
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті
- •«Экология және тұрақты даму» пәні бойынша білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы
- •5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету Қызылорда, 2012 жыл
- •Білім алушының өзіндік жұмысы
- •5. Баөж-на қойылатын талаптар
- •Экология және тұрақты даму пәні бойынша 2 аралық бақылау сұрақтары
- •8 . Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар Негізгі әдебиеттер тізімі
- •Қосымша пайдаланылатын әдебиеттер
- •9. Пән бойынша бағалау жүйесі
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қорқыт ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті
-
«БЕКІТЕМІН»
Жұмыс оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитетінің төрағасы ________________Шомантаев А.А.
«_______ » 2012 ж.
«Экология және тұрақты даму» пәні бойынша білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы
(Sуllabus)
Мамандықтары:
5B073000 - Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру
5B072900 - Құрылыс
5B090700 - Кадастр
5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету Қызылорда, 2012 жыл
Жұмыс оқу бағдарламаны дайындаған: x.ғ. к., аға оқытушы Г.Ө. Төлегенова
Білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Sуllabus) «Өміртіршілік қауіпсіздігі және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Хаттама № ___ ''____'' ___________2012 ж.
Кафедра меңгерушісі: т. ғ.д., профессор С.С. Үдербаев
Білім алушыға арналған жұмыс оқу бағдарламасы (Sуllabus) институт жұмыс оқу жоспарлары және оқу бағдарламалары комитеті мәжілісінде қаралып, бекітілді.
Хаттама № ___ ''____'' ____________2012 ж.
Комитет төрағасы: а-ш. ғ.д., профессор А.А. Шомантаев
1. Негізгі мәліметтер |
|
Институт |
Политехникалық |
Мамандық (шифры, аты) |
5B073000 - Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру 5B072900 - Құрылыс 5B090700 - Кадастр 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету |
Курс, семестр |
1 курс 2 семестр |
Пән статусы (міндетті, таңдау) |
Міндетті |
Кредит саны |
2 |
Сабақ өтетін дәрісхана |
ҚМУ 5 оқу ғимараты, кесте бойынша |
Оқытушы |
Химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Г.Ө. Төлегенова 87013586970 gulmiratulegenova@mail.ru |
практика, семинар, зертханадан сабақ беретін оқытушы |
Химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Г.Ө. Төлегенова 87013586970 gulmiratulegenova@mail.ru |
2. Пререквизиттер және постреквизиттер |
|
Пререквизиттер |
химия; физика |
постреквизиттер |
тіршілік қауіпсіздігі негіздері; жоғары математика |
3. Пәннің мақсаты мен міндеттері Экологияның теориялық және практикалық сұрақтарын болашақ мамандардың игеруіне бағыт беру, қоршаған ортаны қорғауда болашақ мамандардың өз үлестерін қосуға баулау, табиғи ресуртарды тиімді пайдалану, тірі ағзалардың қоршаған ортамаен қарым-қатынастарын және олардың биосферамен тікелей байланысын оқытады.Табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық және практикалық шараларын ұйымдастыру.Тұрақты даму теориясын ғылыми анықтауда халықаралық ұйымдардың қызметімен танысу. Экологиялық қауіпсіздіктің құқықтық негіздерін қарастыру. |
|
Мақсаты: жаратылыстану 1.ҚР табиғат қорғау актілері мен ҚР қолданылатын табиғи ресурстарды тиімді пайдалану 2. Қоршаған ортаны қорғау және жобалау бойынша нормативтік-техникалық құжаттармен танысу 3.кәсіпорынды техникалқ қайта жабдықтау, жобалық-сметалық құжат жасау ретімен, құрамымен, келісілуі мен бекітілуімен таныстыру. 4.екіншілік ресурстар мен жанама өнімдерді максималды пайдалану 5.технологияық процесстер мен қолданылатын табиғатты қорғау жабдықтарының экологиялық тиімділігін көтеру шараларын қарастыру.
|
|
Міндеттері
|
4. Пәннің мазмұны
Білім алушының сабақ түріне байланысты жұмыс уақытының бөлінісі
Жалпы сағаты |
академиялық сағат саны |
||||
|
Дәріс |
Практикалық/ семинар |
Зертханалық |
БАОӨЖ |
БАӨЖ |
|
20 |
10 |
- |
15 |
15 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары мен мазмұны ( 20 сағ.)
Лекция1
Экология ұғымы, экологияның ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы.Экология пәні, оның мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері. Экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі экологияның орны мен ролі
Лекция2-3
Организм және орта. Құрлықтық және сулы экожүйелердің түрлері. Аутэкология: экологиялық факторлар, оптимум және минимум аймақтары.
Лекция4-5
Демэкология: популяция көрсеткіштері, популяция санының флуктуациялары және реттелуі.
Лекция6-7
Синэкология: қауымдастық құрамындағы организмдердің әсерлесу типтері, қауымдастықтың трофикалық құрылымы және экологиялық пирамидалар
Лекция8-9
Биоценоз - күрделі табиғи жүйе. Биоценоздың түрлік құрылымы. Биоценоздардың төзімділігі Биосфера туралы түсінік.
Лекция10
Биосфера және ноосфера туралы ілім. Биосфераның жанды заты және оның функциялары. Биосферадағы зат айналымы және биохимиялық циклдер.
Лекция11
Атмосфераның экологиялық мәселелері. Атмосфераның қасиеттері және адамға әсері. «Парниктік эффект». Озон мәселесі.
Лекция12
Су ресурстарының экологиялық мәселелері. Судың сандық мөлшерінің сарқылуы мен ластану мәселелері.
Лекция13
Литосфера және оны тиімді пайдалану.Топырақ эрозиясы. Жер қойнауы байлықтарын ұтымды пайдалану.жолдары.
Лекция14
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиiмдi пайдаланудың экологиялық принциптерi.
Лекция15
Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары. Тұрақты экологиялық дамудың концепциясы.
Практикалық /семинар сабақтарының тақырыптары мен мазмұны (10 сағ.)
1. Экология. Табиғи орта, оның жәй-күйі. Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары. Қазақстанның қазіргі кездегі климатының өзгеру мәселелері. Қазақстандағы демографиялық жағдайдың кейбір мәселелері. 2. Экологиялық факторлар 3. Биосфера туралы түсінік. Биосфера құрылымы, экожүйелер, орта мен ағзалардың қарым-қатынасы. 4. Қоршаған орта мониторингі. Мониторинг жүйесінің классификациясы. Табиғи-техникалық геосистеманың мониторингi және экологиялық бақылау. Қоршаған ортаның жәй-күйiн бақылау және экологиялық мониторингтi ұйымдастырудағы негiзгi ықпалдар. 5. Қазақстан Республикасында табиғат қорғау iс- қызметiн басқару. Экологиялық басқару негiздерi. Қазақстан Республикасында табиғат қорғау iс- қызметiн басқару. 6. Табиғат қорғау экономикасының негiздерi. Өндiрiстiк объектiлердiң экологиялық төлқұжаты. 7. Қоршаған орта сапасын нормалау. 8. Түрлердің жойылуы және экожүйелердің бұзылуы. Түрлер мен экожүйелерді қорғау. Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау шаралары. 9. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи территориялары 10. Тұрақты даму факторлары. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдылықтары. Тұрақты экономикалық дамудың концепциясы.
Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны (15 сағ.)
1. Қоршаған орта мен экология. 2. Биосфера және адам. Экологиялық жүйе. Биосфераның абиотикалық және биотикалық факторлары.3. Экологиялық факторлар. Популяциялық экология және оның зерттеу обьектісі. 4. Синэкология және оның зерттеу обьектісі. 5. Ауа бассейнін қорғау. Атмосфераны ластаушы қосылыстардың қоршаған орта мен халық санына әсері. Қазақстан қалалары ауа бассейндерінің жағдайы. Атмосфералық ауаны тазарту әдістері. 6. Шу және қоршаған орта. Атмосферадағы зиянды заттарды бақылау мен реттеу. 7. Жер ресурстары, олардың халық шаруашылығы комплексіндегі маңызы. Еліміздің орман ресурстары, олардың халық шаруашылығы комплексіндегі ролі 8. Әлемдік мұхиттың
ластануы. 9.Табиғи ресурстардың классификациясы. 10.Ерекше қорғалатын аймақтар, олардың өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудағы маңызы.11.Қоршаған табиғи ортаның комплексті мониторингі.12.Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар және олардың ролі. 13..Гидросфераға антропогендік әсер. 14.Ағынды сулар және оларды тазарту әдістері.15.Мұнай және қоршаған орта.