
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк Практикалық қазақ тілі кафедрасы
- •Силлабус
- •4. Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:
- •Іі семестр
- •6. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
- •7. Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау.
- •Глоссарий – сөздік
- •Міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі:
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылауға арналған өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылауға арналған сұрақтар
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •Халықтық қолөнер. Шылау
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Қазақ театр және кино өнері
- •Өнер жұлдыздары
- •II апта ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері. Септеулік шылау
- •1. Шылаулардың түрлерін еске түсіріңіз.
- •2. Төменде берілген шылауларды қолданып, сөйлем құрастырыңыз.
- •3. Екі қатардағы шылаулар мен сөздерді сәйкестендіріңіз.
- •4 Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Күй атасы -Құрманғазы
- •1. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз.
- •Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Төменде берілген шылауларды қолданып, сөйлем құрастырыңыз.
- •Ііі апта өлең – сөздің патшасы
- •1 Сөйлемдерді есімшелермен толықтырыңыз.
- •1.Абайдың қарасөздерін оқып, сөздіктің көмегімен мағынасын түсінуге тырысыңыз.
- •2. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңыз.
- •2. Абайға төмендегі мақалдар ұнамайды. Себебін түсіндіріңіз.
- •3.Сұхбаттасыңыздар.
- •Жамбыл шығармаларындағы батырлық концепция
- •1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз.
- •Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы
- •2. Бос орынға керекті сөздерді қойып сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •3. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
- •1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз. Мазмұндап айтыңыз.
- •2.Шәкәрімнің ғибадаттарын ұғып алыңыз (ықшамдалып алынды).
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Ivапта көркем сөз – көркем өнер
- •Ж.Аймауытов шығармаларындағы жан сұлулығы Үстеу, оның түрлері.
- •1. Сөздікті пайдаланып, жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ұғып алыңыз.
- •2. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз.
- •3. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •4. Төмендегі үстеулерді пайдаланып, мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдер құраңыз.
- •5. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құрыңыздар.
- •М.Әуезов – суреткер
- •1. Мәтінді оқып, өз сөздеріңізбен мазмұндаңыз.
- •3. Берілген сөздермен сөйлем құраңыздар.
- •4. «Мен Мен м.Әуезов жайлы не білемін?» деген тақырыпта өзара сұхбаттасыңыздар.
- •1. Жаңа сөздермен танысыңыз.
- •3. Мәтіннен үстеулерді топтап теріп жазыңыздар. Сұрақ қойып, сөйлемде қай мүше болып тұрғанын анықтаңыздар.
- •4. Төменде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыз.
- •V апта адам және табиғат - егіз
- •Қазақстанның экологиясы Көсемше
- •Көсемше
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Қазақстанның табиғи саябақтары мен қорықтары, оларды қорғау
- •VI апта туған жерге саяхат
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Қазақстанның тарихи орындары
- •VII апта қАзақстанның көрікті жерлері
- •1 . Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.
- •2.Берілген сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құраңыз.
- •3.Сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •Туризмнің даму тарихы
- •Төмендегі сұрақтарға қатысты деректерді табыңыз.
- •6. Сөздерді тиісті орнына қойыңыз.
- •7. «Әлемдегі туристік орталыққа» саяхат жасаңыз.
- •9. Берілген есептік сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық, болжалдық сан есімдер жасап, сөзбен жазыңыз.
- •Қазақстандағы туризм
- •Сұрақтарға толық жауап беріңіз.
- •4. Мәтін құрамындағы сан есімдерге толық талдау жаса-ңыз. Яғни құрамына, мағынасына, сұрағына, атқаратын қызме-тіне қарай табыңыз.
- •Сөйлемдерден сан есімдерді тіркескен сөзімен бірге теріп алып, сөзбен жазыңыз.
- •6. Қазақстанға шетелден досыңыз (туысыңыз, танысыңыз) келді, қайда апарар едіңіз?
- •7. Алматыға ауылдан досыңыз келді, саяхатты неден бастайсыз? Сұхбат құрастырыңыз.
- •8. Мына сұрақтардың жауаптарын жазыңыз.
- •Бөж тапсырмасы :
- •VIII апта
- •Бөж тапсырмасы:
- •IX апта
- •Ел үміті –қоғам қайраткері
- •Бөж тапсырмасы
- •Қазақстан – Азия барысы
- •Қазақстан – әлемдік кеңістікте
- •Бөж тапсырмалары
- •1. Мына мақал – мәтелдегі ойды ашып жазыңыздар.
- •2. Қазақстан және әлемдік ұйымдар жайлы әңгімелеңіз.
- •XII апта тәуелсіз қазақстанның жарқын бейнесі
- •Сабақтас құрмалас сөйлем
- •Жаса, Қазақстан
- •Бөж тапсырмалары
- •XIII апта қазақстандағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Кредиттік оқу жүйесіндегі артықшылықтар
- •Бөж тапсырмалары
- •XIV апта білім де бәсекеге түседі
- •ҰлТтық кадрлар – мемлекеттің негізі
- •1 . Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •2. Сөздердің мағынасына мән беріңіз-дер:
- •3. «Елдің мақсаты – елулікке жету» туралы пікіріңіз қандай?
- •6. А) Сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыздар.
- •Сөйлемдегі әрбір мүшеге сұрақ қойыңыздар?
- •8. Сөйлемнің құрылысын өзгертіңіздер.
- •Ел болашағы – білікті маман қолында
- •1 . Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Сөз тіркестерінің мағыналарына көңіл аударыңыз.
- •3. Жоғарыдағы сөз тіркестерімен жай сөйлем құрастырыңыз.
- •6. А) Сөйлемнен жай және тәуелді септеліп тұрған сөздерді табыңыз.
- •Бөж тапсырмалары
- •XV апта ғылым мен техника
- •Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары. Мақсат бағыныңқы сабақтас
- •50 Елдің қатарына қосылу мақсатын орындау
- •Ғылым – инновациялық экономиканың негізі
- •Бөж тапсырмалары
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
- •2 Семестрдегі аралық бақылау жұмысының тапсырмалары
- •1. Дұрыс жауабын таңдаңыз.
- •2. Дұрыс жауабын таңдаңыз.
- •3. Дұрыс жауабын таңдаңыз.
- •20. Нұсқау: сөз тіркестерінің аудармасын көрсетіңіз.
- •Бақылау түрі: коллоквиум
Қазақстан – Азия барысы
Бүгін біз зор мүмкіндіктер табалдырығында тұрмыз. Азияның ең кедей елдерінің кейбірінің отыз жыл ішінде қайыршылықтан оңалып, индустриялы елге айналғанын сіздердің көпшілігіңіз білесіздер. Алғашқылары Корея, Тайвань және Индонезия мен Таиланд қосылды. Біздің ұлы көршіміз - Қытай жоғарғы қарқын танытып отыр. Бізге достас Ресей де жуық арада ұлы елдің жаңа келбетіне ие болады деп шынайы үміт артамыз және оған сенеміз. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур өз тәуелсіздігін алған кезде, жан баласына шаққанда 200 долларға жетпес табысы бар әлемдегі ең кедей елдердің бірі еді. Бүгінгі таңда сингапурлықтардың жан басына шаққанда 20 мың доллардан асатын табысы бар. Өзінің халқы, этникалық құрамы жөнінен және басқа да көптеген параметрлері бойынша бізге ұқсас ел Малайзия да 20 жылға жетпейтін уақыт ішінде өз азаматтарының өмір сүру деңгейін 10 есе арттыруға қол жеткізді. Осындай табыстардың нәтижесінде бұл елдер күллі әлемде Азия Жолбарыстары ретінде танылып отыр.
Қазақстан өзінің күллі мүмкіндіктерімен нақ осындай нәтижеге қол жеткізе алмайды дейтін себептер бар ма? Ондай себептер жоқ. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады деп сенемін. Бізде жолбарыстар жоқ, ал тауларымызда тіршілік ететін қар барысы дүниежүзілік қауымдастыққа онша таныс емес. Жануарлар әлемінде Жолбарыс туыстас болғанымен, Барыстың өзіндік ерекшеліктері де бар. Бұл- өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, алғырлығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалылығымен дараланатын Барыс болмақ. Ол ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды, әрі тікелей соқтығыстардан бойын тартатын болады. Бірақ өзінің еркіндігі мен тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып қорғайтын болады. Ол сыптай да серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауы тиіс: әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды. Ол қауіп – қатерден қаймықпауға, тоқшылықтан босаңсымауға тиіс. Ол өз ұрпағын баулыған кезде: оны баса көктей келген қонақтардан қорғай отырып, аузындағы дәмдісін соның аузына тосуға, оның саулығына, өресі мен пайымына нәр беруге тиіс. Сөйтіп, кез келген ортадағы қатаң бәсекелестік жағдайында ерте сақайып, өз бетінше дербес өмір сүруге жетелеп, көрегендік танытады. Ол өзі ішетін тұнық судың лайланбауын, ол өзі аясында тіршілік ететін табиғат пен тыныстайтын ауасының жақсаруын қатаң қадағалап отырады. Ендеше, Қазақстандық Барыстың бойында дамудың алдыңғы қатарлы үздік деңгейіне үстелген батыстың талғампаздығы да, шығыстың кемеңгерлігі де, төзімділігі де тән болуға тиіс. Дегенмен, 2030 жылғы осындай Қазақстан өзінен – өзі пайда болмайды. Оны біз өз қалауымызбен және табысқа жетуге талпынған ерік – жігеріміз арқылы тұрғызамыз. (Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы)
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыздар.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Индустриялы мемлекетке айналған қандай Азия елдерін білесіздер?
2. Осыдан қырық жыл бұрын Сингапур қандай еді? Қазір қандай табыстарға жетті?
3. Малайзия неге қол жеткізді?
4. Қазақстанның Орталық Азия Барысына айналуға мүмкіндігі бар ма?
5. Барыс қандай аң?
6. Қазақстандық Барыстың бойына тағы не тән болуға тиіс?
7. Қазақстанды Азия Барысына айналдыру үшін қандай үлес қоса аласыз?
4-тапсырма. Мәтінді өз сөздеріңізбен мазмұндаңыздар.
3-сабақ