Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Саясаттану УМК.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
606.72 Кб
Скачать
  1. Пікір-таласқа арналған тақырыптар мен сұрақтар

Бұл жұмыс түрі топпен бірге жұмыс жасай білу, ұжымдық жұмыстың ерекшелігін түсіндіреді. Топпен бірге жұмыс жасағанда келесі шарттарды есте ұстау қажет:

  1. Алға қандай мақсат пен міндеттер қоясыздар? Сіздерден нені талап етеді?

  2. Топ мүшелері қандай рөлдерді ойнауға тура келеді? Рөлдерді қатысушылардың қабілетіне, танымына, көзқарасына байланысты бөлу қажет. Топпен үнемі бірге жұмыс жасасаңыз, рөлдерді ауыстырып отыруға болады.

  3. Сіздер біртұтас командасыз. Сондықтан топтың жеңуі әрқайсыңызға тікелей байланысты. Егер араларыңызда келіспеушілік болып жатса, оны жасырмай жеке бір «ерекше пікір» ретінде көрсетуге болады.

  4. Топтағы қарым-қатынас еркін түрде болуы қажет, бұл сіздің ертең еңбек ұжымында өзіңізді қалай ұстауға үйретеді.

Келесі тақырыптарды оқытушымен бірге таңдап, семинар сабақтарында өткізуге болады.

АДАМ ҚҰҚЫҒЫ

  • Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтарды қорғау мәселелері

  1. Қазақстандағы жұмыспен қамту қаншалықты өткір мәселеге айналған?

  2. Еңбекке құқық - экономиканың дамуындағы жетістік пе, әлде кедергі ме?

  3. Мемлекет барлық азаматтарын жұмыспен қамти ала ма?

  4. Жұмыссыз қалған адамдар қандай шара қолдану керек?

  5. Мемлекеттік органдар қандай шара қолдану керек?

  • Жеке құқықтар мен бостандықтар

  1. Біздің қоғамымызда қандай жеке құқықтар мен бостандықтар сақталған?

  2. Оны сақтауда қиындықтар кездеседі ме?

  3. Мемлекет тұлға құқығын бұза ма?

  4. Әрбір азамат өз жеке құқықтарын қорғау үшін не істеуі керек?

  5. Жеке құқықтар мен бостандықтарды қорғайтын мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдар бар ма? Олардың іс-әрекеті қаншалықты тиімді?

  6. Тұлғаны қорғай алатын дамыған азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет институттары қалыптасып болды деп айтуға болады ма?

  • Білім мәселелері

  1. Қазақстандағы білім жүйесі қандай бағытта дамуда? Мемлекет қандай шаралар қолдануда?

  2. Білім мекемелерінің алдында қандай негізгі мәселелер тұр?

  3. Неліктен балалардың барлығы мектепке бармайды?

  4. Өкіметтік емес ұйымдар не істей алады?

  5. Бұл мәселені шешуде мектеп пен биліктің жергілікті органдары арасында ынтымақтастық бар деп айтуға болады ма?

  6. Мектептегі мәселелерді қоғамдастық пен билік органдары қалай айтады?

  • Тоталитарлық қоғамдағы адам құқығы

  1. Тоталитарлық режим адам құқығын қорғауға қалай қарайды?

  2. Бостандық пен теңдік ұғымдары бұл қоғамда қалай сәйкес келеді?

  3. Көркем және тарихи әдебиеттерден мысалдар келтіріңіздер, оларға анализ жасаңыздар.

  4. Тұлғаның толық қанды өмір сүруі үшін не маңызды: мемлекеттің рұқсаты ма, әлде өзін еркін сезіну ме? Тоталитаризм жағдайында адам еркін бола алады ма?