Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.21 Mб
Скачать
  1. Жер сілкінісі кезіндегі адам іс-әрекеттері.

Кенеттен пайда болатын және қас-қағым сәтте өтетін, күшті қиратушы дүлей зілзала - жер сілкінісі деп аталды.  Жер сiлкiнiсi  - жер қыртысында немесе мантияның үстiңгi бөлiгiнде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесiнде пайда болған және елеулi ауытқу түрiнде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуi мен Жер бетiнiң қозғалуы.  Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, арналар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар - су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма қопарылыс пайда болады. Тау жыныстары жарылып, тастар құлайды, адамдарды үрей-дүрбелең билейді. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде теңіз түбінің қозғалысы нәтижесінде теңіз гравитациялық толқындары - цунами пайда болып, құрлықта үлкен бүліншілік жасайды.

ЖАЛПЫ  КЕҢЕСТЕ

Жер сілкінісі кезіндегі ғимарат ішіндегі кез-келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін жер сілкінісі дүмпуі кезінде бас сауғалайтын жерді, қауіпсіз орынды алдын ала білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.  Тәжірибеде салыстырмалы қауіпсіз орын - негізгі ішкі қабырғалардың ішіндегі бұрыштары, негізгі ішкі қабырғалардағы жерлер, коллоннадағы және каркас бағандарының асты, кіре-беріс есіктердің маңдайшаларының асты, берік үстелдер және т.б. екендігі дәлелденген.  Спитак жер сілкінісі кезінде  (07.12.1988 ж.) ваннада болған 6 адам тірі қалған.  Жер сілкінісі  кезінде  қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың әйнектелген терезелері, шеткі бөлмелер, әсіресе соңғы қабаттардағы, лифтілер, баспалдақтар  алаңы мен балкондар жатады.  Үйде, жұмыста, көшеде және өзге жерлерде жер сілкінісі кезінде  өзіңіздің қалайша әрекет ететініңізді алдын ала ойластыруға тырысыңыз. Әсіресе жан-жақты, егжей-тегжейлі жоспар үйдеде, жұмыста да болуға тиіс.  Ең алдымен өзіңіз тұратын немесе жұмыс істейтін ғимараттың сейсмикалық төзімділік дәрежесін ескеру қажет.  Өз ғимаратыңыздың, ғимарат шегінде өзіңіз тұрған жердің беріктігін және қатты жер сілкінісі кезінде сіздің құзырыңызда бар-жоғы 15-20 секунд қалатындығын назарға ала отыра сіз өзіңіз үшін ыңғайлы орынды алдын ала таңдап алуға, не болмаса ғимараттан тезірек шығып кетуге тырысуға, не оның ішіндегі салыстырмалы қауіпсіз орынға баруға әрекеттенесіз.  Алдын ала ойластырылған жоспар сізге жылдам және қисынды әрекет етуге көмектеседі. Алайда, жағдайға байланысты оны жылдам өзгертуге дайын болыңыз.  Дүмпулерден және өзіңіз тұрған ғимарат қатты теңселгеннен кейін ол бұзыла бастауы, жабынның жекелеген плиталары немесе тірек қабырғаларының блоктары құлауы мүмкін. Бұл жағдайда ғимаратты жер сілкінісі кезінде тастап кетуге әрекеттену ғимарат ішінде болғаннан гөрі  едәуір қауіпсіз болуы мүмкін.  Есіңізде болсын қоршаулардың (тірек қабырғалары емес), каркасты ғимараттардағы ілінбелі қабырға панелдерінің құлауы, ғимараттың толық қирайтындығын білдірмейді.

ЖЕР СIЛКIНIСIНIҢ  ҚАУПI   КЕЗIНДЕ

Жер сiлкiнiсi қаупi жағдайында электр дабылдар, өндiрiстiк гудоктар мен басқа да хабарлау құралдары іске қосылады, бұл "Баршаның назарына!" ескерту дабылын бiлдiредi. Осы дабыл бойынша радио мен теледидарды қосып, төтенше жағдай туралы хабарды мұқият тыңдап, және жергiлiктi билiктiң, төтенше жағдай жөнiндегi басқару органының нұсқауын тиянақты орындау қажет.

Егер сіз үйде болсаңыз:

-  өрт сөндiргiштi тексерiңiз, жуынатын бөлмедегі ванна  мен шелектi суға толтырыңыз;  -  өзiңiздi қорғай алатын киiм мен аяқ киiмдi киiңiз;  -  пәтердегі газды, су мен электр жарығын сөндіріңіз, пештi өшiрiңiз;  -  өзiңiзбен бiрге алдын ала даярланған заттар салынған сөмкені, құжаттарды, киім-кешек  салынған жол қапшығын алып, көршiлерге хабарлаңыз, жалғыз бастыларға, ауру адамдарға көмектесiңiз, ғимараттан шығып, арнайы жиналтын орынға барыңыз, алдағы нұсқауларды күтiңiз;  -  қалыпты тiршiлiк жағдайына жергiлiктi билiктiң немесе төтенше жағдайлар жөнiндегi басқару органының нұсқауы бойынша оралған жөн.

Егер сiз көпшiлiк жүретiн орындарда болсаңыз:  - сабыр сақтаңыз, дүрбелең-үрей туғызбаңыз, шығуға асықпаңыз, адамдардың жолына кедергi жасап, кептеме туғызбаңыз, аурулар мен мүгедектерге көмектесiңiз;  -  әкiмшiлiк нұсқауларын орындаңыз. 

ҚАТТЫ  ЖЕР  СIЛКIНIСIНЕН  КЕЙIН

- Зардап шегушiге алқашқы медициналық көмек көрсетiңiз;  - жеңiл үйiндiнiң астында қалғандарды шығарыңыз;  - балалардың, аурулардың, қарттардың қауiпсiздiгiне назар аударып, оларды жұбатыңыз;  -  ғимаратқа кiрерден бұрын баспалдақтың, қабырғаның құлап қалу қаупiнiң бар-жоқтығына назар аударыңыз. Қатты қираған  ғимаратқа  жақындамаңыз.  Ашық отты  пайдаланбаңыз;  - пәтерге оралған бойда коммуналдық-техникалық қызметтiң ақаусыздығын тексергенше электiрдi, газды және су құбырын қоспаңыз;  - телефонды аса қажет болмаса, көп ұстамаңыз;  -  зақымданған  ғимаратта үйiндiнi ашуға және  құтқару  жұмысын  жүргiзуге  көмектесiңiз.

Семинар № 14

Тақырып: Еңбек пен демалыстың тиімді тәртіптері, дұрыс тамақтану

Мақсаты мен міндеттері: адамдардың өзінің жұмыс уақыты кезінде дұрыс тамақтану тәртібін сақтау, демалыс уақыты кезіндегі тамақтану тәртібін орындап, дұрыс салауатты өмір сүру ережелерін үйрету.

Жоспар:

  1. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты

  2. Тамақ ішу тәртібі

  3. Тамақтану процесінің принциптері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]