Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістер-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.21 Mб
Скачать

Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

Күні: 24.08.2012 ж.

Басылым: екінші

УМКД

ЕҰУ

81-бет

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк

Жылуэнергетика кафедрасы

(кафедраның атауы)

БЕКІТЕМІН

«Л.Н. Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық

университеті» ШЖҚ РМК

Көлік-энергетика

факультетінің деканы

Сүлейменов Т.Б.

_______________________

________________20____ж.

6В060500 - Ядерная физика, 6В072300-Техническая физика,

5В060400-Физика

(шифр және мамандық атауы)

мамандығының (тарының) білім алушылары үшін

АӨҚН-3027, 3029, 3013, 3023-Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері

ЯФ-11, ЯФ-13, ТФ-11, ФЗ-11

(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕНІ

Астана, 2012

Жауапты тұлға______________________________________________Т.А.Ж.

(күні; кафедраның оқу-әдiстемелiк секция торағасының қолы)

Келісілді:

Кафедра меңгерушісі ________________________________________Т.А.Ж.

(күні, қолы)

Лекция №1

Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдық шаралары -1 сағ.

1. Тіршілік қауіпсіздігінің және азаматтық қорғаныстың анықтамалары

2. АҚ-ның негізгі міндеттері

3. АҚ-ны ұйымдастыру принциптері мен тәртіптері

4. АҚ-ның құралдары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі

  

1. Студенттердің "Тіршілік қауіпсіздігі" курсы Бағдарламасынын Төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласында барлық нысандағы шаруашылық объектілері мен ұйымдардың болашақ мамандарын даярлау ісінде үлкен маңызы бар.

Тіршілік қауіпсіздігі - адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық обьектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.

 Азаматтық қорғаныс - бұл басқару оргаңдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

 Шаруашылық объектілері - өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс-әрекет ететін адамдар ұжымы.

 Ұйым - бағдарлама немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы.

2. Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды. Заң Казақстан Республикасының Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылу және жұмыс істеу принципін, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, ұйымдардың өкілеттігін және Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтады.

Халық пен шаруашылық объектілерін қорғау АҚ-ның бірінші кезектегі міндеті және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай кезіндегі залалды азайту мақсатында халықтың іс-әрекеттері мен шаруашылық объектілерін және аумақты өз уақытында дайындаудың тиімді әдістерін ғылыми түрде анықтау негізінде жүргізіледі.

АҚ-ның негізгі міндеттері:

-  басқару, хабарлау және байланыс жүйесін ұйымдастыру, дамыту және тұрақты әзірлікте ұстау;

-  АҚ күштерін құру, оларды даярлау және ТЖ кезіңдегі іс-әрекеттерге тұрақты әзірлікте ұстау;

-  орталық, жергілікті және атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметкерлерін даярлау және халықты үйрету;

-  радиациялық, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) ахуалды қадағалау мен лабораториялық бақылау;

-  АҚ әскери құрамаларының жұмылдырушьлық даярлығын қамтамасыз ету;

-  шаруашылық салалары мен объектілерінің тұрақты жұмысын арттыру жөніндегі шаралар кешенін жүргізу;

-  қорғаныс ғимараттарының қажетті қорын, жеке қорғаныс құралдары мен АҚ-ның өзге де мүліктерін жинау және әзірлікте ұстау;

-  халықты, орталық, жергілікті және атқарушы органдарды адамдардың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп пен қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекет тәртібі туралы құлақтандыру;

-  құтқару-іздестіру және өзге кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың тіршілік қамын ұйымдастыру және оларды қауіпті аймақтан алып кету;

-   азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикізатын, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық (биологиялық) зақымдаудан, эпизоотия мен эпифитотиядан қорғау.

Семинар №1

Төтенше жағдайларда тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету -1 сағ.

 

1. Жоғары оқу орындарының Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру

2. АҚ-ның құралдары, оның мақсаты мен құрылу тәртібі

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халықты, экономиканы, республика аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ зілзаладан, ірі авария мен апаттан қорғау мақсатындағы жалпы мемлекеттік шараларының құрамдас бөлігі болып табылады.

Азаматтық қорғаныстың рөлі мен орны елдің геосаяси жағдайын, шектес мемлекеттермен және алып державалармен саяси қарым-қатынасының жәй күйін, экономикасының даму деңгейін, әскери доктрина мен әскери іс саласындағы мемлекеттік саясатын аңықтайды.

Азаматтық қорғанысқа төтенше жағдайда халықтың тіршілігін ұйымдастыру үшін бірінші кезектегі міндет жүктеледі.

Азаматтық қорғаныстың төтенше жағдайда халықтың тіршілігін қамтамасыз етудегі негізгі міндеттері "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасының Заңында аңықталған.

Азаматтық қорғаныс шараларын барлық мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер, меншіктің барлық нысанындағы объектілер орындауға міндетті. Оған барлық халық, оның ішінде оқушылар мен студенттер белсене қатысады.

ЖОО Азаматтық қорғанысының бастығы - ректор. Ол Азаматтық қорғаныстың ұйымдастырылуы мен жәй-күйіне, оның күштері мен құралдарының құтқару және өзге шұғыл жұмыстарды жүргізуге тұрақты даярлығына, сондай-ақ профессор-оқытушы құрамының, студенттер мен қызметкерлердің тосын жағдайлардағы іс-әрекетке икемділігі үшін жеке жауап береді.

ЖОО Азаматтық қорғанысы бастығының бұйрығымен АҚ штабы және АҚ мен ТЖ қажетті қызметтері құрылады.

АҚ мен ТЖ қызметтері басшылықты ЖОО ректоры басшы құрам қатарынан тағайындаған бастықтар жүргізеді. Олар өз міндеттерін негізгі міндеттерімен қоса атқарады. Көшіру комиссиясының төрағасы болып проректорлардың бірі тағайыңдалады.

Лекция №2

Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар -1 сағ.

1. Зілзала, авария, апат және төтенше жағдайдың анықтамалары.

2. Негізгі белгілері бойынша төтенше жағдайларды жіктеу.

 

 1. ҚР-ның 1996 жылғы 5 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Заңы Қазақстан Республикасы аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұнда халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүгізуші объектілерді төтенші жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау - мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.

Заңда төтенше жағдайға, дүлей зілзалаға, аварияға анықтама берілген; ұйымдардың міндеттері, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы халықтың құқықтары мен міндеттері белгіленген; жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік органдардың өкілеттіктері ерекше көрсетілген; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдарды бұзғаныүшін жауапкершілік анықталған. Заңда төтенше жағдайларға қатысты өзгеде сұрақтар қамтылған.

Дүлей зілзала бұл әдеттегідей тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, ауыл шаруашылығы малдарының шетінеуіне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне және жойылуына әкеп соғатын табиғи құбылыс.

Дулей зілзала - төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соғатын зілзала.

Төтенше жағдайлардың көбісі адамға бағынышты емес табиғат күш әсерінен болады: жер сілкінісі, сел, су тасқыны, сырғымалар, қар көшкіні, дауылдар, күртік, орман және дала өрттері т. б.

Әрбір дүлей зілзаланың өзіне ғана тән пайда болу себептері, қозғауші күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға әсер ету ерекшеліктері болады.

Дүлей зілзалалар бірінен-бірінің елеулі айырмашылықтарына қарамастан оларға мына жалпы ерекшеліктер ортақ болып келеді: кең өріс алуы, қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі, адамға күшті психологиялық ықпал жасауы.

Авария — технологиялық процесстер мен механизмдердің бұзылуы, жабдықтар және ғимараттардың зақымдануы.

Авариялар зардаптарының сипатты түріне, ауқымына және олар пайда болған кәсіпорынның  ерекшелігіне байланысты. Авариялардың әдеттегідей зардаптары: жарылыстар, өрттер, су басу, шахтаны үйінді басу болуы мүмкін.

Көбінесе авариялар ауаның газдалуы, мұнай өнімдерінің, қауіпті сұйықтықтардың, қатты әсер ететін улы заттардың төгілуіне әкеліп соғатын зардаптар туғызады.

Апат — бұл тұтқиылдан пайда болдыратын адам әрекеті, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттерінің бұзылуымен, адам өлімімен немесе өмірі мен денсаулығына қауіп төндірумен, едәуір экономикалық немесе экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи немесе әлеуметтік зілзала

Апаттар көлемі мен түрі бойынша бөлінеді:

Көлемі бойынша: кіші, орташа, үлкен болады.

Көлемді анықтау кезінде белгіге екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендер немесе ауруханаға жатқызтын адамдар саны; апат зардабына ұшыраған аумақ.

 Түрі бойынша:

- табиғи (табиғи немесе дүлей зілзала);

- жасанды (антропогендік, атап айтқанда адам факторы әсерінен) болады

 Табиғи:

1. Метеорологиялық (дауыл, циклон, құйын, әдеттегіден тыс аптап, құғақшылық, аяз, найзағайдан болған өрттер).

2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі).

3. Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу).

4. Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығыс).

Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған авария, зілзала немесе апат салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай.

 Төтенше жағдайлардың басты көрсеткіші бүлдіру процесстерінің жиілігі болып табылады, бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін қосымша күш пен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.

2.Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілері бойынша жіктелінеді:

1. Пайда болу саласы бойынша.

2. Ведомстволық қатыстылығы бойынша.

3. Аймақтық таралуы бойынша.

 Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар:

- табиғи;

-  техногенді;

-  жанжалды болып бөленеді.

 

Семинар № 2

Төтенше жағдайлар аймағының зілзала, авария, апат және қазіргі зақымдағыш құралдарын қолдану кезіндегі сипаттамасы -1 сағ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]