Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.21 Mб
Скачать
  1. Салауатты өмір салтының мәні

Бүгінгі таңда өңірімізге қарасты ауылдықжерлерде бұқаралық спорт түрлерін алға бастыруға байланысты жұмыстар аз жасалып жатқан жоқ.Балаларға арналған  спорттық нысандар мен шағын футбол алаңдары, хоккей корттарының қатары көбеюде. Бұған мемлекет тарапынан зор көмек жасалып жатқанын айтқан абзал.  Жекелеген өңірлердегіірі кәсіпкерлік субъектілері де сауабы мол игі іске өз үлестерін қосуда. 

«Дені саудың – жаны сау» атты мақал тегін айтылмаса керек. Әрбір азамат дені сау болу үшін дене белсенділігін қарқындату, зиянды әдеттерден бас тартуы және дұрыс тамақтануы керек. Салауатты өмір салты культін қалыптастыру, халықты толық ақпараттандыру, жеке адам мен қоғамның өз денсаулығына деген жаңа көзқарасын қалыптастыру – Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басты мақсаты.

Салауатты өмір салтын ұстауға ұмтылушы адамдардың саны күннен күнге артып келеді. Салауатты өмір салты түсінігіне не кіреді, соны анықтауға тырысып көрейік. Салауатты өмір салты  - бұл  еңбек пен демалыстың дұрыс үйлесуі, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі,  ұдайы жеке дене тазалығы, шынығу, зиянды әдеттерсіз өмір сүру, өмірге деген жалпы оң көзқарас. Бұндай өмір салты тек дене денсаулығын ғана емес, психологиялық және рухани денсаулықты барынша ұзақ сақтауға мүмкіндік береді.   Адам организміндегі өмірді бірқалыпты деңгейде ұстап тұру үшін адамға организмді құраушы заттарды үнемі шығындап отыру қажет. Бұл шығындардың орнын тек дұрыс, ұйымдастырылған тамақтанудың арқасында толтыруға болады. Организм қандай  заттардан және қандай пропорцияда болса, тағам да сондай заттардан және сондай пропорцияда болғаны дұрыс. Бұндай заттарға белоктар,углеводтар,минералды затар,майлар, витаминдер және су жатады. Дұрыс тамақтануды таңдау кезінде  жасты,  күні бойы денеге берілген күшті, қоршаған ортаның жағдайын, организм ерекшелігін, өзінде бар ауруларды ескерген жөн. Бұл факторларды білу әркімге өзіндік мәзір мен  дұрыс кесте жасауға көмегін тигізеді.Салауатты өмір салты көбіне  салмақтың азаюмен байланысты Сіздің тағамыңыз сіздің салмағыңызды ұлғайтып жатқан жоқпа деген сұраққа жауап беру үшін, дұрысында, пайдаланатын калория мөлшері  күні бойы жұмсалған калория  мөлшеріне қаншалықты сәйкес екендігін  білу керек. Сондықтан «салмақты азайту» ұғымы тағаммен келетін калория мөлшерінің азаюымен тікелей байланысты. Салмақты азайтудағы күрестегі  маңызды екінші  аспект, бұл, денеге түсетін күш. Дене белсенділігі мен  күні бойғы тағам рационын өзгерту салмақты бір қалыпта ұстап тұруға мүмкіндік береді. Салмақты азайтудың көптеген бағдарламалары бар. Өзіңе керекті бағдарламаны  денсаулық жағдайын, дене белсенділігін экологиялық, тұрмыстық   ортаны жоспарлы нәтижелерді ескере отырып, таңдау керек. Бұның барлығы таңдап алған бағдарлама сізге жұмыс жасау үшін керек. Дұрыс тамақтанудан басқа, салауатты өмір салты мен салмақты азайту үшін денеге берілетін күштің маңызы зор.Дене белсенділігі организмді түрлі аурулардан қорғайтын иммунитетті нығайтады. Тағы да бір маңыздылығы аз емес аспект, денеге түсірілетін күш қартаю процесіне бөгет қояды. Денеге күш берген кезде жас мөлшері мен денсаулыққа сай келетін вариантты таңдау керек. Денені бір қалыпта ұстау үшін оның тазалығы мен ішкі рухани дүниесі халінің де маңызы аз емес.Организмнің ішкі және сыртқы үйлесімділігі көңіл күйді жақсартады, бұл өз кезегінде психолгиялық және рухани денсаулықты.

Салауатты өмір салты мақсатына  жетудегі ең қиын мәселе, зиянды әдеттерден бас тарту. Бұл процесс  зиянды әрекеттердің психологиялық және дене тәуелділігімен күрделенген. Егер адам бұл проблеманы өзі шеше алмаса, кәсіби мамандардың көмегін алу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]