
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •1) Зілзаланың негізгі зақымдағыш факторлары.
- •2) Ядролық қарудың зақымдағыш факторлары, олардың сипаттамасы.(самостоятельно)
- •3) Сәулелену дозасының сипаттамасы.(самостоятельно)
- •2 М Ім/с (сағаттар, тәуліктер, айлар) биіктіктегі желдің жылдамдығы кезінде төгілу алаңынан қәуз-дің булану уақыты
- •1.Дозиметрлік құралдардың кызметі.
- •2.Дозиметрлік бақылау приборларының құрылымы.
- •3.Дозиметрлік құралдарды пайдалану ережесі.
- •Панаханалар
- •Табиғи және жасанды ластану көздері.
- •Радиациялық апаттың зақымдаушы факторлары.
- •Адамдардың сәулелену ауруларының жіктемесі.
- •Химиялық барлау приборларының құрылымы
- •Химиялық барлау құралдар арқылы улы заттар мөлшерін анықтау.
- •1. Спид жұғу жолдары
- •2. Спид алдын алу жолдары
- •1)Спид жұғу жолдары
- •2)Спид алдын алу жолдары
- •-Жұқпалы ауру
- •-Туберкулез түрлері
- •-Ауруды анықтау түрі
- •1.«А» вирусты гепатиті
- •Табиғи өрт кезіндегі адам іс-әрекеттері
- •Алғашқы көмек көрсету жолдарын қарастыру.
- •Қауіпті төтенше жағдайларда адамдардың іс-қимылы.
- •Жер сілкінісі кезіндегі адам іс-әрекеттері.
- •Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
- •Тамақ ішу тәртібі
- •Тамақтану процесінің принциптері
- •Алкоголь (ішімдік) және туа біте ауытқулары (аномалия).
- •Темекі шегу.
- •Нашақорлық - әлеуметтік зұлым.
- •Денсаулық және экология
- •Салауатты өмір салтының мәні
Нашақорлық - әлеуметтік зұлым.
Қазақстандық қоғамды есірткілендірудің әлеуметтік мәдени факторлары (моральдық-этикалық нормалар мен мінез-құлық құндылықтарының бұзылуы, батыстық мәдениеттің жаппай әсер етуі, отбасылық қарым-қатынастардың бұзылуы, жастардың әлеуметтік мінез-құлқының өзгеруі) ұлт денсаулығының негізі ретінде есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыру қажеттігін өзекті етеді.
Есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға ең алдымен мемлекеттік әлеуметтік саясат және орта, жоғары білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы жұмыс бағытталуы тиіс. Бұл ретте осы саладағы негізгі бағыт беретін күш тек орталық, жергілікті атқарушы билік органдарының ғана емес, азаматтық қоғам институттарының да қызметі болуы тиіс.
Әсіресе балалар, жастар мен әйелдер арасында салауатты өмір салтын, есірткісіз өмірді насихаттау есірткіге қарсы мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Осы тұрғыда ең ортақ алдын алу іс-шаралары ретінде еліміздің жекелеген өңірлерінде есірткі пайдаланатын адамдар санының өсуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысты ынталандыратын бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді айтуға болады. Қоғамдық санада адамның денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қоғам үшін де құндылық болып табылатындығы жөніндегі идеяның алатын орны барған сайын қомақты болуы тиіс. Оны есірткі пайдаланатын адамдармен жұмыстағы маңызды психологиялық алғышарт деп есептеуге болады, өйткені өзінің денсаулығына деген көзқарастың өзгеруі басқа да алдын алу және емдік бағдарламалардың іске асырылуын жеңілдетеді. Бұл үшін ең алдымен балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі көп сатылы білім беру бағдарламасын құру қажет.
Халыққа есірткілердің зияны туралы кең көлемде ақпарат беруге көп көңіл бөлінуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) көпшілік қауым үшін қажетті білімнің негізгі көзі болып есептелуі олардың бұл мәселедегі жауапкершілігін арттырады. Екінші жағынан БАҚ-та есірткі заттарының жарнамасына, есірткілер туралы босаңсу, рахаттану, бедел жинау құралы, өмірдің "жеңіл" стилі делінетіннің атрибуты ретіндегі теріс түсініктер уағызына жол бермеу жөнінде жұмыс жүргізілуі тиіс.
Денсаулық және экология
Соңғы жылдары жер шарында экологияық апаттар қаупі күшеюде. Француз ғалымы Жак Ив Кусто айтқандай «бұрын адам табиғаттан қорқатын, қазір адам табиғатты қорқытады» ҒТР- дың дамып, шарықтау шегіне жеткені сондай, жер шарында табиғат өзгеріп, елдерге экономикалық , әлеуметтік шығындар әкелді. Кусто және былай деген: «Адамның алдынан орман кездессе, артында шөл қалады». Адамдардан ашкөздік әрекеттері біздің елімізде де апатты аймақтар қатарын көбейте түсті. Семей, Арал, Балқаш, Ертіс, Каспий және т.б.
Соңғы жылдары халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған табиғат байлығын тиімді пайдалануды, әсіресе су көздерін ластанудан, тұзданудан қорғайтын бірнеше заң қабылданды. Олардың кейбіреулері мыналар: қоршаған табиғи ортаны қорғау заңы, су кодексі, су қорғау ережелері.
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас мәңгілікке және сонымен қатар түтас күрделі мәселе. Табиғат арқылы адамзат өзінің көптеген қажеттілігін табиғи ресурстар арқылы қамтамасыз етеді.Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтар, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы, т.б жатады. Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді.Сарқылмайтынға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады.