдау комиссиялары жүр- гізеді.

Аудандар мен қалаларда, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықты қабылдау, орналастыру мен жабдықтау жөніндегі шаралар жоспарланады. Аудандарды көшіру-қабылдау комиссиялыры аталған органдар мен қызмет- терінің қатысуымен келушілерді қабылдау орналастыру және тіршілік көзі- мен қамсыздандыру жоспарын әзірлейді. Бір қатар мәселелерде жоспарлау әскери басқару органдарымен ықпалдастықта жүргізіледі. Бұл күшпен каражат болу, көлік коммуникациясын, сондай-ақ адамдарды орналастыру мен қажетті тірлігін қамсыздандыру үшін әскери қалашықтар мен әскерлер қалдырған мүлікті пайдалану.

Мыналар жоспарлау үшін негізгі бастапқы мәліметтер болып табылады:

— қалалар мен қауіпсіз аймақта тұратын, жұмылдыру қағазы бар және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақыруга жататын халықтың саны;

— қалаларда өз қызметін жалғастыратын объектілердің тізбесі, онда жұмыс істейтін ауысымдарды, жұмысшыларды, қызметшілерді және олар отбасы мүшелерін көрсету;

— қауіпсіз аймақта өз қызметін ауыстыратын объектілер тізбесі, онда жұмысшылар, қызметшілер және олар отбасы мүшелерін көрсету;

— студенттер, оқушылар, балалар санын, сондай-ақ оқытушылар құрамы мен қызмет көрсетуші қызметшілер саны көрсетілген жоғары және өрта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік-техникалық училищелердің, жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың, бала бақшалардың және ведомстволық балалар мекемелерінің саны;

— ықтимал апатты су басу, қатты қирау аймағы, ондағы халықтың саны;

— бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықты орналастыруға тиым салынған аудандар мен пункттер;

— бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықты орналастыру жөніндегі аудандар мен қалалардың мүмкіндіктері;

— халықты орналастыратын аудандарда қорғаныс құрылыстарының (паналар, радиацияға қарсы бассауғалар, тау-кен орны, жерқабаттар мен жеркепелер), сондай-ақ сумен қамтамасыз ету көздерінің болуы;

— көшіру тасымалдауға тартылатын көліктің мүмкіндігі;

— жол торабы, оның жай-күні мен босату қабілеті;

— халықты жаяу тәртіппен көшіру үшін маршруттардың болуы және іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі;

— бытыраңқы орналастыру мен көшіру туралы халыққа хабарлауға, сондай-ақ көшіру шараларды басқаруға арналған байланыс құралдары мен жүйелер;

— халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жүргізуге әсер ететін жергілікті жағдайлар мен маусымдық климаттық ерекшіліктер.

Көшірілетін азаматтардың кезегін анықтау және оларды орналастырудың нақты жоспарын анықтау үшін көшірілетіндер үш топқа бөлінеді:

Бірінші топ:

— соғыс кезінде қалада өз жұмысын тоқтатпайтын, сондай-ақ оның тіршілікке қабілетін қамтамасыз ететін үйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері;

Екінші топ:

— соғыс кезінде өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіруші ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері;

— министрліктер мен агенттіктердің орталық аппараттарының қызметкерлері;

соғыс уағытында өз қызметін тоқтататын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері

Үшінші топ:

- жоғарғы оқу орындарының студенттері, өрта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік техникалық училищелердің оқушылары, профессорлар мен оқытушылар және қызмет көрсетуші қызметшілер;

4. Қауіпсіз аймаққа әкетілуге тиіс материалдық қүндылық тізбесін ҚР үкі- меті, облыстық, қалалық әкімдер, министрліктер мен ведомстволар анықтай- ды. Қалалардан бірінші кезектегі мыналар әкетуге тиіс: қауіпсіз аймаққа қоныстандырьиіатын халықты жабдықтауға арналған азық-түлік, дәрі-дәрмек өнеркәсіптік товарлары, сондай-ақ мұражай мен банк қүндылықтары, архив материалдары,айырықша қондырғылар. Материалдық қүндылықтарды көші- ру бойынша шараларды өтінім негізінде көлік органдары жоспарлайды. Жүк тасымалының көлемі көлік, арту, жұмыс күші, механизация құрал мүмкінді- гін ескере отырып күн бойынша анықталады.

Мүмкіндігінше жүктерді алып кету халықты тасымалдаумен қатар,ал мүмкін- дік жоқ болса ол аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Халықты көшіру мен қоныстандыру басталысымен халық көшірілген қала - лардан әкелінген жүктерді жәнелту ұйымдастырылады. Жәнелту үшін жаб- дықтау, көлік және жергілікті атқару органдары өкілдері қатарынан жедел топ құрылады. Маңызды материалдық қүндылықтарды әкету үшін үкімет шешімімен өуе колігі пайдаланылуы мүмкін.

5. Көшіру органдары халықты қоныстандыру мен көшіруді ҚР үкіметі арнайы өкімін алғаннан кейін ұйымдастырып жүргізеді.

Тікелей көшіру шараларын жүргізумен ұйымдардың АҚ бастықтары мен штабтары, КМК басқарушылары, қалаларда (аудандарда) құрылатын көшіру комиссияларының басшылығы айналысады.

Көшіру оны хабарлағаннан кейін қысқа мерзімде өткізіледі. Бұл шараларды өткізуге өндірістік және шаруашылық шұғыл тасымалдардан бос қоғамдық көліктің барлық түрлері (теміржол, автокөлік, су және де авиациялық), сон- дай-ақ жеке меншік көлік пайдаланылады. Көшіруге жататын тұрғындардың бір бөлігі жаяу шығарылуы мүмкін.

Көшіруді өткізу туралы өкімді алған сәтте, АҚ бастықтары және қалалық (аудандық) ТЖ басқарма органдары АҚ қызметтерімен және көшіру комис- сияларымен бірлесіп, әзірленген жоспарларға сәйкес кәсіпорындардың және мекемелердің, оқу орындардың, КМК және т.б. басшыларына, ал олар өз кезегінде жұмысшылар мен қызметшілерге, олардың отбасыларына және қалған тұрғындарға жиналу-көшіру пунктіне жету уақыты туралы хабарлай- ды. Халықты хабарландыру үшін әртүрлі хабарлағыштар, сондай-ақ бұқара- лық ақпарат құралдары — радио, телевидение, баспасөз және т.б. қолданылады.

Министрліктер, ведомстволар АҚ бастықтары өз орталық ақпараттары қызметшілерін отбасы мүшелермен көшіруді ұйымдастырады, сонымен қатар министрлікке бағынысты ведомстволар мен объектілер жұмысшылары мен қызметшілерін және отбасы мүшелерін көшіру барысына бақылау жасайды.

Көшіру-жинау пункттерінің бастықтары пункттерді дайындыққа келтіреді, жеке құрамның міндеттерін нақтылайды, отырғызу пункттерінің бастықтары- мен және бекітілген ұйымдармен байланыс жасайды және жаяу саптардың шығу, көлікті беру мен жәнелту уақыты өзгерген жағдайда,халықты жәнелту кестесін нақтылайды; келуші халықты қабылдау мен тіркеуді, оларды жаяу маршруттардың бастапқы пункттеріне мен көлікке отырғызу пункттеріне жә- нелтуді ұйымдастыралы. Орналастырылатын және көшірілетін халық көшіру жинау пунктіне белгіленген уақыты өз бетінше келіп жетеді.

Жаяу тәсілмен көшіру маршруттарының бастықтары басқару топтарымен бірге және Азаматтық қорғаныстың қоғамдық тәртіпті қорғау қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, маршруттар бойынша жаяу саптардың ұйымдасқан қөзғалысын қамтамасыз етеді; маршруттарға барлауды және солардың ізімен келе жатқан халыққа хабарлауды ұйымдастырады.

Көшіру кезінде өзіңізбен бірге ала жүретін ең қажетті құжаттар: куәлік (паспорт), әскери билет, еңбек кітапшасы немесе зейнеткер куәлігі, оқу орнын бітіргендігі туралы диплом (аттестат), неке және балалардың туы туралы куәлік пен ақша.

Заттар мен азық-түлік мөлшері оны алып жүретін адамға шақ болуға тиіс. Көлік құралдармен көшіру кезінде бірге алып жүретін мүлік пен азық-түліктің жалпы салмағы әрбір адам үшін 50 кг-дан аспауга тиіс.

Жаяу көшірілетіндердің колоннатары, әдеттегідей, жиналу-көшіру нүктеле- рінің қасында құрылады. Жүруді жақсы ұйымдастыру мақсатында колонна- ларды цехтарға және басқа өндірістік бөлімшелерге бөлу ұсынылады. Колон- налар басына тәжірибелі және беделді басшылар қойылады. Халықты жаяу шығару жолдар, сондай-ақ бағыттар және колонна жолдары бойынша жүргі- зіледі. Жаяу колонналардың бағыты ықтимал қирау аумағынан шығу мақса- тымен әдетте бір тәуліктікте өтетін ара қашықтыққа жоспарланады.

Жаяу колонналары 500 — 1000 адамға дейін жасақталады. Колонналардың қөзғалыс жылдамдығы 4 — 5 км/сағат, колонналардың арақашықтығы 500 м дейін болып жоспарланады. Тәуліктік жүру мөлшері 30—40 км.

Марш кезінде белгіленген тәртіпті сақтау қажет. Колоннаны оның бастығының рұқсатынсыз тастауға болмайды. Көңіл-күйін нашар сезінсе, дәрігерге көрінгені жөн. Медициналық қызмет тексерілген кезден су ішуге болмайды.

Колоннаға бөгде адамдар қосылса, бұл туралы колонна бастығына хабарлау қажет.

Түнде жүріп келе жатқанда, әсіресе соқпақтармен артта келе колонна жолы- мен өткенде жатқандарға жолдағы кедергілер туралы айтып, қасындағылар- дың қалып қоймауын және дамылдау кезінде қалғып кетпеуін қадағалау қажет.

Ыстық уақыттағы марш кезінде күн тимеу үшін бас киімді шепшей бірінің артынан бірі тасалай жүріп, су үшін режимін қатаң сақтау қажет, дамылдау орындарында мүмкіндігінше көлеңкелі жерге отыруға тырысу керек.

Қыстағы аязды және желді ауа райында бірі-бірінің үсіп қалмауын қатаң қадағалау жөн. Дамылдау орындарында қарға жатуға болмайды.

Көлікте отырғанда белгілен тәртіп пен ережені қатаң сақтап, АҚ мен ТЖ жөніндегі органдар өкілінің вагон, кеме немесе автомашина жетекшілерінің нұсқауын орындау қажет және олардың рұқсатынсыз одан түсуге болмайды.

ЖКП-ке келген халық тіркеуден өтеді, елді мекендерге бөлінеді. Балалар, мүгедектер, қарттар, сондай-ақ дүние-мүлік жергілікті көлікпен жеткізіледі.

Көшірілгендер мен қоныстанғандарды орналастыру үшін қауіпсіз аймақтағы демалыс үйлері, санаторийлер, туристік және спөртгық базалар, қоғамдық ғимараттар, сондай-ақ, саяжай мен бау-бақшажайлары, өзге де тұрақтар пайдаланылады. Халықты орналастыруға қолайлы жағдай жасау үшін тұрғын үй қорын дамыту, сауда мен қоғамдық тамақтандыру нүктелерін салу, су көздерін даярлау жөніндегі шаралар жүргізіледі.

Семинар №9

Тақырыбы: І.Қоныстандыру және көшіру.

ІІ.ТЖ-да су және азық-түліктердің қорғалуы.

Мақсаты: І.Төтенше жағдайларда халықты, аумақ пен ұйымдарды қоныстандыру және көшіру жайлы түсінік беру.

ІІ. ТЖ-да су және азық-түліктердің қалай және қалай қорғалуы туралы айтып, түсіндіріп кету.

№1 сұрақ

Қандай уақыттарда көшіру кеңінен қолданылған?

Жауабы:

Соғыс уақыттарында көшіру кеңінен қолданылып отырған.

№2 сұрақ

Көшіру шаралары нені қамтиды және олардың түсініктемелері?

Жауабы:

Көшіру шаралары мыналарды қамтиды:

— көшіру-Төтенше жағжайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін сақтау мақсатында халық пен материалдардық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.

— қоныстандыру-бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жұмысын жалғастыратыны ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін (олардың отбасы мүшелерін) қала сыртындағы аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру.

№3 сұрақ

Қауіпсіз аймақ дегеніміз не?

Жауабы:

Қауіпсіз аймақ дегеніміз бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық зақымдану, сондай-ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары орналасқан көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен қамсыздандыру үшін даярланған аумақ.

№4 сұрақ

Бытыраңқы орналастыру дегеніміз не?

Жауабы:

Бытыраңқы орналастыру дегеніміз - соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.

№5 сұрақ

Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлауды және өткізуді тікелей жүзеге асыру барысында қандай органдар құрылады?

Жауабы:

Өз уақытында көшіру комиссиялары, көшіру-қабылдау комиссиялары, жиналу-көшіру пункттері, көшіру-қабылдау пункттері құрылады.

№6 сұрақ

КҚК(көшіріп-қабылдау комиссияның)-нің негізгі міндеттері қандай?

Жауабы:

КҚК-нің негізгі міндеттері: көшірілгендерді қабылдау мен орналастыруды, оларды негізгі тіршілік көзімен қамсыздандыруды және қорғауды ұйымдастыру, келгендердің санын, берілетін көлік тәртібін нақтылау, қала КК-мен ұдайы байланыс жасау өз аумағындағы санитарлық эпидемиялық, радиациялық және химиялық ахуалды бағалау.

№7 сұрақ

Көшірілетін азаматтардың кезегін анықтау және оларды орналастырудың нақты жоспарын анықтау үшін көшірілетіндер неше топқа бөлінеді және оларға кім кіреді?

Жауабы:

Көшірілетіндер 3 топқа бөлінеді

Бірінші топ:

- соғыс кезінде қалада өз жұмысын тоқтатпайтын, сондай-ақ оның тіршілікке қабілетін қамтамасыз ететін үйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері;

Екінші топ:

- соғыс кезінде өз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіруші ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері;

- министрліктер мен агенттіктердің орталық аппараттарының қызметкерлері;

соғыс уағытында өз қызметін тоқтататын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері

Үшінші топ:

- жоғарғы оқу орындарының студенттері, өрта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік техникалық училищелердің оқушылары, профессорлар мен оқытушылар және қызмет көрсетуші қызметшілер;

- мектеп-интернаттардың оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, оқытушылар, тәрбиешілер мен қызмет көрсетуші құрам;

- мүгедектер мен қарттар үйіндегі зейнеткерлер, қызмет көрсетуші персонал;

- жалғыз басты зейнеткерлер, жұмыссыздар коммерциялық құрылымдардың жеке кәсіпорындардың және өзге мемлекеттік емес мекемелер мен фирмалардың қызметкерлері.

№8 сұрақ

Қауіпсіз аймаққа әкетілуге тиіс материалдық құндылық тізбесін кімдер анықтайды?

Жауабы:

Қауіпсіз аймаққа әкетілуге тиіс материалдық қүндылық тізбесін ҚР үкіметі, облыстық, қалалық әкімдер, министрліктер мен ведомстволар анықтайды.

№9 сұрақ

Халыққа көшіруді өткізу туралы өкімді алған сәтте қалай жариялайды?

Жауабы:

Халықты хабарландыру үшін әртүрлі хабарлағыштар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары - радио, телевидение, баспасөз және т.б. қолданылады.

№10 сұрақ

Жаяу колонналары қанша адамға дейін жасақталады? Колонналардың қөзғалыс жылдамдығы қандай? Колонналардың ара қашықтығы қанша метрге дейін болып жоспарланады? Тәуліктік жүру мөлшері неше км?

Жауабы:

Жаяу колонналары 500 — 1000 адамға дейін жасақталады. Колонналардың қөзғалыс жылдамдығы 4 — 5 км/сағат, колонналардың ара қашықтығы 500 м дейін болып жоспарланады. Тәуліктік жүру мөлшері 30—40 км.

Лекция № 10

Тақырып: Төтенше жағдай аумағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру.

1. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру негіздері

2. ҚжБШЖ жүргізу тәсілдері мен амалдары

3. Құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру бойынша АҚ құрама командирлерінің жұмыс мазмұны мен жалғасымдығы

4. Жарақат алғандар мен ауруларды тасымалдау

1. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару үшін және де жарақат алғандарға көмек көрсету бойынша, ТЖ-ны оқшаулау сондай-ақ қайта қалпына келтіру мақсатында жүргізіледі.

ТЖ зардабын жою стратегиясы бір сыпыра қауіп-қатерге және соған байла- нысты тәуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет-адамдар қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.

Адамдар құтқару ТЖ жою әдісін бір бөлігін құрайды, олар өзара байланыс- қан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы үш топқа жік- теледі:

— құтқару;

— арнаулы (жедел);

— қосалқы.

Құтқару жұмыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

— басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;

— зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);

— зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;

— зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру. Арнаулы (жедел) жұмыстар мыналарды қамтиды:

— өрт сөндіру ;

— коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

— тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;

— осал құрылыстарды күшейту.

Арнаулы жұмыстардың атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстардың орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жақсы жағдай туындалады.

Қосалқы жұмыстар құтқару жұмыстарын алаңына және жұмыс орында- рын инженерлік пен ұйымдастырушылық дайындығына байланысты. Оларға мыналар жатады:

— алаңдарды тазалау;

— техника орнату;

— қоршаулар мен ескерту белгілерін орнату;

— жұмыс орындарын жарықтандыру т.е. Адамдарды құтқару жұмыстары күні-түні ауа райының кез келген жағдайында орындалады.

Зақымдану ошағында медициналық күш пен құралды жылдам еңгізудің, сондай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы заттармен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімің барынша жақындатудың ерекше маңызды бар.

Ауылшаруашылығы өндірісінің нысандары зілзала күштерінің, әртүрлі жұқ- палы аурулардың ықпалына тез ұшырайды. Өнеркәсіп орындары мен көлік- тегі авариялар мен апараттардың зақымдағыш факторлары ауылға жетеді. Оның салдарынан ауа, топырақ, су радиоактивті, қатты әсер ететін улы және зиянды заттармен ластанады.Өрт қауіпі артып, қышқылды жаңбыр жау ықти- малдылығы күшейе түседі, осының бәрін хайуанаттар мен адамдар жылдам сезінеді, олар зиян, ал кейде орны толмас залал шегеді.

Хайуанаттар мен өсімдіктердің, ауылшаруашылығы өнімдері мен жануар- ларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.

Қызметтердің негізгі міндеттері:

- мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашылық өнімдерін және өсімдікшаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау;

- ветеринарлық және фитологиялық барлауды, зақымданған хайуанаттарды емдеуді ұйымдастыру;

- зақымдалған хайуанаттарды амалсыз союды және оларды көмуді ұйымдастыру; егістікті, жайылымды және мал мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін залалсыздандыру;

- ауылшаруашылығы өнімдері мен малды қауіпсіз аймаққа апаруды ұйымдастыру;

- жем-шөп пен астықтың артық қорын жасау;

- қызмет бөлімшелерін мақсат бойынша іс-әрекеттерге даярлыта ұстау және оларды жеке құралмен, техникамен және мүлікпен қамсыздандыру;

- дәрі-дәрмектердің, залалсыздандырғыш заттардың қорын жасау және де дер кезінде жаңарту;

- ТЖ-дағы, зақымдану ошақтарындағы іс-әрекеттерге ауыл халқын оқытып-үйретуді ұйымдастыру және өткізу.

Азаматтық қорғаныс шаралары мен күштерінің іс-әрекетін қамсыздандыру ТЖ, бейбіт және соғысу уақытында осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылу жағдайында Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау үшін қажетті жағдайды жасауға байланысты.

АҚ шараларын және күштерінің іс-әрекеттерің қамсыздандырудың негізгі түрлері:

- барлау

- инженерлік қамсыздандыру

- химиялық қамсыздандыру

- медициналық қамсыздандыру

- көлікпен қамсыздандыру

- материалдық-техникалық қамсыздандыру

- гидрометеорологиялық және метеорологиялық қамсыздандыру.

Бұзылыстың сипаты мен желдеткіш жүйесінің қалпына қарай адамдар бо- луы мүмкін бөлмелерді газдан желдету, өрттен, су басудан, сақтау амалын қарастырылып, қажет болса жер асты жолдарына көршілес штректер арқылы, ал мүмкіндік болса аман қалған шахталық көлік құралдар (электртасушы, кө- ліктік науа, лебедкалар) және апатты көтергіштер көмегімен адамдар жер үс- тіне көшіріледі. Құтқару жұмыстарын әскериленген тау-кен-құтқару бөлім- дерімен және қосымша шахталық тау-кен-құтқару топтары тау-кен-құтқару жетекшілерінің тікелей басшылығымен өткізеді.Бөлімшелердің жеке құрама- сы құтқару жұмыстарды шахтада, кен-қазбада жүргізу үшін распираторлар- мен,газқағарлармен, өздік құтқару құралдарымен қамсыздандырылады. Шах- таларда құтқару жұмыстарын шахта АҚ басшысы және инженерлік-техника- лық қатардан шыққан адамдар жүргізеді. Негізгі назарды олар (өрт, түтін, газ аумағындағы) адам өміріне қауіп төндірстін өртті өшіру бойынша жұмыста- рына аударады.

2. ҚжШБЖ жүргізу тәсілдер мен амалдар жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан; коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан және нысанның радиация алу мен химикалық залалдану дәрежесінен;құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайла- рынан тәуелді.

Әуелі, адам болып қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарга, бұзылған ғимараттарға және құтқару жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек.

Кіретін жолдары бір бағытты қозғалысында 3-3,5м енімен және екі бағытты қөзғалысында ені 7м болады. Мүнда бір бағытты қозғалыс кезінде әр 150-200м сайын 15-20м созылымдығымен ажыратқыштар жасалады.

Панахана ашу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады: негізгі кіре-берісте бұзынғанды тазалау, одан кейін есікті аршу немесе бұзып ашу; үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу; көршілес жатқан бөлмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу; бұзылыс үстіндегі бөгетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау.

Зақымдалған адамдарды жасалған жол арқылы мына амалдарымен: қолмен, плащпен, брезентпен, пленкамен, көрпемен, сүйреу жолымен, зембілмен т.б. заттар арқылы орындалады. Адамдарға алғашқы медициндік жәрдем көрсетіп, қауіпсіз аудандарға шоғырландырады.

Тірі адамдарды тапқан бойда құтқарушылар жіңішке құдық қазып, ол арқылы дәрі-дәрмек, су, азық-түлік жіберіп тұрады да кейін бұзылысты ақырындап аршиды.

Электрқуат жүйелеріндегі аварияларын жоюы тек тоқ айырылған соң (ғимарат кірісінде ажыратқышты, сақтағыштарды айырған, сымдарды кесумен) өтеді. Электр жұмыстарында жүйе аумағы екі жақтан жерленеді.

Канализациялық торабында аварияларды жою үшін ағынды суларын бұрып, зиян шеккен жерін ажыратады.

Технологиялық құбыр берілістерінің қирау шамасында шұғыл жұмыстар жарылыс пен өрт болдырмау мақсатында (құбыр тосқауылдарын және қысым ұстайтын насостарын өшіру) орындалады.

Құтқару жұмыстар барысында қираған ғимараттарды бұзу жұмыстары көтергіш, трактор немесе жару амалдарымен жасалады. Қабырғалардың күшейтілуі неше түрлі тіреулер арқылы өтеді.

3. АҚ құрамасын дайындыққа келтіру туралы оның командиріне шаруашылық нысанның АҚ штабы хабарлайды.

Бұйрық алынған соң АҚ құрамасының командирі мыналарды істеу міндетті:

- АҚ құраманың жеке құрамаларын құлақтандыру және оның толық жиналуын қамсыздандыру;

- белгіленген жиналу орнына қысқа мерзімде жету;

- жеке құраманы әрі жабдықтау шараларын атқару және құрама ішіне өзгеріс керек болса жасау;

- автокөлікті, және т.б. мүлікті қабылдап оның ақаусыздығын тексеру ;

- жеке құрамаға табелдік мүлікті таратып, оның күтілуін қадағалау;

- жеке құрамның жеке қорғаныс құралдарын өз өлшеміне келтіруін жүргізу;

- жеке құраманы қорғау үшін арналған панаханаларды қабылдау;

- жиналу ауданында (талап етілсе) автокөлікті, техниканы және мүлікті жасыру мен қайта таратуды ұйымдастыру;

- құрама ішіндегі байланыс құралдарын тексеру және байланысқа шығу тәртібін анықтау.

Құрама командирі жұмыс не жұмыстан тыс уақытта жеке құраманы жинау және құлақтандыру тәртібін алдын ала жасайды. Ең әуелі бөлімше, тірек, буындар командирлері мен байланысшылар хабарландырылады.

Құрама адамдары шақыру командасын естіген бетте дереу орнатылған жина- лу пунктеріне жетіп, өз командиріне баяндайды.

Жиналу орындарында жеке құрама табелдік мүлік қабылдайды оның ақау - сыздығын тексеріп, жеке қорғаныс құралдарын өзіне ыңғайлы күйге келтіреді.

Құрамаға тіркелген автокөлік пен техника төтенше жағдай аумағында дереу жылжу үшін толық дайындыққа келтіріледі.

АҚ құрамасының дайындыққа келтірілгендігі туралы жоғары бастыққа баяндайды (АҚ штабының бастығына).

Зақымдалған ошақты жою міндетін алған бетте командир жағдайды білу үшін барлаушыларды жібереді. Нұсқалған маршрутпен жүре бере барлау- шылар әр 300—400 м сайын құралдармен ауаның қаншалықты ластанғанын анықтайды. Зақымдалған ошағын тауып, олар аумақты зерттейді, ошақ шека- расын оған кіру жолдарын анықтайды,ҚӘУЗ таралу бағытын, ғимараттардың бұзылу сипатын, зардап шеккендердің хал-ахуалдарын бағалайды. Алған мәліметтерді барлаушылар құрама командиріне дереу баяндайды. құрама ко- мандирі бастықтың ақпары негізінде және барлаушылардың, мәліметтеріне қарай өз шешімімен қол астындағыларға ауызша бұйрық береді. Бұйрықта құрама командирі авария саналатын және орнын,улы заттар түрін әрі бұлар- дың таралу бағытын, ғимараттардың бұзылу дәрежесін, өрт жағдайын көрсе- теді.Сол орында құрама командирі ең басты шешімдерді анықтайды және ма- шиналардың т.б. құралдардың пайдалану ретін нақтылайды.

4. Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың негізгі құралдар жер үсті көлігі (автомобиль, теміржол), әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ, су көлігі (теңіз, өзен), санитарлық мен бейімделген көліктер жатады.

Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың амалдары анықталады: иықтап, арқалап, қолмен, екі құтқарушымен, зембілмен.

Иықтап -көтеруші зардап шегушінің оң иығына басын артына қойып отырғызады. Көтеруші оң қолымен зардап шегушінің екі аяғын құшақтап, бір уақытта оның оң білегі мен алақанынан ұстайды.

Арқалап-көтеруші зардап шеккен адамды көтеріңкі жерге отырғызып, оның екі аяғы арасына иығын беріп тұрады және бір тізесін бөгеді. Зардап шегуші көтерушінің иығынан құшақтайды, ал көтеруші оны екі қолымен аяғынан ұстап көтеріп әкетеді.

Қолмен-көтеруші зардап шеккен адамға бүйірлей бір тізесін бүгіп отырады, оны бір қолымен арқасынан, екінші қолымен санынан алады, зардап шеккен адам көтерушінің мойынан құшақтайды. Көтеруші тұрып зардап шегушіні екі қолымен алдында ұстап келеді.

Екі құтқарушымен-"қол ұстасып", "бірінің артынан бірі" және жатқан жағдайдағы тасымалдауларды ажыратады. «Қол ұстасып тасымалдауда көтерушілер бір-біріне жақын тұрады да, қол ұстасып отырғыш сияқты айқастырады. Оны екі, үш, төрт қолдан жасайды.

Зембіл-арқылы тасымалдауды 2-3-4 адам жасай алады. Зембілде жарақат алушының жату жағдайы оның жарақат дәрежесінен анықталады, сондықтан жастық-көрпе, киім, арқылы, қолайлы жағдай жасау керек. Зембілге жатқызу шарты: зембілді зардап шегушінің жарақат жағынан қояды; 2-3 адам сау жағынан бір тізесін бүге отырады, қолдарын ақырын зардап шегушінің астына жіберіп, оны бір сәтте көтереді.Осы мезгілде үшінші не төртінші адам зембілді зардап шеккеннің астына қояды, ал көтерушілер абайлап жатқызады.

ІІ. Техногенді сипаттың қысаң ахуалдарына келесі жағдайлар жатады:

-өндірістік;

-транспорттық авариялар(темір жол поездар, теңіз және өзен қайықтар аппараты, әуе аппараты, автомобильді авриялар, магистральді еткізу құбырларындағы авариялар);

-өрттер(жарылыстар);

-ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар; РЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

-СҚЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

-ғимараттардың кенеттен құлауы; электр-энергетикалық жүйелеріндегі авариялар; коммуналдық тіршілікті тазартқыш құрылыстардағы авариялар;

-гидродинамикалық авариялар(плотиналардың, бөгеттердің бұзылуы) жатады.

Семинар № 10

Тақырыбы: І.Төтенше жағдай аумағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру.

ІІ.Техногенді сипаттың қысаң ахуалдары.

Мақсаты: І.Төтенше жағдай аумағында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастырудың негіздері, тәсілдері және әдістерінің мәні жайлы түсіндіріп кету.

ІІ.Техногенді сипаттың қысаң ахуалдары жайлы түсінік беру.

№1 сұрақ

Адамдар құтқару ТЖ жою әдісін бір бөлігін құрайды, олар өзара байланысқан жұмыс кешенін көрсетеді, сипаттамасы бойынша арнаулы қандай үш топқа жіктеледі?

Жауабы:

— құтқару;

— арнаулы (жедел);

— қосалқы.

№2 сұрақ

Арнаулы (жедел) жұмыстар нені қамтиды?

Жауабы:

— өрт сөндіру ;

— коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;

— тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;

— осал құрылыстарды күшейту.

№3 сұрақ

Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.

Сол қызметтердің негізгі міндеттері бірі?

Жауабы:

- мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашылық өнімдерін және өсімдікшаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

№4 сұрақ

АҚ шараларын және күштерінің іс-әрекеттерің қамсыздандырудың негізгі түрлері атаңыз?

Жауабы:

- барлау

- инженерлік қамсыздандыру

- химиялық қамсыздандыру

- медициналық қамсыздандыру

- көлікпен қамсыздандыру

- материалдық-техникалық қамсыздандыру

- гидрометеорологиялық және метеорологиялық қамсыздандыру.

№5 сұрақ

Панахана ашу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады, соларды атаңыз?

Жауабы:

Олар: негізгі кіре-берісте бұзынғанды тазалау, одан кейін есікті аршу немесе бұзып ашу; үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу; көршілес жатқан бөлмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу; бұзылыс үстіндегі бөгетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау.

№6 сұрақ

Тірі адамдарды тапқан жағдайда дәрі-дәрмектерді қандай тәсілмен тасымалдайды?

Жауабы:

Құтқарушылар жіңішке құдық қазып, ол арқылы дәрі-дәрмек, су, азық-түлік жіберіп тұрады да кейін бұзылысты ақырындап аршиды.

№7 сұрақ

Нұсқалған маршрутпен жүре бере барлаушылар қанша м сайын құралдармен ауаның қаншалықты ластанғанын анықтайды?

Жауабы:

Нұсқалған маршрутпен жүре бере барлаушылар әр 300—400 м сайын құралдармен ауаның қаншалықты ластанғанын анықтайды.

№8 сұрақ

Құрама командирі қандай шараларының орындалуын қадағалайды?

Жауабы:

Құрама командирі қауіпсіздік сақтау шараларының орындалуын қадағалайды.

№9 сұрақ

Жарақаттанғандар мен ауруларды тасымалдаудың қандай амалдары анықталады?анықтамалары?

Жауабы:

Иықтап-көтеруші зардап шегушінің оң иығына басын артына қойып отырғызады. Көтеруші оң қолымен зардап шегушінің екі аяғын құшақтап, бір уақытта оның оң білегі мен алақанынан ұстайды.

Арқалап-көтеруші зардап шеккен адамды көтеріңкі жерге отырғызып, оның екі аяғы арасына иығын беріп тұрады және бір тізесін бөгеді. Зардап шегуші көтерушінің иығынан құшақтайды, ал көтеруші оны екі қолымен аяғынан ұстап көтеріп әкетеді.

Қолмен-көтеруші зардап шеккен адамға бүйірлей бір тізесін бүгіп отырады, оны бір қолымен арқасынан, екінші қолымен санынан алады, зардап шеккен адам көтерушінің мойынан құшақтайды. Көтеруші тұрып зардап шегушіні екі қолымен алдында ұстап келеді.

Екі құтқарушымен-"қол ұстасып", "бірінің артынан бірі" және жатқан жағдайдағы тасымалдауларды ажыратады. «Қол ұстасып тасымалдауда көтерушілер бір-біріне жақын тұрады да, қол ұстасып отырғыш сияқты айқастырады. Оны екі, үш, төрт қолдан жасайды.

Зембіл-арқылы тасымалдауды 2-3-4 адам жасай алады. Зембілде жарақат алушының жату жағдайы оның жарақат дәрежесінен анықталады, сондықтан жастық-көрпе, киім, арқылы, қолайлы жағдай жасау керек.

№10 сұрақ

Техногенді сипаттың қысаң ахуалдарына қандай жағдайлар жатады?

Жауабы:

-өндірістік;

-транспорттық авариялар;

-өрттер, жарылыстар;

-ҚӘУЗ тасталуымен авариялар; РЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар;

-СҚЗ тасталуымен авариялар;

-ғимараттардың кенеттен құлауы; электр-энергетикалық жүйелеріндегі авариялар; коммуналдық тіршілікті тазартқыш құрылыстардағы авариялар;

-гидродинамикалық авариялар жатады.

Лекция №11

«Өндірістік жарық».

  1. Жалпы мәлемет.

  2. Өндірістік жарықтану түрлері ж/е оның нормалауы.

  1. Жарық ағынды, жарықты, жарық күшін сипаттайтын негізгі көрсеткіштері болып жарықтану ж/е қанық болады.

Жарық ағыны деп көзбен бағаланатын жарық энергиясының ағынын айтады.

Жарық ағынның өлшем бірлігі болып Люмен [Лм] қабылданды.

Жарық күші деп жарық ағынның кеңестік тығыздығын айтады. Оның өлшем бірлігі – Канделла [Кд] қабылданған. Канделла – арнайы эталон б - ша қойылатын негізгі жарықтехникалық бірлігі.

Жарықталғандық Е жарық ағыннық жабындық тығыздығын сипаттайды ж/е жабынға түсетін ф жарық ағынның оның ауданына S қатынасымен анықталады, яғни Е=Ф/ S;

Жарықталғандық жарықтанатын беттік қасиеттерінен (түсі, пішіні ж/е т.б.) тәуелсіз. Бірден жарық ағыны (кеңестік тепе – тең болғанда) ашық ж/е қара түсті беттерде тең жарықталғандығын жасайды.

Жарықталғандығының өлшем бірлігі ретінде беттің 1 м2 б-ша 1 мм тең жарық ағыны таратылған жарықталғандыққа тең Люкс [Лк] қабылданған 1 Лк тең жарықтану кезде көп жұмыстар жасалынбай алады (салыстыру үшін – айлы түнде жер бергінің жарықталғандығы шамамен 0,2 Лк айналысында, ал сәулелі күні 100000 Лк дейін жетеді).

Көру үшін негізінде жабынның жарықталғандығы емес, бұл беттен қайтарылған ж/е көз қарашығына түсетін жарық ағыны мақызды, яғни жарықты көзбен сезу деңгейі көздің торшаларындағы жарық ағынның тығыздығына тәуелді.

Сондықтан түсінігі еңгізілген, деп берілген бағытта беттің элементімен шығарылатын У жарық күшінің бұл беттіқ сол бағытқа перпендикулярды жазықтыққа проекциясының S ауданыны қатынасын айтады

Я=Ү/ S·cosІ

мұнда І – жарықтап тұратын беттің нормалінабұрышы.

Затқа түсетін жарық ағыны жартылай қайтарылады ж/е жартылай сіңіріледі. Бұл қасиеттер қайтарылу, сіңірілу, жіберілу коэффициенттерімен Lқ, Lс, Lж сипатталады ж/е сәйкесті затпен қайтарылатын Фқ; сіңірілетін Фс ж/е тсіберілетін Фж жарық ағынның Ф түсетіне қатынасы айтады, яғни Lқ=Фқ/Ф; LсФс/Ф; Lж=Фж/Ф.

Айтылған коэффициентердің мәндері кейбір беттер мен материалдардық түстері үшін келесідей болады: айна – 0,85; 0,15;0; әйнектер 0,08; 0,02; 0,9 көк бет – 0,1; 0,9; 0.

Адамның көру органдары жарықтың әр түрлі үйреніп кете алады. Белгілі жарықталғандық деңгейіне көздіқ үйрену процессін адаптация деп атайды, ал қайта адаптацияның уақыты әдетте 1-3 сек болады ж/е жарық талғандыққа тәуелді.

Жарық спектралды құрамына қарай қоздырғыш әсер етіп жылу сезімін (сарғыш – қызыл) н/е тежеу процесстерін (көкшіл) күшейтіп, сонымен бірге тыныштандыратын болып әсер ету (сары – жасыл) мүмкін.

Жарықты қабылдау психофизиологиялық ерекшеліктеріне ж/е оның адам организміне әсері б- ша негізделген өндірістік жарықталғандыққа қойылатын гигиеналық талаптар келесікер болады:

  1. Жасанды көздермен жасалынатың жарықтық спектральды құрамы күнделікке жақындатылған болу тиіс.

  2. Жарықтану деңгейі жеткілікті болып гигиеналық нормаларға сәйкес болу керек.

  3. Жарықталғандық жарық көздерінің ж/е жұмыс зананың илгіндегі заттардық жалтырауын болдырмау керек.

  4. Бөлмеде жарықталғандық деңгейінің тұрақтылығы ж/е бір қалыптылығы қамтамасыз етіпу тиіс.

2. Өндірістік жарықтану түрлері ж/е оның нормалары.

Жұмыс орындар табиғи ж/е жасанды жарықпен жарықталу мүмкін. Жиі аралас жарықтану қолданылады. Бұл кезде нормалар б-ша жеткіліксіз табиғи жарық жасандымен толтырылады.

Табиғи жарықтану – сыртқы ж/е қоршау қурылыстардық жарық саңылаулардан түсетін аспаннық таратылған жарықпен (тіке н/е қайтарылған) бөлмешелердің жарықтануын айтады.

Табиғи жарықтану жақдағы, жоғардағы ж/е аралас болу мүмкін.

Жаңдағы жарықтану терезедең алыстанған н/е оның қасында орналасқан учаскілердің жарықталғандығында бір қалыпсыздықты тудырады. Бір қалыпты жарықтану жоғарғы ж/е аралас табиғи жарықтанумен қамтамасыз етіледі.

Табиғи жарықтану К табиғи жарқтану коэффициенті бойынша нормаланады. Ол берілген жазықтытағы нүктеде бөлменің ішінде Е ішкі табиғи жарықтану толың ашылған аспаны кезіндегі Ес жарықтану қатынасымен анықталады ж/е % арқылы шығарылады: К= 100·Еі/Ес.Нормамен К коэф-ті б-ша көздін жұмыстарының 8 разряды қойылған.

Семинар №11

Жасанды жарықтанудық көздері ж/е есеп әдістері.

Аурулардың профилактикасы.

Ғимараттарды пайдалану кезінде табиғи жарықтану деңгейі жарық саңылаулардың әйнектенген беттердің ластандымен , сонымен қатар қабырғалар мен төбелердің ластануымен байланысты төмен болды. Сондықтан әйнектерді жылына 2 – 4 реттен келе емес тазартылады ж/е қабырғалар мен төбелерің ақталуын жиі жасайды.

Жасанды жарықтануды жеткіліксіз табиғи жарықтану болғанда, сонымен бірге күннің қаранқы ұақытында қолданылады. Жасанды жарықтану жалпы, жергілікті ж\е комбинироланған болу мүмкін.

Жалпы жарықтану барлық бөлмені жарықтау үшін қолданылады ж\е бір қалыпты мен локализацияданған деп ажырытылады.

Жалпы калыпты жарықтау кезінде жарықталған жазық тағы әрбір жерінде жұмысты орындау үшін жағдай жасалынады.

Жалпы локализацияланған жарықтау жабдықтардың орналасуына сайкес шамдардыорнатуды қарастырады.

Жаргілікті жарықтауды стационарды ж\е тасымалданатын болып жасайды,тек жұмыс жабындарды жарықтау үшін қолданылады. Өндірістік бөлмелерінде тек жергілікті жарықтауды орнатуға тыйым салынады.

Комбинироланған жарықтау жалпы жарықтануға жергіліктіні қосу арқылы жүзеге асырылады. Оны жоғары дәлілдікті жұмыстарды жасау кезінде, сонымен қатар қажетті жағдайларда жұмыс процессінде белгілі н\е өзгертілетін жарық бағытын жасау үшін қолданылды.

Жасанды жарықтау көз жұмысының сипаттамасына қарай жұмыс беттердін жарықталудың минимумы б-ша нормаланады.

Ең жоғары нормаланатын жарықтау 5000 Лк қурайды (1а разряды) ж\е ең төменгісі 30 Лк (8в разряды).

Көз жұмсын қиындататын н\е жеңілдететін жағдайларда нормаланған жарықтаудық денгейлері жоғарлайды н\е төмендейді. Жане де жарақаттау қауіптілігін жоғарлатады н\е санитарлық жағдайын жақсартуын талап етеді.

Бірінші төрт разрядтар үшін әдетте комбинироланған жарықтау жүйесін пайдаланды.

Жалпы жарықтау шамдармен шығарылатын жұмыс беттердің жарықталуы жергілікті жарықтал үшін қолданылатын жарық көздері болған кезінде нормаланғаннан комбинироланған жарықтау үшін 10% болу керек. Сонымен бірге жалпы жарықтау шамдармен шығарылатын жарықталғандық газоразрядты шамдар үшін – 500...150 Лк ж/е қызу шамдар үшін – 100...50 Лк аспау тиіс.

Максималды жарықтауды минималдыға қатынасы 1...3 разрядтағы жұмыстар үшін моминисценты шамдар кезінде 1,5 – теп, ал басқа шамдар болғанда – 2 – деп аспау керек; 4...7 разрядты жұмыстар үшін бұл мәндер сәйкесті 1,8 ж/е 3 болады.

Апаттылық жарықтау (бөлмелерде ж/е жұмыс жасау орындарда) жұмыс жарықтаудың сөндірілуі жарылысқа, өртке, технологиялық процессінің ұзақ бұзулуына әкеленетін жағдайларда қарастырылады.

Эвакуациялық жарықтау адамдар өту үшін қауіпті жерлерінде.

  1. Жасанды жарықтанудын көздері – қызу шамдары ж/е газоразрядты шамдар.

Қызу шамдар үзілсіз жарықтанудын спектрін береді ж/е табиғи жарыққа қарағанда онда сары – қызыл сәулелер басылымды. Жарық көздері болып мұнда қыздырлған вольфрамдан жасалынған сым.

Келесе шамдар шығарылады: вакуумдық (НВ), спиральсз (НБ), газожинакталған (НГ), спиральсыз – ксендік толтырғышымен (НКБ).

Қызу шамдардың жетіспеушілігі – аз қызмет мерзімі (1000 мамасында) ж/е тиім коэффициентінің төмен болуы.

Газоразрядтық шамдарды төмен люминисценциялық) ж/е жоғары қысымды болып шығарылады.

Люминисценциялық шам әйнек трубка ретінде жасалынады. Оның ішкі беті люминофор қатты кристаллды затпен жұқа қабатымен жабылынады. Шамның копбасы (трубкасы) (30...80мг) доздалған санымен ж/е инерты газбен (әдетте аргонме) 400 Па шамасындағы қысым кезінде тортырылған. Трубканың екі шетіне электродтар қойылған. Шамды қосқан кезде буларында жарық шығарылумен бірге электрлік разрядты тудыратын ток өтеді. Электрлік заряд люминофорға әсер етіп жарық сәулеленуын шығарады.

  • күндізгі жарық шамдар (ЛД)

  • түстіберуі жетілдірілген күндізгі жарық шамдары (ЛДК)

- табиғи жарыққа ең жақын шамдар (ЛЕ)

  • ақ түсті шамдар (ЛБ)

  • қаратылған ақ түсті шамдар (ЛТБ)

  • салқын ақ түсті шамдар (ЛХБ) ж/е т.б.

Жоғары (0,03...0,08 Мпа) ж/е одан жоғары (0,8 Мпа жоғары) қысымды газоразрядты шамдарға люминисценциялық шамдар (ДРЛ), рефлекторлық жарыққайтарғыш қабаты бар шамдар (ДРЛР) ж/е т.б.

Ең экономды болып металлогалогенді шамдар. Олардың жарық беруі 80 Лм/Вт дейін жетеді. Бұл қызу шамдарына қарағана 3...4 есе жоғары . Олардың қызмет ету мерзіі 10000ч.

Газоразрядты шамдардың кемшілігі соқырлату әсер тігізетін, дросселдердіқ шуы, қосылу сұлбасының қиындығы ж/е т.б. жарық ағынның пульсациясы.

Жарық көздерін жарықтайтын арматурасына орнатып ж/е оның бәрін шам ж/е жарық құралы ретінде қабылданады.

Шамдар жарық ағынның тартылуы бойынша топтастырылады: тіке жарық, таратылған жарық, басылымды қайтарылған жарық шамдар ажыратылады. Біріншілерінде төменге жартылай сферасына 80% -ға дейін.

Жалпы жарықтау шамдардық бір қалыпты орналастыру кезінде жарық құралын есептеу үшін жарық ағынды пайдалану коэффициент әдісін қолданылады. Бұл әдіс төбе қабырғаларынан ж/е ғимараттың басқа жабындарынан қайтарылатын жарық ағынын есепке алуға мүмкіндік береді. Есепті келесе формула арқыны жүргізеді:

Ф1н·Sz·R3/(nj)

мұнда Ф1 – бір шамның жарық ағыны, Лм

Ен – нормаланған жарықтану, Лм

S – бөлменің ауаны, М2

Z – 1,1...1,5 – ауа ластануын есепке алатын коэф-т

R3 – бөлмедегі ауа ластануын есепке алатын қор коэф ті

n – шамдар саны

j – жарық ағыннық пайдалану коэф-ті.

Ең төменгі қажетті жарықтануды сала нормалары бойынша табады. Шамдар санын олардың ең тиімді орналасуын есептей отырып қабылдайды, содан соң шамдың н/е бір қатар шамдардықң қажетті жарық ағынын есептейді. Қажетті жарық ағыны бойынша стандартты шамның қуаттылығын, содаң соң жарықтайтын құралдың қуаттылығын анықтап тандайды.

Нүктелік әдісімен көлденең ж/е еңісті жабындардың локализацияланған ж/е жергілікті жарықтануын есептейді. Сонымен бірге егеп қайтарылған жарығын есептемейтін жағдай туындаса, онда жарықтану анықталады.

Келтірілген қуаттын әдісі жарық құралдың берілген параметрлеріне ж/е шамдар санына тәуелді жарық техникалық анықтағыштар б-ша жарықтау құралдардың келтірілген қуаттылығын анықталуында негізделген.

Лекция № 12

Тақырып: Алғашқы медициналық көмек көрсету

1. дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету

2. коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету

3. естен тануға қарсы шаралар

1. Талықсу кезінде сырқатты оның басын денесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миын қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет (жағаның түймесін ағыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауаның келуін қамсыздандыру). Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа иіскеу үшін мүсәтір спиртін береді, оның бетіне суық су себелейді. Әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін жеткілікті.

Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофеин кордиамин енгізеді.

Коллапс-өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының өмірлік маңызды органдардағы қан айналымының нашарлаған кезінде түсуімен сипатталады. Бұл кезде адам әлсіреп, бет әлпеті ағарады, аяқ-қолы суынады. Алайда коллапс уланған және ауырған (сүзек, өкпе ауруы, қауіпті панкриотит және тағамнан шыққан аурулар) Дене қызуы 34-35 градус шамасында болғанда артериалдық қысымы санап бағанасымен 50-80 мм байқалады. Егер де тез арада шара қолданбаса адам қаза болады.

2. Талықсыған кезде қан айналымын жақсартатын, әсіресе қанның басқа келуі үшін шаралар қолданылады. Сондықтан сырқатты басын сәл түсіріп, етпетінен жатқызады. Белбеуді босатып, көйлектің жағасының түймесін ағытады; таза ауа ағынымен қамтамасыз етеді, мүсәтір спиртін қолданады. Ауру сабасына түскен кезде ыстық сусын, бірнеше тамшы арақ ішкізген дұрыс.

Тамырлардың соғысын арттыру үшін теріге 1% -1мл мезатон, 25%-2мл кордиамин, 5% -1 мл эфедрин, 0,1%-1мл адреналин, 10%-1мл кофеин енгізеді. Осы шаралардың бәрін кез-келген жағдайда жүргізуге болады. Тамырлары қатты таралған сырқаттарды шұғыл көмек көрсеткеннен кейін кешіктірмей ауруханаға апарады.

Коллапс салдарынан туындаған ауыр жағдайда жүректің сыртынан ысқылайды (жүрек тұсындағы кеуде клеткаларын ырғақпен қысады) және «ауызға-ауыз» тәсілімен жасанды тыныс алдырады.

3. Есінен айырылған адамдар алғашқы медициналық көмекті қажетсінеді. Зардап шегушіні ауыратын жерлері бөгде затқа тимейтіндей етіп жатқызады. Оларға мүмкіндік болса, ауыртпайтын дәрі – дәрмек: промедол.морфин, аналгин 5%-2мм ертінді, олар болмаса 0,5 г аналгин, 0,1г кофеин, кордиамин егеді, есінен тануға әсер еткен себепті жояды, үстінен жылы киім жабады. Егер зардап шегушінің ішінен жарақат жоқ болса, оған ыстық шәй ішкізеді, арақ немесе басқа да спирт ішімдігін береді.

Зардап шегушіні өте мұқият және кешіктірмей медицина мекемесіне жеткізеді. Оны апаратын жерге аса сақтықпен, басқа жерлерден ауыртып алмай, ыңғайлы көлікпен жеткізеді.

Дененің сыдырылуы, тілінуі, буынның таюы, сіңірдің созылуы. Терінің айтарлықтай беріктік қасиеті бар және жарақат кезінде оның тұтастығы бұзылмайды, ал осы уақытта жұмсақ ұлпалар мен сүйектер зақымдалуы мүмкін.

Егер дене тілінген немесе сыдырылған жерлер ластанбаса, оны адамның өзінің емдеуіне болады. Егер жара үлкен болса, ең жақсысы дәрігерге барып, ауруға қарсы ектіру керек.

Жұмсақ ұлпалар зақымдануының аса көп тараған түрі дененің сыдырылуы болып табылады, ол қатты заттың соққы салдарынан пайда болады,соққы тиген жер бірден үлбірейді, көбінесе көгереді олардың пайда болуы зақымдалған тамырлардан қанның ағуымен түсіндіріледі.

Тарамыстың созылуы секірген, құлаған,ауыр затты көтерген кездегі ебдейсіз әрекеттерден туындайды. Созылу белгілері-буынның сырқырауы, терінің үлбіреуі,қозғалауы қиындығы.

Алғашқы медициналық көмек. Жараға тиіспей, оның айналасын суланған мақтамен сүртіңіз, жараға йод жағып, оны таза дәкімен таңыңыз, үлкен жараны ең жақсысы алғашқы көмектің жеке пакетіндегі дәкілі-мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған жақсы (мұндай пакеттер дәріханада сатылады), таңғыш материалды алған кезде ешбір жағдайда жараның үстіне жабылатын жастықшаға тиіспеңіз,егер қолыңызда дәкі жоқ болса, таза бет орамалды пайдаланыңыз, жараны толық жабу керек, таңғыш денені қатты ауыртпау үшін оны аса қатты тартпау қажет, егер бір-екі күннен кейін тілінген немесе сыдырлыған жер іріңдеп, ал оның төңірегі ісіп кетсе дәрігерге барыңыз.Сырқатты басу үшін зардап шегушіге 0,25-0,5г анальгин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады.

Буының шығуы – бұл буындағы сүйектерді ажырататын буының үстіңгі жағының анатономиялық өзара қарым-қатынасының өзгерісі.Буын шыққан кезде оның қызметі бұзылады.Буынның шығуы толық және жартылай шығу болып бөлінеді. Буынның таюы әдетте сіңірдің созылуына немесе буынды бекітетін байламды үзуге,кейде буын қоржынын зақымдауға, яғни буынның үстіңгі жағын жабатын қабатты зақымдауға алып келеді.

Буынның шығу белгілері. Домбығу, буының табиғи емес пішіні, өзгеруі, буын төңірегінің қатты сырқырауы, әсіресе сәл қозғалғанда, буын төңірегіндегі тері түсінің өзгерісі, жарақаттанған буындағы қозғалыстың шектелуі, бір затқа тисе қатты сырқырайды.

Буынның шығуы да сүйектің сынғаны сияқты елеулі жарақат, арнайы медициналық көмекті көмекті қажет етеді. Дененің жарақаттанған бөлігін түзетуге тырыспаңыз. Тақтаның немесе шинаның көмегімен зақымданған буынды қозғалтпаңыз, мүмкіндігінше сол жерге тиіспеуге тырысыңыз. Буын шыққан жерге суық компрес қойыңыз. Сирақ немесе жіліншік жарақаттанған жағдайда аяқты көтеріп ұстауға тырысыңыз, бұл буынның домбығу деңгейін азайтады. Зардап шегушіге жағдай жасап, жатқызуға тырысыңыз.

Семинар №12

Тақырыбы: ВИЧ инфекциясы және СПИД

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]